Имам Мухйиддин ан-Науауи Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!



жүктеу 12,07 Mb.
бет4/6
Дата25.12.2017
өлшемі12,07 Mb.
#6003
1   2   3   4   5   6
52 ТАРАУ

Үміттің дәрежесі жайлы
Аллаһ Тағала айтты:

«Таяуда менің айтқанымды түсінесіңдер. Мен ісімді Аллаһқа тапсырамын. Күдіксіз Аллаһ, құлдарын толық көруші» деді. Енді Аллаһ, оны, олар жасаған сұмдықтарынан қорғады…» «Ғафыр» сүресі, 44-45 аяттар.


440. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ұлы Аллаһ Тағала айтты: Менің құлым Мен турлы қалай ойласа сондай боламын3 және ол қай жерде Мені есіне алса, Мен сол жерде онымен біргемін4. Аллаһтың атымен ант етемін, расында, Аллаһ Өзінің құлының тәубесіне, шөл далада түйесін жоғалтып одан кейін оны тапқан адамның қуанғанынан да артық қуанады! Кім Маған бір алақан жақындаса Мен (оған) бір білекке жақындаймын, кім Маған бір білекке жақындаса, Мен (оған) бір құлашқа жақындаймын, ал кім Маған қарай жүрсе, онда Мен (оған қарай) жүгіре жөнелемін! Аль-Бухари, Муслим.

Бұл жерде Муслимнің “Сахихінда” келтірілген нұсқасы беріліп тұр. Ал “Сахихтердің” екеуінде де былай деп айтылған нұсқа келтіріледі: “…Мен ол Мені есіне алып жатқан уақытында жанында боламын” Бұл екі нұсқада сенімді саналады.
441. Хабар бойынша, Жәбір бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өлер алдында үш күн бұрын былай деп айтқанын естіген:

Сендер кез-келгенің өлімді, Ұлы Аллаһ Тағаладан тек жақсылық күтіп қарсы алуларың керек!1 Муслим.


442. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ Тағала айтты: «Иә Адам баласы, сен Менен үмітіңді үзбей кешірім сұрап жүрсең Мен де сенің күнәләріңнің аз-көбіне қарамай кешіріп отырамын! Иә Адам баласы, егер сен аспандағы бұлттарға жететін күнә жасап, одан кейін Менен кешірім сұрасаң, Мен сені кешіремін! Иә Адам баласы, расында, егер сен сонша күнә жасасаң, ол күнәңнің көлемі бүкіл жерді жабатындай болса (қаптаса), бірақ Менің алдыма Маған ешкімді ортақ қоспай2 келсең, Мен саған әлбетте сол күнәләріңді жабатын кешірім сыйлаймын.» Ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

Аспандағы бұлттар” – дегенде, адамның көкке қарағанда көзі жететін ара қашықтық делінеді және де бұлттар деп те айтылады.




53 ТАРАУ

Қорқыныш пен үмітті біріктіру жайлы.
Біл, егер де Аллаһтың құлының денсаулығы жақсы болса, онда ол әрі қорқып әрі үміттенуі жақсырақ, яғни үміт пен қорқыныш тепе-тең болғаны жақсы. Ал егер ауырып қалса3, онда тек қана үміттенуі керек, бұған Құран мен Сүннетте келтірілген Шариғаттың шарттары және ғалымдардың айтқандары дәлел.

Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай-ақ Аллаһтың кәрінен (қулығынан)4 аман бола ала ма? Аллаһтың бейнетінен зиянға ұшырайтын ел ғана қобалжымайды5«Ағраф» сүресі, 99 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Аллаһтың рахметіне қарсы болған (имансыз) қауым ғана күдер үзеді...» «Йусуф» сүресі, 87 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Қиямет күні кей беттер ағарып, кей беттер қараяды…» «Аль-Имран» сүресі, 106 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Расында, Раббың тез жазалаушы, әрі аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» «Ағраф» сүресі, 167 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Шын мәнінде ізгілер, әлбетте нығмет ішінде болады. Негізінен бұзықтар, тозақта болады.» «Ынфитар» сүресі, 13-14 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

«Міне, сонда біреудің таразысы1 ауыр тартса. Онда ол, разы болатын тіршілікте болады. Ал енді біреудің таразысы жеңіл тартса, онда оның орны «Һауя» болады. Ол Һауяның не екенін білесің бе? Ол, жалындаған от.» «Қариға» сүресі, 6-11 аяттар.



Осы мағынада көптеген аяттар бар. Кей кездері үміт пен қорқыныш жайлы бір-бірімен байланысты аяттарда айтылса, кейде әр түрлі аяттарда айтылады, ал кей жерлерде бір ятта да айтылады.
443. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер мүминдер, Аллаһтың қандай жазаға тарта алатынын білсе еді, онда олар Жәннәтті армандамас та еді. Және де имансыздар Аллаһтың мейірімінң кеңдігін білсе еді, онда олардың ешқайсысы Оның Жәннәтінан күдер үзбес еді. Муслим.


444. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер жерлеуге дайындалған табытта жатқан мәйіт мүмин болған болса, онда сол табытты жайғастырып, ерлер иықтарына салған кезде ол (мәйіт): «Мені тезірек апарыңдар!», - дейді. Ал егер мәйіт мүмин болмаған болса, онда ол: «Мен құрыдым, мені қайда апара жатырсыңдар?», - дейді де оның даусын адамнан басқаларының бәрі естиді, ал егер ол (адамдар) оны естісе, естерінен танып (құлар) еді. Аль-Бухари.


445. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жәннәт сендерден әр кімге аяқ киімдеріңнің бауынан да жақын және От та сендерге сондай жақын. Аль-Бухари.




54 ТАРАУ

Аллаһ Тағаладан қорқып жылаудың және Оған ұмтылудың дәрежесі жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

«Олар жылап етпеттерінен түседі. Бұл олардың ықыласын арттырады.» «Ісра» сүресі, 109 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Ал енді сендер осы сөзге таңырқайсыңдар ма? Күлесіңдер, жыламайсыңдар.» «Нәжім» сүресі, 59-60 аяттар.



446. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: “Маған Құран оқышы”, - деді. Мен: “Иә Аллаһтың елшісі, Құран саған түсірілген болса, оны мен саған қалайша оқимын”, - дедім. Ол: “Расында, мен оны басқа біреуден естігім келеді”, - деді. Сонда мен оған “Ниса” сүресін оқи бастадым да: «Әр үмметке бір айғақ келтіріп, сені де оларға куә етіп келтірсек қандай болар еді?»1, - деген аятқа жеткен кезімде, - ол: «Енді болды», - деді, ал мен оған қарасам, оның көзі жасаурап жылап жатқанын көрдім. Аль-Бухари.


447. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұрын мен естімеген хұтпа айтты, сөздерінің арасында былай деді: «Егер сендер мен білетінді білсеңдер еді, аз күліп, көп жылар едіңдер!», - сонда Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары қолдарымен беттерін жауып ауыздарын ашпастан жылай бастады. Аль-Бухари, Мслим.


448. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтан қорқып жылаған адам, сауылған сүт қайтадан желініне кірмейінше, ол да отқа кірмейді2 және Аллаһ жолындағы шаң мен Тозақ отының түтінінің бір бірімен қосылуы мүмкін емес3. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.


449. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтан басқа ешкімнің көлеңкесі болмаған күні, Аллаһ Тағала жеті (түрлі) адамды Өзінің көлеңкесіне алады: әділ басқарушы; Ұлы Аллаһ Тағалаға құлшылық етумен есейген жас; жүрегі мешіттерде байланған4; тек қана Аллаһ Тағала үшін кездесіп-қоштасатын және бір-бірін Аллаһ үшін жақсы көргендер; абыройлы әрі әдемі әйел қалап шақырып, бірақ: «Расында, Мен Аллаһтан қорқамын», - деп бармаған еркек; садақаны жасырын бергені соншалық, оның сол қолы оң қолының бергенін көрмейтін; оңашада Аллаһ Тағланы еске алғанда көзіне жас толатын (адамдар). Аль-Бухари, Муслим.


450. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин аш-Шаххир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бріде мен Аллһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қайнап жатқан қазаннан шығатын дауысқа ұқсаған дауыспен, сыңсып жылап намаз оқып тұрған уақытында көрдім. Абу Дауд ат-Тирмизи «Аш-Шамаъил» кітабында сенімді хадис деп келтіреді.


451. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Убай бин Қаъбқа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Расында Ұлы Аллаһ Тағала маған мына аятты саған оқы деді: “Кітап иелерінен, мүшріктерден қарсы шыққандар, өздеріне бір ашық дәлел қарсылықтарынан айырылмақшы емес еді”1, - деді. Убай, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Ол саған менің атымды атады ма?”, - деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә”, - деді. Бұны естіген Убай, оған Аллаһтың ризашылығы болсын жылап жіберді. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің Мулим ғана келтірген нұсқасында, былай делінеді:

…сонда Убай жылауға кірісті.


452. Хабар бойынша, Анас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жан тапсырғанына біраз уақыт өткеннен кейін Абу Бакр Омарға, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын келіп: «Бізбен бірге Умм Айманға2 жүр оны Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, секілді барып қайтайық», - деді. Олар Умм Айманға, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, келген кезде, ол жылай бастады да олар: «Сен неге жылайсың? Сен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһтың жанындағы жақсы екенін білмейсің бе?» – деді. Ол: «Расында мен, Аллаһтың жанындағы ол үшін жақсы екендігін білмегеннен жылап жатқаным жоқ, менің жылап жатқаным, Көктен уахидың тоқтағанына жылап жатырмын?» – деп еді, олар да оның айтқан сөзінің әсерінен жылай бастады. Муслим.


453. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кеселі (ауруы) қатайған кезінде, одан намаз туралы сұрады3, да ол: «Абу Бакрге айтыңдар, ол адамдармен намаз өткізсін!», - деді. Бұны естіген Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Расында, Абу Бакр жұмсақ жүректі, сондықтан Құран оқығанда жылауын тоқтата алмайды!», - деді. Бірақта ол тағы да: «Абу Бакрге айтыңдар, ол адамдармен намаз өткізсін!», - деді.



Бұл хадистің Айша жеткізген нұсқасында, оның былай деп айтқаны жеткізіліді:

Мен: “Расында, егер Абу Бакр сенің орныңа тұрса, онда ол адамдарға көз жасынан ештеңке айта алмайды!”, - дедім. Аль-Бухари, Муслим.


454. Хабар бойынша, Ибраһим бин Абд ар-Рахман бин Ауф былай дейді:

Бірде Абд ар-Рахман бин Ауф, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ораза ұстап, оған аузын ашу үшін тамақ алып келген кезде, былай деді: “Менен жақсырақ болған Мусъаб Ибн Умайрды, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, өлтірген уақытта оны орайтын шапанынан басқа еш нәрсе табылмады. Шапанымен басын жапқан уақытта аяғы ашылатын, ал аяғын жапқан уақытта басы ашылатын. Ал содан кейін бізге осы дүниенің жақсылығынан берілгендері берілді де, ал біз болсақ біздің сауабты амалдарымыздың сыйы ерте берілді ме деп қорқа бастадық!1” Осыны айтысымен жылағаны соншама, ол тамақ жеуден бас тартты. Аль-Бухари.


455. Хабар бойынша, Абу Умама Судаййа бин Ажлян аль-Бахили, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың екі заттан қатты жақсы көретіні жоқ, олар екі тамшы мен екі із. Тамшы жайлы айтатын болсақ, ол – Аллаһтан қорқып аққан жас пен Аллаһ Тағаланың жолында төгілген тамшы қан. Ал екі із жайлы айтатын болсақ, ол – Аллаһ жолындағы із2 бен Аллаһ Тағаланың парыздаған амалын орындағаннан кейінгі қалған із3. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.


456. Хабар бойынша, Абу Наджих аль-Ъибрад бин Сарйиа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, уағызы уақытында біздің жүрегімізге қорқыныш ұялап, көздерімізге жас келді. Сонда біз: “Иә Аллаһтың елшісі, сенің бұл уағызың қоштасатын адамның уағызы секілді, сондықтан бізге насихат айтшы!” – дедік. Ол былай деді: “Менің насихатым мынау: Ұлық Аллаһ Тағаладан қорқыңдар, егер сендерге құл әмір болса да оны тыңдаңдар және оған бойұсыныңдар. Расында, араларыңдағы көп өмір сүргендер әлі көп ұрыс-керіске (фитнаға) тап болады, сондықтан сендерге еш ауытқымай менің Сүннетімді және дұрыс жолмен жүрген діндар халифалардың сүннетін ұстану керек болады, және сендерге бүкіл (діндегі) жаңалықтан (бидғаттан) қашу керек болады, өйткені әр бір (діндегі) жаңалық адасу болып табылады!” Бұл хадисті Абу Дауд және ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.




55 ТАРАУ

Бұл дүниеден бас тартудың дәрежесі, аз нәрсеге қанағат етуге ұмтылдыру, және кедейліктің дәрежесі жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

“Шын мәнінде дүние тіршілігінің мысалы: Біз көктен жаудырған жаңбыр тәрізді. Ол арқылы адамдар, малдар жейтін өсімдіктер аралас өсіп, жер жүзі құлпырып зейнеттенген кезде, жер иесі; пайдалануға күшіміз жетеді деп ойлаған сәтте, түнде не күндіз әміріміз келіп, тіпті кеше болмаған тәрізді түбінен орылғанға айналдырдық. Ойланатын қауымға аяттарымызды осылай айырып баян етеміз.” “Йунус” сүресі, 24 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

“Оларға дүние тіршілігінен мысал бер: (Дүние тіршілігі) көктен біз жаудырған жаңбыр арқылы: Жердің өсімдіктері бір-біріне араласып, құлпырып, одан құрғақ үгіндіге айналып, оны желдер ұшырып кеткен тәрізді. Сондай-ақ Аллаһ әр нәрседен үстем күш иесі! Мал мен балалар дүние тіршілігінің сәні. Ал бақи қалатын жақсылықтар болса, Раббыңның қасында; табыс бойынша да жақсы, әрі үміт тұрғысында да жақсы.” “Қеһф” сүресі, 45-46 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

“Біліңдер! Шын мәнінде дүние тіршілігі бір ойын, ермек, сән және өзара мақтанысу, сондай-ақ малдарды, балаларды көбейту ғана. Бұның мысалы: Өсірген өсімдігі кәпірлерді таңыртқатқан жаңбыр тәрізді. Сосын қурап, сап-сары болғанын көресің. Содан кейін үгінді болады, Ахіретте қатты азап және Аллаһтан, ризалық бар. Негізінде дүние тіршілігі бір алданыштың ғана нәрсесі.” “Хадид” сүресі, 20 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

“Адам баласы үшін әйелдер, балалар, алтын күмістен жиналған қазыналар, сәнделген аттар, малдар және егіндерді қызыға сүю әдемі көрсетілді. Бірақ олар дүние тіршілігінің сәні. Негізінде орынның жақсысы Аллаһтың қасында.” “Аль-Имран” сүресі, 14 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

“Әй адам баласы! Сөз жоқ, Аллаһтың уәдесі хақ. Ендеше дүние тіршілігі сендерді әсте алдамасын. Сондай-ақ аса алдағыш1 та сендерді Аллаһ туралы алдамасын” “Фатыр” сүресі, 5 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

“Сендерді көбейтуде2 бәсекелесу айналдырды. Тіпті қабырларыңа барғандарыңа дейін. Жоқ олай емес тез білесіңдер. Тағы олай емес. Жуырда білесіңдер. Жоқ олай емес, анық білген боласыңдар.” “Тәкәсур” сүресі, 1-5 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

“Бұл дүние тіршілігі бір ойыншық, ермек ғана. Күдіксіз ахірет жұрты анық тіршілік. Әттең! Олар білсе.” “Ғанкабут” сүресі, 64 аят.


457. Хабар бойынша, Амр бин Ауф аль-Ансари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Абу Убай бин аль-Жаррахты Бахрейнге сол жерде жиналған жизианы (салық) алып келуге жіберді. Абу Убайда ақшаны алып келді, оны білген ансарлар, таң нмазына Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге келді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, олармен таң намазын өткізгеннен кейін өз істерімен кетпекші болып еді, бірақта олар оның қасына келді. Оларды көрген ол жымиып: “Сендер Абу Убайа Бахрейіннен бір нәрсе әкелгенін есітіп келіп тұрсыңдар, деп ойлаймын”, - деді. Олар: “Иә, иә Аллаһтың елшісі”, - деді. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Онда сендерді қуандыратын нәрсеге қуаныңдар да үміттеніңдер! Бірақта, Аллаһтың атымен ант етемін, мен сендер үшін кедейліктен қорқпаймын, менің сендер үшін қорқатыным, сендерге дейін өмір сүргендерге берілгені сияқты сендерге де осы дүниенің жақсылықтарының бәрі беріледі ме деп және олар сияқты бір-біріңмен бәсекелесесіңдер ме деп қорқамын, сонда ол сендерді де оларды жойғандай жояды!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.


458. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын мінберге отырды, ал біз болсақ оны қоршай отыра кеттік те, ол: «Расында, мен сендер үшін өлімімнен де қатты қорқатыным ол, сендерге бұйырылатын осы дүниенің жылтырағы мен әшекейлері. Аль-Бухари, Муслим.


459. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, бұл дүние тәтті, әрі көк, Аллаһ сендерді қайтер екен деп, жер бетінде Өзінің уәкілі етті. Бұл дүниеден сақ болыңдар және әйелдерден сақ болыңдар! Муслим.


460. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иә, Аллаһ о дүниедегі өмірден басқа, өмір жоқ! Аль-Бухари, Муслим.


461. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

(Қабірге) өлген адамның артынан үшеуі ереді, олар: отбасы мүшелері, оның дүниесі және амалдары. Олардың екеуі қайтады да, ал біреуі өзімен қалады. Қайтатындары, отбасы мүшелері мен дүниесі, ал амалдары болса өзімен қалады. Аль-Бухари, Муслим.


462. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Осы дүниеде ең көп молшылықта болған, ал Ахірет күні Отқа кесілгенді алып келіп, біраз уақыт Отта ұстайды да одан: “Иә Адам баласы, сен қашанда болса бір жақсылық көріп рахаттанып па едің?”, - деп сұрағанда, ол: “Жоқ, Аллаһтың атымен ант етемін, иә Раббым”, - деп жауап береді. Одан кейін бұл дүниеде қай бір қиыншылықтар көріп бәлеге душар болып Жәннәтқа шешілгенді алып келеді де, оны біраз уақыт Жәннәтқа кіргізіп: “Иә Адам баласы, сен қай бір жамандық көріп қайғырып көріп пе едің?”, - деп сұрайды. Сонда ол: “Жоқ, Аллаһтың атымен ант етемін, мен ешқашан жамандық көріп және қайғырып көрген емеспін!”, - деп жауап береді. Муслим.


463. Хабар бойынша, Аль-Мустаурид бин Шадад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бұл дүние мен мәңгілік дүниенің айырмашылығын білу үшін, сендерден кез келгенің саусағын теңізге салсын да, одан кейін одан не алғанын қарасын1. Муслим.


464. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оң жағынан және сол жағынан еріп қоршаған адамдарымен базардың ішінде жүргенде, бір өліп жатқан кішкене құлақты лақты көріп, оны көтеріп құлағынан ұстап: «Қайсыларың мынаны дирхемге сатып аласың?», - деп сұрады. Адамдар: «Біз оны ешқандай ақшаға сатып алғымыз келмейді, біз онымен не істейміз?», - деді. Ол: «Сендер осының сендерге бұйырғанын қалар ма едіңдер?», - деді. Адамдар: «Аллаһтың атымен ант етеміз, өлексе түгіл, тірі болса да біз оны қаламас едік, өйткені оның құлағы тым кішкентай?», - деп жауап берді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: "Аллаһтың атымен ант етемін, бұл дүние Аллаһ үшін бұл лақтан да мардымсыз!", - деді. Муслим.



465. Хабар бойынша, Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Медина жерінің қара тасты бөлігінен өтіп бара жатып Ухудқа қарай бұрылған уақытта ол: «Иә Абу Зарр!», - деді. Мен: «Мен мұндамын, Аллаһтың елшісі!», - деп дауыстадым. Сонда ол: «Мынандай ғана жағдайда Ухуд тауының көлеміндей алтынды болған, мені қуантар еді, егерде одан ертеңіне тек қана қарыздарымды өтеуге қалатындай мөлшерін қалдырсам, ал қалғанын осылай да осылай таратсам», - деп Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолдарын оңға, солға және артына сермеп көрсетті. Жолдың біраз бөлігін өтіп болған соң ол: «Расында, байлар Ахірет күні, байлығын осылай да осылай таратпағандарынан басқаларының бәрі кедей болып шығады2», - деп Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолдарын оңға, солға және артына сермеп көрсетті де: «Бірақта ондайлар аз болады!», - деді. Содан соң ол маған: «Осы жерде қал да, мен саған оралғанымша орныңнан қозғалма!», - деп өзі ары қарай қараңғы түнннің ішіне кіріп (көрінбей) кетті. Ал біраз уақыт өтісімен бір қатты дыбыс естідім. Мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, біреу тап бердіме, деп қорықтым да, оған бармақшы болдым, бірақ оның: «Мен саған келгенше орныңнан қозғалма!», - деген сөздерін есіме алдым да, ол оралғанша орнымнан қозғалмай тұрдым. Ол оралған соң: «Мені қорқытқан бір дыбыс естідім», - деп оған естігенімді айттым. Ол: «Сен шынымен-ақ оны естідің бе?», - деп сұрады. Мен: «Иә», - дедім. Сонда ол: «Бұл болған Жебірейіл, ол келіп маған мынаны айтты: «Сенің үмметіңнен Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық етпегеннің бәрі Жәннәтқа кіреді»», - деді. Мен: «Егер ол зина жасап, ұрласа да ма?», - деп сұрадым. Ол: «Ол ұрласа да, зина жасаса да!», - деді. Аль-Бухари, Муслим.



466. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер менде Ухуд тауының көлеміндей алтын болса, үш күннен соң одан қарыздарымды өтейтін мөлшерде ғана қалдырып, қалғанын таратып жіберсем, қуанар едім! Аль-Бухари, Муслим.



467. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өздеріңнен жоғарыдағыларға қарамаңдар, өздеріңнен төмендегілерге қараңдар, өйткені бұл сендерге Аллаһтың жасаған мейірімін аз деп ойламауларың үшін жақсы. Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде Муслимнің нұсқасы беріліп отыр.



Бұл хадистің аль-Бухари келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Егер сендерден кім өзінен байырақ не болмаса әдемірек біреуді көретін болса, онда өзінен төменірек біреуге қарауды да ұмытпасын.


468. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өздеріне бір нәрсе берілгенде риза болып, ал еш нәрсе берілмесе риза болмайтын динардың, дирхемнің, катифтың, хамистің1 құлдары, жаман жағдайға душар (яғни опат) болсын! Аль-Бухари.


469. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен перденің арты тұрғандарының жетпісін көрдім2, сонда оларда үстеріне киетін кіиімнен бір изар3, не болмаса ұштарын мойындарына байлап алатын, бір дана ғана киімдері болатын, ал шапан деген олардың ешқайсысында болған емес. Олардың ол кйімдері бірінің тізелеріне дейін жетсе, енді бірінің қызыл асықтарына дейін жететін, сонда адамдарға көрінуге болмайтын жерлері4 ашылып қалмас үшін, киімдерінің ұштарын ұстап тұратын. Аль-Бухари.


470. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бұл дүние – имандыға түрме де, имансызға Жәннәт. Муслим.


471. Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің иығымнан ұстап: “Бұл дүниеде бөтен елдік, не болмаса сапардағы адам секілді бол”, - деді.

Бұл хадисті жеткізуші Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп жиі айтатын: “Егер сен кешке дейін тірі болсаң онда таң атқанша өмір сүремін деп ойлама1, ал таң атқанда тірі болсаң онда күн батқанша өмір сүремін деп ойлама және деніңнің саулығынан ауруыңа (қажетін) ал, ал өміріңнен - өліміңе (қажетін) ал!”2 Аль-Бухари.

Бұл хадисті түсіндірушілер былай дейтін, бұл дүниеге сенім артпа, оны өзіңнің отаным деп ойлама және мұнда ұзақ уақытқа қаламын деп қамданба, бұл дүниеге жат елдік кісі қалай үйірленсе сен де солай үйірлен және үйіне оралуға дайындалған жат елдік шетте не ісетемейтін болса, сен де мұнда оны істеме, ал көмек көрсетуші Аллаһ.
472. Аубль-Аббас Сахль бин Саъд ас-Саъди, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір адам келді де: “Иә Аллаһтың елшісі, маған мен оны орындасам Аллаһ жақсы көретін және адамдар жақсы көретін бір амал көрсетші”, - деп сұрады. Жауап ретінде оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Бұл дүниеден басыңды тарт, сонда сені Аллаһ жақсы көретін болады, адамдардағы нәрселерден басыңды тарт, сонда сені адамдар жақсы көретін болады.” Бұл хадисті “Жақсы” хадис деп жақсы иснадпен Мбн Маджаъ және басқа да мухаддистер келтіреді.3


473. Хабар бойынша, ан-Нуъман бин Башир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, осы дүниенің игілігі тиген адамдар жайлы айтып жатып былай деді: “Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, күні бойы жеуге жаман құрмаларды да таба алмай аштықтан бүгіліп жүргенін көрдім!” Муслим.


474. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жан тапсырғанда, менің сөремде сақтаулы тұрған кішкене ғана арпадан басқа жейтін еш нәрсе болмады, мен онымен көп уақыттар бойы тамақтанып жүрдім де, ал оны бірде өлшегенімде ол таусылып қалды!4 Аль-Бухари, Муслим.



475. Хабар бойынша, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әйелінің бауыры Жуввайрийи бин аль-Хаоис, Амр бин аль-Харис, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Қайтыс болғаннан кейін, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, артынан өзі мініп жүрген ақ қашары, қару-жарағы және түскен табысының бәрін садақа ретінде таратуға әмір берген жер бөлігінен басқа не динар, не дирхем, не құл, не күң қалдырған жоқ. Аль-Бухари.


476. Хабар бойынша, Хаббаб бин аль-Апатт, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Біз Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Меккеден Мәдинаға Өзінде біздің сауабымызды жазған Аллаһтың дидарына талпынып көштік. Арамызда кейбіреулер бұл дүниеде сыйын алмай кетті. Олардың арасында Мусъаб бин Умайр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, болды. Ол артынан ала жамылғыш қана қалдырып Ухуд шайқасында өлді. Біз онымен оның басын жапқан кезде аяғы ашылып қалатын да, ал аяғын жапқан кезде басы ашылып қалатын, сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге оның басын жауып, ал аяғын тәтті иісті қамыспен жабуға әмір берді. Және де арамызда (осы дүниеде) жемістері пісіп, оны үзіп қазір жеп жүргендер де бар1! Аль-Бухари, Муслим.


477. Хабар бойынша, Сахл бин Саъд ас-Саъди, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер Аллаһ үшін бұл дүние масаның қанатына тұрарлықтай болса еді, онда Ол имансызға бір жұтым су да бермес еді! Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.


478. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһты еске алғаннан басқа және соған жақын істерден басқа және білуші мен білім алушыдан басқаның бәрі бұл дүниеде лағынеттелген және бұл дүниеге лағынет тиген. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.


479. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иемденушіліктің артынан қудаламаңдар, олай істесеңдер бұл дүниені қалап (яғни жақсы көріп) кетесіңдер. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.


480. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз лашығымызды жөндеп жатқан кезімізде, жанымыздан өтіп бара жатқан Аллаһтың елшісі, оған Алдлаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізден: “Бұл не?”, - деп сұрады. Біз: “Бұл ескірген соң, біз бұны мықтап жатырмыз”, - дедік. Бұған ол: “Мен бұдан да шұғыл іс бар деп ойлаймын1”, - деді. Аль-Бухари, Муслим, Абу Дауд, ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.


481. Хабар бойынша, Қаъб бин Ийад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, әр үмметтің өзінің азғырылатын (сынағы) бар, менің үмметімнің азғырылатын (сынағы) байлық болады. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.


482. Хабар бойынша, Абу Амр Осамн бин Аффан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адам баласы онда тұратын үй, және денесін басқалардың көруіне рұқсат етілмеген жерлерін жабатын киім және су мен үзім наннан басқа еш нәрсеге хақысы жоқ2. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді3.



Ат-Тирмизи былай дейді: “Мен, Абу Дауд Суляйман бин Ас-лям аль-Бахли былай дегенін естідім: “Мен, ан-Надр бин Шумайльдің былай дегенін естідім: “ “аль-Жильф” деген сөз “қоспасыз нан”, дегенді білдіреді. Басқа біреу: “Бұл кебекті нан”, - десе, ал аль-Харави: “Мұнда нан салатын ыдыс жайлы, мысалыға, “қап”, жайлы айтылып тұр”, - дейді.
483. Хабар бойынша, Хаббаб бин аль-Апатт, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Сендерді көбейтуде бәсекелесу айналдырды4”, - деп оқып жатқан кезінде келдім. Ол оқуын аяқтап: “Адам баласы: “Менің байлығым, менің байлығым!”, - дейді, - бірақта, иә Адам баласы, саған сен жеп таусқаннан басқадан, киіп тоздырғаннан басқадан, не болмаса садақа ретінде беріп тамамдағаннан басқасы саған бұйырды ма?!5”, - деді. Муслим.


484. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Мутаффаль, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Аллаһтың елшісі, Аллаһтың атымен ант етемін, мен сені жақсы көремін!”, - деді. Жауап ретінде ол: “Сен не айтып жатқаның жайлы ойлан”, - деді. Ол тағы да: “Аллаһтың атымен ант етемін, расында, мен сені жақсы көремін!”, - деп бұл жолы үш рет қайталады. Сонда, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Егер сен мені жақсы көрсең, онда кедейлікке қарсы қаруыңды қамдай бер, өйткені мені жақсы көргенге кедейлік (таудан аққан) ағын су (таудың шетіне) жеткеннен де тез жетеді”, - деді. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді1.


485. Хабар бойынша, Қаъб бин Малик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Екі қасқырдың бір отар қойға тигізген зияны, адамның байлыққа деген құштарлығының дініне тигізетін зиянынан артық емес. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.


486. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қамыстан жасалған тоқыманың үстінде ұйықтап тұрған кезінде оның денесінде өрменің іздері қалды. Сонда біз: “Иә Аллаһтың елшісі, біз саған бір нәрсе төсеп беруіміз керек еді!”, - дегенімізде – ол: “Бұл дүниені кәйтейін? Мен бұл дүниеде ағаштың көлеңкесіне демалуға келіп, ал одан кейін оны тастап кететін шабандоз секілдімін!”, - деді. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.


487. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кедейлер Жәннәтқа, байлардан бес жүз жыл бұрын кіреді. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.


488. Хабар бойынша, Ибн Аббас және Имран бин Хусайн, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен Жәннәтқа қарап едім ондағылардың көбінің кедейлер екенін көрдім және Тозаққа қарап едім ондағылардың көбісінің байлар екенін көрдім. Аль-Бухари, Муслим.


489. Хабар бойынша, Усама бин Зайд, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен Жәннәттің қақпасының жанында тоқтағанымда, онда көбінше жарлылардың кіргенін көрдім, ал байлар болса бөгелтілді2. Ал Тозаққа кіруге шешілген байлар Тозаққа (тезінен) тасталынды3. Аль-Бухари, Муслим.


490. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ақынның айтқан сөздерінің ең шыншылы болып, Лябид1 ақынның былай деп айтқаны жатады: “Аллаһтан басқаның бәрінің шарқы (шамасы) жоқ2 болып табылмай ма?” Аль-Бухари, Муслим.




56 ТАРАУ

Аштықтың, қатаң өмірдің, аста, суда, киімде және басқа да барлық адамның жанына қуаныш әкелетін істерде азға қанағат етудің, және де нәпсінің артынан еруден бас тартудың мәртебесі жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

“Бұл пайғамбарлардан кейін орындарына, намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келді. Олар жақында (Қияметте) адасуларының сазайын тартады. Бірақ кім тәубе қылып, иман келтірген түрде түзу іс істесе, міне солар ешбір әділетсіздікке ұшырамай Жәннәтқа кіреді.” “Марйам” сүресі, 59-60 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

“Ол қауымына сән-салтанат ішінде шықты; дүние тіршілігін қалағандар: “Әттең! Бізге де Қарұнға берілген тәрізді болса; өйткені ол зор ырыс иесі”, - деді. Өздеріне білім берілгендер: “Аллаһтың сыйлығы; иман келтіріп ізгі іс істегендерге тағы жақсы. Ал оған сабырлылар ғана жетеді”, - деді.” “Қысас” сүресі, 79-80 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

“Сол күні (дүниеде берілген) әр нығметтен әлбетте сұраққа тартыласыңдар.” “Тәкәсүр” сүресі, 8 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

“Кім дүниені қаласа. Біз де қалаған кісімізге дүниеде қалағанымызды береміз. Содан соң оны жаһаннамға саламыз. Ол, оған қорланып, мәрхеметке ұзақ болған түрде кіреді.” “Ісра” сүресі, 18 аят.


491. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мухаммадтың қайтыс болған күніне дейін, оның жанұя мүшелері арпадан жасалған нанды екі күн қатарынан тойып жеген емес. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің Аль-Бухари келтірген басқа бір нұсқасында Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Мухаммад, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Мединадан көшіп қайтыс болғанға дейін, оның жанұясы бидайдан жасалған нанды үш күн қатарынан тойып жеген емес.



492. Хабар бойынша, Урва, Айшаның оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқанын естіген:

Иә менің апамның баласы, Аллаһтың атымен ант етемін, мынадай жағдайлар болған, біз жаңа айдың туғанын көрдік, одан кейін тағы да бір жаңа ай туғанын көрдік, екі ай аралығында біз үш жаңа туған айды көріп, сол аралықта Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйлерінде от тұтатпаған күндер болған еді3.



Урва былай дейді:

Мен: “Иә апатайым, (сонда) сендер немен қоректендіңдер?”, - деп сұрадым. Сонда ол былай деді: “Құрма мен сумен, дегенмен Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көрші болып сауынды түйелері бар ансарлар тұрды да, олар Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, олардың сүтінен беріп тұратын, ал ол болса оны бізге ішкізетін .” Аль-Бухари, Муслим.



493. Хабар бойынша, Абу Саъйд аль-Макбуридің айтуымен, ол бірде алдарында қуырылған қойдың еті жатқан адамдар, жандарынан өтіп бара жатқан Абу Хурайраны, оған Аллаһтың ризвшылығ болсын, шақырды, бірақ ол тамақтан бас тартып былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл дүниеден (басқа тұрмақ) арпамен жасалған нанды да тойып жемей өтті. Аль-Бухари, Муслим.


494. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қайтыс болғанынша тамақты тақтайдың үстінен жеп көрмегендей1, нәзік ұннан жасалған нанды2 да жеп көрген емес. Аль-Бухари.



Бұл хадистің аль-Бухари келтірген тағы бір нұсқасында Ансатың былай деп айтқаны келтіріледі:

…және ол өмірінде толығымен қуырылғын (отқа қақталған) қозыны көрген де емес.


495. Хабар бойынша, ан-Нуъман бин Башир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен сендердің Пайғамбарларыңның, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кей-кездері қарнын тойдыру үшін, жаман құрма да таба алмаған күндері болғанын көргенмін. Муслим.


496. Хабар бойынша, Сахл бин Саъд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһ оны (адамдарға) жіберіп және оны Өзіне алғанға дейін ақ нанды көрген емес. Одан: “Сендерде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өмірі кезінде елек (елкезер) болды ма?”, - деп сұрады. Сонда ол: “ Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһ оны (адамдарға) жіберіп және оны Өзіне алғанға дейін елек көрген емес”, - деді. Одан: “Онда сендер еленбеген (електен өткізбеген) арпаны қалай жедіңдер?”, - деп сұрады. Ол: “Біз оны бірінші ұнтақтайтынбыз, сосын оған үрлейтінбіз, сонда одан ұшқаны ұшып, ал қалғанына су құйып қамыр илейтінбіз”, - деп жауап берді. Аль-Бухари.


497. Хабар бойынша, Сахл бин Саъд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде күндіз /не:…түнде/ Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйінен шыққан кезінде ойламаған жерден Абу Бакр мен Омарды көрді де, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, олардан: «Сендерден осындай уақытта үйлеріңнен шығуларыңа не себеп болды?», - деп сұрады. Олар: «Аштық, иә Аллаһтың елшісі», - деді. Бұны естіген ол: «Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, менің де үйден шығуыма себеп болған аштық. Менімен бірге жүріңдер», - деді де бәрі бірге бір ансардың үйіне барды. Олар оған келсе ол үйінде жоқ екен. Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көрген ол адамның әйелі: «Қош келдіңіз!», - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, одан: «Пәленше қайда?», - деп сұрады. Ол әйел: «Ол бізге жақсы су алып келуге кетті», - деген уақытында әлгі ансар кіріп келді де, Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және оның екі жолдасын көріп, одан кейін1: «Субхан Аллаһ (Аллаһқа мақтау), бүгін ешкімде менің үйімдегідей қадірлі қонақтар болмайды!», - деді. Содан соң ол барып оларға көктей, піскен, және үлбіреп піскен құрманың бір шоғын алып келді де: «Жеңіздер!», - деп, өзі қолына пышағын алды. (Бұны көрген) Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сауындысын бауыздаушы болма!», - десе де, ол барып сол қойды бауыздады. Сосын олар ет жеп, құрма жеп, су ішіп тойған соң, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Абу Бакр мен Омарға, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын: «Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, Ахіретте сендер бүгінгі (тойынып) рахаттанғандарың үшін әлбетте жауап бересіңдер! Аштық сендерді үйлеріңнен шығуларыңа мәжбүр етті, ал сендер рахат алмай (яғни тойынбай) үйлеріңе оралмадыңдар!"» - деді. Муслим.



Рахаттану жайлы сұраулар, ол рахаттарды тізіп естеріне салу ретінде болып, ол үшін жазаланып айыпталмайды (деп ойлаймыз), ал Аллаһ бұл жайында жақсырақ біледі. Ал әлгі ансар жайлы айтатын болсақ, ол ат-Тирмизидің және басқа мухадситердің келтірген риуаяттарында Абуль-Хайсам бин ат-Тайхан, делінеді.
498. Хабар бойынша, Халид бин Омар аль-Адауи, ол былай деді:

Бірде Баср қаласының басшысы болған Утба бин Газуан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, бізге былай деп құтпа айтты. Алдымен ол Аллаһқа мақтауларын айтты да, сосын: “Ал содан соң, расында бұл дүниеге оның ақыры жайлы хабар берілді, оның ақыры жақындап қалды, расында, одан оны иесі жинап алып, ыдыста қалған қалдықтай қалдық қалады. Расында, сендер бүл дүниеден, басқа таусылмайтын дүниеге көшесіңдер, сондықтан оған өздеріңмен бірге алып кете алатын игілікті (істеріңмен) көшіңдер. Расында, бізге мынау айтылды, Жаһаннамның жағасынан тасталған тас жетпіс жыл бойы құлап оның түбіне жете алмайды, бірақта Аллаһтың атымен ант етемін, ол толығымен толтырылады, ал сендер неліктен бұған таңырқамайсыңдар?! Және бізге мыналар айтылды, Жәннәт қақпаларының жарма2 арасының ұзындығы қырық жылдық сапарға тең, бірақта әлбетте солардың бәрі адамдармен толтырылатын күн болады! Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге жеті адам болып, оның ішінде мен де бармын, бізге ағаштың жапырағынан басқа жейтін еш нәрсе болмай, оны жеп аузымыздың ұштары жарамен қаптаған күндер де болған. Бірде маған ойламаған жерден шапан бұйырып, оны екіге бөліп жартысын Саъд бин Маликке бердім, сонда оның жартысын мен, ал екінші жартысын Саъд (белге орайтын) изар ретінде қолдандық. Ал қазір болса біз әр қайсысымыз кем дегенде бүтін бір қаланың басшысымыз, бірақта расында, мен Аллаһқа Оның алдында бишара бола тұра өзімді ұлы (мәртебелі) санаудан сыйынамын (яғни сақта деймін)! Муслим.


499. Хабар бойынша, Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын бізге қиса1 мен дөрекі изар алып шығып2 былай деді: “Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһ Өзіне алғанда үстінде осы киімдері болды.” Аль-Бухари, Муслим.


500. Хабар бойынша, Саъд бин Абу Уақас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Расында, мен Аллаһ жолында жебесінен оқ атқан арабтардың ішінде біріншісі болдым. Біздердің Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тікенді бұтаның және әлгіні жегеннен қиы қойдың құмалағы секілді араласпай түсетін, қарағанның жапырағынан басқа жейтін еш нәрсе болмаған жорықтарда, бірге болған кездер болды. Аль-Бухари, Муслим.


501. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иә Аллаһ, Мухаммадтың жанұясының ризығын күндізгі қоректену қыл!3 Аль-Бухари, Муслим.


502. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Өзінен басқа құдай болмаған Аллаһтың атымен ант етемін, расында, менің аштықтан бауырыммен жерге жатып не болмаса оның қиындығын жеңілдету үшін ішіме тас байлап жүрген кездерім болды да, бірде мен олардың4 жүретін жеріне отырып алдым. Біраз уақыт өтісімен менің жанымнан Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өтіп бара жатып, менің түрімді көріп жан дүниемде не болып жатқанын түсініп жымиып, маған: “Абу Хирр5!”, - деді. Мен: “Мен мұндамын, иә Аллаһтың елшісі!”, - дедім. Ол: “Менің артымнан жүр”, - деді де, мен оның артынан жүріп отырдым. Сосын ол үйіне кірді де, ал мен болсам одан кіруге рұқсат сұрадым, ол маған рұқсат берді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйге кіріп бір ыдыстағы сүтті көріп: “Мынау қайдан келген сүт?”, - деп сұрады. Оған: “Оны саған пәленше сыйлады?”, - деді. Сонда ол: “Абу Хирр!”, - деді. Мен: “Мен мұндамын, иә Аллаһтың елшісі!”, - деп үн қаттым, ол болса: “Перденің арты тұратындарына бар да, оларды маған шақырып кел!”, - деді.



Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, сөзін былай жалғастырды:

Перденің артында тұратындар жайлы айтатын болсақ, олар Исламның қонақтары еді, олардың Мединада көмектесетін ешкімі болмағаны секілді, олардың жанұялары да, ақшалары да жоқ еді, ал Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, садақа әкелетін болса, ол оның бір бөлігін соларға беретін, ал өзі болса оған тиіспейтін, ал егерде оған бір сый беретін болса, онда да оларды ұмытпай соларға бір бөлігін беретін де, ал бір бөлігін өзіне қалдыратын. Оның бұл сөздері мені қапаландырып мен ішімнен: “Бұл ыдыстағы (сүт) перденің артында тұратындар үшін не болады?!1 Бұл сүтті мен ғана ішіп, қуаттанып алуға лайықтымын. Ал егер олар мұнда келсе, онда ол маған ыдыстағы сүтті оларға беріп, сосын кезек маған жеткенше бұл сүттен не қалады!”, - деп ойладым, - бірақта Аллаһ пен Оның елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әмірін орындамау жайлы сөз де болуы мүкін емес, сондықтан мен оларды барып шақырып келдім. Олар оның үйінің жанына келді де, кіруге рұқсат сұрады, ол оларға рұқсат бергенде, олар ішке кіріп отырды. Сонда ол: “Абу Хирр!”, - деді. Мен: “Мен мұндамын, иә Аллаһтың елшісі!”, - дедім, ол: “Ыдысты алып әр қайсысына бер!”, - деді.



Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, сөзін былай жалғастырды:

Мен ыдысты алдым да, әр қайсысына бере бастадым, олар тойғандарынша ішіп, ыдысты маған қайтарып отырды. Кезек Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеткенше, осылай қайталанып отырды, сосын ол ыдысты қолына алды да маған күлімдеп қарап: “Абу Хирр!”, - деді. Мен: “Мен мұндамын, иә Аллаһтың елшісі!”, - дедім, сонда ол: “Біз екеуіміз ғана қалдық”, - деді. Мен: “Сен дұрысын айтып тұрсың”, - дедім. Ол: “Отыр да іш!”, - деді. Мен отырдым да ыдыстағыны ішіп қойдым, сосын ол тағы да: “Іш!”, - деді, - мен тағы да іштім. Ол Маған: “Іш!”, - деп айтуын, мен: “Сені ақиқатпен Жібергеннің атымен ант етемін, бұдан басқа іше алмаймын”, - дегенімше жалғастыра берді. Ол: “Онда оны маған бер”, - деп, Аллаһ Тағалаға мақтаулар айтты2 да: “Аллаһтың атымен /Бисми-Лләһи/”, - деп қалғанын ішіп қойды. Аль-Бухари.


503. Хабар бойынша, Мухаммад бин Сирин, ол Абу Хурайраның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мінбері мен Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, үйінің арасында талып құлаған кездерім болды. Сол кезде мені жынданды деп, адамдардың ішінен бірі келіп мойнымнан аяғымен басатын, ал мен болсам жынды емес едім, ал құлайтын себебім, аштық еді. Аль-Бухари.


504. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қайтыс болғанда оның сауыт-сайманы бір саъ1 арпа үшін, яһудиде кепілдікте еді. Аль-Бухари, Муслим.


505. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сауыт-сайманын арпа үшін кепілдікке берді, ал мен оған арпадан жасалған нан мен ащылау шыжғырылған май алып келгенімде оның былай деп айтып жатқанын естідім: “Не таң ертең, не кешке ешуақытта Мухаммадтың жанұясында тоғыз үйге2 бір саъдан артық тамақтанатын еш нәрсе болған емес.” Аль-Бухари.


506. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен перденің арты тұрғандарының жетпісін көрдім3, сонда оларда үстеріне киетін кіиімнен бір изар4, не болмаса ұштарын мойындарына байлап алатын басқа, бір дана ғана киімдері болатын, ал шапан деген олардың ешқайсысында болған емес. Олардың ол кйімдері бірінің тізелеріне дейін жетсе, енді бірінің қызыл асықтарына дейін жететін, сонда адамдарға көрінуге болмайтын жерлері ашылып қалмас үшін, киімдерінің ұштарын ұстап жүретін. Аль-Бухари.


507. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, төсегі - ол іші пальманың қылымен толтырылған теріден иленген көрпеше болатын. Аль-Бухари.


508. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге отырған кезімізде, ансарлардың ішінен бірі келді де, сәлем беріп артқа қарай кетті. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, одан: “Иә ансар бауырым, менің бауырым Саъд бин Убаданың халы қалай5?”, - деп сұрады. Ол адам: “Жақсы”, - деп жауап берді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, орнынан тұрып жатып: “Кайсысың оған кіріп шығасың?”, - деді. Біз де онымен бірге тұрдық. Біз оннан көп адам болдық, сонда біздің еш қайсысымызда не сандалымыз, не мәсіміз, не бас киіміміз, не жидеміз болмады, және біз сор жермен үстімізде барымызбен оған жеткенше жүріп отырдық. Сонда аурудың жанындағылар (бізге орын беріп) шығып кетті де, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанындағыларымен оған жақындады. Муслим.


509. Хабар бойынша, Имран бин аль-Хусайн, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Араларыңдағы жақсыларың менің замандастарым болады, одан кейін – олардан кейінгілер, одан кейін – одан кейінгілір. Имран айтты:

Бұл сөздерін Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, неше рет қайталағанын екі рет пе, әлде үш рет пе білмеймін, әйтеуір сосын былай деді: “Ал одан кейін олардың орнына куә беріп, бірақ куәсінен тайып (сатып) кететін, сондықтан сенімсіз болып куәлікке оларды қатыстырмайтын адамдар келеді. Олар ант беріп бірақ анттарын орындамайды және олардың арасында дөкейлері көп болады1. Аль-Бухари, Муслим.
510. Хабар бойынша, Абу Умама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иә Адам баласы, сен үшін артық затты жұмсау оны жаныңда ұстап қалғаннан жақсы, өйткені сен өзіңе керектіні қалдырғаннан айыпталмайсың (яғни жазаланбайсың). Ал жұмсауды өзіңнің қарамғыңдағыларға беруден баста2. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.


511. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Михсан аль-Ансари аль-Хатми, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Араларыңнан таңертең жүрегі тыныштықпен, дені сау және күндізге жетерлік тамағымен тұрғандарыңа, бүкіл дүние бұйырды деп айтуға болады. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.


512. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оғларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ислам дінін қабылдап, өзінің несібесіне жеткіліктісі3 бұйырып және Аллаһтың қалауымен Оның бергеніне риза болатын адам, мол табысқа кенеледі. Муслим.


513. Хабар бойынша, Абу Мухасммад Фадали бин Убайда аль-Ансари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Рахат (не бахыт) сонда, кім Ислам дінін қабылдап жеткілікті тамағы болып және барына қанағат етсе. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.



514. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірнеше күн қатарынан Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аш ұйықтауға тура келетін кездері болатын және оның жанұясына да кешкілік тамақтарына еш нәрсе табуға мүкіншіліктері болмайтын, ал жейтін нандары көбінше арпадан жасалған нан болатын. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.


515. Хабар бойынша, Фадаля бин Убайд, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдармен өткізген намаздарында, қатарда ұйып намаз оқып тұрған еркекетердің ішінен, ал турасын айтатын болсақ перденің арты тұрғындары аштық салдарынан естерінен танып құлауы жиі болып тұратын да оларға бәдәуилер: “Бұл адамдардың есі дұрыс емес!”, - дейтін. Ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болса намаздан кейін оларға келіп: “Егер сендер Аллаһ Тағала сендер үшін не дайындап қойғанын білсеңдер еді, онда бұдан да ауыр кедейлік пен мұқтаждықты қалар едіңдер!”, - дейтін. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.


516. Хабар бойынша, Абу Карима аль-Микдам бин Маъдикариб, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адам өзінің қарнынан артық жаман ыдыс толтырған емес! Адам баласына өзінің денесін ұстап жүру үшін бірнеше үзім тамақтан артық керек емес, ал егер де көп жеуге мәжбүр болса, онда асқазанының үштен бірін тамаққа толтырсын, үштен бірін - суға, ал қалған үштен бірін – жеңіл демалу үшін қалдырсын. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы хадис”, деп келтіреді.


517. Хабар бойынша, Абу Умам Ийас бин Саъляб аль-Ансари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары бұл дүниенің игіліктері жайлы әңгіме айтып жатқан кезінде, ол : “Сендер естімеп пе едіңдер? Сендер естімеп пе едіңдер? Расында, тозу – иманнан, тозу – иманнан!”, - деп, ауыр өмірдің ізін меңзеді. Абу Дауд.

Тозу”, деп тозған киімді (айтады) және сәнді киімнен бас тартуды айтады. Ал катаң өмірдің ізі, дегеніміз ол ауыр өмірден терісі кеуіп (жарылып), рахат өмірден бас тартқан адамның халінде өмір сүрген адамның өмірі жайлы айтуға болады.
518. Хабар бойынша, Абу Абдуллаһ Жабір бин Абдуллаһ, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жасақтың әміршісі етіп Абу Убайданы, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, тағайындап, құрайыштардың азық-түлік тиеген көшін басып алу үшін, жорыққа аттандырды. Сонда бізге теріден жасалған қапқа құрма ғана салып берілді, ал Абу Убайда, оны күніне әрқайсысымызға бір-бірден беріп отырды.

Сонда Жәбірден: «Сонда сендер онымен не істедіңдер?», - деп сұрады. Ол: «Біз оны нәресте секілді сорып, артынан су ішіп отырдық та ол бізге күні бойы қараңғы түскенше жететін және бұдан бөлек, біз талда өсіп тұрған түйелер жейтін жапырқты таяғымызбен қағып түсіріп, оны суда жібітіп жейтінбіз. Теңіздің жағасына жетісімен үлкен құмды қыр сияқты төбені көрдік те, оның жанына жақындап келсек, ол «анбар1», деп аталатын жануардың тұтас тушасы болып шықты. Алдымен Абу Убайда: «Бұл өлексе», - деді де, артынан: «Жоқ, біз Аллаһ жолындағы Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, елшілеріміз және біз бұны істеуге мәжбүрміз, сондықтан – жеңдер!», - деді. Біздің санымыз шамамен үш жүз адам болды да ол жерде оның етін жеп күйленгенімізше толығымен бір ай болдық. Сонда біз оның көзі орналасқан үңгірінен көз майын құмандап, ал етін бір бүтін бұқаның тушасының көлеміндей көлеммен кесіп алып отырдық. Бір күні Абу Убайда арамыздан он үш адамды таңдап алып, бәрімізді сол жануардың көз үңгіріне отырғызды, сосын оның бір қабырғасын алып құмның үстіне бекітіп астынан үлкен бір түйенің үстіне мініп өтті2. Және біз оның қақталған етінен қорек жинап алдық. Артынан Мединаға оралған кезімізде Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп болған жайды айтып бергенімізде ол: «Ол - Аллаһтың сендерге жіберген ризығы! Сол еттеріңнен бізге де қалды ма?», - деді. Сонда біз оған еттің бір бөлігін жібердік те, ол одан жеді. Муслим.
519. Хабар бойынша, Асма бинт Йазид, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісінің көйлегінің (жейдесінің) жеңі білегінің ортасына дейін жететін3. Абу Дауд, ат-Тирмизи “Жақсы хадис” деп келтіреді.4


520. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Ор соғысы кезінде, біз сол орды қазып жатқан кезімізде бізге бір қатты, кетпен өтпейтін жер кезікті, сонда адамдар Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: “Бізге орда, осындай да осындай жер кезікті”, - деді. Ол: “Ол жерге өзім түсемін”, - деп орнынан тұрғанда, ішіне тас байлап алғанын көрдік, өйткені сол күнге дейін біз қатарынан үш күн еш нәрсе жемеген болатынбыз. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолына кетпенді алды да сол жерді ұрған кезінде ол үйіме құмға айналды. Сонда мен одан: “Иә Аллаһтың елшісі, маған үйге барып келуіме рұқсат бер”, - деп сұрандым да, үйге келісімен әйеліме: “Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, халінің мүшкілдігі соншама, енді шыдауға болмайды деп ойлаймын! Сенде бір нәрсе табылады ма?”, - деп сұрадым. Ол: “Менде арпа мен лақ бар”, - деп жауап берді. Сонда мен лақты бауыздадым да, ал ол болса арпаны үгітті. Сосын мен етті қазанға салдым, ал қамыр иленіп, қазан отқа қойылып бәрі дайын бола бастаған кезде, мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оралып: “Иә Аллаһтың елшісі, менде азын-аулақ тамақ бар, өзіңмен бір-екі адамды ерт те жүр!”, - дедім. Ол: “Сенде қанша тамақ бар?”, - деп сұрады да, мен (қанша тамақ барын айтып) жауап бердім. Менің айтқанымды естіп ол: “Жақсы, көп екен! Әйеліңе айт, мен келгенше қазанды оттан түсірмесін және нанды ошақтан алмасын!”, - деді де адамдарға: “Тұрыңдар!”, - деп бұйырды, ал мухажирлер мен ансарлар орындарынан тұрды, ал мен болсам әйеліме келіп: “Пайғамбар мухажирлер мен ансарларды және сонда жанында болғандардың бәрімен келді!”, - дедім. Әйелім: “Сен (бізде қанша тамақ бар екенін) айттың ба?”, - деді, мен: “Айттым”, - дедім. Біздің үйдің жанына келісімен, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарға: “Кіріңдер де қысылспаңдар!”, - деді де, қазан мен ошақтан, одан бір нәрсе алып жатқан кезде қалқалап жауып нанды бөліп үстіне ет қойып өзінің сахабаларына бере бастады, сосын қайтадан қазаннан ет алып отырды. Сосын бәрі тойынғанша, солай нанды бөліп ет алуын жалғастырып отырды. Сонда әлі де тамақ қалып, менің әйеліме ол: “Өзің же де, қалғанын адамдарға тарат, расында адамдар аштыққа ұрынды!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің “Сахихтердің” екеуінде де келтірілген тағы бір нұсқасында Жәбірдің былай деп айтқаны келтіріледі:

Ал бұл ор қазылып болған соң мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аштықтан қиналып жүргенін байқадым да, мен әйеліме оралып: “Сенде бір нәрсе бар ма? Расында, мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аштықтан қиналып жүргенін көрдім!”, - дедім. Сонда ол ішінде бір саъ арпасы бар қапты алып шықты және біздің қолымызда кішігірім лақ болатын. Мен оны бауыздадым, ал әйелім болса мен етті мүшелеп біткенімше арпаны илеп болды. Сосын мен етті бөліп қазанға салдым да, Аллаһтың елшісініе, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қарай тарттым. Ал шығар алдымда әйелім маған: “Сен мені Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және онымен бірге келетіндердің алдында ұялтпа1”, - деген соң, мен ақырын ғана ешкімге естіртпей: “Иә Аллаһтың елшісі, біз лағымызды бауыздадық та, мен бір саъ арпа илеп қойдым, өзіңмен бірге біраз адам ертіп, біздіңкіне кел!”, - дедім. Бірақта бұны естігіен Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айқайлап: “Иә ор қазғандар, Жәбір (бізге) тамақ дайындапты, асығыңдар!», - деп жар салды да, маған: «Мен келгенше қазанды оттан түсіруші болма және нанды пісіруші болма!», - деп қатаң нұсқаулар берді. Сонымен мен үйге оралдым, артымша соңынан адамдар ерген Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келді, ал мен үйге келген кезімде әйелім маған: «Осының бәрі сенің кесірің!2», - деді, мен болсам: «Мен бәрін сен айтқандай істедім!», - деп (шырылдадым). Осыдан кейін әйелім біздің илеп қойған нанымызды3 алып шықты, ал Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол иленген нанға түкіріп оған береке шақырып дұға жасады, сосын отта тұрған етке де жақындап түкіріп береке тіледі, осыдан кейін менің әйеліме: «Сенімен бірге нан пісіру үшін бір әйелді шақыр да қазаннан ет алып отыр, бірақта оны оттан түсіруші болма!», - деді. Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге мыңға жуық адам келді, бірақта Аллаһтың атымен ант етемін, олардың бәрі тамақ жеп кетті және содан кейін де біздің қазанның (ет пісірген) үні тоқтамады4, ал иленген нан кемімеді.


521. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Абу Тальха Умм Суламге5: “Мен Аллаһтың елшісінің даусының әлсірегенін есітіп, оның ашығып жүргенін түсіндім! Сенде жейтін бір нәрсе бар ма?”, - деді. Ол: “Бар”, - деді де, арпадан жасалған нанды алып шықты, сосын өзінің жаялығын (орамалын) алып, оның бір бөлігімен нанды орап менің ышқырыма салды, ал қалған бөлігін орап мені Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жіберді. Мен жанында басқа да адамдармен мешітте отырған Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, нанымды алып бардым. Мен оларға жақындадым да, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менен: “Сені Абу Тальха жіберді ме?”, - деп сұрады. Мен: “Иә” - дедім. Ол тағы да: “Ол мені тамақ жеуге шақырып жатыр ма?”, - деп сұрады. Мен: “Иә” – деп жауап бердім. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарға: “Тұрыңдар!”, - деп әмір берді де, олар мешіттен шығуға ыңғайланды, ал мен болсам олардың алдына шығып жүгіріп отырып Абу Тальхаға келдім де болған жайды айтып бердім. Абу Тальха: “Иә Умм Салама, бізге адамдармен Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келе (жатыр), ал біздің оларға беретін тамағымыз жоқ!"”, – дегенде Умм Салама: “Аллаһ және Аллаһтың елшісі бұл жайында жақсырақ біледі!”, - деп жауап берді. Сонда Абу Тальха Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қарсы алуға шықты. Сосын олар бірге үйге кірді де Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Абу Сулайым, сенде не бар алып кел!”, - деді. Ол сол нанды алып келіп, Аллаһтың елшісінің әмірімен оны үгітті де, оны теріден жасалған торсықтың ішіндегі маймен тұздықтады. Осыдан кейін Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған тиесілі дұға оқыды да: “Онын кіргіз”, - деп әмір берді. Сосын Абу Тальха он адамды кіргізді де, олар тойынғанша жеп шықты. Сосын ол тағы да: “Онын кіргіз”, - деді де, олар да тойынғанша жеп шықты. Сосын ол тағы да: “Онын кіргіз”, - деді, осылай осы жай бәрі кіріп тойынғанша жалғасып отырды, ал олар жетпіс не сексен адам болды! Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің “Сахихтердің” екеуінде де келтірген тағы бір нұсқасында Ансатың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Сонымен Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, солай он адамнан барлық адам тойынғанша кіргізіп шығарып отырды да, сосын бүкіл тамақты жинаған кезде, ондағы нанның, алдында жеуді бастаған кезде қанша болса сонша қалғаны анықталды.



Осы хадистің Муслим келтірген нұсқасында Анастың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Сонымен сол жердегі сексеннің бәрі жеп болғанша олар он адамнан (кіріп) отырды, артынан Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзі үй иелерімен бірге жеді де, сонда (бәріміз жеп болған соң да) дастархан үстінде тамақ қалды.



Осы хадистің тек қана Муслим келтірген нұсқасында Анастың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Сонда олардан кейін тамақтың бір бөлігі қалып оны көршілеріне апарып берді.



Осы хадистің тек қана Муслим келтірген үшінші нұсқасында Анастың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Бірде мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, оның сахабаларының арасында ішін байлап алып отырғанын көріп, олардың бірінен: “Неге Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ішін байлап алған?”, - деп сұрадым. Олар: “Аштықтан”, - деді. Сонда мен Умм Суләйм бин Мальханның күйеуі Абу Тальхаға келіп: “Иә әкетай1, мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ішін байлап алғанын көріп жанындағылардан оның себебін сұрағанымда олар: “Аштықтан”, - деп жауап берді”, - деп көргенімді айтып бердім. Сонда Абу Тальха менің шешеме кіріп: “Бізде бір нәрсе бар ма?”, - деп сұрады. Ол: “Иә, менде бірнеше бөлік нан мен бірнеше құрма бар, егер Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге жалғыз келсе онда біз оны тойдыра аламыз, ал егер онымен бірге тағы біреу болса, онда бұл оларға жетпейді”, - деді.



Осыны айтып Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, хадисті толығымен айтып шықты.



57 ТАРАУ

Күй талғамаушылық, қарапайымдылық, тамаққа және басқа да жаратуларда орташылдықты ұстану және қатты мәжбүрлік болмаса адамдардан сұрамау жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

“Жер бетіндегі әр жәндіктің қорегі Аллаһқа ған тән (яғни оларды қоректендіруді Аллаһ Өз мойнына алған)…” “Һуд” сүресі, 6 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

“Сондай Аллаһ жолында қамалып шықпай отырған2, жер жүзінде жүре алмайтын, (білмейтіндер) оларды (олардың) абырой сақтағандарынан бай деп ойлайтын пақырларға беріңдер. Оларды бейнесінен-ақ танисың. Олар адамдарға жабысып сұрамайды. Сендер не хайыр берсеңдар расында Аллаһ оны біледі.” “Бақара” сүресі, 273 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

“Олар мал сарып қылғанда, ысрап та қылмай, сараңдық та істемей, осы орталықта тұрады.” “Фұрқан” сүресі, 67 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

“Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық қылулары үшін жараттым. Олардан бір несібе тілемеймін әрі олардың Мені тамақтандыруларын да қаламаймын.” “Зәрйат”) сүресі, 56-57 аят.



Бұл тарауға жататын хадистер жайлы айтатын болсақ, онда олардың көбі алдыңғы екі тарауларда айтылып өтті, ал онда айтылмағандарға келесі хадистер жатады:
522. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Байлық дүниенің көбтігі емес, ақиқатында байлық - ол жан дүниеңнің (яғни көңліңнің) байлығы. Аль-Бухари, Муслим.


523. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оғларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ислам дінін қабылдап, өзінің несібесіне жеткіліктісі1 бұйырып және Аллаһтың қалауымен Оның бергеніне риза болған адам, мол табысқа кенеледі. Муслим.


524. Хабар бойынша, Хаким бин Хизам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір нәрсе сұрадым да ол маған сұрағанымды берді, сосын мен одан тағы да сұрадым да ол маған сұрағанымды тағы да берді, сосын мен одан тағы да сұрадым, ол маған тағы да сұрағанымды беріп: “Иә Хакам, расында, бұл дүние (зат) көк әрі тәтті жеміс секілді: ол адамның жомарт кезінде оған игілік әкеледі де, ал өзінің нәпсісіне ергенге игілік әкелмейді және ол жеп тойына алмайтын адам секілді болады. Есіңде сақта жоғарғы қол төменгі қолдан жақсы2”, - деді.



Хаким сөзін былай жалғастырды:

Сонда мен: “Иә Аллаһтың елшісі, сені ақиқатпен Жібергеннің атымен ант етемін, осы дүниеден өткенімше сенен кейін ешкімнен ештеңе алмаймын!”, - дедім.

Сосын3 былай делінеді: Бірде Абу Бакр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, әскери олжадан оған тиесілісін ұсынған уақытта, ол оны алудан бас тартады. Осыдан кейін оны өзіне Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, шақырып алып бір нәрсе бермекші болған кезінде, ол одан да оны алудан бас тартады, Сонда Омар: “Иә мұсылмандар, куә болыңдар, мен Хакимге олжадан оған тиесілі бөлігін ұсынғанымда ол алудан бас тартты”, - деді. Сонымен Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кейін ол өле-өлгенше ешкімнен еш нәрсе алмай осы дүниеден өтті. Аль-Бухари, Муслим.
525. Хабар бойынша, Абу Бурда, Абу Муса аль-Ашъаридың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқанын естіген:

Бірде біз алтауымыз4 Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге жорыққа шықтық та, сонда біздің кезек-кезек мінген бір түйеміз болды. Сонда (жаяу жүргеннен) біздің табандарымыз желінді, менің де табаным желініп тырнақтарымнан айрылдым. Біз аяқтарымызды шүберекпен орадық, сондықтан бұл жорықтың аты “Зат ар-рика”5 аталды.



Абу Бурда сөзін былай жалғастырды:

Сосын маған (айтқаны) жайлы өкініп: “Мен мұны артынан ол жайлы айтсын деп жасаған жоқпын!”, – деп, оның істеген амалдары жайлы сөз болуын қаламағанын байқатты. Аль-Бухари, Муслим.


526. Хабар бойынша, Амр бин Тағлиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ақша /не тұтқындарды/ жеткізген кезде ол оны біріне бір нәрсе беріп, ал енді біріне еш нәрсе бермей адамдардың арасында бөлді. Сосын оған еш нәрсе берілмегендер оны жазғырып жатқанын есітіп, ол алдымен Аллаһқа мақтаулар айтып, Оған шүкіршіліктер айтып, ал содан соң былай деді:

Содан соң: Аллаһтың атымен ант етемін мен біреуге бір нәрсе беремін де, басқаны құр қалдырамын, бірақта құр қалдырғандарыңды бергендерімнен артық жақсы көремін! Мен жүректеріңде кемшілік пен сабырсыздық (халь) барларыңа беремін, ал басқаларыңды, Аллаһтың жүректеріне салған игілігі мен байлығына сеніп тасырамын және солардың ішінде – Амр бин Таглиб (бар).

Амр бин Тағлиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол сөзін былай жалғастырады:

Аллаһтың атымен ант етемін, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл сөздерін қызыл түйелерге де айырбастамас едім! Аль-Бухари.



Халь дегеніміз уайымдаудың ең ауырын айтады. Және бұл жайында – тынымсыздық деп те айтады.
527. Хабар бойынша, Хаким бин Хизам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жоғарыдағы қол төмендегі қолдан жақсы1. (Садақа беруді) өзіңнің қарамағыңдағы, кімді қамтамасыз етуге тиістісің солардан баста, ал садақаның жақсысы – ол молшылықтан (яғни бар кезінде) берілген садақа. Кім сұрамшылықтан өзін тыйуға ұмтылса, Аллаһ оған ешкімнен ештеңе сұрамайтын жағдайын жасайды, ал Аллаһтың өзіне бергенімен ғана қанағат ететіндерді, Аллаһ басқалардан мұңсыз етеді. Аль-Бухари, Муслим, бұл жерде аль-Бухаридің нұсқасы беріліп тұр, ал Муслимнің нұсқасы бұдан қысқа.


528. Хабар бойынша, Абу Абд ар-Рахман Муъавийи Абу Суфиан Сахара бин Харб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сұрамшылықта табандылық көрсетпеңдер, өйткені Аллаһтың атымен ант етемін, егер кімде-кім менен өзінің сұрамшылығымен менің бергім келмеген нәрсені беруіме мәжбір етсе, онда менің бергенім оған игілік әкелмейді! Муслим.


529. Хабар бойынша, Абу Абд ар-Рахман Ауф бин Малик аль-Ашджаъи, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз он /не тоғыз, не сегіз, не жеті/ кісі шамасында Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге отырған кезімізде, ол бізге: “Сендер Аллаһтың елшісіне ант бересіңдер ме?”, - деді. Ал біз болсақ жуырда ғана оған ант берген болатынбыз, сондықтан: “Біз саған ант бергенбіз, иә Аллаһтың елшісі!”, - дедік. Бірақта ол тағы да: “Сендер Аллаһтың елшісіне ант бересіңдер ме?”, - деп сұрады. Сонда біз: “Біз саған ант бермеп пе едік, иә Аллаһтың елшісі, енді не жайында ант берейік?”, - деп қолдарымызды оған соза бастадық. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Аллаһқа ғана құлшылық етіп, одан басқа ешкімге құлшылық етпеуге, бес уақыт намаз оқуға, толығымен бойұсынуға”, - деді де, содан кейін сыбырлап: “Және адамдардан еш нәрсе сұрамауға!”, - деді. Сосын мен осыны естігендердің кейбіреуінің, қамшысын түсіріп алып, бірақта ешқашан1 оны көтеріп беруін ешкімнен сұрамайтынын көрдім. Муслим.


530. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден кез-келгендерің адамдардан ерсілі-қарсылы сұрай бергендерің, Аллаһты, бетінде бір түйір еті болмай кездестреді2. Аль-Бухари, Муслим.


531. Хабар бойынша, Абдуллаһө бин Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мінберден хұтпа айтып тұрған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, садақа және ұстамдылық жайлы айтып тұрып сөзінің арасында: "Жоғарыдағы қол төменгі қолдан жақсы. Жоғарыдағы қол ол беруші қол да, ал төмендегі қол ол алушы қол”, - деп айтты. Аль-Бухари, Муслим.



532. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, адамдардан өзінің дүниесін көбейту үшін сұрайтындар, өздеріне қызып тұрған шоқ сұрап жатыр: сондақтан ол өзіне көбірек, не азырақ алуға тырыссын3. Муслим.


533. Хабар бойынша, Самур бин Жундуб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, сұрау адамның өзінің бетінде өзі тырнаған сызат4 секілді, егерде ол басқарушыдан сұрамаса не болмаса одан басқа шарасы қалмаса. Ат-Тирмизи “жақсы хадис”, деп келтіреді.


534. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адам өзінің мұқтажынан ешқашан құтыла алмайды егер ол адамдардан көмек сұрайтын болса, ал егер кім Аллаһтан сұрайтын болса, онда Аллаһ ерте ме еш пе оның ризығын жібереді. Абу Дауд, ат-Тирмизи “жақсы хадис”, деп келтіреді.

535. Хабар бойынша, Саубан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Мен оның Жәннәтқа кіруіне кепіл болуым үшін, кім маған адамдардардан еш нәрсе сұрамайтындығына кепіл бола алады?”, - деп сұрады, сонда мен: “Мен!”, - дедім.

Артынан расында ол ешкімнен еш нәрсе сұрамады, делінеді. Бұл хадисті Абу Дауд сенімді иснадпен келтіреді.
536. Хабар бойынша, Абу Башр Қабиса бин аль-Мухарик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен біреудің төлемін өтеуді мойныма алдым да, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп төлемді өтеуде көмектесуін сұрадым. Сонда ол: “Осында бізге садақаны жеткізгенше тұра-тұр, сол кезде саған сенің сұрағаныңды бергіздіреміз, - деді де сосын былай деді: “Иә Қабиса, үш (түрлі) адамға ғана сұраушылық рұқсат етілген, олар: өзінің мойнына төлемді өтеуді жүктегенге, - мұндай адамға төлемді өтеу үшін сұрауға болады, бірақ содан соң ол (мұндай сұраудан, не істен) тартынуы керек; бүкіл дүниесіне опат әкелген қайғысы бар адамға – мұндай адамға күн көруі үшін сұрауға болады; ең соңғысы кедейленгені соншама, оның ақыл есі дұрыс үш руласы: “Мынау пақырлыққа дейін (тым) кедейленіпті!”, - десе – сол адамға күнін көру үшін сұрауға болады, ал бұдан басқа бүкіл сұраушылыққа рұқсат жоқ, ал кімде-кім осындай сұраумен бір нәрсе алса, онда ол тыйым салынған (харам) нәрсені алды!” Муслим.


537. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамдарды аралап бір-екі бөлік тамақ, не бір-екі құрма алған кедей емес, шындығында кедей – ол адамдардан сұрауға мұқтаж бола тұрып, бірақ адамдар оның мұқтаж екенін ол сұрамағандықтан білмейтін адам. Аль-Бухари, Муслим.




58 ТАРАУ

Адамға өзі сұрамай және оны алуға ұмтылмай келген нәрсені алуға болатындығы жайлы.
538. Хабар бойынша, Салим бин Абдуллаһ бин Омар өзінің әкесі Абдуллаһ бин Омардан әкесі Омардың, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың елшісі маған жиі силықтар беріп тұратын да, мен: “Бұны осыған менен гөрі мұқтаждарға бер”, - дейтінмін, бірақта ол бір жолы былай деді: “Бұны ал. Егер саған осы дүниеден сен оны сұрамаай, сенің қалауыңсыз бір нәрсе тиетін болса, онда сен оны ал да иемден, сосын қаласаң оны кәдеңе жарат, ал қаласаң садақа ретінде мұқтаждарға тарат, ал бұдан басқаның бәріне ұмтылма1!”



Сәлим сөзін былай жалғастырды:

Содан соң Абдуллаһ бин Омар ешкімнен ештеңе сұрамайтын да, ал оған сыйлаған нәрседен бас тартпайтын. Аль-Бухари, Муслим.




59 ТАРАУ

Ешкімнен сұрамай өз еңбегімен табыс тауып өмір сүруге ұмтылдыру және сыйлық алуға ұмтылмау жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Намаз өтелген кезде, жер жүзіне таралыңдар да Аллаһтың мәрхеметінен несібе іздеңдер…»«Жұма» сүресі, 10 аят.


539. Хабар бойынша, Абу Абдуллаһ аз-Зубайр бин аль-Аууама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, сендерден кез келгеніңе арқан алып, тауға барып иығында отын көтеріп келіп, базарда сатып, сол арқылы Аллаһ оны мұқтаж қылмағаны, оған бірі беріп, ал екіншісі бермейтін адамдардан сұрағаннан артығырақ! Аль-Бухари.


540. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, сендерден кез-келгеніңе бір бау отын шауып, оны арқасына көтеріп келгенің, бірі беріп, ал екіншісі бермейтін адамдардан сұрағаннан артығырақ! Аль-Бухари, Муслим.


541. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Дауд (пайғамбар) оған Аллаһтың сәлемі болсын, тек қана қолымен жасап (сатқанымен) ғана тамақтанған. Аль-Бухари.


542. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Закария, оған Аллаһтың сәлемі болсын, ағаш ұстасы болған. Муслим.


543. Хабар бойынша, аль-Макдам бин Маъдикариб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өзінің қолымен жасап тапқанымен жеген тамақтан артық тамақты ешкім жеген емес, Аллаһтың пайғамбары Дауд, оған Аллаһтың сәлемі болсын тек қана қолымен жасап (сатқанымен) ғана тамақтанған. Аль-Бухари.




60 ТАРАУ

Жомарттық, кең пейілділік және Аллаһ Тағаланың уәдесінің ақиқаттығына сеніп, сауабты істерге қаржы жұмсау жайында.
Аллаһ Тағала айтты:

«…Тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Аллаһ? Тағы есесін береді…»«Сәбә» сүресі, 39 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Нендей хайыр берсеңдер де сонда өздерің үшін; Аллаһтың ризалығын тілеп қана берсеңдер, Аллаһ жолында беретін хайыр өздеріңе толық төленеді әрі сендерге әділсіздік етілмейді.» «Бақара» сүресі, 272 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Сендер не хайыр берсеңдер, расында Алла оны біледі. » «Бақара» сүресі, 273 аят.



544. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамдардың екі түрлі қасиетіне ғана қызығуға болады, олар: Аллаһ оларға көп байлық беріп, оны дұрыс жолға соңына дейін жұмсағандар және Аллаһ оларға көп білім (ақыл) беріп онымен басшылық еткендер және оны басқаларға үйреткендер. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл дегеніміз, осы екі қасиеттен басқа еш нәрсеге қызығуға болмайды деген сөз.
545. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдардан: “Сендерден қайсыларың өзінің мұрагерінің байлығын, өзінің байлығынан артық жақсы көреді?”, - деп сұрады. Олар: “Біздің арамызда өзінің байлығын артық жақсы көрмейтіндер жоқ”, - деді. Сонда ол: “Расында, (түбінде) сендердің байлықтарың болып (Аллаһ жолында) жаратқандарың (не қолданғандарың) болады, ал (жаратпай) қалдырғандарың, мұрагарлеріңнің байлығы!”, - деді. Аль-Бухари.


546. Хабар бойынша, Али бин Хатим, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Құрманың жартысымен болса да, өздеріңді Оттан қорғаңдар. Аль-Бухари, Муслим.


547. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, не сұралса да, ол ешқашан: «Жоқ», - деп жауап берген емес. Аль-Бухари, Муслим.


548. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың құлдарының оянатын әр-бір күні, көктен екі періште түсіп, олардың бірі: “Иә Аллаһ, (Сенің жолыңда) берушіге, несібеңді арттыр!”, - десе, екіншісі: “Иә Аллаһ, сараңды опат қыл!”, - дейді. Аль-Бухари, Муслим.


549. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ Тағала айтты: “Иә Адам баласы, шығындал (бер), сонда саған да шығындалынады (беріледі)!”1 Аль-Бухари, Муслим.
550. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бір адам Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Исламның қайсы көрінісі жақсы саналады?”, - деп сұрады. Ол: “Жақсысы болып, адамдарды тамақтандыру мен білетін және білмейтін адамдарға сәлем беру саналады,” – деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.


551. Хабар бойынша, Абу Мухаммад Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қырық түрлі жақсы амал бар, солардың ішіндегі ең жақсысы мұқтаж адамға сауынды ешкіні қарызға бере тұру. Аллаһтың сауабынан үміт етіп, және оны істегенге берілетін уәденің толық орындалатынына бекем сенген мұсылманды, Аллаһ әлбетте Жәннәтқа кіргізеді. Аль-Бухари.


552. Хабар бойынша, Абу Умама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иә Адам баласы, сен үшін артық затты жұмсау оны жаныңда ұстап қалғаннан жақсы, өйткені сен өзіңе керектіні қалдырғаннан айыпталмайсың (яғни жазаланбайсың). Ал жұмсауды өзіңнің қарамағыңдағыларға беруден баста2. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.


553. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кім Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір нәрсе сұраса, Ислам жолында ол сұрағанын міндетті түрде беретін. Бірде оған бір адам келді де, оған ол (отарлап) қой бергені соншалық, олар көлемімен екі таудың арасын толық жауып тұрғандай болды. Сонда ол адам өзінің руластарына: “Иә адамдар, тезірек Ислам қабылдаңдар, өйткені, расында Мухаммад, кедей болудан қорықпайтын адамның сыйын жасап жатыр!”, - деп келді. Сонда адам дүниеге қызығып Ислам қабылдаса да, арада біраз уақыт өтісімен ол адам үшін Ислам, бұл дүние мен бұл дүниедегенің бәрінен де абзал болып кететін. Муслим.


554. Хабар бойынша, Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған алып келген (олжаны) бөлгенде мен: “Иә Аллаһтың елшісі, басқалар мыналарға қарағанда бұған лайықтырақ еді!”, - дедім. Сонда ол былай деді: “Расында, олар мені, мынаның арасынан біреуін таңдауыма мұқтаж етті: олар мені сұрауларымен мазалап ақыр соңында мен оларға сұрағандарын берер едім де, не болмаса мені сараң деп айыптар еді, ал мен болсам сараң емеспін!” Муслим.


555. Хабар бойынша, Жубайр бин Мутъим, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, бірде ол Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге Хунайннан оралған уақытында, бәдәуилер сұрауларында табандылық көрсеткендері соншалық ақыр соңында Пайғамбарды, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қараған талына ығыстырып, оның бұтақтарына шапаны ілініп қалды. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тоқтады да: “Маған шапанымды беріңдер! Егер менде осындағы тікенді бұта қанша болса, сонша мал болса, мен оны әлбетте сендерге бөліп берер едім, сонда сендер мені, не сараң, не қорқақ, не өтірікші санамас едіңдер!”, - деп айқай салды. Аль-Бухари.
556. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Садақа еш уақытта байлықты азайтпайды, өзгелерді кешірушіге Аллаһ даңтан басқа еш нәрсе қоспайды, және Аллаһ үшін бой ұсынып (кішірейгенді), Ұлы Аллаһ Тағала әлбетте жоғарылатады. Муслим.


557. Хабар бойынша, Абу Қабши Омар бин Саъад аль-Анмар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен үш нәрсе жайлы ант беремін және бір нәрселер жайлы айтамын, ал сендер болсаңдар оны естеріңе сақтаңдар! Садақа адамның байлығын кемітпейтіндігіне ант беремін, және адамға әділетсіздік көрсетіп, ал ол шыдамдылық танытса, онда Аллаһ әлбетте оның даңқын көтереді, жән егер де адам сұрамшылық есігін ашып қойса1, онда Аллаһ оның алдында кедейліктің есігін ашып қояды!

Және сендерге басқаны айтамын, ал сендер естеріңде сақтаңдар: расында, бұл дүниеде адамдардың төрт түрлі тобы бар. Олардың бірінші тобына Аллаһ оған білім және байлық берген, ал ол Аллаһтан қорқып, туған-туысқандарымен қарым-қатынасын үзбей және қолындағы барымен не істеу керектігін білетін Аллаһтың құлы жатады – және мұндай адам (мәңгілік өмірде) ең жақсы жағдайда болады. Ал екінші топқа Аллаһ оған білім беріп, бірақ байлық бермеген, және ол шын көңілімен: «Маған егер байлық берілген болса еді, мен пәленше істегендей істер едем», - деп, бірінші адамның ниетіндей ниет ұстанған және сол ниеті үшін (Аллаһ оны) сол адамның дәрежесіне дейін көтеретін құл жатады. Ал үшінші топқа Аллаһ оған білім бермей, бірақ байлық берген, ал ол байлықты ойланбастан Аллаһтан қорықпай туған-туысқандарымен қарым-қатынас жасамай қолданған, және қолындағы барымен Аллаһ жолында не істеу керектігін білмейтін, Аллаһтың құлы жатады – және мұндай адам (мәңгілік өмірде) ең нашар жағдайда болады. Ал төртінші топқа Аллаһ оған білім де, байлық та бермеген, және ол шын көңілімен: «Маған егер байлық берілген болса еді, мен пәленше істегендей істер едем», - деп, үшінші адамның ниетіндей ниет ұстанған құл жатады да, ол сол ниеті үшін (мәңгілік өмірде) сол адамның ауыртпалығындай ауыртпалық тартады. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.
558. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз қой сойғанымызда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Одан не қалды?», - деп сұрады, мен: «Жауырынынан басқа еш нәрсе қалған жоқ», - деп жауап бердім. Сонда ол: «(Демек бізге) жауырынынан басқасының бәрі қалды», - деді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.



Бұл дегеніміз олар садақа ретінде қойдың жауырынынан басқасының бәрін садақа ретінде таратып жіберіп, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оның жауырынан басқасының бәрінің мәңгілік дүниеде өздеріне сақталғанын айтып жатыр.
559. Хабар бойынша, Асма бин Абу Бакр ас-Сиддик, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Торсығыңды байлама, олай істесең (байласаң) Аллаһ та оны саған байлайды»1. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Жұмса да санаспа, сонда саған да толтырылады (есесі қайтарылады), және жасырма, онда Аллаһ та саған тиесіліні жасырып қояды.


560. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сараң және жомартты, кеуде мен арқаны жауып тұратын, темір (тордан жасалған) сауытпен салыстыруға болады. Жомарт адам жайлы айтатын болсақ ол не жаратса да оның сауыты кеңіп, оның аяғындағы саусақтарына дейін жетіп, керек десеңіз (сүйретілгеннен) іздерін өшіретін халге жетіп, денесін жабқанша ұзара береді2. Ал сараң жайлы айтатын болсақ, ол бір нәрсе жаратуға ниет еткен сайын, оның саутының торлары өзінің орнына бекемделеді де, ол қанша оны ұзартқысы келсе де, ол ұзармайды. Аль-Бухари, Муслим.



561. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім игілікпен тапқан дүниесінен садақа беретін болса – ал Аллаһ болса игліктіден басқаны қабыл алмайды, – Аллаһ оны Өзінің оң қолымен алады да, содан соң оны сендер әр қайсысың өзінің құлынын қалай өсіретін болса, ол садақаны берген адам үшін тура солай таудай болғанша өсіреді. Аль-Бухари, Муслим.


562. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бірде бір адам шөл далада келе жатып бұлттың арасынан: «Пәленшенің бағын суғар!», - деген дауыс естиді де, артынша бұлттар келе жатқан бағытын өзгертіп, қара тастақ жерге тоқтап жаңбыр болып жауады, одан аққан су бір арықты құрайды. Жолаушы аққан судың бағытымен жүріп отырып, өзінің бағының жанында күрегімен суды керек бағытына бұрып жатқан адамды көреді. Жолаушы одан: «Есімің кім?», - деп сұрайды. Ол: «Пәленше», - дегенде, ол есім бұлттың арасынан шыққан есім болып шығады. Ол адам жолаушыдан: «Иә Аллаһтың құлы, сен неге менің есімімді сұрадың?», - дейді. Жолаушы: «Расында, мен бұлттың арасынан: «Пәленшенің бағын суғар», - деген дауыс естідім және ол дауыстың айтқаны сенің есімің болып шықты, сондықтан мен сенің мұндай абыройға қалайша ие болғаныңды білу үшін келдім?», - дейді. Ол: «Сен сұраған соң, бұл жайында айтайын: расында, бұл бақтан шыққан өнімді жинап алып, оның түсімін санап, оның үштен бірін жарлыларға беремін, үштен бірін өзіме қалдырамын, ал үштен бірін өзіне қайтарамын1», - деп жауап береді. Муслим.



61 ТАРАУ

Қаттылық және сараңдылық жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Ал енді кім сараңдық істесе, елемесе, Жақсылықты жасынға шығарса; Сонда оның ауырлыққа ұшырауын оңайластырамыз. (Тозаққа) жығылған сәтте оны, оның малы оған пайда бермейді.» «Лейл» сүресі, 8-11 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Кім нәпсісінің сараңдығынан сақсынса, міне олар құтылушылар.» «Тағабун» сүресі, 16 аят.



Бұл тарауға қатысты хадистер жайлы айтатын болсақ, онда олардың көбі алдыңғы тарауда келтірілді.
563. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Әділсіздіктен қорқыңдар, өйткені әділсіздік Қияметте қараңғы түнек болып келеді, және сараңдықтан қорқыңдар, өйткені сендерге дейін өмір сүргендерді сараңдық, бірі-бірінің қанын төгуге және тыйым салынған нәрселерді орындауға түрткі болып, құртқан. Муслим.




62 ТАРАУ

Жоғары бағалау және жұбаныш жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«…Сондай-ақ өздерінде таршылық бола тұра оларды өздерінен артық көреді…» «Хашыр» сүресі, 9 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Тамақты жақсы көре тұра міскінге, жетімге және тұтқынға жегізеді.1» «Інсан» сүресі, 8 аят.


564. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір адам келіп: «Мен (әбден) тозып біттім2!», - деді. Мұны естіген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, біреуді өзінің әйелдерінің біріне (оған тамақ берсен деп) жібереді, бірақ ол: «Сені ақиқатпен Жібергеннің атымен ант етемін, менде судан басқа еш нәрсе жоқ!», - деді. Сонда оны басқа әйеліне жібергенінде ол әйелі де сол секілді сөздерді айтты, соңынан ол оның барлық әйелдерін аралап шыққанында оларда сол секілді: «Жоқ, сені ақиқатпен Жібергеннің атымен ант етемін, менде судан басқа еш нәрсе жоқ!», - деген сөздерді айтумен болды. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мына адамды түнемекке кім қабылдайды?», - деп сұрады. Сонда бір ансар: «Мен, иә Аллаһтың елшісі» - дейді де, оны үйіне алып келіп, әйеліне: «Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қонағына құрмет көрсет», - деді. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында, ансар әйеліне: «Сенде бір нәрсе бар ма?», - дейді. Ол: «Менің балаларыма беретін астан басқа еш нәрсем жоқ», - дейді. Сонда ансар: «Балаларды бір нәрсемен алдандыра тұр, ал егер олар тамақ жегісі келсе ұйықтауға жатқыз, ал қонақ келген кезде шамды өшір де біз де тамақ жеп жатқан секілді қыл», - деді. Содан соң олар өздерінің орындарына отырды да, қонақ тамақ жеп болған соң (өздері) аш қарынға жатты. Ал таңертең үйдің иесі Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын; келген уақытында ол: «Аллаһ сендердің бүгінгі түнде қонақтарыңмен қалай шығысқандарыңа ғажап болды!», - деді

«Ғажаб» - таңырқау, Аллаһтың сипаттарының бірі. Бұл жерде Аллаһ риза болды деген мағынада айтылып тұр.
565. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Екеудің тамағы үшеуге де жетеді, ал үшеудің тамағы төртеуге де жетеді. Аль-Бухари, Муслим.



Бұл хадистің Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, арқылы Муслим келтірген нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Біреуге жеткен тамақ екеуге де жетеді, екеуге жеткен тамақ төртеуге де жетеді, ал төртеуге жеткен тамақ сегізге де жетеді.


566. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге сапарда болған кезімізде, бізге түйеге мінген бір адам келді де оңға және солға қарай бастады1. Мұны көрген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Артық мініс малы бар, малы жоққа берсін, және артық азығы бар, азығы жоққа берсін», - деп, ол біз ешқайсысымыз артық еш нәрсе ұстамауымыз керек екендігін түсінгенімізше, дүние-мүліктерді еске салғандарын, еске салды (не болмаса еске салуын тоқтатпады – аударушыдан). Муслим.


567. Хабар бойынша, Сахл бин Саъад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде бір әйел Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тоқылған бүркеме әкеліп берді де: «Мен бұны саған сыйлау үшін өзім тоқыдым», - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оны қабылдады, өйткені бүркемеге сол кезде мұқтаж болатын. Сосын ол бүркемені изар ретінде орап бізге шыққан уақытында, бір адам оған: «Бұны маған сыйлашы! Ол неткен тамаша!», - деді. Бұны естіген Аллаһтың елшісі: «Иә», - деді де, жиналған адамдармен бірге отырды, сосын үйіне қайтып келіп, бүркенішін орап сол адамға беріп жіберді. Адамдар оны: «Сен дұрыс істемедің! Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оны мұқтаж болған соң киді, ал сен болсаң ол ешкімнің қолын қайтармайтынын біле тұра сұрадың!», - деп айыптай бастады. Ал ол болса жауап ретінде: «Расында, Аллаһтың атымен ант етемін, мен бүркенішті киу үшін сұрағаным жоқ, оны (өлгенде) кебін қылу үшін сұрадым!»,- деді.



Сахл сөзін былай жалғастырды:

Артынан ол ораныш шынымен-ақ оған кебін ретінде бұйырды. Аль-Бухари.


568. Хабар бойынша, Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, ашъариттарда әскери жорық кезінде тамақпен бір қиыншылық болған уақытта, не болмаса қалада балаларына тамақ жетпей жатса, олар өздерінде барын барлығы бір шүберекке жинайтын да, одан кейін оны бір ыдыспен өлшеп бәріне теңдей бөлетін. Мен солар сияқтымын, ал олар мен сияқты. Аль-Бухари, Муслим.



63 ТАРАУ

Мәңгілік өмірге арналған істерде жарысу және өзімен игілік әкелетін істерді көбейтуге талпыну жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

«Оның сарқыны жұпар аңқиды. Жарысушылар осыған жарыссын» «Мутафиффин» сүресі, 26 аят.



569. Хабар бойынша, Сахл бин Саъад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сусын алып келді, ол оны ыдыстан ішті. Сонда оның оң жағында бір жасөспірім2 отырды да, ал сол жағында қариялар отырды. Ол жасөспірімнен: «Сен маған мына ыдысты алдымен мыналарға беруге рұқсат бересің бе?», - деді. Жасөспірім: «Аллаһтың атымен ант етемін, мен сенен маған тиесіліні ешкімге бермеймін!», - деп жауап берді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол ыдысты оған берді. Аль-Бухари, Муслим.


570. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бірде Аййуб пайғамбар, оған Аллаһтың сәлемі болсын, жалаңаш шомылып жатқан кезінде, оның үстіне алтын шегркелер төгіліп Аййуб оны киіміне жинай бастайды. Сонда оған оның Мәртебелі әрі Құдіретті Құдайы: «Иә Аййуб, мен сені көріп тұрғандырыңнан мұңсыз етпедім бе?», - дейді. Мұны естіген Аййуб: «Иә, Сенің Құдіретіңмен ант етемін, (бұлардың бәрінен мені мұңсыз қылдың), бірақта Сенің сыйыңа әрқашан мұқтажбын!», - деді. Аль-Бухари




64 ТАРАУ

Байлығын дұрыс жолмен тауып және оны өзіне бұйырған жеріне дұрыс жұмсайтын, мырзалы байдың дәрежесі жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«Ал енді әлде кім Аллаһ жолында берсе, тақуалық қылса, Жақсылықты дұрыс деп білсе. Сонда оның жолын оңайластырамыз.» «Ләйіл» сүресі, 5-7 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Тақуарақ болған одан (тозақтан) алыстатылады. Сондай малын сарып қылып тазарғандар. Оның онда ешкімге берер еселі сыйлығы жоқ (яғни біреудің өзіне істеген жақсылығының ақысы үшін емес). Бірақ Ұлы Раббының ризалығын ғана іздейді. Сондай-ақ ол таяуда разы болады.» «Ләйіл» сүресі, 17-21 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Егер садақаларды көрнеу (ашық) берсеңдер, сонда ол қандай жақсы. Егер оны жасырын беріп кедейлерге берсеңдер, әрине сендер үшін сонда да жақсы. Аллаһ сендердің күнәләріңді жарылқайды. Сондай-ақ Аллаһ істегендеріңді толық білуші» «Бақара» сүресі, 271 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Сүйген нәрселеріңді Аллаһ жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар? Не берсеңдер де Аллаһ оны толық біледі. «Аль Имран» сүресі, 92 аят.

Аллаһ жолында қаржы жұмсаудың дәрежесі жайлы аяттар көп.
571. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамдардың екі түрлі қасиетіне ғана қызығуға болада, олар: Аллаһ оларға көп байлық беріп, оны дұрыс жолға соңына дейін жұмсағандар және Аллаһ оларға көп білім (ақыл) беріп онымен басшылық еткендер және оны басқаларға үйреткендер. Аль-Бухари, Муслим.


572. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамдардың екі түрлі қасиетіне ғана қызығуға болада, олар: Аллаһ оған Құран бұйыртып, оны күндіз-түні оқыған және Аллаһ оған көп байлық беріп оны күндіз-түні жұмсағандар. Аль-Бухари, Муслим.


573. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мұхаджирлердің ішіндегі кедейлері Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: «Көп байлық иелері ең жоғары мәртебелерге ие болды және өздеріне мәңгілік бақыт тапты!», - деді. Бұны естіген Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Не жайлы айтып жатырсыңдар?», - деп сұрады. Олар: «Олар біз секілді намаз оқиды, біз секілді ораза ұстайды, бірақта олар садақа береді, ал біз болсақ бере алмаймыз, және олар құл босатады, ал біз болсақ бұны істей алмаймыз!», - деді. Бұл сауалдарына Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сендерге өздеріңнен озып кеткендерді қуып жетуге мүмкіншілік беретін, бір амалды үйретейін бе, сонда оны орындасаңдар сендерді ешкім қуып жете алмайды, ал қуып жететіндер, тек сол амалды орындағандар ғана болады?», - деді. Олар: «Әрине, иә Аллаһтың елшісі!», - деді. Сонда ол: «Әр намаздан кейін отыз үш реттен Субхана-Аллаһ (Аллаһ пәк) Әлхамду лил-Лаһ (Аллаһқа мақтау, шүкіршілік), Аллаһу Акбар (Аллаһ Ұлы), деп қайталау», – деді. (Арада біраз уақыт өткен соң) кедейлер тағы да: «Біздің бай бауырларымыз, біздің істеп жүрген амалдарымызды есітіп, олар да соны істейтін болды!», - деп келді. Бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бұл, Аллаһтың қалағанына беретін ілтипаты…1», - деді.




65 ТАРАУ

­Өлімді әрдайым есте сақтау және болашаққа көп үміт артпау жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

«Әркім өлімді татады. Шын мәнінде Қиямет күні ақыларың толық төленеді. Сонда кім оттан құтқарылып Жұмаққа кіргізілсе, рас құтылады. Негізінде дүние тіршілігі алданыштың ғана нәрсесі.» «Аль-Имран» сүресі, 185 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Ешкім ертең не істейтінін білмейді әрі ешкім қай жерде өлетінін білмейді…» «Лұқман» сүресі, 34 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«…Ал қашан олардың мерзімі келсе, олар оны бір сәтке кейіндете алмайды да, ілгерілете алмайды.» «Нахыл» сүресі, 61 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер, сендерді малдарың, балаларың Аллаһты еске алудан тоспасын. Әлде кім бұны істесе, міне солар зиян тартушылар. Сендерден біреулеріңе өлім келіп: «Раббым, мені бір жақын мерзімге дейін кешіктірсең садақа беріп, ізгіліерден болсам», - деуден бұрын, өздеріңе берген несібемізден тиісті орынға жұмсаңдар. Қашан біреудің ажалы келсе, Аллаһ оны әсте кешіктірмейді және Аллаһ, істегендеріңді толық біледі.» «Мұнафиқұн» сүресі, 9 - 11 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

«Ақыр олардың әрбіріне өлім келген сәтте: «Раббым, мені дүниеге қайтар!» «Мүмкін мен қалдырған дүниеде жақсы амал істермін.» Әсте олай емес. Рас бұл, оның айтқан бір сөзі. Өйткені олардың артында қайта тірілетін күнге дейін бөгет бар. Қашан сүр үрілсе, сол күні олардың араларында туыстық (байланыс) жоғалып, бір-бірін сұраспайды. Ал сол күні, кімнің таразысы ауыр тартса, міне солар құтылушылар. Ал және кімнің таразысы жеңіл тартса, міне олар өздерін зиянға ұшыратқандар. Олар тозақта мүлде қалады. Олардың беттерін от өртеп, олардың онда тістері ақсиып қалады. «Өздеріңе аяттарым оқылғанда оны жасынға шығармадыңдар ма?» Олар: «Раббым, сорымыз жеңіп, адасқан бір ел екенбіз ғой», - дейді. (Олар:) «Раббымыз, бізді бұдан шығар! Сонда егер қайта күнәкәр болсақ, шын залымбыз»(, - дейді). Оларға: «Сонда сіңіп жоғалыңдар! Маған сөйлемеңдер», - дейді. Құлдарымнан бір бөлігі: «Раббымыз, иман келтірдік, бізді жарылқа! Және бізге мархемет ет. Сен мархемет етушілердің ең жақсысысың», - дейтіндер бар еді. Сонда сендер оларды келемежге алып едіңдер. Хатте оларға күлулерің Мені еске алуларыңды мүлде ұмыттырған еді. Рас бүгін Мен оларды сабыр еткендіктері себепті сыйлыққа бөледім. Олар анық мұратқа жеткендер… Аллаһ оларға: «Сендер жер жүзінде қанша тұрдыңдар?», - дейді. Олар: «Бір күн немесе тағы аз уақыт тұрдық. Санаушылардан сұра» – дейді. Ол: «Егер білген болсаңдар аз ғана-ақ тұрдыңдар. Расында, Біз сендерді босқа жаратып, Бізге қайтарылмаймыз, деп ойладыңдар ма?!» - дейді. «Мүминун» сүресі, 99 - 115 аяттар.



Аллаһ Тағала айтты:

«Иман келтіргендердің жүректері Аллаһтың зікіріне (Құранға) жұмсап әрі түскен ақиқатқа жібімей ме? Ал енді бұрын өздеріне Кітап беріліп, сосын ұзын мерзім өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі бұзақылар.» «Хадид» сүресі, 16 аят.


574. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің иығымнан ұстап: “Бұл дүниеде бөтен елдік не болмаса сапардағы адам секілді бол”, - деді.

Бұл хадисті жеткізуші Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп жиі айтатын: “Егер сен кешке дейін тірі болсаң онда таң атқанша өмір сүремін деп ойлама1, ал таң атқанда тірі болсаң онда күн батқанша өмір сүремін деп ойлама, және деніңнің саулығынан ауруыңа (қажетін) ал, ал өміріңнен - өліміңе (қажетін) ал!”2 аль-Бухари.

Бұл хадисті түсіндірушілер былай дейтін, бұл дүниеге сенім артпа, оны өзіңнің отаным деп ойлама, және мұнда ұзақ уақытқа қаламын деп қамданба, бұл дүниеге жат елдік кісі қалай үйірленсе сен де солай үйірлен, және үйіне оралуға дайындалған жат елдік шетте не ісетемейтін болса, сен де мұнда оны істеме, ал көмек көрсетуші Аллаһ.
575. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұраға қалдыруға тұрарлықтай дүниесі бар мұсылманға өсиет жазбай1, екі түнді де өткізуге рұқсат жоқ. Аль-Бухари, Муслим, бұл жерде аль-Бухаридің нұсқасы келтіріліп отыр.



Ал бұл хадистің Муслим келтірген хадисінде, Пайғамбар, Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дейді: …үш түн өткізуіне…

Ибн Омар былай дейді:

Мен Аллаһтың елшісінің (осы) сөздерін естігелі бері, жазылмаған өсиетсіз бір түнді де өткізбедім.


576. Хабар бойынша, Әнәс, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жерде бірнеше түзулер сызып былай деді: «Бұл адамның үміттері, ал мынау оның (өмірінің) мерзімі, ол осындай жағдайда жүрген уақытында2, оған ойламаған жерден ең жақын сызығы келеді3. Аль-Бухари.


577. Хабар бойынша, Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, төрт бұрыш сызды да, ортасынан оның сыртына шығып тұратын бір түзу сызық жүргізді, одан соң сол ортадағы сызыққа дейін жетіп тоқтайтын кішігірім сызықтар сызды да сосын былай деді: «Бұл – адам; оны жан-жағынан қоршап тұратын – оның мерзімі, ал сызықтың ар жағына шығып тұрған – оның үміті. Ал мына кішігірім сызықтар – ол душар болатын тағдыр тауқыметтері, сонда ол бірінен құтылса екіншісі оны тісімен ауыздайды да, ал екіншісінен құтылса оны біріншісі тісімен ауыздайды. Бұл хадисті төмендегі суретпен аль-Бухари келтіреді:

Мерзімі



Үміті


Тағдыр тауқыметтері




578. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерге жеті түрлі бәле келмей тұрып сауабты істеріңді орындап алыңдар. Сендер бәрін ұмыттыратын кедейліктен, не болмаса азғырушы байлықтан, не болмаса қапыда қалдыратын аурудан, не болмаса сөздеріңнің дәмін кетіретін қаусаған кәріліктен, не болмаса кенеттен келген ажалдан, не болмаса залымдықтың ішіндегі ең сорақысы Дажалдан, не болмаса дүниенің бәрінен де ауыр әрі ащысы Ақіреттен басқаны күте аласыңдар ма?» Бұны ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.1


579. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өлім жайлы былай деп айтқанын жеткізді:

Рахатты тоқтатушыны көбірек еске алыңдар. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.


580. Хабар бойынша, Убайй бин Қаъб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Түннің үштен бір бөлігі өткен уақытында Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ұйқысынан тұрып: «Иә адамдар, Аллаһты естеріңе алыңдар! Бірінші сүрдің үрілетін уақыты келді, оның артынан екінші сүрдің уақыты келеді! Өзіне тән қасиеттерімен ажал келді, өзіне тән қасиеттерімен ажал келді!2», - деді.

Бірде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, мен сен үшін дұға жасаймын, бірақта оның қаншасын саған бағыштауым керек?» – деп сұрадым. Ол: «Қалағаныңша», - деп жауап берді. Мен: «Төрттен бірін бе?», - деп сұрадым. Ол: «Өзің білесің, бірақ қоссаң сен үшін жақсырақ», - деді. Мен: «Жартысын ше?», - дедім. Ол: «Өзің білесің, бірақ қоссаң сен үшін жақсырақ», - деді. Мен: «Үштен екісін ше?», - дедім. Ол: «Өзің білесің, бірақ қоссаң сен үшін жақсырақ», - деді. Мен: «Онда мен дұғамның бәрінде, тек сен үшін Аллаһтан сұраймын!», - дедім. Бұған ол: «Онда сен бүкіл уайымнан арыласың және сенің бүкіл күнәләрің кешіріледі!», - деді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.


66 ТАРАУ

­Ер кісілерге мазарды3 зиярат етудің тиімділігі және ол жерге келген адамның не айту керектігі жайлы.
581. Хабар бойынша, Бурайда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бұдан бұрын мен сендерге мазарларды зиярат етуге тыйым салатынмын, енді оны істеуге рұқсат етемін! Муслим.


582. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің үйімде өткізген әр түнінде аль-Бакиге4 шығып, былай дейтін: “Сендерге сәлем, иә имандылардың мекендерінде тұрақтаушылар, сендерге уәде етілген орындалды, расында, ертең мерзіміміз жетісімен Аллаһ жазса, біз де сендерге қосыламыз. Иә Аллаһ, Баки аль-Гаркадтта жатқандарды кешір! /Ассаламу ъалекум, ахдаддияри мин аль-муминина уаль-муслимина! Уа инна ин шаъа-Ллаһу бикум ляхикуна, асъалю-Ллаһу ляна уалякум ляхыкуна, асъалю-Ллаха ляна уа лякумаль-ъафийата!/1 Муслим


583. Хабар бойынша, Бурайда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бізге Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мазардың жанынан өтетін болсақ, былай деп айтуды үйрететін:

«Иә осында жатқан мүмин мұсылмандар, сендерге сәлем! Расында, Аллаһ қаласа біз де сендерге қосыламыз, Аллаһ сендер үшін және біз үшін құтқаруды сұраймын!» /Ас-саләму 'аляй-кум, ахля-д-дийари мин аль-му'минина ва-лъ-муслимина! Уа инна ин ша'а-Ллаху би-кум ляхы-куна, ас'алю-Ллаха ля-на ва ля-кум аль-'афийата!/ Муслим.
584. Хабар бойынша, Ибн Аббастың, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Мединадағы мазардың жанынан өтіп бара жатып, бетін сонда бұрып былай деді: “Иә мазарда жатқандар, сендерге сәлем! Сендер бізден ерте кеттіңдер, біздер сендердің соңдарыңнан барамыз! /Ассаляму ъалейкуи, иа ахляль-кубури! Йағфири-Ллаһу ляна уа лякум! Антум сляфуна, уа нахну биль-асари./ Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.2




67 ТАРАУ

­Қиыншылыққа душар болғаннан (өзіне) өлім тілемеу, бірақта діннен шығып кетуден қорқып өлім тілегеннің зияны жоқтығы жайлы.
585. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден еш қайсысың өзіне өлім тілемесін, егер ол игілікті істер жасап жатса бәлкім оны көбейтер, ал егер бір жамандық (күнә) жасап жатса бәлкім тәубесіне келер. Аль- Бухари, Муслим. Бұл жарде аль-Бухаридің нұсқасы беріліп тұр. Ал бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Сендерден ешкім өзіне өлім тілемесін және ол (өлім) өзі келмейінше шақырмасын. Расында егер ол өлсе оның бүкіл амалдары тоқтайды, ал имандының өмірі тек игілік әкеледі.
586. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден ешкім оған келген қайғыдан өзіне өлім тілемесін, ал егер оның одан басқа шарасы қалмаса былай десін: “Иә Аллаһ, менің өмірім мен үшін қайырлы болса, онда оны ұзарт, ал егер мен үшін өлім қайырлы болса онда маған өлім жібер!” /Аллаһумма, ахййини ма қянат аль-хаййату хайран ли, уа таууафани иза кянат аль-уафату хайран ли/ аль-Бухари, Муслим.


587. Хабар бойынша, Хайз бин Абу Хазим, былай деді:

Бірде біз ауырып жатқан Хаббаб бин аль-Арраттың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, көңілін сұрауға кірдік. Оның денесіне жеті жерінен емдік күйдіру жасапты да ол бізге былай деді: “Бізден бұрын кеткен жолдастарымыздан, бұл дүние еш нәрселерін ала алмады1, ал біз жайлы айтатын болсақ, расында бізге тиесілі болған байлықтың көптігі соншалық оған жердің астынан басқа орын таппадық2! Егер Пайғамбар өлім тілеуді харам етпесе еді, онда мен, расында, оны тілеген болар едім!” Ал сосын біз оған ол дуал соғып жатқан уақытында келіп, ол мынаны айтты: “Расында, мұсылманға жерге көміп тастағанынан басқа, бүкіл жұмсан дүниесі үшін сауаб бар!” аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде аль-Бухаридің нұсқасы келтіріліп тұр.




68 ТАРАУ

­Ізгілік жайлы және күмәнді нәрселерден

бас тарту жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«…оны жеңілге санадыңдар. Ал Аллаһтың жанында зор іс еді.» «Нұр» сүресі, 15 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

«Негізінде Раббың әлбетте бақылаушы.» «Фәжір» сүресі, 14 аят.


588. Хабар бойынша, ан-Нуъман бин Башир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, рұқсат етілген нәрселер анық және тыйым салынған нәрселер анық, ал осы екеуінің арасында көп адамдар біле бермейтін күмәнді нәрселер бар. Күмәнді нәрселерден сақтанғандар, діні үшін және абыройы үшін одан өзін тазартады, ал күмәнді істермен айналысатын, малын қорықтың3 жанында бағатын бақташы секілді. Бақташының малы қорыққа түсуге қандай жақын тұрса, күмәнді істермен айналысушы да, тыйым салынған нәрселерге ұрынуға сондай жақын тұрады. Расында, кез-келген әміршінің өзінің қоритын жері бар, Ал Аллаһтың қорығы, Оның тыйым салғандары. Расында, адамның денесінде жұдырықтай ет бар, егер ол жақсы болса, онда оның бүкіл денесі жақсы болғаны, ал егер ол жарамсыз күйге келсе, онда ол бүкіл денені бүлдіреді, расында, ол (ет) – жүрек. Бұл хадисті аль-Бухари мен Муслим түрлі-түрлі нұсқалрмен келтіреді.


589. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жол бойында құрма тауып алып: “Егер мен мұны садақаның бір бөлігі ме деп, қорықпағанымда, онда оны әлбетте жеп қояр едім”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.


590. Хабар бойынша, Ан-Наууас бин Симъан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ізгілік дегеніміз әдептілік, ал күнә дегеніміз, сенің жан дүниеңді мазалап және оны басқаларға білдірткің келмейтін нәрсе. Муслим.


591. Хабар бойынша, Убис бин Маъбад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, ол менен: “Сен ізгілік жайлы сұрайын, деп келдің бе?”, - деді. Мен: “Иә”, - дедім. Сонда ол былай деп айтты: “Ол туралы өзіңнің жүрегіңнен сұра. Сенің жүрегің мен жан дүниеңнің сенімділік сезінгені ізгілік болып саналады, ал күнә дегеніміз, ол саған адамдар рұқсат десе де, жан-дүниеңді қозғап жүрегіңді мазалайтын іс.” Ахмад пен Ад-Дарими өздерінің “Муснадтарында” жақсы хадис ретінде келтіреді.


592. Хабар бойынша, Абу Саруаъа Укба бин аль-Харис, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Абу Йхаб бин Азиздің қызына үйленген кезінде, оған бір әйел келіп:

“Расында, мен Укбаны және оның үйленген әйелін емізгенмін!1”, - деді. Оған Укба: “Сен мені емізгеніңді білмедім және бұл жайында маған айтпаған едің!”, - деді. Мұны естіген Укба көлігіне мініп, Мединадағы Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп осы жайға байланысты сұрақтарын қояды. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ол сенің сүттес қарындасың болғаны жайлы айтылғаннан кейін , ол қалайша сенің әйелің бол алады?!”, - деді. Осыдан кейін Укба онымен айырылысып, ал ол әйел басқаға тұрмысқа шықты. Аль-Бухари.


593. Хабар бойынша, Аль-Хасан бин Али, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын былай деді:

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөздерінен мен мыналарды есімде сақтап қалдым: «Бүкіл күмән келтіретін нәрселерді таста да, күмән келтірмейтін нәрселерге бұрыл.» Ат-Тирмизи «Жақсы хадис деп келтіреді.


594. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Абу Бакр ас-Сыддықтың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, құлы болатын. Алым ретінде, ол құлдың алып келгенін жейтін. Бірде сол құл бір нәрсе алып келді де, Абу Бакр оны жеді, ал содан кейін ол: “Сен бұның не екенін білесің бе?”, - деді. Абу Бакр: “Бұл не?”, - деді. Ол: “Жахил заман кезінде, нашар балшы болсам да, бір адамға бал ашып оны алдайтынмын, сол адаммен кездесіп ол сенің жегеніңді берді”, - дегенде, Абу Бакр қолын аузына салып ішіндегінің бәрін құсып тастады1. Аль-Бухари.


595. Хабар бойынша, Нафиъаның айтуымен:

Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, мухажирлерге төрт мың дирхемнен тағайындағанда, өзінің ұлыны үшжарым мың дирхем тағайндайды, сонда одан: “Сен неге оның табысын азайттың, ол да алғашқы мухажилерден емес пе?”, - деп сұрады. Сонда ол: “Ол хижраны ата-анасымен бірге жасады, сондықтан хижраны өз күшімен жасағандармен теңесе алмайды”, – деп жауап берді. Аль-Бухари.


596. Хабар бойынша, Атыйа бин Урва ас-Саъди, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың құлы қайғы әкелер, деп жаман емес2 нәрседен басын тртпайынша, тақуалардан болған дәрежеге жете алмайды. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы хадис”, деп келтіреді3.


69 ТАРАУ

Адамдардың арасында бұзақылық көбейгенде және өнегеліктің төмендеген уақытында не болмаса харам, күмәнді істерге арбалудан және тағы басқаларынан діні үшін қорқып бөлектенудің тиімділігі жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

«(Мухаммад, оларға:) Аллаһ жаққа жүгіріңдер. Сөссіз мен, оның тарапынан ашық ескертушімін, де» «Зәрят» сүресі, 50 аят.


597. Хабар бойынша, Саъд бин Абу Уаққас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ ізгіниетті, мұңсыз4 және байқалмайтын5 құлын жақсы көреді. Муслим.


598. Хабар бойынша, Абу Саъид аль Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бір адам Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Аллаһтың елшісі, адамдардың ішіндегі ең жақсысы кім болады?”, - деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Аллаһ жолында өзін де, дүниесін де аямай күрескен мүмин”, - деп жауап берді. Ол адам: “Ал одан соң ше?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Одан кейін – таудың бір шатқалында өзінің Раббына құлшылық ететін мүмин6”, - деп жауап берді.



Бұл хадистің басқа бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

…Аллаһтан қорқып1 және адамдарды өзінің көрсете алатын жамандығынан босатып2. Аль-Бухари, Муслим.


599. Хабар бойынша, Абу Саъид аль Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жақын арада, дініне зиян тиуден қорқып таудың жаңбырлы сайларында қойын бағып жүретін мұсылман үшін, қой ең жақсы дүние болатын заман келеді. Аль-Бухари.


600. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

“Аллаһ қай бір пайғамбарды жібермесін, ол әлбетте қой баққандардан болатын.” Сонда одан сахабалары: “Ал сен ше?”, - деп сұрағанда, ол: “Иә, мен де оны меккеліктер үшін бірнеше каратқа баққанмын3”, - деді. Бухари.


601. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өмір сүрудің жақсы үлгісі болып, Аллаһ жолында атының тізгінін бекем ұстап, қай жерден жан түршігерлік шу шықса4 сол жерге қарай соғыс іздеп не болмаса өлімді табатын жерінен өлім іздеп5, ұшатын (яғни шабатын) адамның өмірі жатады. Не болмас (жақсы өмір үлгісіне), өзінің азын-аулақ қойларымен сол биіктіктерде немесе жазықтықтарда, өзінің намазын оқып, зекетін төлеп, өзінің Раббына өлім келгенше құлшылық етіп, ал адамдармен тек қана игілікті істерімен ғана араласатын адамның өмірі жатады. Муслим.




70 ТАРАУ

Адамдармен араласқанның, олардың жұма

және басқа да жамағатпен оқылатын

намаздарға және білім беретін және Аллаһты еске алатын мерекелерге және жиналыстарға қатысуы, аурулардан көңіл сұрау, жерлеу рәсімдеріне қатынасу, оларыдың ішіндегі мұқтаждарға көмектесу, олардың ішіндегі қараңғыларына тура жолды көрсету және адамдардың мүддесіне қатысты басқа да жақсы амалдарды орындау, дұрыс жолға шақырып, бұрыс жолдан қайтаратын адамдардың өздерінің басқа адамдарға жамандық көрсетпеулері және оларға жасалған әділетсіздікте шыдаудың дәрежесі жайлы.
Жоғарыда айтылған қарым-қатынасты ұстану, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және басқа пайғамбарладың да, оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және де діндар халифтердің, басқа да сахабалардың, ізбасарлардың, мұсылман ғалымдарының және мұсылмандар арсындағы жақсыларының, жоғары дәрежелі жолы болып табылатындығын біл. Бұндай өмір салтын ізбсарлар және одан кейін келгендер ұстанған және оның міндеттілігін имам аш-Шафиъи және имам Ахмад, және басқа да фақихтер (ғұламалар) нұсқаған, олардың бәріне Аллаһтың ризашылығы болсын.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер…» «Мәида» сүресі, 2 аят.



Менің айтқандарыма қатысты басқа да көптеген аяттар бар.



71 ТАРАУ

Мойындаушылық және адамдарға қатысты жұмсақтық көрсету жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

“Мүминдерден саған ергендерге қанатыңды жай” “Щұғара” сүресі, 215 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

“Әй мүминдер! Сендерден кім діннен шықса, Аллаһ жедел бір қауым әкеледі, Аллаһ оларды жақсы көреді және олар да Аллаһты жақсы көреді. Мүминдерге байланысты жұмсақ, кәпірлерге қарсы қатал…” “Мәидә” сүресі, 54 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

“Әй адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық. Сондай-ақ бір-бірлеріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында, Аллаһтың қасында ең жақсыларың, тақуаларың…” “Хұжрат” сүресі, 13 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

“…Сондықтан өздеріңді өздерің ақтамаңдар. Ол кім тақуа екенін жақсы біледі.” “Нәжім” сүресі, 32 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

“Ағрафтағылар (бөгеудегілер) тозақтағы түрлерінен танығандарға: “Сендерге көптіктерің және менмендіктерің пайда бермеді ме?”, - деп айғайлайды. (Оларға Жәннәттағыларды көрсетіп): “Бұларға Аллаһтың рахметі тимеді, деп ант ішкен адамдарың емес пе? Жәннәтқа кіріңдер. Сендерге қорқыныш жоқ әрі сендер қайғырмайсыңдар”(, - делінеді.)” “Ағраф” сүресі, 48-49 аяттар.



602. Хабар бойынша, ЪИйада ьин Химар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, ешкім ешкімнің алдында мақтанбауы үшін және ешкім ешкімді жәбірлемес үшін, бой ұсынушылық ұстануы қажет екендігі жөнінде маған Аллаһтан аян келді. Муслим.


603. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Садақа еш уақытта байлықты азайтпайды, өзгелерді кешірушіге Аллаһ даңтан басқа еш нәрсе қоспайды, және Аллаһ үшін бой ұсынып (кішірейгенді), Ұлы Аллаһ Тағала әлбетте жоғарылатады. Муслим.



604. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын.

Бірде көшеде жиналған балалардың жанынан өтіп бара жатып сәлем берді де, сосын былай деді: “Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әрдайым осылай істейтін”.



Аль-Бухари, Муслим.
605. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Расында, Мединаның кез келген (күңінің) кішкентай қызы Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлмі болсын, қолынан жетектеп қалаған жағына тартып алып кете алатын. Аль-Бухари.


606. Хабар бойынша, аль-Асуад бин Йазид, былай деді:

Бірде Айшадан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің үйінде не істейтін еді?"” - деп сұрады. Сонда ол: “Әдетте ол өз жанұясының тиімді істерімен шұғылданатын, ал намаздың уақыты кірген кезде, намазға шығатын”, - деп жауап берді. Аль-Бухари.


607. Хабар бойынша, Абу Рифаъа Тамим бин Усайд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Бірде мен хұтпа айтып тұрған Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: “Иә Аллаһтың елшісі, шет елдік келіп1, сенен өз дінінің мәнін сұрап жатыр”, - дедім. Бұл сөздерді естіген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөзін бөліп маған бұрылып жақындады. Сосын оған тақтайша әкеліп берді, ол болса оған отырып өзіне Аллаһ үйреткендері жайлы маған айтып үйрете бастады, сосын құтпасына қайта оралып оны аяғына дейін жеткізді. Муслим.



608. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеп болысымен үш саусағын жалайтын. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді:

“Сендерден қайсыларыңның бір бөлік астарың жерге түссе, оны шайтанға жем қылмай қоқымынан тазалап жеп қойсын”, - және ол бізге тостағандарымызды жалап жеуді әмір етіп: “Расында, сендер тамақтарыңның қай бөлігінде игілік жасырынғанын білмейсіңдер”, - деп айтатын. Муслим.
609. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

“Аллаһ қай бір пайғамбарды жібермесін, ол әлбетте қой баққандардан болатын.” Сонда одан сахабалары: “Ал сен ше?”, - деп сұрағанда, ол: “Иә, мен де оны меккеліктер үшін бірнеше каратқа баққанмын1”, - деді. Бухари.


610. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер мені біреу қойдың аяғын жеуге шақырса, мен әлбетте оған барамын, және де егер маған біреу қойдың аяғын сыйласа, оны мен әлбетте қабыл аламын. Аль-Бухари.


611. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аль-Ъабда атты, оны ешбір түйе оза аламаған түйесі болатын, бірақта бір жолы алты жасқа толмаған түйесімен келген бір бәдәуи, ол түйеден озып кетті. Мұсылмандардың бұл жайман қапа болғаны соншалық бұны Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сезіп қалып былай деді: “Бұл дүниеде не жоғары көтерілсе, Аллаһ оны әлбетте төмендетеді.” Аль-Бухари.




72 ТАРАУ

Көкіректік пен даңққұмарлыққа

рұқсатттың жоқтығы жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

“Міне Ахірет жұрты: Оны жер жүзінде өзін-өзі көтеріп, бүліншілік ізденбегендерге нәсіп етеміз. Негізінде соңғы табыс тақуалар үшін.” “Қасас” сүресі, 83 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

“Жер жүзінде дандайсып жүрме….” “Ісра” сүресі, 37 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

“Адамдарға паңсып, қырындама да жерде кердеңдеп жүрме. Расында, Аллаһ бүкіл даңдайсыған мақтаншақты жақсы көрмейді.” “Лұқман” сүресі, 18 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

“Рас Қарұн2 Мұсаның елінен еді де, оларға қарсы келді. Сондай-ақ оған, кілттерін күшті бір топ әрең көтеретін қазыналар берген едік. Сонда оған халқы: “Елірме! Расында, Аллаһ еліргендерді жақсы көрмейді“, - деді. “Аллаһтың саған берген дәулетімен Ахырет жұртын ізде де, дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Аллаһ саған жақсылық еткендей сен де жақсылық істе, сондай-ақ жер жүзінде бүліншілік ізденбе! Аллаһ бұзақыларды сүймейді.” Қарұн: “Шын мәнінде бұл, маған мендегі білімге берілді (баюдың жөнін білуші едім)”, - деді. Негізінде Аллаһтың бұдан бұрын, бұдан да күшті, тобы көп нәсілдерді жоқ еткенін білмеді ме? Күнәкәрләр күнәләрінән сұралмайды (яғни, бәрі жазулы). Ол қауымына сән-салтанат ішінде шықты; дүние тіршілігін қалағандар: «Әттең! Бізге де Қарұнға берілген тәрізді болса, өйткені ол зор ырыс иесі», - деді. Өздеріне білім берілгендер: Аллаһтың сыйлығы, иман келтіріп ізгі іс істегендерге тағы жақсы. Ал оған сабырлылар ғана жетеді», - деді. Ақыр оны да үйін де жерге жұтқыздық. Аллаһтан оған өзге жәрдем етер бір топ болмады әрі оған көмек етілмеді.» “Қасас” сүресі, 76-81 аяттар.


612. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

“Жүрегінде тозаңның түйіріндей көкіректік болған Жәннәтқа кірмейді”, - деген сөзін есітіп бір адам: “Дегенмен адам киімі мен аяқ киімінің әдемі болғанын қалайды емес пе?”, - деді. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: “Расында, Аллаһ сұлу және Ол сұлулықты жақсы көреді, ал көкіректік жайлы айтатын болсақ, онда ол ақиқатты мойындамау және адамдарды менсінбеу”, - деді. Муслим.


613. Хабар бойынша, Амр бин аль-Аква, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көзінше сол қолымен жей бастады, сонда ол: “Оң қолыңмен же!”, - деді. Ол адам: “Жей алмаймын”, - деді, сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Жей алмай қал! Оған көкіректігінен басқа еш нәрсе бөгет жасамайды!”, - деп қалуы мұң еді, ол адам сол кезден бастап (сол) қолын аузына апара алмайтын болды. Муслим.



614. Хабар бойынша, Харис бин Уахб, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерге Отта болатындардан хабар берейін бе? – Ол әр-бір дөрекі, сараң және өр-көкірек. Аль-Бухари, Муслим.



615. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісіің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бірде Тозақ пен Жұмақ бір-бірімен тартысып, Тозақ былай деді: «Менде мейірімсіз және өр-көкірек адамдар болады.» Ал Жұмақ: «Ал менде - әлсіз және кедейлер», - деді. Сонда Аллаһ Тағала былай деп араларына төрешілік айтты: «Иә Жұмақ, расында, сен Менің қалағаныма көрсететін мейірімім боласың, ал сен болсаң, иә Тозақ, Менің қалағаныма көрсететін жазам боласың, және Мен екуіңді де толтыруым керек болады!» Муслим.


616. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахірет күні Аллаһ Тағала, киімін көкіректіктен артынан сүйретіп жүргенге қарамайды. Аль-Бухари, Муслим.


617. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ Тағала Ахіретте үшеумен сөйлеспейді, оларды тазартпайды және оларға қарамайды, олар: зинақор қарт, суайт өтірікші басшы, және көкірек кедей. Муслим.


618. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Құдіретті Аллаһ Тағала айтты: “Даңқ (мәртебе) - Менің белдеме киімім, ал ұлылық – Менің шапаным, ал осылардың бірін кім Менен тартып алғысы келсе, Мен оны азапқа саламын!” Муслим.
619. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Шашы таралған, үстіне ұнайтын киімін киіп бір өр-көкірек адам келе жатты да, кенеттен Аллаһ жарге оны жұтуына әмір берді, енді ол адам Ахірет күніне дейін жерге батумен болады. Аль-Бухари, Муслим.


620. Хабар бойынша, Салам бин аль-Акуа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адам баласы Аллаһтың жанынды (менсінбейтін) асқақшыл деп жазылып, басқалар ұрынған қайғыға ұрынбайынша, өзін жоғарылатуын қоймайды. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.1




73 ТАРАУ

Көркем мінезділік жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

“Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің.” “Қалам” сүресі, 4 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

“…Сондай-ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер…” “Аль-Имран” сүресі, 134 аят.


621. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мінезі тұрғысынан Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдардың ішіндегі ең жақысы еді. Аль-Бухари, Муслим.



622. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алақанынан жұмсақтығына тең келетіндей не жібек, не парша матаны ұстап көрген емеспін және Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бойынан шыққан жұпар иістей иісті еш жерде кездестірген емеспін. Мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, он жыл қызмет еттім, сонда ол маған бірде-бір рет: “Уф! “, - деп айтып көрген емес және мен бір нәрсе істесем: “Мұны неге істедің?”, - деп те айтып көрген емес, және де егер мен бір нәрсе істемесем: “Сен бұны неге істемедің?”, - деп те айтқан емес. Аль-Бухари, Муслим.


623. Хабар бойынша, ас-Саьб бин Жассам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшісіне, оаған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жабайы есекті сыйлағанымда1 ол маған оны қайтарып берді, сонда менің жүзімнен ренжігенімді байқаған ол: “Расында, біз оны саған ихрамда болғандықтан ғана қайтардық2”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.


624. Хабар бойынша, Ан-Нууас бин Симъан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ізгілік және күнә жайлы сұрағанымда, ол маған былай деді: “Ізгілік дегеніміз әдептілік, ал күнә дегеніміз, сенің жан дүниеңді мазалап және оны басқаларға білдірткің келмейтін нәрсе.” Муслим.


625. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, еш уақытта жағымсыз нәрселер жасап және жағымсыз нәрселер айтып көрген емес және ол: “Расында, сендерден ең жақсыларыңа ең жақсы көркем мінез бұйырған”, - деп жиі айтатын.


626. Хабар бойынша, Абдуллаһ бин Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахірет күні мүминнің таразысында көркем мінезден ауыр еш нәрсе болмайды, (өйткені), расында, Аллаһ ұятсыз жаман сөздерді жек көреді. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Сенімді хадис” деп келтіреді.


627. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адам үшін Жәннәтқа кіруге ең көп жәрдем беретін не болатындығы жайлы сұрағанда, ол: “Аллаһ алдындығы қорқыныш пен көркем мінез”, - деді, ал одан адамды Отқа көбінше не итермелейтіндігі жайлы сұрағанда, ол: “Ауыз бен жыныс мүшелері3”, - деді. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Сенімді әрі жақсы хадис” деп келтіреді.


628. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Көркем мінезді мүмин, Иманның ең жоғарғы сатысында болып табылады, ал аралырыңдағы ең жақсыларың болып жұбайларыңмен жақсы қарым-қатынста болғандарың саналады. Бұл хадситі ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.


629. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, көркем мінез адамды әлбетте (үздіксіз) ораза ұстаушылар мен (түнімен) намаз оқушылардың дәрежесіне жеткізеді. Абу Дауд.



630. Хабар бойынша, Абу Умама аль-Бахиль, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен өзініңке рас болса да тартысуды қойған кісі үшін Жәннәттің ауласынан бір үй, ал әзіл болса да өтірік айтуды қойған кісі үшін Жәннәттің ортасынан бір үй, ал көркем мінездіге Жәннәттің ең биігінен бір үй (берілетіндігіне) кепіл боламын. Сенімді хадисті, сәнімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.


631. Хабар бойынша, Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, сендерден маған ең сүйкімді және Ахіретте маған ең жақын болатындарың ол көркем мінезділерің, ал маған ең жағымсыздарың және Ахіретте менен алыстатылатындарың ол әр-бір мылжың /сарсаруна/, мақтаншақ /муташаддикуна/ және сөзқұмарлар /мутафайхикуна/. Сонда адамдар: “Иә Аллаһтың елшісі, біз “мылжың” және “мақтаншақтың” кімдер екенін білеміз, ал “сөз құмарлар” кімдер?”, - деп сұрады. Сонда ол: “(Бұлар) өр-көкіректер”, - деп жауап берді. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.


Сарсар” – ол тым көп сөйлеуші; “муташаддик” – ол әрдайым өз сөзін әдемілеп және сөзінің мәнін көтеріп сөйлеп, адмдарға тіл тигізушілер. “Мутафаихик” сөзі, “факх”, яғни толтырылған деген сөзден шығады; “мутафайхик” – ол өзінің сөзін такаппарлығымен неғұрлым адамдардың көбі біле бермейтін сөздермен толтырып, сол арқылы өзінің үстемдігін көрсеткісі келген адам.

Ат-Тирмизи Абдуллаһ бин аль-Мубарак, оған Аллаһтың рахымы болсын, “көркем мінез” сөзінің мағанасын, былай деп түсіндіргенін жеткізеді:

Бұл адам көркінің көңілділігі, Шариғаттың сауабты істерін орындауды бар күш-жігерін жұмсау және адамдарды ренжітетін істерден аулақта болу.”



74 ТАРАУ

Жуастық, сабырлық және мейірбандық жайлы.
Аллаһ Тағала айтты:

“…олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Аллаһ жақсылық істеушілерді сүйеді.” “Аль-Имран” сүресі, 134 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

“Кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет. Сондай-ақ білместерден бет бұр.” “Ағраф” сүресі, 199 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

“Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл.) Сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді. Бұл қасиет; сабыр еткендерге ғана нәсіп болады. Сондай-ақ бұл сипатқа зор несібелілер ғана ие бола алды.” “Фұссилат” сүресі, 34-35 аят.



Аллаһ Тағала айтты:

“Әрине кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, істердің ең маңыздысы осы.”Шура” сүресі, 43 аят.



632. Хабар бойынша, Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Ашаджж Абд аль-Қайсқа былай деді: “Расында сенде Аллаһ жақсы көретін екі мінез бар олар: жуастық пен сабырлық”. Муслим.


633. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: “Расында, Аллаһ мейірбан, және де Ол бәрінде мейірбандықтың (көрінісін) жақсы көреді”. Аль-Бухари, Муслим.


634. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ мейірбан, Ол мейірбандықты жақсы көреді және мейірбандыққа бергенін қатаңдыққа да және басқа еш нәрсеге де бермейді. Муслим.


635. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мейірбандық, мейірбандық сипаты көрінетіннің бәрін көркемдейді, ал бір нәрсе мейірбандықтан айрылса, онда ол атаусыз қалды (не даңқынан айрылды). Муслим.


636. Хабар бойынша, Абу Хурейра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде, бір бәдәуи мешіттің ішіне кіріп несебін жібере бастаған кезде, адамдар орындарынан оған жабылмақшы болып атып тұрды, бірақта Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оларға: “Оны жайына қойыңдар да оның сиген жеріне бір шелек су құйыңдар, өйткені, расында, сендер қйыншылық жасауға емес, жеңілдік жасауға жіберілдіңдер!”, - деп бұйырды. Аль-Бухари.


637. Хабар бойынша, Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қиыншылық туғызбай, жеңілдетіңдер, адамдарды жирендірмей жақсы хабармен (Исламмен) қуандырыңдар. Муслим.


638. Хабар бойынша, Жарир бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мейірбандықтан құр қалған, толығымен игіліктен де құр қалады. Муслим.


639. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Маған ақыл айтшы”, - деді. Оған ол: “Ашуланба”, - деді. Содан кейін адам өтінішін бірнеше рет қайталаған уақытында Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ашуланба”, - деп айтумен болды. Аль-Бухари.


640. Хабар бойынша, Абу Йаъли Шаддад бин Аус, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ барлық істе мейірбандық көрсетуді бұйырды: егер сендер біреуді өлтіруге мәжбүр болсаңдар, онда оны жақсылап істеуге тырысыңдар1, және де егер құрбан шалатын болсаңдар, оны да жақсылап істеңдер, сондықтан малдарыңды қинамау үшін бәкілеріңді жақсылап қайрап алыңдар. Муцслим.


641. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Қайбір уақытта Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, екі іс ұсынылған болса ол әрдайым күнәсі болмаса жеңілін қалайтын, ал егер оның күнәсі болса, онда ол адамдардың ішіндегі одан ең алшақтаушысы болатын. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзі үшін еш уақытта кек алмайтын, ал егер Аллаһ Тағаланың харам еткен нәрселері орындалса, онда ол Аллаһ Тағала үшін кек алатын. Аль-Бухари, Муслим.


642. Хабар бойынша, Абу Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Седерге кімнің Отқа харам болатынын /…не кімге От харам болатындығы/ жайлы хабар берейін бе? Отқа харам болатын әр-бір жақын, жұмсақ және жеңіл2. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.





жүктеу 12,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау