«информатика» ПӘні бойынша 8-сынып оқушыларына арналған жұмыс дәптерін қҰрастыру балтабаева А. Ж



жүктеу 335,26 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2018
өлшемі335,26 Kb.
#19975


УДК 002.001 

 

«ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША 8-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА 

АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ҚҰРАСТЫРУ  

 

Балтабаева А.Ж. 

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университет 

 

Ғылыми жетекшісі - Икласова К.Е. 

 

Информатика  пәнін  мектепте  оқытудың  басты  үш  мақсатының  бірі  -  практикалық  



мақсаты.  Бұл  оқушыларды  практикалық  қызметке,  басқа  пәндерді  оқыту  үрдісінде 

практикалық есептерді шешуге және келешекте ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау 

болып  табылады.  Осы орайда  информатика  пәнінен  практикалық  тұрғыда  дидактикалық 

материалдарды қолдану ерекшелігі жоғары.  

Өзіндік  бақылау  және  қосымша  жұмыстардың  мазмұны  оқулықтағы  теориялық 

материалдар  мен  жаттығулардың  мазмұнымен  тығыз  байланысты  болуы  шарт.  Оқу 

құралының  мазмұнына  енген  материалдар  оқушылардың  дайындық    деңгейін  ескере 

отырып,  түрлендіріп  беруге  ыңғайланып  жасалынады.  Дидактикалық  материалдарға 

өзіндік  жұмыс  тек  оқыту  сипатында  жаңа  өтілген  материалдарды  пысықтауға  және 

бекітуге  арналып  беріледі.  Ол  тапсырмалар  оқушылардың  біліктіліктерін,  дағдыларын 

қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталады.  

Жұмыс  дәптері  деп  оқушылардың  білімділік  және  біліктілік  дағдыларын  жетілдіру 

үшін  оқытудың  жаңа  технологиясы  негізінде  дифференциалдық  және  дербес  деңгейлік 

ұстанымдарының  талаптарына  сәйкес  өткізілетін  әртүрлі  сабаққа  арналған  жаңа 

тұрпаттағы оқу құралын айтамыз. 

Сонымен, жұмыс дәптерінің келесі негізгі қасиеттерін бөлуге болады: 

 

тапсырмаларды қиындық деңгейлерінің жоғарлауы бойынша жүйелі іріктеу; 



 

оқушылардың  тапсырмаларды  тікелей  дәптердің  бетінде  орындау  есебінен 

уақытты үнемдеуі; 

 

тапсырмалардың көп көлемін шешу мүмкіндігі. 



Жұмыс  дәптерінің  құрылымы  мен  мазмұны  төмендегідей  сабақта  қолданылатын 

мысал түрінде  көрсетілген: 



Әрбір сабақ тақырыбы бойынша ақпараттық кешен: қысқаша теориялық мағлұмат 

қолдану қажет, мысалы:  

Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты - белгісі бұл өндірістің, тұтынудың және 

адам  әрекеттерінің  барлық  салаларында  ақпарат  жинаудың  артуы  болып  табылады. 

Адамның бар өмірі - қалай да болсын - ақпарат алу, жинау және өңдеумен байланысты. 

Біз  өмір  сүріп  отырған  ғасырға  автомобиль,  электр,  авиация,  атом  энергиясы, 

космонавтика,  электрондық  техника  ғылымының  жылдам даму,  кітап  басып  шығару  мен 

радиоқабылдағыштың арасы 440 жуық жыл болса, радио мен теледидар арнасында 30, ал 

алғашқы транзистор мен интегралдық схеманың арасы 5 жыл болған. 



Оқушылардың  өздік  жұмысына  арналған  тапсырмалар  мен  жаттығулар:  типтік, 

дамыту және шығармашылық тапсырмалар мен жаттығулар енгізіледі, мысалы: 

Тапсырма №1. Төмендеегі сөздің анықтамасын жаз. 

Ақпарат -   ________________________________________________ 

Тапсырма №2. Берілген тесттік тапсырманы орында. 

1. Ақпарат ұсыну қандай негізгі тәсілдермен туындайды? 

 

А) техникалық, математикалық, бейнелік;       

Ә) аналық тақша, жүйелі блок; 

 

Б) символдық, мәтіндік, графикалық.                



В) мақсат, міндет. 


2. «Ақпарат» латынның ... деген ұ ғымдарды білдіреді.  

А) инфо рматика, инфор матика; 

Ә) аналық тақша, жүйелік блок; 

Б) түсіндір у, баянда у, м әлімет  

В) мақсат, міндет  

Әрбір тақырып бойынша қорытынды: ескертулер, тұжырымдар, бақылау сұрақтар 

беріледі, мысалы: 

Бақылау сұрақтар: 

1.  Ақпарат деген не?___________________________________________ 

 

 ______________________________________________________________ 



2.  Қандай ақпараттық процестерді білесіндер?_____________________ 

       ______________________________________________________________ 

3.  Ақпарат қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?_____________________ 

       ______________________________________________________________ 

4.  Ақпарат мөлшерін қалай бағалауға болады?_____________________ 

       ______________________________________________________________ 

5.  Ақпаратты өлшеудің қандай бірліктерін білесіңдер?______________ 

       ______________________________________________________________ 

Қорытындылайтын болсақ, өзіндік бақылау және қосымша жұмыстардың мазмұны 

оқулықтағы теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұнымен тығыз байланысты 

болады. Оқу құралының мазмұнына енген материалдар оқушылардың дайындық  деңгейін 

ескере отырып, түрлендіріп беруге ыңғайланып жасалынады. Дидактикалық 

материалдарға өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында жаңа өтілген материалдарды 

пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың 

біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін 

тексеруге бағытталады. 

 

Әдебиеттер  

1. 


Ермеков Н.Т., Криворучко В.А., Кафтункина Л.Н. Информатика: Әдістемелік 

нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. - А.: 

«Мектеп», 2009. - 176 б.; 

2. 


Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. - А.: Казправда», 2004. – Б.218-225. 

 

жүктеу 335,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау