Информационное письмо


Пәнді оқыту жөніндегі әдістемілік нұсқаулар



жүктеу 244,5 Kb.
бет5/5
Дата26.01.2020
өлшемі244,5 Kb.
#27352
1   2   3   4   5


7. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемілік нұсқаулар

Бейнелеу өнері мамандығында оқитын студенттердің сурет салып үйренулерінің тиімді жолына – нұсқадан қарап кескіндеме жазу әдістемесі жатады.

Академиялық кескіндеменің түпкі мақсаты – студентті кәсіпқой шығармашылық қызметке дайындау. Міндеті – студенттердің эстетикалық талғамдарын қалыптастыру теориялық, практикалық қабілеттерін дамыту, композициялық – шығармашылық қызметтерін арттыру. Осы мәселелерді тиімді шешу үшін төмендегі үш қызметке баса назар аудару қажет:

- аудиториялық жұмыс;

- оқытушылардың жетекшілігімен өтетін студенттердің өздік жұмысы;

- өздік жұмыс немесе үй жұмысы.
Бұл үш түрлі жұмыстар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыру принципін атқарады. Сурет сабағында нұсқадан қарап сурет салу, сонымен қатар арнайы тақырыптарға дәрістер оқылады. Аудиториялық және өздік жұмыстары оқытушылардың қадағалауымен жүргізіледі.

Оқу жұмысын төменгідей топтарға бөлуге болады:

- нұсқадан сурет салу, нобай, жылдам салынатын долбарлар, ұзақ мерізімге арналған жұмыстар;

- ой арқылы, еске түсіру арқылы, қиял арқылы салынған, жазылған жұмыстар;

- композициялық түрдегі жұмыстар – сюжетті іздеу барысындағы ізденіс нобай – долбарлар. Бұған белгілі тақырыпты ашу барысындағы, идеялық – образдық шешімге келу жолындағы ізденістер, пластикалық құрылымды іздеу барысындағы жасалған жұмыстар жатады.

Бұл айтылған жұмыстар жанрдың қай түрі болмасын (натюрморт, портрет, пейзаж, т.б.), сурет техникасының қандайы болмасын арнайы аудиторияда немесе аудиториядан тыс жерлерде де қолданыла беріледі.



Студенттердің өздік жұмысы - әр-түрлі бағытта дамуы мүмкін, яғни, нұсқа арқылы әр-түрлі кескіндеме жазу, композициялық ізденіс, әр-түрлі жарстар көрмелеріне қатысу, әр-түрлі техникада өз күшін, ептілігін байқап көру, т.б. Бұлар жиналып кескіндеме өнерінен студенттердің шеберлігін, икемділігін арттырады.

Ұзақ мерзімге арналған қойылымдардың орындалу жолын екі кезеңнен қарастырған дұрыс: оның алғашқысы – дайындық, екіншісі – орындалуы. Бірінші кезең мына қызметтерді қамтиды. Оқытушының студентке қойар талабы: нұсқаны көзбен талдау жасау, графикалық, түрлі нобайлар жасау, қағаз бетіне орналастыру, құрастыру, композициялық шешімін табу, формат көлемін анықтау, өңдік байланысын табу, нұсқаның күрделі тұстарын зерттеу, т.б. Сонымен қатар дайындық кезеңінде нұсқаның кенеп бетіндегі (графикалық бейнесі) бейнесіде жатады.



Оқытушының жетекшілігімен өткізілетін - дайындық кезеңіндегі жұмыстарға атүсті қарамаған абзал, себебі жұмыстың жақсы шығуы осы қызметке де тығыз байланысты. Орындалу кезеңінде кескіндемелік бейне, көлем, материалдардың бір-бірімен байланысы, жарық мөлшері, тұтастық заңдылығын сақтау, материалдық образды, бейнені шығару жолдары рет-ретімен жүргізіледі.

Кескіндеме жазғанда неден бастау керек және де неден бастап жазу керек деген заңды сұрақ туады. Бұл жөнінде көптеген оқулықтарда түрлі әдістеме, әр-түрлі тәсілдер айтылады. Біреулері көлеңкелі жерлерден жазған дұрыс десе, енді біреулері ашық, жарық жерден бастаған абзал деген пікірде, үшіншісі кереғар тұстарды көрсеткен дұрыс дейді. Мүмкін, әдістемелік тұрғылан бұл пікірлер дұрыс та болар. Дегенмен жазғанда алдымен жалпы рең, өңді ұстауға ұмтылу керек, денелердің гармониялық байланысынан бастаған жөн. Мейлі ол композициялық пластикалық ізденіс, мейлі жеке дене формасы болсын, нұсқадағы жалпы реңдік қатынасты бірден таппай, кіші бөлшектерге көшуге болмайды. Тіпті кейде кіші бөлшектерді салу процессідеде үлкен масса, үлкен ауқымға да жиі-жиі оралып отырған жөн. Бұл әрине, қиынға соғуы ықтимал, дегенмен тұтас көру, тұтас салу суреттің басты заңдылықтарының бірі. Кескіндеме жазғанда осыларды ескерген дұрыс.


8. Курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Бұл пән бойынша курстық жұмыс жоспарланбаған.


9. Студенттердің өзіндік жұмысына (СӨЖ) арналған материалдар

  1. Бет бейне нобайлары.

  2. Портреттік гипстік бас

  3. Шарждар, нобайлар салу.

  4. Пейзаж жазу.

  5. Адам бейнесін жұмсақ материалмен салу.

  6. Әйел, ер адам портретін салу.

  7. Адам бейнесін табиғат аясында жазу.

ГЛОССАРИЙ

Академиялық кескіндеме пәні бойынша глоссарий
Колорит-лат. Соlоr (түс)-түстің байлығы, әркелкілігі және қаныққандығы

Локальді түс-фр.Local (жергілікті)заттың не түсін бейнелейді:

-жасыл шөп, қызыл қызанақ, сары лимон,т.с.с.



Акварель-лат.Aqua (су)-суда еритін бояулармен орындалған живопись

Техника лессировка-бір боялған жерге жаңа бояу қабатын жағу.

Техника алла прима-түстер қатынасы толық күшін алады.

Перспектива-заттармен образдың кеңістікте бейнелену заңдылықтары.

Шағылысу(рефлекс)-заттық көлеңке бөлікте немесе керісінше жарық түсіп тұрған жазықтықта бейнеленуі.

Блик-заттың үстіндегі ең жарық жері.

Контрастті түстер-Түстік шеңберде бір-біріне қарама қарсы орналасқан түстер.

Компазиция-көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі.

Алла прима(alla prima)-(бірден), шығарма немесе оның фрагментін бояуын кептермей шапшаң жағыстармен бір дүркін жазып шығатын тәсіл. Бұл тәсілмен жұмыс істейтін суретші бояулау кебетін бояуды таңдап алады.

Аппликация-(бастырма)

Архитектоника – (гр.architektonika)-(құрылыс өнері). Архитектура ,дизайн, мүсіндік шығармалардағы құрылымдық жүйенің, мөлшер-шамасының жарасымдылығы, ауырлық пен тірек қатынасының конструктивті шешімі. Бейнелеу өнері шығармаларындағы композиция, колорит, пропорция шешімдерінің көркемдік құрылымы.

Архитектура-Сәулет өнері

Гризайль- (фр.grisaille) күнгірт бояу бір түспен әр түрлі тондық көнытастарды орындалатың сәндік живопистің түрі.

Грунт-Астарлық

Дизайн- (ағыл. Design-жобалау, сызу) –заттардың көркем конструкциясын, заттық ортаның біртүтас рационалды құрылуын білдіретін термин, көркемдік жобалау жұмысының бір түрі.


«Академиялық кескіндеме» курсының жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама, курстық жұмыс т.б.)

1.«Живопись түстерінің салқынды-жылылық табиғаты.»

2. «Түстің маңызы».

3.«Табиғи жарықтың түсуінен натурадағы түстің құбылуы».

4.«Бейнелеу өнерінің тілі».

5.«Живописьте түстік және жарықтау камертоны»

6. «Майлы бояумен жұмыс жасау техникасы»

7. «Кескіндеме өнері»

8. «Портрет»

9. «Жылы және суық түстер»

10. «Колориттік үйлесім»
10.Оқу өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар

Пән бойынша жоспарланбаған


11. Студенттердің оқу жетістіктерін мен бағалау бойынша әдістемелік нұсқау
Әр семестрден кейін студенттердің білімдерін бағалау:

Оқыту негізінен практикалық жұмыс түрінде жүріп, оқу материалдарының мазмұны, үйренген, алған білімдері сол арқылы көрініс табатындықтан емтихан көрме түрінде (выставление) өтеді.

Студенттердің алған білімдері жекелеген семестрлік тапсырмалар, үй тапсырмалары, т.б. сол көрмеге қойылып, оны кафедра оқытушыларынан құралған комиссия бағалайды.

Емтихан көрмесіне қойылатын негізгі жұмыстарға, соңғы орындалған аудиториялық жұмыс талапқа сай безендіріліп , күнделікті этюдтер, нобайлар, нұсқадан, қиялы бойынша да салынған кескіндемелік жұмыстар қойылады (үй тапсырмаларын майлы бояу, жұмсақ материалдар, сангинамен орындауға болады).

Бұндағы қойылатын негізгі талаптарға:

- үйлестіру, орналастыру жағдайын – сәйкестік заңдылықтарын;

- қойылым кеңістігін көрсету, перспективасы мен ауа перспективасын;

- заттардың неден жасалғандықтарын, яғни материалдарын көрсету;

- жазықтыққа дұрыс орналасуын, орындау техникасы мен ұқыптылығын, т.б.

жатқызамыз.

Комиссия әр оқу семестрінде емтиханда үздік деп танылған, сәтті деген жұмыстарды таңдап алып, оқу ғимараты дәлізіне көрмеге іледі.

Студенттерге қойылатын талаптар:

1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады. Белгілі бір себептерге байланысты сабақ қалдырса, тиісті құжаттары болуы қажет.



2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.



3. Студенттердің өзіндік жұмыстары

Өзіндік жұмыстар міндетті түрде орындалуы керек. Студенттер оқытушының белгілеген уақыты бойынша есептеседі, кешіккен немесе уақытында есептеспеген студенттердің жұмыстары қабылданбайды. Студенттердің тапсырмаларды орындаулары жөнінде мәлімет оқытушыда болады, ол жалпы қорытынды баға қоюда ескеріледі.



4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар үй тапсырмасы түрінде орындалып, қорғалады.



5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, жетінші, он бесінші аптада тапсырылады. Бақылау жұмыстарын тапсырудан кешіккен студенттердің жұмыстары қабылданбайды және бағаланбайды.



6. Практикалық жұмыс.

Практикалық жұмыстар әр топқа жеке-жеке сабақ кестесі бойынша өтеді.



7. Аралық бақылау

Семестр бойына екі аралық бақылау өтеді, жетінші және он бесінші аптада.



«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»
Бағалау саясаты:



«Академиялық кескіндеме» пәні бойынша білімді бағалау кестесі


Бағалау критериясы


Бағалау түрі

Атпа

Жұмыс үшін %

Барлығы

%


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Үй тапсырмасы (Портрет)

2

10




+




+




+







+




+




+







2

Жеке тапсырма ( Нобайлар мен суреттемелер)

2

30




+




+




+







+




+




+







3

Бақылау жұмысы (Реферат түрінде)

2.5

5



















+



















+




4

Практикалық сабақтардағы белсенділігі (Сабаққа қатысу, берілген жұмыстарды орындау)

1

15

+

+

+

+

+

+

+


+

+

+

+

+

+

+

+




Р1 + Р2




60














































...

Емтихан ( Үй жұмысымен жеке және аудиториялық жұмыс көрмесі)



40















































Барлығы




100













































Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқаулар бойынша өтеді. (Аралық бақылау max.60%, емтихан 40%, барлығы 100%.

Қорытынды емтихан үй жұмыстары мен жеке және аудиториялық жұмыстардың көрмесімен бағаланады


Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:


Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз



Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары

1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

Жарық пен түстер табиғаты туралы айту.Спектрлі түстерді атау, оларға мінездеме беру. Түстердің қасиеттері.



  1. Түс шеңбері дегеніміз не? 8,6,12 түстерден тұратын түс шеңберін қалай алуға болады.

  2. Заттық түс және түс дегеніміз не? Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

  3. Контрастті және қосымша түс деп нені айтуға болады.

  4. «Салқын» және «жылы» түстер деп қандай тустерді атаймыз. Түстердің салқынды жылылығы кескіндемеде қандай орын алады?

  5. Заттың фромасындағы жарық пен көлеңке элементтерін атап оларға мінездеме бер.

8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

Түстердің өзгеруі. Жарық пен ауа құбылыстарының перспективасы.



  1. Алдыңғы көріністегі (пейзаж, натюрморт, интерьер) заттардың қабылдану ерекшеліктері.

  2. Сурет пен нұсқа салудағы натура заттарының бір-бірімен қатынасының түстік шағылысуын берудің қандай мағынасы бар?

  3. Жарық көзінің түсі табиғат көріністерінің жалпы колоридтік жағдайына қандай әсерін тигізеді? Суретшілер туындыларына анализ жасаңыз және уақыт мезгілі мен жыл мезгілін көрсететін суреттердің колоридтік ерекшеліктерін атаңыз.

  4. Суреттің идеясы мен образды құрамын берудегі колорит маңызы қпандай? Бірнеше суретшілер туындылырына салыстырмалы анализ жасаңыз.

  5. Кескіндемедегі түстердің тондық қатынасы туралы; Қатынастар арқылы жұмысты орындау неге негізделеді.

  6. Бейненің кескіндік тұтастығы деген не? Оны орындау үшін сураетші қандай тәсілдер қолданады?

Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

Білім бағалау мәліметінде білім бағалау шкаласы, критериясы, жұмыс түрлерінің тізімі және осы жұмыстарды орындау талаптары беріледі.

Әдетте силлабуста келесі мәліметтер көрсетіледі:


    • барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі (максималды балл, айыптық және көтермелеу балдары);

    • қорытынды (емтихан) бағасын қою критериялары және аппеляция ережесі;

    • сабаққа кешігу, сабақты қалдыру, дәрісханадағы тәртіп, жұмысты кеш тапсыру, емтиханға қатыспау т.б. мәселелер.

Бағалау саясаты

Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.

Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау



  • Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

  • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).

Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді. Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық графикалық жұмыстарды, тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады.
12.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандыру

Қарастырылмаған


13. Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі
№ 301, 303, 310, 309, 311, 313 аудиториялар, № 7 оқу ғимараты.
жүктеу 244,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау