I. Түсіндірме беретін жазба



жүктеу 1,31 Mb.
бет2/7
Дата14.11.2017
өлшемі1,31 Mb.
#461
1   2   3   4   5   6   7

Тест сұрақтары:
1.Конституциялық заңдар Ресей Федерациясында қалай қабылданады?

А) Дума депутат 2/3 бөлігінен дауыс

Ә) Федерация кеңесінің келісімімен

Б) Мемлекет Дума рұқсат бергенде

В) Халықтың келісіміменде бар

Г) Кеңестің мүшелері келісімімен

2. Заңдардың түрлерін ата?

А) негізгі, конститутциялық.

Ә) конституция Және заң

Б) органикалық және жай заң

В) жай заңдар конституциялық

Г) негізгі заңмен, жай заңдар

3. Органикалық заңдар қандай заңдар?

А)Мемлекеттің мәртебесін қоргайды

Ә) Жай заңдардың орнына қабылданады

Б) Топ заңдар және шешімдермен

В) Дамыған елдерде қолданатын заңдар

Г) Барлық жауаптар дұрыс болады

4. Жай заңдар қандай жағдайларда қабылданады?

А) конституциялық заңдар қолданылмайды

Ә) органикалық заңдар жоқ жағдайларда

Б) конституциялық заңдары жоқ жағдайда

В) конституциясы жоқ жағдайда болады

Г) негізгі заңы жоқ жағдайда.болады

5. Мемлекттерде конституциялық органикалық заңдар қолданылатын заң түрі.

А) жай заңдар

Ә) органикалық

Б) негізгі заң

В) конституциялық

Г) шешімдер

6. «Конституциялық құқық» терминнің мағынасын беретін ұқсас термин.

А) «мемлекеттік құқық»

Ә) «азаматтық құқық»

Б) «еңбек құқығы»

В) «рим құқығы»

Г) «мемлекеттік құқық»

7. Конституция дегеніміз не ?

А) қоғамдық күштердің еркін .

Ә) мемлекеттің рәміздерін құжат

Б) Президенттің жарғысымен

В) Парламенттің қаулылары

Г) мемлекеттің басқару нысаны

8.Constitutio

термині қандай мағына береді?

А) «құрылым»

Ә) «құрылым»

Б) «заңдар»

В) «басқару»

Г) барі дұрыс

9. Римде жоғарғы заңдық императорының заң актілері?

А) Конституция

Ә) негізгі заң

Б) пактрлар

В) конвенция

Г) үкімдер

10.Эдикттер-

А) императордың жариясы

Ә) императордың шешімі

Б) шенеуніктерге арналған

В) құлдарға заң актілері

Г) соттың шешімдерімен

3-тақырып. Шетелдердегі басқару нысандары
1.Шетелдердегі мемлекеттер нысандарының сан түрлілігі, олардың себептері.

2.Басқару нысандары. Монархия, түсінігі жне мәні. Парламенттік монархия.

3. Мемлекеттік құрылым нысандары, олардың жіктелуі.
Басқару нысандарына анықтама берудің манызы өте зор. Өйткені, ол мемлекетгің мәнін айқыңдайды. Сөйтіп, мемлекеттік биліктің жоғары органдарының құқықтық жағдайлары мен құрылысын ашып береді, сондай-ақ кейінгілердің мемлекет басшысынан қаншалықты заңды және нақты тәуелділігін көрсетеді.

Дүние жүзінде басқарудың екі нысаны бар. Олар: монархия және республика. Монархия — елді мемлекеттік заңды басқаруды тек бір адамның жүзеге асыратынын, оның мемлекеттік жоғары лауазымды тек мұрагерлік тәртіппен иеленгендігін білдіреді.Монархия абсолютті және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолютті монархияға барлық мемлекеттік биліктің монарх қолына топтасуы тән. Қазіргі кезде абсолютті монархия, мысалы, Сауд Арабиясы корольдігінде (мемлекет басшысы және рухани көсем — король), Оман сұлтандығында (мемлекет басшысы — сұлтан), Ватиканда (Мемлекет — Кала Ватиканда заң шығарушылық және сот билігі папа қолында болады. Оны кардиналдар коллегиясы өкілдікке сайлайды).Конституциялық монархия екі түрге бөлінеді: дуалистік және парламенттік.

Дуалистік монархияда екі саяси ұйым — феодальдық монархия мен буржуазиялық парламенттін болуы тән. Монарх үкіметгі тағайындайды (парламент тек король алдында жауап береді). Парламенттің заң шығарушылық өкілеттігі монарх тарапынан шектелген, өйткені жоғарғы палатаны монархтың өзі тағайындайды, әрі ол тыйым салу құқығына да, парламентті тарату құқығына да және т.б. ие. Дуалистік монархия Иорданияда (Иордания Хашимиттер корольдігі, мемлекет басшысы — король), Кувейтте (Кувейт мемлекеті, мемлекет басшысы — әмір, ол билеуші Сабахтар әулеті мүшелерінен сайланады), Тайландта (Тайланд корольдігі, мемлекет басшысы — король) және тағы басқа елдерде бар. Парламенттік монархияда монарх билігі заң шығарушылық процесінде болсын, мемлекет басқару ісін жүзеге асыруда болсын шектеулі болады. Өйткені, үкімет парламенттік жолмен құрылады әрі өзінің қызметі жөнінде тек парламент алдында жауап береді. Ал, парламент үкіметке сенімсіздік вотумын көрсеткенде үкімет отставкаға кетеді не болмаса парламент таратылады. Мұндай жағдайда үкімет кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуді белгілейді. Парламентгік монархияның дуалистік монархиямен салыстырғанда басқа да өзіндік ерекшеліктері бар. Республика — бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын негізінен халық болып табылатын басқару нысаны.Республикалық басқару негізінен екі түрге бөлінеді: президенттік және парламенттік.

Президенттік республиканың басты сипаты — президент қолына мемлекет басшысы мен атқару билігінің басшысы өкілеттіктері шоғырланады (мысалы, Аргентина, Боливия, АҚШ, Өзбекстан).Президенттік республиканың алғашқы тарихи әрі үлгілі түрі АҚШ болып табылады. Бұл елде президенттік институт 1787 жылғы Конституция негізінде енгізілген. АҚШ-тың мемлекеттік билігі тыйым салу мен қарама-қайшшық принципі негізінде құрылған. Бұл тыйым салу мен қарама-қайшылық принципі АҚШ конституциясының жобасын жасаушы авторлардың бірі Дж. Мэдисонға тиесілі. Ешбір уақыт ықпалына түспеген бұл идея мемлекет басқару ісіндегі бірден-бір сәтті қадам болды. Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері біріне-бірі тәуелсіз, бірақ әрі өзара байланысты болып, әрбірі жеке алғанда қалған екеуімен шектеліп отыратын еді. "Бірінің ниетіне екінші бірі қарсы тұратын ниетті құруымыз қажет", — деп Мэдисон текке айтпаған. Міне, осы қанатты сөз әлі АҚШ саясаты мен саясаттануында альфа мен омега (яғни бас-аяғы) болып отыр. Мэдисон тыйым салу мен қарама-қайшылық жүйесіне мемлекет тарапынан қиянат етушілікті болдырмайтын тетік енгізе білді. Сөйтіп тәуелсіз халықты өкіметтен "ажыратып" әрі өкіметтің де төменнен жасалған қысымға қатты бағынышты болмауы жағын да қарастыратын реттерді ойластырды.Басқарудың аралас нысандары. Басқарудың мұндай нысанында парламенттік те және президенттік республиканың да белгілері болады. Осындай басқару нысанына ие Франция Республикасы. Бұл елдің Конституциясына сәйкес елдің жоғары лауазымды басшысы — Президент. Францияда 1962 жылы Президентке тікелей сайлау енгізілген. Мемлекет басшысы тарапынан үкімет құрылады әрі ол тек президент алдында ғана жауап береді. Президент өкіметті басқаруды жүзеге асырады; Премьерминистр тек министрлер кеңесі қарайтын құжаттарды даярлауды қамтамасыз етеді.Сол секілді басқарудың басқа да аралас нысаңдары кездеседі. Мысалы, монархия және республика элементтерінің аралас түрі. Малайзля мемлекеті басшысы — монарх 9 штаттан, сұлтандар арасынан 5 жылға (Малайзия федерациясында 13 штат бар, оның 9-ын мұрагерлік жолмен сұлтандар басқарады. Бұл елдегі монархтың ресми аталуы: Янг ди-Петруан Агонг) сайланады. Монарх Парламент алдында жауапты премьер-министр мен министрлерді тағайындайды. Парламент екі палатадан: өкілдік палатасы (177 депутат) және сенаттан (58 мүшеден) тұрады. Өкілдік палатасына депутаттар тұрғындар тарапынан, ал сенаторлардың 26-сы (әр штаттан 2 адамнан) сайлау жолымен сайланады, ал қалғандарын мемлекет басшысы тағайындайды. Монархтың парламентті таратуға, не өзі отставкаға кетуіне құқы бар.


Тест сұрақтары;

1. Мемлекттік басқару нысаны:

A) монархия және республика

Ә) унитарлық және федерациялық

Б) президенттік және парламенттік

В) оталитарлық және фашистік

Г) арлық жауаптары дұрыс

2. Монархия бұл –

A) басқаруы бір адам жүзеге асырады

Ә) мемлекет басқару республикалық

Б) басқарудағы бірнеше адамдар

В) мемлекет президент басқаруы

Г) ешқандай дұрыс жауап жоқ

3. Монархия қандай түрлерге бөлінеді?

A) абсалютті және конституциялық

Ә) абсалютті және салыстырмалы

Б) құқықтық және қоғамдық

В) авторитарлық және демократиялық

Г) демократиялық антидемократиялық

4. Абсалютті монархияда:

A) мемлекет билік монархта

Ә) мемлект билік президент

Б) мемлекеттік билік халық

В) мемлекттік билік саяси

Г) еш дұрыс жауабы жоқ

5. Монарх билігінің қыз балаға да мұрагерлікке қалу мүмкіндігі -

A\ кастильдік жүйе

B\ регенттік жүйе

C\ плюрономинал

D\ саликалық жүйе

E\ регент қамқоршы

6. Мелекет басшысының имунитеті дегеніміз не?

A) ерекше құқықа ие болуы

Ә) қойылатын шектеулер

Б) құқық мәртебесіменен

В) құқығына ие болуымен

Г) дұрыс жауаптары жоқ

7. Республикалық басқаруағы мемлекет басшысы ретінде:

A) президент

Ә) парламент

Б) үкіметтер

В) монархтар

Г) жауабы жоқ

8. Әлемдік тәжірибеде президентті сайлаудың қандай түрлері бар?

A) тікелей, жанама

Ә) бір партиялық

Б) негізгі қосымша

В) саяси әлеуметтік

Г) жауаптары дұрыс

9. Монархқа мәртебе қандай жолмен беріледі?

A) мұрагерлікпен

Ә) тағайындайды

Б) дауыс берумен

В) мемлекет актісі

Г) жауабы жоқ

10. Мемлекеттік режим бұл

A) билікті жүзеге асыруғ

Ә)мемлекеттік органдар

Б) билікті нормалары

В) мемлекеттік әдістер

Г) дұрыс жауабы жоқ
4-тақырып. Шетелдердегі саяси партиялар және саяси жүйелер.
1.Шетелдердегі саяси партиялар, олардың міндеттері мен функциялары. Саяси партиялардың қызметін құқықтық реттеу, социал демократиялық партия.

2.Шетелдердегі саяси партиялардың ұйымдастырушылық құрылымының негізг түрлері.



3.Шетелдердің саяси жүйелері.
Саяси партияларды құруда екі негізгі әдіс орын алған. Оның бірі – ұйымдастыру құрылысына қарай – ұйымдаса дайындалған, ал екіншісі – ұйымдаса дайындалмаған партиялар болып табылады.Бірінші топқа жататын партиялар өзінің нақта ұйымдастыруымен және тәртібімен көзгк түседі. Бұларда әрбір партия мүшесі партиялық құжаттарын алады, мүшелік жарналарын уақытылы төлейді, Жарғыда қаралған партия талаптарына қатаң бағынады. Оның үстіне партия өзінің кәсіпкерлік аппарытын құрып алады. Партия көсемі басқарған орталық басқарма барлық партиялық істерде шешуші рөл атқарады. Мұндай партияларға мүшелікке ену жекелеп те, ұжымды түрде де жүзеге асады. Мысалы, Француз коммунистік партиясына Жалпы еңбек конфедерациясы кіреді. Ал, ағылшындық Лейбористер партиясына британдық тред-юнионның (кәсіподақ) көпшілігі енген.

Ұйымдаса-дайындалмаған партиялардың ең алдымен көзге түсетін сипаттарының бірі – ресми мүшеліктерінің (жазып алынған) жоқтығы. өздерін осындай партияның мүшесімен деп санайтындар ұйымдасқан түрде олармен байланыса алмайды: олар партиялық құжаттарын алмаған, сондықтан да партияға алу жарнасын, мүшелік жарналарын төлемеген, партиялық тәртіп оларға таралмаған болады. Партияның мұндай мүшелері көбінесе, сайлауда сол партия үшін дауыс беретін сайлаушылар болып саналады.Қазіргі заманғы мемлекеттердің саяси жүйесінде партиялар рөлінің күшеюінің жалпы бағыты ұйымдаса-дайындалмаған партиялар санының үздіксіз қысқара түсуінен байқалады. Демек, ұйымдастырыла-дайындалған ұйымдардың мүшелік жарнасын міндетті түрде төлеп әрі партиялық тәртіпке сөзсіз бағынулары саяси партиялар құрылымдарының ұйымдасуының басты белгілеріне айналып отыр. Оны біз соңғы жылдары таяу және алыс шетелдерде құрылған партиялардын көріп отырмыз. Шетелдерде, әдетте, саяси партиялар ауқымдылық принципіне негізделіп құрылады да, оның партиялық ұйымдарының құрылысы елдің сайлау округтары мен әкімшілік-аумақтық бөлінулеріне сәйкес келеді. Әсіресе, бұл коммунистік партияларға тән. Саяси партиялардан қысым жасайтын топтарды саяси жүйелерде олар ешкімге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерге ие. Алғаш олар АҚШ-та пайда болып, оларды «Лоббистік ұйымдар», «мүдделі топтар» деп атаған.Ұлыбританияда оларды «парламент тыңшылары» дейді. Мысалы, америка лоббистері заң шығарушы органдарға тек қана сайлау компанияларында ақша жинау жолдарымен ғана емес, сол сияқты АҚШ конгресі комитеттерінде қаралатын заң жобалары бойынша да қарсы шығамыз деп және т.с.с. қорқытады. Ал саяси жүйе туралы ұғымға келетін болсақ, алғашқы қауымдық қоғамда жалғыз адам жеке-дара өмір сүре алмайтын. Себебі, айналада жыртқыш аңдар болды, басқаз рудьң адмдары да жат көзбен қарады. Сондықтан ұжымдасып, ру-ру, тайпа-тайпа болып тұрудың арқасында ғана табиғаттың дүлей үшіне қарсы тұра алды, өздерінің қауіпсіздігін және күнкерісін қамтамасыз ете алды. Олардың нақтылы тұратын жері болмайтын, көбіне көшіп-қонып жүретін. Еңбек өнімі аз болды. Сондықтан аштан өлмей, күн көру үшін барлық еңбекке жарамды адамдар — еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін өз күшіне арай аң аулайтын, жұмыс істейтін. Тапқан табыс ру мүшелері арасында тең бөлінетін. Артық өнім болмады, күнделікті тапқан болмашы табыс тіршілік етуге әрең жетті. Мұндай жағдайда өндіріс құрал-жабдықтары, еңбек өнімдері тек адамға емес, ұжымға тиісті болды. Руға басшылық ету нақтылы жағдайларға байланысты қауымның бір мүшесінен екіншісіне ауысып отыратын. Әдетте, оны дәстүрді жақсы білетін ақсақалдар атқаратын. Адамдар арасындағы қатынастарды, ұжымдық өмірді, іс-әрекеттерді өзін-өзі басқаратьш ұйым, әдет-ғұырып, дәстүр арқылы реттеп, шешіп отырды. Тәртіпті бұзғандар ата-бабаның салты бойынша жазаланатын. Халықтан оқшау қарулы күштер болмаған, ер-азаматтьң бәрінің қаруы болды, керек кезінде жау тайпаларға қарсы шығатын.Өндіріс құралдары бірте-бірте жетіле берді, оларды бұрынғыдай ағаштан, тастан емес, металдан жасай бастады. Қоғам ішінде еңбек бөлінісі пайда болды: мал шаруашылығымен қатар егіншілік, онан кейін қолөнері де дүниеге келді. Еңбек бөлінісі өз кезегінде өнімдер айырбасынтуғызды.

Өйткені егіншіге мал өсіруші мен қолөнершінің өнімцері керек болса, мал өсіруші мен қоленершіге егіншілік өнімдері керек болды.Еңбектің жаңа құрал-жабдықтары жасалынды. Оның бөлінуінің арқасында еңбекшілер өнімді өзінің күн көрісіне қажетті мөлшерден артық өңдіре бастады. Бұл қосымша өнімнің есуіне әкелді. Басқа сөзбен айтқаңда, қоғамдық өнім екі беліктен құралды: 1) қажетті өнім, яғни қоғам мүшелері оларды күнделікті тұтынбай өмір сүре алмайтын игіліктер; 2) қосымша өнім, яғни экономикалық даму нәтижесінде пайда болған басы артық еңбек өнімі. Қосымша өнім өз кезегінде екі салдарға әкеледі: біріншіден, ол қоғамды шектен шыққан мұқтаждықтан құтқарады, екіншіден, оны иемденудің арқасында баюдың көзі ашылады. Қосымша құнға ру шонжарлары, ақсақал-дар, әскербасылар, абыздар және басқа қауымдастықта қызмет ететін адамдар иелік ете бастады. Осынан кейін өндіріс пен қор жау экономикалық өмірдің өзара тығыз байланысты екі саласына айналды. Қосымша құнға байланысты жеке меншік дүниеге келді, адамды адам қанауына мүмкіндік туды. Ол әскери тұтқындар мен қауымның қарызданған, берешекке белшесінен батқан, бейшаралық халге түскен мүшелерін құлдарға айналды-ру нәтижесінде пайда болды. Сөйтіп, алғашқы адамдар қоғамының орнына құл иеленушілк қоғам келді.Бұл қоғам құлдар мен құл иеленушілер, басқарушылар мен бағынушыларды тудырады. Мұңдай жағдайда адамдар арасындағы қатынастарды бұрынғыдай ынтымақтастықпен шешуге болмайтын. Керісінше, үстем тапқа қоғамды басқару, таптар, жеке адамдар, тұлғалар мен қоғам, осы мемлекет пен басқа мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеу үшін белгілі бір әлеуметгік тетік, құрал, қоғамның ішкі дау-дамайын, жанжалдарын бақылайтын әлеуметтік топтың қажеттілігі туды. Рулық қоғамға белгісіз бірқатар ұйымдар мен саяси өмір саласы қалыптасты. Айрықша құқықтары бар, ерекше жеңілдіктермен пайдаланатын орталықтанған азғантай пұрсатты топ билік қызметіне жеке-дара иелік ете бастады. Ол төмен шенділердің бағынатын әкімшілік аппаратына сүйенді. Қоғамның басқа мүшелеріне еріксіз бақылау жүргізді. Күштеу, зорлау арқылы орындаттыратын анық заң ережелері, нормалары қалыптасты. Билеуші топтар экономикалық қызметті ұйымдастырды, бағынушылар қоғамдық өнімді өндірді. Бұл олардың арасында қайшылықтар мен теңсіздікті ерістетті. Әлеуметтік шиеленістер жиілеп, қоғамның тұрақты- лығына нұқсан келді. Басқарушылар тобының мақсаты—жоғарыда көрсетілген билеуші және бағынушылық қатынастарды қолдау және оларды сол қалпыңда сақтау. Бұл жолда ол келісімге келуден бастап күш қолдануға дейінгі (әдет-ғұрыпты пайдалану, немқұрайдылық көрсету, корқытып-үркіту, сендіру және т.с.с.) сан түрлі тәсілдерді пайдаланады. Осынан бастап үстемдік етуші тап пен қаналушылардың кикілжіңдері саяси қоғамдастық шеңберіне енеді. Билікті иеленушілер мен оған бағынушылардың рөлдері институционалдық қалыпқа түседі. Олардың ішіндегі ең маңыздысы — мемлекет. Ол — үстем таптың саяси өкімет ұйымы. Кейінірек, қоғамның даму деңгейіне, тап күштерінің арасалмағына байланысты, саяси ұйым үздіксіз өзгеріп, күрделілене берді. Саяси партиялар және басқа қоғамдық ұйымдар пайда болды. Олар өкіметті басып алу немесе оны қолдан шығармай ұстап тұру, белгілі бір таптың мүддесін жүзеге асыру үшін жасалды. Осы ұйымдар мен әлеуметтік инстатуттардың бәрін бір-бірімен тығыз байланыста алсақ, қоғамның саяси жүйесін құрады. Басқа сөзбен айтқанда, қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, меммкеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мвкемелердің жиынтығын айтады. Бұл жүйе саяси деп аталады. Себебі, мемлекеттік істер алға қойған мақсатты, амал-әдістерді, оларға жету жоддарын қамтитын арнайы жете зерттелген шаралар, саяси бағыт арқылы жүзеге асырады. Сонымен қатар оны жүйе дейді. Себебі, оған мемлекеттен басқа мемлекеттік билікке ықпал ету үшін басқалармен бәсекеге түсетін, одақтарға кіретін, мәмілеге келетін мемлекеттік емес көптеген ұйымдар да кіреді. Бұл саяси қатынастардың күрделі көрінісі жүйелілікті, тұтастықты білдіреді.Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясатта-нушысы Давид Истон (1917жылытуған) ойлаптапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортаман "кіріс", "шығыс" принциптері арқылы байланысады. Кірістің екі түрі бар. Олар талаптар мен қолдау. Талапқа қоғамдағы қазына мен қаржының дұрыс немесе бұрыс бөлінуі туралы билік органдарына үңдеуі деуге болады. Мысалы, оқытушыларға жалақыны немесе ауыл шаруашылығына қаржы бөлуді көбейту туралы және т.б. Мұңдай талаптар көбейіп, билік басындағылар назар аудармаса, саясижүйе әлсірейді.

Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады:

1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институционалданған түрі. Соңдықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады.

2. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.

3. Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті атқарады. Ол ортақ әлеуметтік-саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметгік топтар, таптар, жіктердің белгілі бір бірлесгігін қамтамасыз етеді.

4. Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құралдарына меншік түрлерін құқықтық тұрғыдан бекітеді, қаржы жүйесін реттейді, салық саясатын жүргізеді.

5. Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан (әскери, экономикалық, информациялық) және т.с.с.

Сонымен, саяси жүйе құлдық қоғамда жеке меншіктің, қанаушылар мен қаналушылардың пайда болуына байланысты дүниеге келеді. Ол қоғамда тәртіпті, бірлікті қамтамасыз етеді, әр түрлі қоғамдық топтар, ұйымдар мен қозғалыстардың қызметтерін реттейді, қоғамдық қатынастарды үйлестіреді, қазына, байлықты бөледі, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржы-қаражатты жұмылдырады.


Тест сұрақтары:

1.Францияда партиялық фракцияда қанша депутаттан тұрады?

A) 20

Ә) 26


Б) 17

В) 15


Г) 71

2. Германияда партиялық фракциялар неше депутаттан тұрады жғне ол қалай аталады?

A) 26 депутаттан “Топ” аталады

Ә)17 депутаттан, ол фракция аталады

Б) 10 депутаттан сенат аталады

В) 4/3 бөлігінен Сейм аталады

Г) барлық жауаптары дұрыс емес

3. «Монокамералды» деп қандай парламентті атайды?

A) бірпалаталы

Ә) қос палаталы

Б) көп дәрежелі

В) екі палаталы

Г) еш қайсысы

4. Депутаттық мандаттың негізгі құрамы:

A) андемнитет

Ә) импичмент

Б) бірмандаттық

В) иногурациялы

Г) жауаптары жоқ

5. Көп дғрежелі сайлау неше түрлі болады және қандай?

A) үш түрлі: президентті парламент

Ә) екі түрлі : сайлау жғне таѓайындау

Б) үш түрлі: тікелей , жанама сайлау

В)референдум арқылы сайлауларлар

Г) ешқандай дұрыс жауаптары жоқ

6. Саяси партиялардың оң жақ флангісінде қандай партиялар орналасқан?

A) консервативті

Ә) лейбористік

Б) азаматтық

В) орталықтық

Г) дұрыс жауап жоқ

7. Шетелде вето неше жғне қандай түрге бөлінеді?

A)абсолуттік,салыстырмалы

Ә салыстырмалы, айрықша

Б) импечмент иногурация

В) саяси жғне құқықтық

Г) дұрыс жауаптары жоқ

8. “Импечмент” дегеніміз не?

A) сенімсіздік білдіру

Ә мерзімінен босату

Б) ерекше талап ету

В) тыйым салулар

Г) барлық дұрыс

9. Үкіметтің ішкі құрылымын қандай жүйелер құрайды?

A) континенталь

Ә) униноменаль

Б) комиссиялық

В) комитеттік

Г) жауап жоқ

10. Депутаттық мандадтың әрекет ету мерзімінің тоқтатылу негіздеріне:

A) барлыѓы дұрыс

Ә) парламенттік өкілеттік

Б) депутатқа сайланѓан

В) депутаттың өлуімен

Г) мандатынан айырылуы
5 – тақырып. Шет елдердегі сайлау құқығы және сайлау жүйелері.
1.Сайлау құқығының түсінігі мен қағидалары.

2.Сайлау үрдісінің сатылары.

3. Сайлау жүйелерінің түсінігі мен түрлері.
Қазаіргі заманғы мемлекеттердің бәрінде де сайлау құқығы конституциялар бойынша, негізінен, институттандырылған.ФРГ – ның да Негізгі заңында мемлекттік биліктің халық тарапынан, сайлау және оған дауыс беру арқылы жүзеге асырылатыны жазылған. Португалия парламенті елдің қонституциясына сай жалпыға бірдей, тең әрі төте сайлауларда жасырын дауыс беру арқылы құралады. Литва Республикасы Конституциясының 34 – бабына орай, әрбір Литва азаматтары сайлау болатын күні 18 жасқа толса, сайлау құқығына ие. Сайлану құқығы Литва Респуликасының Конституциясында және сайлау туралы жалпы заңдарда бекітіледі. Сайлауға сот қабілетсіз деп танылған азаматтар қатыспайды.Жоғарыда Кеңес депутаттары – Қырғыз Республикасының парламенті депуттары – Жоғарғы Кеңеске депутаттар сайлау туралы заңға сәйкес еркін, жалпыға бірдей, тең сайлау құқығын пайдалана отырып, тікелей сайлаулар жүргізу барысында, жасырын дауыс беру арқылы сайланады.Жалпыға бірдей сайлау құқығы деп, мемлекеттің сайлауға қатысуға құқығы бар барлық азаматтарының сайлауға қатысуын айтады. Түркия Республикасының Конституциясының 67 – бабында жалпығв бірдей сайлауларға дауыс беруге нағыз әскри қызметтегі солдаттары мен унтерофицерлер, әскери курсанттар қатыса алмайды деп, көрсетілген.Тең сайлау құқығында- Сайлаушылар сайлауларға тең құқықтар негізінде қатысады. Төте дауыс беруде-кандидаттарды азаматтар тікелей сайлайды.Жасырын дауыс беруде-сайлаушылардың өз еркімен көңіл білдірулерін бақылауға алуға тыйым салынады.Сайлау еркіндігі-сайлау азаматтардың сайлауға және сайлануға байланысты өз құқықтарын еркін жүзеге асыруына негізделеді.Сол секілді сайлау құқығы белсенді сайлау құқғына және белсенді есем сайлау құқығына бөлінеді.Біріншісінде – сайлаушылар дауыс берсе, екіншісінде – сайланып қойылатын лауазымға үміткерлік құқығы беріледі.Қашан да, қай елде де сайлау заңмен белгілініп көрсетілген мерзімде өткізіледі. АҚШ – та жұп жылдарының қараша айының бірінші сейсенбісінде өкілдік палатасының түгел құрамы және сенаттың үштен бір бөлігі қайта сайлаудан өтеді.Әдетте, округтар сайлаушылардың тең санына орай құрылады. Осы қауымдастық палатасының 650 мүшелерінен 523 мүшесі Англиядан, 72 – сі Шотландиядан, 38 – і Уэльстен 17 – сі Солтүстік Ирландиядан сайланды.ФРГ – да қазіргі кезде бір сайлау округі орта есеппен 222 мың сайлаушылардан тұрады. Бундестагқа сайлау туралы федеральдың заңға сәйкес округтегі сайлаушылар санының орташа айырмашылығы барлық Германия бойынша көрсетілген заңына сай ФРГ – да сайлау округтары оқтын – оқтын өзгертіліп отырады.Сайлау жүйесі деп сайлауға қатысқан сайлаушылардың дауыс беруін есептейтін заң тарапынан белгіленген есептеу тетігін айтады.

Дүние жүзінде сайлау жүйесінің негізгі үш түрі бар. Олар: мажоритарлық, тепе – теңдік және аралас деп аталады.Мажоритарлық (мажор – көтеріңкі, көңілді деген француз сөзі) деп, дауыс беру нәтижелерін берілген дауыстың көпшілікті принципімен анықтайтын сайлау жүйесін айтады.

Аралас жүйе деп парламенттің бір бөлігін мажоритарлық жүйемен, бір бөлігін партиялық тізіммен жүзеге асыруды айтады.

Жалпыұлттық округтерде мұндай тепе – теңдік өкілдік жүйесі 1982 жылдан бастап енгізілген. Ал 1983 жылы бірінші рет парламенттік сайлауларда қолданыла бастады.Ресей Федерациясының Конституциясының 84 – бабына сәкес референдумды бұл елде Ресей Федерациясының Президенті тағайындайды.Референдумда қойылатын мәселелерді өз мәніне қарй төмендегіше бөліп көрсетуге болады:

Конституция ( өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін ұсынылатын жаңа конституция жобасы);Заң шығарушы (жаңа заңның жобасы мен немесе күші бар заң);Консультациялық ( мысалы, нақты бір елдің халықаралық қатынасына тікелей тиісті маңызды бір мәселе бойынша жұртшылық пікірін білуді ұйымдастыру); Міндетті ( референдум өткізуді конституция бекіткен. Жапония Конституциясының 96 – бабында парламенттің екі палатасы қуаттаған елдің Негізігі заңына жасалған өзгертулер жобасын референдумға қою міндеттелген); Президентті, Пралмент Мәжілісі мен мәслихатар депутаттарын, Республиканың жергілікті өзін - өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең әрі тікелей жасырын дауыс беріп сайлау құқығы негізде өткізіледі.Сенат депутаттарын сайлағанда белсенді емес сайлау құқығы Конституцияда қарастырылғандай шектеулермен жүзеге асырылады.

Президентті және Парламен депутаттарын сайлау кезінде төмендегідей дауыс есебін есептеу жүйесі қолданылады;



  1. Егер сайлаушылардың елу процентінен астамы дауыс беруге қатысқан болса, онда сайлау өкізілді деп есептеледі.

  1. Кандидат мына жағдайларда сайланды деп саналады:

Мәслихат депутаттарын сайлауда дауыстарды есептеудің төмендегідей жүйесі қолданылады:

  1. егер сайлауға сайлаушылардың елу проценттен көбі дауыс беруге қатысса, онда сайлау өткізілді деп есептеледі;

  1. Қайсы кандиданттың кандидатурасына, басқа кандидаттарға қарағанда, сайлауда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көбі дауыс берсе, онда сол кандидат майланды деп саналады;

  1. Егер, сайлауға бір – ақ кандидат депутаттыққа дауысқа түскенде оған сайлауда жақтап дауыс беруге қатынасқан сайлаушылардың дауыс қарсыларынан көп болса, онда сол кандидат сайланды деп есептеледі.

Республикада сайлау ұйымдастырып, оны өткізетін сайлау комиссиялары мемлекеттік сайлау органдары болып табылады.

Біртұтас сайлау комиссиясы жүйесін:



  1. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;

  1. Аумақтық сайлау комиссиясы

  1. Округтік сайлау комиссиясы;

  1. Учаскелік сайлау комиссиясы құрайды.

1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы халықтық билік жүйесіндегі референдумның орын мен рөлін тіпті жаңаша қарастырады. Қазіргі кезде республикалық референдум ұйымдастыру және оны өткізу тәртібі жайлы 1995 жылы қазанның 2 – сі күні шыққан Республикалық референдум туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығында толығымен көрсетілген.Сайлауда дауыс беруге 18 жасқа толған Республика азаматтарының бәрі де өзінің шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына, лауазымына, мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, діни, тектік – топтық, ұлттық тіліне, көзқарасына, тұрған жеріне, тағы басқа да осы іспетті жағдайларына қармастан қатысады.Президентті, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын, Республиканың жергілікті өзін - өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең әрі тікелей жасырын дауыс беріп сайлау құығын негізде өткізіледі.
жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау