Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



жүктеу 10,1 Mb.
бет22/26
Дата14.05.2018
өлшемі10,1 Mb.
#13083
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Болжалды шарт бағыныңқы. Шартты бағыныңқы сөйлемнің бұл түрінде қойылған шарт реалды түрде болады, бірақ оның орындалуы не орындалмауы әлі белгісіз, тек болжалды түрде ғана көрініп тұрады. Сондықтан да мұндай сөйлем кейде мүмкіндікті шарт бағыныңқы деп те атала береді. Мына бір сөйлемді талдап қа-райық: Егер осы ойларды і с к е а с ы р а а л с а, «Кеңтоғай» кол-хозы лезде бұрқырап ө с і п к е т у г е т и і с т і (Мұқанов). Бұл сөйлемдегі уақиға, әрекеттің болымдылық нәтижесі әлі тек болжалды түрде ғана берілген. Оның (уақиға, әрекеттің) орындалмай қалуы да мүмкін. Ал, мұнда бұл құбылыстың орындалуы үшін ойлардың іске асырылуы қажет. Ойлар іске асырылса, сөз жоқ, «Кеңтоғай» колхозы өркендейді. Бұл тәрізді болжалды шарт бағыныңқы сөйлемдердің басыңқысының құрамында кейде мүмкін, тиіс модаль сөздері айтылады. Жоғарыда келтірілген сөйлемнің басыңқысының баяндауышы тиісті модаль сөзімен тіркесе жұмсалып тұр. Болжалды шарт бағыныңқы сөйлемде уақиға, әрекеттің орындалуы күмән түрінде беріле-тіндіктен, тюркологияда мұны реалды мен ирреалды шарт бағыныңқылардың аралығында қарайды.

Болжалды шарт бағыныңқыда екі жақ компоненттің баяндауыш- тары да келер шақта айтылады. Бұл түсінікті де, өйткені болжалды шарт бағыныңқыда айтушы адамның бір нәрсе жайында қалау-тілегі арман, ойы, түрліше көңіл-күйі, шамалау, топшылауы т. б. сезімдік әсерлері баяндалып отырылады. Мұндай модальдық белгілер өз көрінісін тек келер шақтық ұғымнан ғана таба алады. Ал, келер шақта баяндалу бұл сөйлемдердің болжалдылығын айқындайды.

Бағыныңқы сөйлемнің осы түрі, негізінен, болжау мағынасында айтылғанмен, мұның өз ара бір-бірінен іштей аз да болса модальдық белгілері болады. Бұл модальдық белгілер бүтіндей сөйлемнің мазмұны және басыңқы сөйлем баяндауышының жасалу жолдары арқылы танылады.



Қос қанат құсқа біткен маған бітсе, Барар ем қалқа жанға , әлденеше (Сейфуллин). Менің еркіме салса, мұның бәрін қойып майданға кетер ем... (Мұқанов). Шіркін, күріш ексең , қандай тұнып шығар еді! (Мұқанов). Дауылды күні ылайланған суық жайқын көбік атып толқын ұрса, ортасында кішкентай көк жасыл арал қандай көз тартар еді (Әуезов). Егер он бес мыңдай кісі жиналса, бірінші кезектің жер қазу жұмысын осы екі айда бітіріп кетуі мүмкін (Мұқанов).

Е, тәңір-ау, осы жолы итті қан-қан қылып кетсем, арманы болмас еді! (Сейфуллин). Бір көріп сөйлесіп, жаным шығарда «Шұ- ғам!» деп бетіме бетін тигізсе, бар арманым бітіп, дүниеден армансьш өтер едім (Майлин). Осындай жап-жас адам осы күннен жаманшылық етсе, қылмысқа үйренсе, мұның келешегі кім болады? (Әуезов).

Бұл мысалдардағы шарт арман, қалау-тілек, шамалау-топшылау және күман мәндерімен ұштаса келген.
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Бағыныңқы компоненті басыңқы сөйлемдегі оқиға мазмұнына қарама-қарсы мағыналық қатынаста келетін сөйлемдер қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады.

Патша жер жүзіне жасауылдарын таратып қанша і з д е т с е д е, мұңсыз адам табылмады (Алтынсарин). Бұл сөйлемнің синтаксистік компоненттері арасындағы мағыналық байланыс бағы-

202
ныңқылардың басңа түрлеріндегідей емес, мұнда оқиға желісі бірін-бірі толықтап сипаттап тұрған жоқ, керісінше, бір-біріне қарама-қар-сы мәнде айтылған. Жоғарыдағы сөйлемнің алғашқы компонентінде патшаның әрекеттенгендігі хабарланса, соңғысында — сол әрекет-терінің іске аспағандығы баяндалады.

Құрылысы жағынан кейбір жай сөйлемдер қарсылықты бағы-ныңқыға ұқсас болып келеді. Бұл, әсіресе, — са да түрінде қолданылған сөзі бар жай сөйлемдерде болады. Ондай сөздер тобы, көбінесе, қайда болса да, қашан болса да, қандай болса да, сондай болса да, болмаса да, не жазса да т. б. тұрақты тіркес түрлерінде қолданылады. Маңдайыма н е ж а з с а д а осы үйден күтіп алам (Мұқанов). — Қайда б о л с а да өзіміздің бөлім емес пе дей салды. Қ ай же р б о л с а д а осы үйге бір соқпай кетпейді (Мұстафин).

Сонымен қатар, құрамында түгіл, былай тұрсын тәрізді сөздері бар сөйлемдер де мағыналық жақтан қарсылықты бағыныңқыға ұқ-сайды. Алайда құрылысы жағынан мұндай сөйлемдер жай сөйлем-дердің қатарына қосылады. Өйткені бұлар бағыныңқының өзіне тән белгілеріне жауап бере алмайды. Түгіл шылауы мен былай тұрсын сөзі бірде мақсатты келер шақ тұлғасындағы сөздермен, бірде есім сөздермен тіркесе айтылады.



Сені еркелетпек түгіл, өз басын көтере алмай жатыр (Майлин). Жарқын сияқтылар келеке е т п е к т ү г і л, мұның алдында жымдай болып жүрер еді (Иманжанов). Мен елге а й т у т ү г і л, есіме алуға қорқамын (Мүсірепов). Қ о с у б ы л а й т ұ р с ы н, жақының қайда екенін де маған әлі күнге дейін айтпай жүр (Фольк.).

Тюркологиялық әдебиеттердің көпшілігінде сөз қылып отырған бағыныңқыны шарттының бір түрі деп қарайды. Бұған дәлелдері қарсылықты бағыныңқы сөйлем етістіктің шартты рай тұлғасынан кейін да дәнекері келуі арқылы жасалады деулері болса керек.

Қазақ тілінің өзіндік фактілері қарсылықты бағыныңқыны шарттының бір түрі деп қарауға болмайтынын дәлелдейді, өйткені мұның жасалу жолдары тек бір-екі түрмен ғана шектелмей, басқа ба-ғыныңқылардай, әр алуан болып келеді. Олар төмендегіше: шартты райлы етістік, есімше және көсемше арқылы. Әрқайсысы баяндауыш тұлғасының құбылуына қарай өз ара бірнеше жолдарға бөлінеді.

I. Шартты рай тұлғасы арқылы құрмаласу. Бұл жолдың өзін екіге бөлуге болады:

1) Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің шартты рай тұлғасында (-са/-се) тұрады.

Бірақ онысын кейбіреулер мазақ қылса, Омар ол мазаққа түсін-бейтін еді (Сейфуллин). Абай бұл пішенді «шаппа» деп бұйырса, әкем «шап!» деп бүйырып, мені әдейі осы пішен үшін қалдырып кетті (Әуезов). Майысса да сынбайтьін болат п а д е с е м, морт кетер шойын екен ғой (Мұстафин).

Бұлардың бір-бірімен байланысу амалы — бағыныңқының баян-дауышы шартты рай тұлғасында келуі арқылы больш тұр. Ал, мағы-налық жақтан әрбір құрмаластың құрамындағы екі жай сөйлем бір-біріңе қарама-қарсы қойылған.

Қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің осы жолын бұрыннан айқын-далған -са да, -ғанмен түрлерімен өзгертіп айта беруге болады.

Оның өткір тілінен біреу сескенсе, [сескенсе д е, с е с к е н г е н - м е н] біреудің мейірі қанып отырады (Мұстафин).

2) Шартты райлы етістікке да (де. та, те) дәнекерлігі қосылады. Отқа салып ерітсең де, алтын сірә жез болмас; аяққа шұлғау-

203
қылсаң д а, асыл жібек бөз болмас (Әуезов). Раушан сол орнында о т ы р а б е р е м д е с е д е, болмай столдың басына шақырды (Майлин). Көрмесем д е, к ө р с е м д е, Көңілім сенен айрылмас (Абай).

да дәнекерлігі кейде қолданылудан қалып бара жатқан дағы формасында да кездеседі. Мұндайда ол, кебінесе, өлеңді сөйлемдері буын құрылысының ұйқас келуі үшін қолданылады.
Қаншама дұшпан қамалап т ұ р с а д а ғ ы,

Сырдың суы келмейді жұлығымнан (Мұканов).

Қаншама зейіндімін д е с е ң д а ғы

Көп жәйт болады екен уға алмаған (Аманжолов).
Шартты райлы етістікке да дәнекерлігі қосылу арқылы жасал- ған бұл жол — ең көне, әріден келе жатқан жол. Ертеде жазылған туркі тілдерінің грамматикаларында қарсылықты бағыныңқының жасалуынан тек осы жол ғана көрсетілген. Қазіргі әдеби тілімізде бұл жол өте жиі ұшырайды.

Әдетте да дәнекері шартты райлы етістік баяндауыштан келеді. Кейде мұның бағыныңқы сөйлем баяндауышынан бұрын келетіні де байқалады. Бұл, біріншіден, бағыныңқы сөйлем баяндаушының құрамында «бол» етістігінің болуына, екіншіден, да дәнекерлігінің өзінен бұрын тұрған негізгі мүшені айқындап, анықтап, күшейте түсуімен байланысты болса керек.



Қанша малы көп те болса, қанағаты жоқ кісі байлыққа жеттім деп тоймайды (Алтынсарин). Оқ у а у ы р д а б о л са, оқытушы мен оқушылар күлісіп, желпінісіп алды. (Мұстафин).

II. Есімше арқылы құрмаласу. Бағыныңқы сөйлем баяндауы-шы етістіктің -ған тұлғалы есімше түрімен беріледі. Ол к ө м е к - т е с септік жалғауында (ған + мен) тұрады. Бұл түр — есімшелі қарсылықты бағыныңқының тілімізде ең көп қолданылатын түрі.

Арыстан айға шауып м е р т болғанмен, артында жортқан баласы арыстандық етпей қоймас. Ақ сұңқар ауға, шырмаған- мен, ұясынан ұшқан балапаны сұңқарлық етпей қоймас!- деген қазақ неткен дана (Әуезов). Немістер ожар қимылдап, ілгері басып келе жатқанымен, артына қарайлауы да аз емес (Мұстафин).

III. Көсемше арқылы құрмаласу. Қарсылықты бағыныңқы сөйлем баяндауышының бұл жолы әрдайым күрделі келеді де, көсемшенің -а, -е жұрнағы оларға бірдей жалғанып отырады.



Әкесінің рұқсаты бо л а тұра, Гүлнар Байжанды осы Мар-фуғаның сөзіне қарап үйіне түсірмеді. Кейбір сұраулары бола тұра, Сырбайдың Масақбай туралы айтқан сөздерін Естай бөлген жоқ (Мұқанов).

* * *
Қарсылықты бағыныңқы сөйлемдердің мағыналық ара қатынас- тары, негізінде, бір-біріне қайшы мәндес болғанмен, олардағы оки-

ға әрекеттің орындалу, орындалмау нәтижесі әр сапада болып оты- рады. Кейбір қарсылықты бағыныңқы сөйлемдердің екі компонен-тінде де оқиға, болмыстың орындалғаны көрсетілсе, енді біреуле-рінде, керісінше, орындалмағаны көрсетіледі. Енді бір сөйлемдердің бағыныңқысында қимыл процесінің болғандығы байқалса, басыңқысында қимыл өрісі, әрекет теріске шығарылады; ал қайсыбірлерінде ар мағына қатынасы керісінше болады: бағының-қыда оқиға, болмыс орындалмайды да, басыңқысында оқиға, іс жүзеге асырылады.

Мұндай қарама-қарсылықтың (болымды-болымсыз) аутықып отыру түйіні, негізінде, басыңқы сөйлемде айқындалады, сондықтан

204
да басыңқы сөйлем оқиға, әрекеттің болу процесіндегі ой түйінін ұйымдастырушы орталығы болып есептеледі. Қарсылықты бағыныңқы сөйлемдердің бірінде оқиға, әрекеттің орындалмауын, бірінде орындалуын ондағы басыңқылардан ажырататынымыз да осыдан.

Осы айтылғандарға сәйкес, қарсылықты бағыныңқы сөйлемдерді мағыналық қарым-қатынастары жақтарынан шартты түрде өз ара екі топқа бөлуге болады: р е а л д ы (болымды) қарсылықты бағы-ныңкы, ирреалды (болымсыз) қарсылықты бағыныңқы,

I. Р е а л д ы қ а р с ы л ы қ т ы б а ғ ы н ы ң қ ы. Қарсылықты бағыныңқының бұл түрінде қайшыласа айтылған мазмұндағы оқиға желісінің орыңдалғаны немесе орындалып жатқаны баяндалынады. Бұл ретте олардың синтаксистік компоненттерінің аралық қарым-қа-тынасы төмендегіше болады. Бірінде сөйлемдердің екі жақ компо-ненттерінде де белгілі бір оқиғаның, амалдың болғандығы, орындал-ғаны үш жақтың бірінде байқалады, сондықтан да олардың (компоненттердің) баяндауыштары етістіктің болымды түрімен беріледі. Алайда мағыналық жақтан ол екі компонент бір-біріне қарама-қарсы тұрады.

Мұндай сөйлемдердің екі жақ (бағыныңқы, басыңқы) баяндауыш-тары тұлғалық жағынан өз ара былайша түрленіп отырады.

Б а ғ ы н ы ң қ ы компоненттің баяндауышы жоғарыда талданған барлық жолдармен келе алады да, б а с ы ң қ ы н і к і, негізінен алғанда, былайша беріліп отырылады: етістіктің н а қ о с ы ш а қ түрі, ауыспалы осы шақ, жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, еді, екен түріндегі көмекші етістік есім сөздермен тіркесе айтылады және е с і м сөзден болады.

Мына жердегі тобын үркітіп қ у ы п жүрсе, әне жердегі то-бы егінге қ о н ы п ж а т а д ы (Мұқанов). Қанша ашу ш а қ ы р-д ы м д е с е д е, Жәуке т ы ң д а п о т ы р осы әнді (Майлин). Олардың қолдары байлаулы, мойындары бұғаулы болғанмен, өз жерлерінің үстінде н ы қ б а с а д ы (Талжанов).

Бұл Құрымбайдың ойынша жай әңгіме болғанмен, колхоз жастары үшін бағалы б а я н д а м а е д і (Майлин). Бойың көкке ж е т с е д е, ойың әлі қ ы с қ а е к е н (Әбішев).

Қарсылықты бағыныңқының осы түрінде мынадай да құбылыс байқалады. Кейде бағыныңқы сөйлемде іс-әрекет орындалмайды да, басыңқыда — орындалады. Басқаша айтқанда, бағыныңқы сөйлемдегі оқиға басыңқыдағы амалға болымсыз түрде қарсы қойыла айтылса да, басыңқы сөйлемдегі қимыл, әрекет жүзеге асырылады. Осыдан барып сөйлемнің түпкі мазмұнынан нысанаға алынған іс-әрекеттін орындалғанын байқаймыз. Мұндайда бағы-ныңқының баяндауышы әрдайым етістіктің болымсыз түрімен беріледі де, басыңқынікі — болымды түрінде келеді. Бұл ретте реалды қарсылықты б а ғ ы н ы ң қ ы сөйлемнің б а я н д а у ы ш ы, көбінесе, да дәнекерлігімен қосыла айтылған б о л ы м с ы з түрдегі етістіктің шартты рай тұлғасы (бар+ма + са да) мен есімшенің --ған+мен түрінде келеді. Ал, б а с ы ң қ ы н ы ң б а я н д а у ы ш ы, жоғарыдағыдай, етістіктің нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ, жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ түрлерінде жұмсалады. Сонымен қатар, еді көмекші етістігі есім сөздермен тіркесе айтылады немесе е с і м сөзінің өзімен-ақ беріледі.

... аяқ кезде көзде жас болмаса да, өтірік анда-санда бір 6 а қ ы-ры п қойып ж а т ы р. Өңі-түстерін танымаса д а, бойлар көрінген соң амандасу басталды (Әуезов). Алдағы Айбаршаға Дәулеттің көзі тез жетпегенмен, көңілі тез-ақ ж е т т і. Күн әлі ж ы л ы н ы п б о л м а ғ а н м е н, бұл кезде Сыр өлкесінің жұқа қары еріп, ж е р қарауытып қ а л ғ а н (Мұқанов).

205
II. И р р е а л д ы қ а р с ы л ы қ т ы б а ғ ы н ы ң қ ы. Қарсы-

лықты сабақтастың бұл түрінде бағыныңқы сөйлемде іс орындаушы адамның бір нәрсе, жағдай үшін әрекеттенгендігі, істі орындағаны байқалса, басыңқы сөйлемде сол әрекет, уақиға орындалмай, теріске шығарылады. Осыдан барып сөйлемнің түпкі мазмұнынан ойға алынған қимыл, әрекеттің іс жүзіне аспағандығын аңғарамыз. Бұл ретті бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің болымды түрімен беріледі де, басыңқынікі болымсыз түрде және емес, жоқ сөздерімен тіркесе айтылады.

Мұндай ирреалды қарсылықты сөйлемнің б а ғ ы н ы ң қ ы жа- ғының баяндауышы жоғарыда талданған барлық жолдармен келе алады да, басыңқынікі келер шақты есімшенің б о л ы м с ы з (-мас) түрі, етістіктің нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ, жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ түрлерімен беріледі. Сонымен қатар, басыңқы-ның болымсыздық мәндегі емес, жоқ көмекші баяндауыштары есім, есімше сөздерімен тіркесе айтылады немесе негізгі баяндауыш болымсыздық мәндегі сыз, –сіз, косымшасын жалғайды.



Мен а й т с а м, қарысып тыңдамайды (Майлин). Шешелері 6 ұ ғ а н біресе қымыз, біресе тоңазыған ет, біресе шай ұсынып т ы қ п а л а й б е р с е д е, баланың бойына ас батпады (Әуезов). Қанша қапшық ү й с е д е, бір толмайды сарайы. Сырбай қанша б а с т ы р м а л а т қ а н м е н, Дәулет өз сөзінен тынбайды (Мұқанов). Түн әзір тыныш болғанмен, ешкім ұйықтамапты (Мүсірепов). Кейде ондай танаптар б о л а тұра, жерінің топырағы қолайлы келмейді (Мұқанов).

Абылғазының қолындағы Жиреншенің құсы тіленіп т а л п ы н - с а д а, Жиренше оны жіберткен ж о қ. Үш болысқа бұл кесік ө р е с к е л тәрізденгенмен, олар амалсыз, титығы құрып үнсіз қалды (Әуезов).

Жоғарыдағы сөйлемдердің бағыныңқы жақ компоненттерінде белгілі бір субъект тарапынан оқиға, болмыстың орындалғаны (әрине, ол басыңқыда теріске шығарылады) байқалып тұр. Кейде осы тәріздес сөйлемдердің бағыныңқыларында іс, әрекеттің әлі болмағандығы, тек субъектінің соны орындауға жаңа да бет бұрған-дығы білініп тұрады. Мұндайда бағыныңқының көмекші баяндауышы түрінде келіп отырады.



Аламан кемпірді мінгестіру үшін қасына к е л е й і н д е с е, астындағы аты пысқырып жолатпады (Фольк.). Дәулеткелді бір- д е м е д е й і н д е с е, кемпір аузын ашырмай ақырып сөйлет-пеі ді (Әуезов). Анатолий қызды іздеп барып түсінісейін д е с е, директор ұ л ы қ с а т бермейді. Кейбір күндері құлағыңды шымшитын аязына қарап, Сібірдің қысына ұқсатайын д е - с е ң, жерді жауып жатқан қалың қары болмайды (Мұқанов).
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемде бағыныңқы сыңар ба- сыңқыда айтылған ойдың мезгілін білдіріп, ондағы орындалған не орындалып жатқан уақиға болмысын уақыт кезеңі жағынан айқын-дап тұрады. Бұл ретте бағыныңқы компоненттің өн бойында болатын мезгілдік ұғымның дәрежесі біркелкі бола бермейді.

Мезгіл бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы, негізінде, мынадай жолдармен жасалады: есімше, көсемше, шартты рай және қимыл есімдері арқылы.

206
1. Есімше арқылы құрмаласу. Мұның өзі түрліше формалық құбылыстармен былайша өзгереді:

1) -ған формантты есімше жатыс септігінде келеді. Бұл жол — әдеби тілімізде әбден қалыптасқан және кең қолданылатын көне тә-сілдің бірі.



Керекуде Құнанбай үш-төрт күн а я л қ ы л ғ а н д а, шапраш Майыр қуып жетті (Әуезов).

Әйелдің әкім болғанын ерсі көріп ауылы күңкілдеп о т ы р ғ а н- д а, Дәмесін қайта жақсы көрген пішін көрсетумен болды. Біз күн ұзаққа маңдайымыздан тер сыпырып жүріп кесіп і с т е г е н і - м і з д е, әлгі тегін ет жегендер ауыл қыдырып бос жүреді (Майлин). Ұйтқыбек Сейфулланың сәлемін айтқанда, Има Мұса жылы ұшырай жымиды (Талжанов).

Кейде есімшелі баяндауыштан кейін тежеу мәніндегі ғана демеу-лігі қосылып айтылады: Қолында фонары бар станция күзетшісі етігін тырпылдатып алдағы паровозға қарай жүгіріп ө т к е н д е- ғ а н а, арттағы вагонның есігі жай ашылып, мылтық асынған кезекші баспалдаққа шықты (Айтматов).

2) А т а у түріндегі есімше кезде, шақта, соң, сайын т. б. демеу-лерімен бірге қолданылады.

Сырбай звеносына жақындаған к е з д е, қалың шеңгелдіц арасынан олардың көзіне даусы гүрілдеген трактор шалынды. Ақы-ры қар жапалақтап жауып ж а т қ а н к е з д е, Болатбайдың үйі еліне көшті (Мұқанов). Күн найза бойы көтерілген ш а қ т а, алыстан атылған зеңбірік даусы да естілді (Ғабдуллин). Сол қызу ө р л е г е н с а й ы н, сандырақ молайып, көбінше есін білмей жат-ты (Әуезов). Жылқы су ішіп б о л ғ а н с о ң, құдық қасындағылар желі басына келді (Мұстафин).

Кейде болған соң тәріздес баяндауыш шектік мағынасындағы ғана демеулігімен тіркесе айтылады.



Тек Әйгерім араласқан с о ң ғ а н а, жоқтау өзінің үнін тапқандай. Бар елубасы өтіп болған соң ғана, начальник орнынан тұрды (Әуезов).

-ғана соң түріндегі кейбір сөйлемдер мағыналық жақтан себеп бағыныңқы да болып келеді.

3) -ған тұлғалы есімше -ша жұрнағымен қосылып айтылады. Ұлжан ауылына к е л і п жеткенше, барлық үйлер тігіліп



болды. Осымен аялдаған Ақылбай, Әзімбайлар елге қарай ж ө н е л- г е н ш е, қоста бөгеліп қалыпты (Әуезов). Олар машинаға ж е т - к е н ш е, түйе құлаған орнынан түрегелді... Рахмет Ленинградқа сыйлықты а п а р ы п қайтқанша, бұл жұмысты бітіруге прокурор уәде берді (Мұқанов).

Кейде -ғанша формалы баяндауыштан кейін болған жоқ сөздері қосылып айтылады. Мұндайда бағыныңқы компоненттегі іс-әре-кеттің жаңа да ғана басталып, аяқталмай қалғандығы белгілі болып тұрады.



Есенқұл жауап қ а т қ а н ш а б о л ғ а н ж о қ, жаңағы жүк ма-шинаға да жеттік. Дәуір Айдарлыдан дәрігер жеткізуге құдіреті жетпейтіндігін а й т ы п ү л г е р г е н ш е б о л ғ а н ж о қ, басында жүні сыртына шыққан шоқпыт тымағы бар, бурыл сақалды, имиген қара сұр адам күркеден шыға келді (Әбішев).

4) Барыс жалғаулы есімше дейін, шейін демеулерімен тір-кеседі.



Олар бөктер айналып жеткенге д е й і н, мына төтесімен сіздер де барып қаласыздар. Жүргіншілер әбден көзден таса б о л ғ а н - ғ а ш е й і н, бұлар арттарынан қарап тұрды (Әуезов).

207
5) Есімше шығыс жалғауында тұрады да, кейін, соң, бері демеу- лерімен қабаттаса айтылады.



Раушан ауылнай болып сайланғаннан к е й і н, Тасыбек елдің бас көтерерлері... Раушанның ауылнайлығын әнгіме қылысып еді (Майлин). Өзге кеменің адамдары тарағаннан к е й і н, бұл кеменің адамдары. Рахметті ортаға ала асқа отырды. ...Шешем қылта- мақтан ө л г е н н е н б е р і, мен адам баласының өмірін мезгілсіз суалдыратын сырқаттың бәріне өшпін (Мұқанов).

6) -ар формантты есімше жатыс септігінде келеді: Сол той тарқап, жеккен пар аттың тарантасына Айбарша м і н е р д е, ауыл адамдары жапырласа қолдасып амандасты (Мұқанов). Екі қабат үіңдің жоғарғысына көтерілерде, Боцай бэрін жинап өз қолына алды (Мұстафин).

2. Көсемше арқылы құрмаласу. Көсемшенің барлық жолдары да мезгіл бағыныңқылы сөйлемді жасай алады.

а) -п формантты көсемше:



Таң атып, үйге сәуле кіре бастады. Мәжіліс а ш ы л ы п, сөз округтен келген өкілге берілді (Майлин). Мұрат шығып үлгермей ж а т ы п, вагонға Ержан кірді (Ахтанов).

Бұл жол мезгіл бағыныңқыда өте сирек қолданылады.

ә) а, -е, (ма) -й тұлғалы көсемше:

Шай ж и ы л а б е р е, Абай жастыққа құлай түсті (Әуезов). Ай- барша тысқа ш ы ғ а, Масақбай Дәулеттің хатын оқуға кірісті. Күндер ө т е к е л е, Тыртықтың өрепкіген жүрегі бәсеңдей бастады (Мұқанов). Колхоз бастығы Нұртаза к е л е, жиналған жұрт жайғасып отыра бастады, (Мүсірепов). Біз Екібастұзбен т а н ы с ы п ү л г е р м е й, күн райы бұзыла бастады (Мұқанов). Гүлжан қақпадан ш ы ғ ы п үлгермей, оған қарсы Шолпан кіріп келе жатты (Есенжолов).

б) -ғалы тұлғалы көсемше:



Енді біразда үй ішіне үлкен сар тегенге толы қымыз келіп, ас- жаулық, ж а й ы л ғ а л ы, жиын жүздері жадырай бастап еді (Әуезов). Өйткені жолаушылар осы поселкеге кеп Дәулеттің үйіне т ү с к е л і, мана жолда кездестірген тарсыл-күрсіл үдемесе бәсеңдегең жоқ (Мұқанов). Марияш к е л г е л і, совхоздың егін шаруашылығына да осындай жаңалықтар еніп жатыр (Мұстафин). Жұмбақ қарт к е т к е л і, мен ешкіммен сөйлескенім жоқ (Әбішев).

3. Қимыл есімдері арқылы құрмаласу. Мұндайда бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің -ысымен, -ісімен тұлғасы арқылы беріледі.



Ол Қарашолақ қосқа кірісімен, Абылғазыны ақырын түртіп қойып, құсқа қарай ымдаған. Бұның үні ш ы ғ ы с ы м е н, Құ- нанбай бастаған үлкендер аса бір ден қойып, зор ілтипатпен тың- дады. Құран оқу басталысымен, Құнанбай басын төмен салып мүлгіп, жалғыз көзін жұма түсті (Әуезов).

4. ІПартты рай тұлғасы арқылы құрмаласу. –са/-се тұлғасы мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем жасауда да актив роль атқарады.



Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қ а р а с а, күлдіреу ішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі (Фольк.)| Екеуі биікке шыға к е л с е, біреу үйілген топырақтардың арасымен еңкеңдеп қашып барады екен (Мұқанов). Көзімді ашып алдыңғы жақ қ а қ а р а с а м, екі адам қарауытып тұр екен (Мүсірепов).

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің синтаксистік компо- ненттері арасында болатын мезгілдік ұғым дәрежесі әр түрде құбы- лып отырады. Бірінде екі жақта (бағыныңқы, басыңқы) баяндалған

208
оқиға барысы бір мезгілде орындалып жатса, енді бір сөйлемдерде олардың мезгіл мөлшері бір кезеңде болмай, әр уақытта жүзеге асы-рылады. Атап айтсақ, бағыныңқыда хабарланған ойдан басыңқыда-ғы қимылдың, немесе керісінше — басыңқыдағы ойдан бағыныңқы-дағы хабардың бұрын орындалатыны кездеседі. Енді бірде екі жаң компонентте де қимылдың орындалып жатқаны баяндалады, алайда біреуінде сол қимыл бұрын не соң орындалатын болады. Мезгіл ба-ғыныңқылардың өн бойында болатын осындай заңдылықтарды ескерсек, оларды сол мезгіл мәндерінің ерекшеліктеріне қарай өз ара саралауға болады. Бұл ретте мезгіл бағыныңқылар жалпы екі үлкен топқа бөлінеді: бір мезгілдес және әр мезгілдес бағыныңқы сөйлемдер. Соңғысы өз ара бірнеше жікке ажыратылады.

I. Бірмезгілдес бағыныңқы сөйлемдер. Мұндай сөйлемдердің синтаксистік компоненттерінде баяндалатын қимыл, әрекет бір мезгілде, бірінен соң бірі іле орындалып жатады. Осыған орай олардың баяндауыш формалары да өз ара үйлесіп, түрленіп отырады. Бұл мәндегі сөйлемнің бағыныңқысының баяндауышы, кө-бінесе, -ған формантты есімшенің жатыс септігінде, атау түрі-мен мезгіл мәнді сөздердің тіркесе айтылуы және -а формантты көсемшемен келеді. Мезгіл бағыныңқы сөйлемнің осы түрінде хабарланған қимыл, әрекет орындалған болады не орындалып жатады. Мұны жоғарыда атап өткен бағыныңқы компонент баяндауышының берілу жолдары да айқындап тұрады. Бағыныңқыдағы осындай орындалып жатқан не орындалған оқиға барысына сәйкес басыңқының да баяндауышы соған сай мезгілдес келеді. Осыдан барып, өз ара желістік, уақиғалар орындалуының бір мезгілдес процесі айқындалады. Мұндай процесс басыңқы сөйлем баяндауышының өткен шақ формаларының бірінде не а у ы с п а- л ы о с ы ш а қ т а тұруымен белгілі болады.



Ертеңінде Абайлар аңға шыққанда, Жиренше мен Абылғазы е р е шықты (Әуезов). Бұл кеңесті ұзақ айтқанда, секретарьдың көзі Байжан мен Рахметке кезек қ а р а п о т ы р д ы (Мұқанов). Түйілген саусақ сандыққа т и г е н д е, қақпағы сарт а ш ы л д ы (Майлин). Қыз алға түсіп а я ң д а й бергенде, Кендебай алмасын с е р м е п к е п қ а л а д ы (Фольк.). Көкшеден Әмірді Ызғүтты а л ы п жөнелгенде, Байтас Абайға кісі шаптырған (Әуезов). Бүгін өзі ұ йықтап жатқанда, қалтасынан кілтін ұ р л а п а л ы п т ы (Дөнентаев). Таң қараңғысы б о л ғ ан к е з д е, Сақа сыртқа

ш ы ғ а д ы (Фольк.).

Мезгіл бағыныңқыдағы бір мезгілдестік ұғым тек болған не бо-лып жатқан уақиға көріністерінде болып қана қоймайды, кейде әлі орындалмаған, келер шақта баяндалған хабардан да орын алады. Мұндайда бағыныңқы компоненттің баяндауышы есімшенің -ғанша түрінде, ал басыңқынікі — келер шақтық -ар формантты есімшемен және етістіктің бұйрық райында келеді.



Орыс жұмыскерлерінің күні біткенше, осындай жұмыстарға ауыстырған дұрыс б о л а р (Мүсірепов). Тегінде, пәтер т а б ы л- ғ а н ш а, біздің үйде б о л а тұрарсың (Иманжанов). — Балам сен, басқа үйлердің малдары төлдегенше, жақұтты боп өзге үйлерге жуымай-ақ қой, осында тұра бер... (Мұқанов).

II. Әр мезгілдес бағыныңқы сөйлемдер. Баяндалатын оқиға мазмұны мезгілдік жағынан әр мезгілде жүзеге асады. Мәселен, бағыныңқы компонентте қимыл әлі орындалмаса да, басыңқыда — ол орындалып жатады не болмаса орындалып қояды; енді бірде керісінше болады: басыңқыдағы хабардан бағыныңқыда айтылған ой бұрын орындалады. Кейде екі жақ компоненте де баяндалған

209
оқиға желісінің мазмұны осы не өткен шақта хабарланады, алайда олардағы мезгілдік дәреже де біркелкі болмайды: бірінде сәл де болса бұрын не ерте орындалып қойылады да, екіншісінде — кейін болғаны байқалады. Сөйтіп, осы топтағы сөйлем компоненттерінің өн бойындағы оқиға желісінің мезгіл дәрежесі әр кезеңнің төңірегінде болады да, уақыт жағынан бірін-бірі айқындап тұрады. Әр мезгілдес кезеңге сай осы топтағы мезгіл бағыныңқы сөйлемдер өз ара бірнеше түрге ажыратылады. Олардың ең бастылары мыналар:

1) Бағыныңқыда іс әлі орындалмайды да, басыңқыда оның бол- ғандығы байқалады. Мұндайда алғашқы компоненттің баяндауышы есімшенің -ғанша, -ар(+да) түрлерінен болады да, басыңқынікі-өткен шақтық не ауыспалы осы шақтық тұлғалармен беріледі.



Қашан Ревякин келіп жариялағанша, өзі ұрлықтан ұсталғандай қ ы с ы л а д ы д а ж ү р е д і (Мүсірепов). Шипың торы орнынан қозғалғанша, жылпың көк жорғалап барады (Мұстафин). Абайлар а т т а н а р к е з д е, Қаратай тысқа ш ы ғ ы п к е т к е н-д і (Әуезов). Торғайдағы жеті жылдықты бітірген Айбарша Қабан-дыдағы орта мектепке аттанарда, Дәметкеп бір қойын сойып той ж а с а д ы (Мұқанов).

2) Бағыныңқыдағы іс жаңа да басталып келе жатады, оның аяқ- талуына қарамастан басыңқыдағы қимыл орындалып қояды. Сон-дықтан да бағыныңқының баяндауышы осындай мәндік кезеңге сай ала берем дегенде, тұрайын деп ұмтылғанда, алғалы жатқанда тәрізді құрылыста келіп отырады.



Ол жөнделіп әңгімесін тағы бастай б е р е м д е г е н д е, зың-қылдаған бір дауыс құлаққа сап етті. Бәкеннің төнгенінен сес- кеніп Жақсылық бала кейін шегіне б е р е м д е г е н д е, Бәкен оған оқша атылып ж а б ы с а түсті. Тысқа шығып бір-екі аттап жү р е б е р е м д е г енд е, жапырайған қорасының құлап жатқан бұрышы көзіне ш а л ы н д ы (Майлин). Байтас пен Жұмабай тақай бергенде, Абай да қасына к е п қ а л ы п е д і (Әуезов). Төніп келіп Қалиды. с ү й е й і н д е п ұмтылғанда, көзі Мақыштың көзіне тү с і п к е т т і. Шәйді жаңа алдына а л ғ а- л ы ж а т қ а н д а, ауылнайдың кішкене баласы к е л і п к і р д і (Майлин).

Сонымен қатар, бағыныңқының баяндауышы есімшенің -ған + ша түрімен де беріледі. Бұл ретте де бағыныңқыдағы істің болып жатқандығы, алайда өлі аяқталып бітпегендігі аңғарылады.



Жаңағы көркем бір сәтке сүйсініп езу тартқан Абайдың сол кө- ңілді шағы а й ы ғ ы п болғанша, қатты келе жатқан ат дүбірі естілді (Әуезов). Шәкенмен құшақтасып мауқым б а с ы л ғ а н - ш а, аттар ауылға т а я н ы п т а қ а л д ы. Қыздар беттерін арықтың ағып жатқан салқын суына шайып үлгергенше, үйден звено адамдары да шықты (Мұқанов). Кеуде жағынан қара түтін бұрық ете түскенін біз а ң д а п үлгіргенше, самолет құлап т а тү с т і. Біз жағаға ш ы ғ ы п ү л г е р г е н ш е, жүйткіп есіп қайық та қайта к е л і п қ а л д ы (Мүсірепов). Бейсен шұбатылып шанадан түскенше, еті қызған ат ж ү р і п к е т т і (Мұстафин).

3) Бағыныңқыда да, басыңқыда да істің орындалғаны баяндалады, алайда мезгіл мөлшері жағынан басыңқыдағы амал бұрын болған. Бұл жай оның баяндауышының құрамында еді көмекші етістігінің келуімен айқын дәлелденіп тұрады.



Абай т а қ а п келгенде, үй иесі шыққан еді (Әуезов). ...Жаңа біз к е л і п түскенімізде, мына кісі (Ермақты көрсетіп) арба-сының жанында о т ы р е к е н. Ас-су ішіп Әбдірахман

216
екеуіміз үйден шыққанда, елдің алды ж а т а д а б а с т а п е д і. Біз келгенде, ойын жаңа басталған екен (Майлин).

4) Басыңқыда хабарланған ойдан бағыныңқы компоненттегі амалдың бұрын орындалуы да кездеседі. Мұндайда соңғының баян-дауышы айтқан соң, айтқаннан кейін, айтысымен тәрізді құрылыста келіп, басыңқыдағы ойдың орындалуын өзінен кейінге қалдырады.

Бұл арада майдан б і т к е н с о ң, ол топ жылқының соңынан шаба жөнелді (Әуезов). Қаруын тастаған с о ң, оған заңсыз соқтыға алмайсың (Мұқанов). Жомарт председательдікке ауысқан соң, уақытша партбюроның секретары Жанат болған (Мұстафин). Канал жолында оқпан барлығы а н ы қ т а л ғ а н н а н к е й ін, жұрттың аузындағы сөз көпке дейін сол ғана болды. Ленинградқа апаратын сыйлықпен Рахмет ж ү р і п к е т к е н н е н к е й і н, Мырқының атынан берілген арызды прокурор тексере бастады (Мұқанов). Қанабек Щербаковтың сөзін қ а з а қ ш а л а п б о л ы -с ы м е н, кемпір Щербаковты жетелей қабырларға жақындай түсті (Мұстафин).


жүктеу 10,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау