БІЛІМ АЛУШЫ МЕН ЭДВАЙЗЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДНАМА
Мамандықтың барлық пәндері модульдер мен циклдер (бакалавриатта ЖБП, БП, ПП;
магистратура мен докторантурада БП, ПП) бойынша бөлінген. Олардың ішінде пәндер міндетті
және элективті (таңдау) пәндеріне бөлінген. Оқуға міндетті пәндердің тізімі мамандықтың үлгілік оқу
жоспарында (ҮОЖ) келтірілген. Мамандықтың әр курсы үшін элективті пәндер тізімі элективті
пәндер каталогында (ЭПК) келтірілген. ЭПК мамандықтың таңдау пәндерінің жүйеленген
аннотацияланған тізімі болып табылады. ЭПК білім алушыларға оқытудың таңдалған
траекториясына сәйкес элективті оқу пәндерінің альтернативті таңдау мүмкіндігін беруі керек.
Мамандық бойынша ҮОЖ бен ЭПК негізінде білім алушының оқу жылына жеке оқу жоспары
(ЖОЖ) құрылады. ЖОЖ-ды шығарушы кафедра тағайындаған эдвайзердің көмегімен бакалаврлар
мен магистранттар құрастырады. Докторанттар ЖОЖ-ды өздері кұрастырады. ЖОЖ мамандық
шегінде әрбір білім алушының жеке білім алу траекториясын анықтайды. ЖОЖ-ға ҮОЖ-дан
міндетті компонент пәндері мен оқу қызметінің түрлері (практикалар, зерттеу жұмысы,
мемлекеттік (кешенді) емтихан, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу, диссертацияны ресімдеу
және қорғау) және ЭПК-дан таңдау компоненті пәндері кіреді.
Еңбек нарығының және жұмыс берушілердің талаптарының есебімен нақты жұмыс
саласына бағытталған білім беру траекториясының бакалаврларына көмек ретінде ЭПК шегінде
білім алушыларға көзделген білім беру траекториясын меңгеруді кепілдейтін пәндер тізімі берілуі
керек.
Элективті оқу пәндерін таңдаған кезде мыналарды есепке алу керек:
1.
Бір семестрде міндетті түрде оқылатын оқытудың қосымша түрлерін (ОҚТ)
есептемегенде, күндізгі оқыту бөлімінің студенті 18-22 кредитті (міндетті және элективті), сырттай
оқыту бөлімінің студенті 9-12 кредитті (міндетті және элективті) игеруі тиіс.
2.
Оқытудың барлық кезеңіндегі жалпы кредит саны мамандықтың ҮОЖ-нда көрсетілген
саннан аспауы керек.
3.
Элективті пәндер тиісті нөмірі бар таңдау топтарына біріктірілген. Пәндердің әр тобынан
бір ғана элективті оқу пәнін таңдауға болады.