4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Жаңа сабақты түсіндіру
Паскаль тілінің басқару операторларына шартсыз және шартты көшу операторлары цикл (қайталау) ұйымдастыру операторлары жатады. Бұлардың соңғылары құрылымы күрделі операторлар арқылы жүзеге асырылады.
Программа операторлары, негізінен, жазылу ретімен орындалады. Олардың бұл орындалу тәртібін өзгерту үшін жоғарыда айтылған шартты немесе шартсыз көшу (өту) операторы GOTO қолданылады. Қойылған шартты тексеру арқылы оператордың орындалу ретін өзгертуге немесе өзгертпеуге болады. Шартты тексеру операторлары мен цикл операторлары көбінесе құрылымдық операторлар арқылы ұйымдастырылады.
Шартты операторлар. Тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына байланысты атқарылады. Кейде бір тармақ ішінде ешбір амал орындалмай да қала береді. Шарт ретінде логикалық өрнектің мәні пайдаланылады. Турбо Паскальда екі шартты оператор бар, олар IF және case.
Өрнек
1-оператор
2-оператор
Шартты оператордың синтаксистік диаграммасы
IF шартты операторы. IF (егер) операторы программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Оның синтаксистік диаграммасы суретте көрсетілген.
Диаграммадан көрінгендей бұл оператор мынадай түрлердің бірінде жазылады:
IF <шартты өрнек>
THEN <1-оператор>
ELSE <2-оператор>
немесе қысқартылған түрде
IF <шартты өрнек>
THEN <1-оператор>;
(оқылуы: IF –иф, THEN –зен, ELSE-элс ) . Мұндағы 1 және 2-операторлардың өздері қарапайым немесе құрама оператор болуы мүмкін.
IF сөзінен соң жазылатын өрнек түрінде берілген шарт алдын ала есептеледі, оның нәтижесі логикалық (Boolean-бульдік) типте болады. Егер ол шарттың мәні TRUE (ақиқат) болса, онда THEN (онда) сөзінен кейін жазылған 1-оператор атқарылады, онда ELSE сөзінен кейінгі 2-оператор атқарылмайды. Екінші жағдайда, шарт мәні FALSE (жалған) болса, яғни теріс болып шықса, онда ELSE сөзінен кейінгі 2-оператор атқарылып, 1-оператор атқарылмайды. IF операторлары бірінің ішіне бірі кіріп, қабататсып та орындала береді.
Шартты операторды оқу, түсіну жеңіл болуы үшін оны сатылы түрде былай жазу қалыптасқан:
IF <логикалық өрнек>
THEN 1-оператор
ELSE 2-оператор.
Мысал:
Кез келген екі сан берілген делік. Егер 1-санның абсолюттік шамасы 2-саннның абсолюттік шамасынан үлкен болса, онда 1-санды бес есе кішірейтіп, ал олай болмаса оларды өз қалпында қалдыратын программа құру керек.
PROGRAM B3;
(* ---- екі санды салыстыру-----*)
VAR x,y: REAL;
BEGIN
WRITE (‘x.y-ті енгізіңдер:’);
READLN (X,Y);
IF abs (x)>abs (y)
THEN X: =X/5;
WRITE (X:5:2, Y:5:2)
END.
Үйге тапсырма: Тармақталу операторлары. Шартты көшу операторлары.
Сабақты қорытындылау: Оқушыларды бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Тармақталу операторлары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль тілінің шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары туралы түсінік бере отырып, программа құруға үйрету.
Дамытушылығы: Паскаль тілінің шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары туралы түсінік бере отырып, оқушылардың ой-өрісін, білім білік дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін дамыту. Өз беттерімен программа құруға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілдікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Жаңа сабақты түсіндіру
Паскаль тілінің басқару операторларына шартсыз және шартты көшу, цикл (қайталау) ұйымдастыру операторлары жатады.
Құрылымдық операторлар. Құрылымдық операторлар басқа операторларды белгілі бір ереже бойынша біріктіру жолымен құрылады. Олар үш топқа – құрама , шартты және қайталану операторларына жіктеледі.
Құрама оператор. Құрама оператор бір–бірінен нүктелі үтір арқылы бөлінген бірнеше операторларды begin және end түйінді сөздерімен шектей отырып, оларды бір оператор тәрізді орындалатын етіп біріктіру жолымен ұйымдастырылады.
оператор
Құрама оператордың синтаксистік диаграммасы
Мұндағы операторды шектеп тұрған begin (БАСЫ), end (СОҢЫ) түйінді сөздері операторлық жақшалар деп аталады.
Шартты операторлар. Тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Турбо Паскальда екі шартты оператор бар, олар if және case.
Шартсыз көшу операторы. Шартсыз көшу операторы операторлардың рет – ретімен орналасуын бұзып, келесі атқарылуды белгісі бар операторға көшу ісін орындайды. Ол GOTO (көшу) түйінді сөзінен басталады, одан кейін LABEL бөлімінде сипатталған белгі атауы саны көрсетіледі.
Таңдау операторы (case) бірнеше операторлардың ішінен таңдау жолымен тармақталуды ұйымдастырады.
Мысалы:
Апта күндерінің реттік нөмірі бойынша олардың аттарын анықтайтын
программа құру керек.
Program kyn;
Var kyn: integer ;
Begin
Write (‘ kynnin aptadagi rettik nomirin engizinder: ‘ );
Readln (kyn);
Case kyn of
1: writeln ( ‘ duisenbi’);
2: writeln ( ‘seisenbi’);
3: writeln ( ‘ sarsenbi’);
4: writeln ( ‘ beisenbi’);
5: writeln ( ‘ juma’);
6: writeln ( ‘senbi’);
7: writeln ( ‘ jeksenbi’);
Else writeln ( ‘ 1… 7 araligindagi sandardi engizinder’);
End
End.
Сабақты бекіту сұрақтары:
Құрылымдық операторларға қандай операторлар жатады?
Қарапайым және құрылымдық операторлардың айырмашылығы неде?
Құрама оператор деп қандай операторды айтамыз?
Паскаль тілінде операторлық жақша дегеніміз не?
Үйге тапсырма:
Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары.
Сабақтың тақырыбы: Қүрделі шарттар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Паскаль тілінің if және case (таңдау) операторларын пайдаланып программа құруға үйрету;
Дамытушылығы: Паскаль тілінің if және case (таңдау) операторларын пайдаланып программа құра отырып оқушыларды өз беттерімен программа құруға дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқуыларды адамгершілікке, патриоттыққа, ұқыптылық жауапкершілдікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары
Құрылымдық операторларға қандай операторлар жатады?
Олар неше топқа бөлінеді?
Қарапайым және құрылымдық операторлардың айырмашылығы неде?
Паскаль тілінде операторлық жақша дегеніміз не?
Шартты оператордың қандай түрлері бар?
Іf операторының жалпы жазылу түрі қандай?
Таңдау операторы не үшін пайдаланылады?
Компьютермен жұмыс
№1. Екі санның үлкенін табатын программа құр.
Program max;
Var a, b, max: integer;
Begin
Readln (a,b);
If a>b then max:= a else max:=b;
Writeln (‘ max= ’ , max);
End.
№2. Үш санның үлкенін табатын программа құру керек.
Program max;
Var a, b, c, x, max: integer;
Begin
Readln (a, b, c);
If a>b then max:= x else max:=c;
Writeln (‘ max= ’ , max);
End.
№3 Екі санның кішісін табатын программа құру керек.
Program min;
Var a, b, min : integer;
Begin
Readln (a, b);
If a
Writeln ( ‘ min = ‘ , min) ;
End.
№4. Үш санның кішісін табатын программа құру керек.
Program min;
Var a, b, c, x, min : integer;
Begin
Readln (a, b, c);
If a
If x
Writeln ( ‘ min = ‘ , min) ;
End.
№5 Үш кесіндінің ұзындықтары берілген. Егер бұл үш кесіндіден үшбұрыш құру мүмкін болса, онда оның периметрін және ауданын табыңдар.
Program e5;
Var a, b, c : integer;
P1, p, s: real;
Begin
Readln (a, b, c);
If a+b>c then p1: = a+b+c ;
P:= (a+b+c)/2;
S:=sqrt (p*(p-a)*(p-b)*(p-c));
Writeln ( ‘ p1= ‘ , p1:5:2) ;
Writeln (‘ s=’,s:5:2);
End.
№6. Адам жасына қарап, оларды әлі мектепке бармаған, мектеп оқушысы, жұмысшы, зейнеткер деген төрт топтың біріне жатқызатын программа құрыңдар. Адам жасы пернетақтадан енгізіледі.
Program e6;
Var x : integer;
Begin
Writeln (‘ adam jasin engiz’ );
Readln (x);
If x<=6 then writeln (‘ ali mektepke barmagan’ ) else
If (x>6) and (x<=17) writeln (‘ mektep okushisi ‘) else
If (x>17) and (x<58) writeln (‘ jumisshi’) else writeln (‘ zeinetker’);
End.
№7. Екі сан берілген. Егер бірінші санның абсолют шамасы екінші санның абсолют шамасынан артық болса, онда біріншісін бес есе азайту керек, әйтпесе екі санды да өзгеріссіз экранға шығару керек.
Program e7;
Var x, y : real;
Begin
Writeln (‘x , y-?);
Readln (x, y);
If abs (x)< abs(y) then x:=x/5;
Writeln (x:5:2, y:5:2);
Readln;
End.
№8.Пернетақтадан трамвай билетінің нөмірі (1 орынды 6 сан ) енгізіледі. Билет «бақытты» нөмір болатынын анықтаңдар. Бақытты билеттің алғашқы 3 цифрының қосындысы соңғы 3 цифрының қосындысына тең болады.
Program e8;
Var x, y, z, r, k, t, s, n : integer;
Begin
Read (x, y, z, r. k. t );
S:= x+y+z;
N:= r+k+t;
If S= N then writeln (‘ bakitti nomer’) else writeln (‘ bakitti nomir emes’);
End.
Үйге тапсырма: Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары
Интернеттен тақырып іздеу
Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритмдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторы – FOR операторымен таныстырып, программа құруға дағдыландыру;
Дамытушылығы: Оқушылардың Паскаль программалау тілінде есеп шығару мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Компьютермен жұмыс
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары
Қайталау операторлары не үшін қолданылады?
Цикл дегеніміз не?
Жаңа материалды түсіндіру
FOR операторы. Егер алгоритмде қайталану саны алдын ала белгілі болған жағдайда FOR операторы қолданылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы деп те аталады.
Жазылу үлгісі
FOR < цикл параметрі>:= n1 TO n2 DO
<цикл денесі>;
FOR<цикл параметрі>: = n2 DOWNTO n1 DO
<цикл денесі>;
Мұндағы FOR (үшін), TO (дейін), DO (орындау) - қызметші сөздер;
< цикл параметрі> - циклді басқару айнымалысы, Integer типті (немесе кез келген реттелген тип) n1 , n2 - цикл параметрінің бастапқы және соңғы мәндері (типі циклді басқару айнымалысымен сәйкес) кері қарай, DOWN төмен, TO дейін . Егер қадам -1 – ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам -1-ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
Мысалы: 1- ден 100- ге дейінгі сандардың қосындысын табу керек.
Program kosindi;
Var I, s: integer;
Begin s:=0;
FOR i:=1 TO 100 DO
S:=s+1;
Writeln (‘s = ‘ , s);
End.
Компьютермен жұмыс
№1. 1- ден 100-ге дейінгі сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.
Program san;
Var i: integer;
Begin
Wtiteln (‘ 1- den 100- ge dein butin san’);
Writeln;
For i:=1 to 100 do
Write (i:4);
End.
№2. 30-дан 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.
Program jup;
Var i: integer;
Begin
Writeln (’30-dan 10-ga deingi jup san’);
For i:=30 downto 10 do
If I mod 2=0 then
Writeln (i);
End.
№3. 1- ден 100 –ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табудың программасын құру керек.
Program tak and jup
Var I, s, s1: integer;
S:=0; S1:= 0;
For i:=1 to 100 do
Begin
If I mod 2 = 0 then s:=s+I else s1:=s1+I;
Writeln (‘ s=’, s, ‘ , ‘ , ‘s1= ‘, s1);
End;
End.
№4. 5- тен 1-ге дейінгі сандардың қосындысын есептеу керек.
Program kosindi;
Var I, s:integer;
Begin
S:=0;
For i:=5 downto 1 do
S:=S+I;
Writeln (‘s = ‘, s);
End.
Сабақты бекіту сұрақтары
Цикл дегеніміз не?
Циклдің алгоритмнің неше түрі бар?
* FOR операторының жазылу үлгісін көрсет?
Үйге тапсырма: есеп шығару. Интернеттен тақырып іздеу
Сабақтың тақырыбы: Тест жұмысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың Паскаль программалау тілінен алған білімдерін тексеру;
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сынақ жұмысы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Сынақ тапсырмаларын орындау
3. Сынақ жұмысын талдау
4. Үйге тапсырма
Паскаль – программалау тілі бойынша тест
І нұсқа
1. Паскаль программалау тілінің авторы кім?
А) Блез Паскаль Ә) Никлаус Вирт Б) Н.Верджино В) Чарльз Беббидж
2. Нақты Х айнымалысын сипаттаңыз:
А) var x: integer var x: real const x: real var x: real
3. b = 3/ a, мұндағы а бүтін сан болса, b – нің типі қандай болады?
А) real Ә) integer Б) string В) boolean
4. Паскаль тіліне Х санының бүтін бөлігін алу үшін қндай функция қолданылады?
А) INT (X) Ә) ABS (X) Б) ABC (X) В) TRUNC (X)
5. Var қызметші сөзі не үшін қолданылады?
А) тұрақтыларды сипаттау Ә) белгілерді сипаттау Б) айнымалыларды сипаттау В) программа тақырыбы
6. Тұрақтыларды сипаттау операторын көрсет
А) Char Ә) const Б) var В) label
7. Құрама шарт қалай жазылады?
А) and, goto, not қызметші сөздері арқылы Ә) and, or, of қызметші сөздері арқылы
Б) and, or, not қызметші сөздері арқылы В) or, not, end қызметші сөздері арқылы
8. Операторларды шектеп тұратын Begin және end түйінді сөздерін қалай атауға болады?
А) операторлық жақша Ә) программаның басы мен соңы
Б) шартты жқшалар В) программаның негізгі бөлігі
9. Паскальдағы дәрежелеу белгісін көрсет
А) ** Ә) ^ Б) & В) дұрыс жауабы жоқ
10. 14 DIV 5 – функциясының мәні неге тең?
А) 2,8 Ә) 2 Б) 5 В) 11
11. Түбір астындағы Х-ті Паскальда қалай болады?
А) SQR (X) Ә) SQRT (X) Б) ABS (X) В) MOD (X)
12. Паскаль тіліндегі нәтиже алу операторын көрсет
А) PRINT Ә) WRITE Б) OUTPUT В) READ
13. Қай өрнекте қате бар?
А) (X1/X2)*y Ә) b+(a-c/3) Б) (sqrt (p) * q)/r В) (a(b/(c*d/(ef)))))
14. Sqr операторының қызметі
А) Санның квадраты Ә) Санның квадрат түбірі Б) Х-тің 5 дәрежесі В) Санның абсолют шамасы
15. Паскаль тіліндегі нәтиже алу операторының көрсет
А) VAR Ә) WRITE Б) CONST В) READ
16. := қандай белгі?
А) теңдік Ә) айнымалыларды салыстыру Б) меншіктеу В) бөлу
17. Паскаль тілінде шартты оператордың қанша түрі бар?
А) 5 Ә) 3 Б) 4 В) 2
18. А= 14, В= 12,3 болған жағдайда А және В айнымалыларын сипаттаңыз:
А) VAR A, B: integer; Ә) VAR A=14, B=12.3; Б) BEGIN A=14 B=12.3 В) VAR A: integer B: real
19. Бүтін сандар Паскаль тілінде қандай типке жатады?
А) Integer Ә) real Б) array (1… n) of real В) array (1.. n) of integer
20. GO TO [белгі ] операторының қызметі.....
А) Шартсыз көшу операторы Ә) Шартты көшу операторы
Б) Баспаға шығару операторы В) Программаның басы – соңы;
21. CASE [өрнек] OF операторының қызметі ....
А) Шартсыз көшу операторы Ә) Шартты көшу операторы
Б) Баспаға шығару операторы В) Операторды енгізу операторы
22. IF [шарт] THEN [1-серия] ...
А) Шартсыз көшу операторы Ә) Шартты көшу операторы
Б) Баспаға шығару операторы В) Операторды енгізу операторы
23. tg (x) функциясының Паскаль тілінде жазылуы
А) TAN (X) Ә) TGx Б) Atan (x) В) Sin (x) / Cos (x) ;
24. Паскальда түбір алу амалын көрсетіңіз.
А) SQR Ә) SQRT Б) ASQRT В) EXP (x)
25. Қай белгі әрбір жолдан кейін міндетті түрде қойылады?
А) : Ә) ; Б) . В) ,
26. Паскальда квадраттау амалын көрсетіңіз.
А) ** Ә) ^ Б) sqr В) sqrt
27. a+bx - x2 / 10 өрнегінің Паскальда жазылуы дұрыс....
А) (a+b)^2-x^2/10 Ә) SQR (a+bx)-x*2/10
Б) SQRT (a+b*x) – SQR (x) /10 В) SQRT (a) + b * x – x^2/10
Достарыңызбен бөлісу: |