V класта геометриялық материялды оқыту.
V кластағы материалдың мазмұны қарапайым геометриялық ұғымдарды; қатынастарды-фигуралардың теңдігі, үлкен-кіші; геометриялық шамаларды-кесінді ұзындығын, бұрыш өлшемін, төртбұрыш ауданын, тік бұрышты параллелепипед көлемін өлшеуді қарастырады. Бұл мәселелер оқушылар үшін тың емес,ол бастауыш кластарда қарастырылған. Оқушыларға «шеңбер», «дөңгелек», «центр», «радиус», «диаметр» ұғымдары таныс. Геометрияның жүйелі курсында мұның бәрі әрі қарай дамиды.
V класта оқушылар көпшілік ұғыммен оларды анықтамай, тек ерекше қасиеттерін бөлектеу арқылы үстіртін түрде ғана танысады. Мысалы: егер қандайда бір фигураны қабырғасы 1см Р квадратқа бөлуге мүмкін болса, онда оның ауданы Р см2 –қа тең болады. Немесе шеңбер суретін сызып, оның бойынан екі А және В нүктелерін алайық. Ол нүктелер шеңберді екі бөлікке бөледі Бұл бөліктердің әрқайсысы шеңбердің доғасы деп аталады дейді. Бұл белгілер есептер шығару кезінде анықталады. V кластағы геометриялық материалдар индуктивтік негізде тұрғызылған.
V кластағы геометриялық материалдарды оқыту ерекшеліктеріне қарай былайша сараптауға болады.
«Нүкте», «түзу» және «жазықтық» ұғымдарымен таныстыру.
Осылардың ішіндегі ең қарапайым фигура-нүкте. Оны оқушылар көз алдарына елестете білуі керек. Мысалы; алыста жанып тұрған шам да, аспандағы жұлдыз да немесе алыста жайылып жүрген мал да бізге бір нүкте түрінде ғана сезінеді, одан кейін оның қағаз бетіндегі белгіленуін көрсетеміз. Ал түзу туралы айтқанда да тұрмыстан мысалдар келтіріп (көше, жол т.б.), одан кейін қағаз (тақта) бетіне сызғыштың көмегімен сызық жүргіземіз және ол екі жаққа да шексіз созылған деп есептейік. Сонда шыққан фигура түзу деп аталады. Сонымен қатар «жазықтық» моделі – жазықтық бөлігі туралы оқушыларға нақты түсінік берілуі керек. Сәйкес жаттығулардың көмегімен түзу сызықтың шексіздігі көрсетіледі. Мысалы:
а) б)
1) А,В,С нүктелері МК түзуінде жата ма? (а сурет)
2) АВ және СD түзулері қиылыса ма? (б сурет)
Одан әрі тәжирибенің көмегімен мына қасиеттер тағайындалады:
жазықтықтың кез-келген екі нүктесі арқылы бір ғана түзу өтеді;
жазықтықтың кез-келген нүктесі арқылы қанша қажет болса, сонша түзу жүргізуге болады.
жазықтықтың кез-келген екі нүктесі арқылы қажетінше өте көп қисық сызық жүргізуге болады.
2-мәселе-кесінді ұғымының түзудің бөлігі ретінде берілуі. Кейбір «Математика-5» оқулығында бұл материал былайша жұпыны қарастырылады: Түзудің екі нүктемен шектелген бөлігін кесінді деп атаймыз. Ал шектеп тұрған нүктелері оның ұштары дейміз. Кесіндіні оның ұштарын көрсететін әріптермен белгілейміз делінеді. Бұл материалды мұғалім әрі қарай толықтыруы керек. Мысалы: әріптермен белгіленген кесінділерді оқыту, белгілету, түзудің бойына берілген кесіндіні салғызу; ұзындығы 3 см кесіндіні берілген түзудің берілген нүктесінен бастап неше рет салуға болады. (дәптерге немесе тақта бетіне сиятындай шамада)
3-мәселе-түзудің бөлігі-«сәуле».Жаттығулар арқылы сәуленің шексіздігі ұғымы қалыптасады. «Жатады», «тиісті», «арқылы өтеді» терминдерінің қалыптасуына баса назар аударылады. Сәулелерге байланысты тұрмыстық мысалдардан прожекторларды, немесе арнаулы тесік арқылы түсірілген жарық сәулесін келтіруге болады.
4-мәселе-фигуралардың теңдігі. Фигуралардың теңдігі бір фигураны екіншісіне беттестіру арқылы енгізіледі. Фигура абстрактылы ұғым, оған анықтама берілмейді, тұрмыстық мысалдар арқылы түсіндіріледі. Мұнда мынадай мәселелерге баса назар аудару керек және олар практикалық жұмыстар арқылы тағайындалады: тең кесінділердің ұзындықтары тең және керісінше ұзындықтары тең кесінділер тең болады, ал аудандары тең фигуралар әрқашанда тең бола бермейді.
Мысалы, ұзындығы 4см,ені 3 см тік төртбұрыш және ұзындығы 6 см,ені 2 см тік төртбұрыш аудандарын салсақ, ол аудандар өзара тең (12 см2),бірақ бұл фигуралар беттеспейді. Яғни бұл қассиеттерді практикалық жұмыстар арқылы тағайындау керек.
5-мәселе «бұрыш»ұғымы. Бұл ұғым да қазіргі пайдаланып жүрген оқулықтарда әртүрлі берілген. Виленкин Н.Я. және басқалары «Математика-5»: Бір нүктеден шыққан, екі сәуледен құралған фигураны бұрыш деп атайды. Қ. Ыбан «Математика-5»: Бас нүктелері ортақ екі сәулемен бөлінген жазықтықтың бөлігі бұрыш деп аталады.
Бұл анықтамалардың қай-қайсысын да пайдалануға болады, бірақ ол болашақта көпжақтар ұғымын қалыптастыруға әртүрлі әсер етеді.
Енді V класта «Бұрыш» тақырыбын өтуге байланысты жұмыстың толық сипаттамасын берелік.
1 сурет 2 сурет
Оқушыларға жылжымалы тақтада алдын-ала дайындалған 1 және 2 суреттерге қарау ұсынылады және оларға мынадай сұрақтар қойылады:
1 және 2-суреттерде кескінделген суреттерді атаңдар. 1-ші және 2- суреттердегі әрбір сәуленің бастапқы нүктесін атаңдар.
2 суреттегі сәулелер туралы не айтуға болады? (Олардың ортақ бас (А) нүктесі бар).
суреттегі сәулелер туралы не айтуға болады? (Сәулелер әртүрлі нүктелерден басталады). 2 суреттен сәулелер бөлетін жазықтық бөліктерін көрсетіңіздер.
1 суреттен сәулелер бөлетін жазықтық бөліктерін көрсетуге бола ма? (жоқ).
2. Осындай дайындық жұмыстарынан кейін бұрыш ұғымы беріледі және 1 және 2-суреттерден бұрышты көрсету ұсынылады және 1-суретте бұрыштың қандай белгісі жетіспей тұрғандығы анықталады.
3. 2-сурет бойынша бұрышты белгілеу енгізіледі А-бұрыш төбесі, АВ және АС – қабырғалары, бұрыштың оқылуы және бұрыш белгісі . Бұрыш бір әріппен А немесе үш әріппен де ВАС белгіленетіндігі айтылады және жазып көрсетіледі.
Осыдан кейін қағаздан бұрыш қиып көрсетуге және ондай бұрыштарды қоршаған ортадан (кітап, дәптер, бөлме, құрылыс т.б.) көрсеткен дұрыс.
3 сурет 4 сурет
Бұрыш ұғымын әрі қарай жетілдіруге байланысты 3-сурет бойынша жұмыс жүргізген орынды. Оқушылар бұл суретке қарап әртүрлі бұрыштарды тауып дәптерлеріне жазады. Сонымен қатар оқушыларға 4-суретте көрсетілген фигура ұсынылады және оның бұрыш бола алмайтыны көрсетіледі. (Себебі кесінділерден құралған).
Бұдан соң оқушылардан жаттығулар орындап, сабақ соңында мына мазмұнда практикалық жұмыс жүргізген орынды.
1-тапсырма. 5 және 6 суреттерде белгіленген бұрыштарды теріп жазыңдар.
2-тапсырма. 7-суреттен екі бұрыштың ортақ бөлігі: бұрыш, төртбұрыш, сәуле, кесінді болатын фигураларды көрсетіңдер. (Егер оқушылар дайындығы жақсы болса оқушыларға дайын сызба бермей оны өздеріне сыздыруды талап етуге де болады).
5-сурет 6-сурет
а) б)
в) г)
7-сурет
3-тапсырма (Бұл тапсырманы оқушылар класта үлгере алмайтыны байқалса, үйге де беруге болады).
ВDЕ бұрышын сызындар және түзуді оның бұрышпен ортақ бөлігі: кесінді, сәуле, нүкте болатындай етіп жүргізіңдер.(Жауабы: 8-сурет).
Бұл тапсырмаға қосымша көрсетілген талаптарды:
а) N1M1 кесіндісі, б) А нүктесі, в) DM сәулесі қанағаттандыра ма? Неге?-деген сұрақтар қоюға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |