Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
10
Әдеттегідей, бакалавриаттың бағдарламалары бойынша тиісті кредиттердің меңгерілуі
тӛрт оқу жыл ішінде жүзеге асырылады.
Білім алушылардың білім беру траекториясын таңдауы.
Білім алушының жеке оқу жоспары
Білім алушы академиялық жетекшісі-эдвайзердің
кӛмегімен оқытудың жеке траекториясын қалыптастырады.
Тіркеуге жіберу үшін тӛмендегідей негіз бола алады:
қандай да бір пәнді меңгеруге қажетті барлық
пререквизиттерді ӛту;
оқу ақысы бойынша қаржы қарызының жоқтығы;
білім алушылардың кешенді медициналық қараудан ӛтуі (бір оқу жылында бір
реттен кем емес).
Үлгілік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде білім алушы жеке
оқу жоспарында кӛрсетілген міндетті және элективті пәнді таңдап алуы тиіс.
Пәндерді таңдау оларды оқытудың бірізділігін ескере отырып жүзеге асырылуы
тиіс. Егер білім алушы алдыңғы семестрде таңдау пәні бойынша қажетті
пререквизиттерді меңгермеген болса ол пәнге тіркеле алмайды.
Барлық пәндерді таңдау білім алушының кәсіби бағдарын ескере отырып жүзеге
асырылады, бірақ білім алушының қалауы негізінде ЖОЖ басқа мамандықтар
бойынша базалық пәндер блогынде сұранысқа ие болған пәндерді қамти алады.
Білім алушы мамандық бойынша типтік оқу жоспарында қарастырылған белгілі
кредиттер санына тіркелуі тиіс. Алматы университетіндегі типтік оқу жоспары мен
Элективтік пәндер Каталогы негізінде білім алушылар қажетті кредиттер санын ескере
отырып, міндетті және элективті пәндерді таңдайды.
Ақылы негізде білім алушылар ӛздерінің тӛлемге қабілеттілігіне, оқу формасын,
жеке қабілеттеріне қарай аз кредит мӛлшерінде ӛздерінің ЖОЖ құра алады, бұл
жағдайда оқу мерзімі ұзартылады.
Егер білім алушы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында
қарастырылған міндетті компонент пәнін оқудан бас тартса, онда ол басқа семестрде
аталмыш пәнге қосымша тӛлемақы тӛлеу арқылы тіркеуге тұра алады. Бұл қағида
мемлекеттік білім гранты бойынша білім алатындарға да қатысты.
Білім алушының жеке оқу жоспары, білім алушының жеке білім беру
траекториясын анықтайтын
жеке оқу жоспарын (ЖОЖ), эдвайзердің кӛмегімен білім
алушы ӛзі әр оқу жылына арнап белгіленген форма бойынша қалыптастырады.
Білім алушы ӛзінің ЖОЖ-ын құру барысында:
оқытудың кредиттің технологиясы бойынша оқу үдерісінің ұйымдастыру
ережесімен танысуы тиіс;
оқу пәндері мен ЖОЖ ӛзгерістерді енгізу бойынша оқу пәндерді тіркеуге бӛлінген
белгіленген мерзімді сақтауы тиіс;
Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
11
оқу жылында сәйкесті деңгейдің білім беру бағдарламасын меңгеру үшін
кредиттердің белгіленген санынан кем емес кредиттерге жазылу тиіс.
Білім алушыны ЖОЖ құру ҥшін және мамандықтың типтік оқу
жоспарының талаптарына сәйкес оқу курсын толықтай меңгеруге жауапты
болады.
ЖОЖ үш данасын институт директоры бекітеді: бірі-кафедрада сақталып, білім
алушылардың кәсіби оқу бағдарламасын орындалуы мен меңгерілуін бақылауды
жүзеге асырудың негізі бола алады, екіншісі- аралық аттестатцияны ұйымдастыру үшін
тіркеу бӛліміне тапсырылады, үшіншісі- білім алушыға беріледі.
Білім алушының академиялық ұтқырлық шеңберінде басқа ЖОЖ-да, оның ішінде
шетелде жеке пәндерді меңгеруге құқығы бар.
Басқа ЖОЖ-да жеке пәндерді ӛзгертіп меңгерген жағдайда білім алушы
университеттің тіркеу бӛліміне ӛтілген пәндер бойынша оқу жетістіктерін тіркеу үшін
аралық аттестатция бағалары мен меңгерілген кредиттер саны кӛрсетілген транскрипт
тапсыруы тиіс.
Білім алушыларды тіркеу тәртібі
Жеке оқу жоспарын құру мақсатында білім
алушылардың тіркелуі кафедралар, эдвайзерлердің
әдістемелік және кеңес беру кӛмегімен жұмыс атқаратын
тіркеу бӛлімі арқылы ұйымдастырылады.
Оқу пәндерге тіркеу білім алушының жеке оқу
траектиоиясын эдвайзелермен талқылап болған соң
жүзеге асырылады. Эдвайзер типтік оқу жоспарына және элективті пәндер каталогына
сәйкес пәндерді таңдау мәселелерін түсіндіреді.
Тіркеу тәртібі: Аламты университетіне жаңа түскен студенттердің тіркелуі
бірінші семестрдің басталуына дейін бағыт беру аптасының ішінде жүргізіледі. Білім
алушылардың бұл категориясы үшін тіркеуге рұқсат етудің негізі университет
студенттері қатарына қабылдау туралы бұйрық және семестрге тӛленетін оқу ақысы
болып табылады.
Университетке жаңадан түскен студенттер үшін Академиялық күнтізбеде
кӛрсетілген бағыт беру аптаның ішінде оқытудың кредиттік технологиясымен,
пәндерге тіркеу процедурасымен жалпы танысумен жүзеге асырылады. Бұл кезеңде
әкімшілік ӛкілдерімен, институт директорларымен, кафедра меңгерушілерімен,
эдвайзерлермен кездесулер ӛткізіледі. Эдвайзерден кеңес алғаннан кейін жаңадан
түскен студен пәндерді меңгерудің академиялық мерзімі кӛрсетілген таңдалған
пәндерге жазылып, алдағы оқу жылына арналған жеке оқу жоспарын құрайды.
Барлық білім алушыларға идентификациялық нӛмір ID (логин) беріліп, сол нӛмір
бойынша ол ӛзінің жеке оқу жопарын тіркейді.