I теоретические основы логопедии



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет138/230
Дата01.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#44090
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   230
Логопедия

жазбаша сөйлеу тілі
кедейлігімен, 
синтаксистік формалардың стереотипті болуымен сипатталады, бағыныңқы 
құрмалас және салалас құрмалас сөйлемдер, сын есімдер аз қолданылады.
Семантикалық афазия симультантты агнозия, астереогноз, өз денесін 
бағдарлауының бұзылуы, кеңістік және конструктивті апраксия және 
алғашқы акалькулияның (есептеу қабілетінің бұзылуы) нейропсихологиялық 
синдромының негізінде жүреді.
Сонымен, семантикалық афазияда сөз грамматикалық ұғымдар 
жүйесінен түсіп қалады және тек белгілі бір мағынаны білдіретін 
тасымалдаушы ретінде қабылданады.
Семантикалық афазияны түзету-педагогикалық жұмысы 


291 
 
Семантикалық афазияны түзету-педагогикалық жұмысының негізгі 
міндеттері
– заттардың атауын табудағы қиындықтарынан арылту, 
науқастардың сөйлеу тілінің лексикалық және семантикалық құрылымын 
кеңейту, имперессивті аграмматизмін жою болып табылады. 
Семантикалық афазия кезінде түзету-педагогикалық көмек сақтаулы 
барлық анализаторлар жүйесін (көру, есту-сөйлеу есі) бақылауға, негізгісі- 
мидың маңдай бөліктерінің жоспарлау және реттегіш қызметтеріне, сақтаулы 
ауызша сөйлеу тілінің линиялық ұйымдастырылуына сүйене отырып, 
көрсетіледі.
Семантикалық афазияда кездесетін сөйлеу тілі бұзылыстарының 
негізінде симультантты кеңістік гнозисының бұзылысы жатқанын ескере 
отырып, қалпына келтіру жұмысы конструктивті-кеңістік әрекеттігін 
дамытудан басталады. Ол үшін элементтерден құрастыратын, көрнекі үлгі 
немесе нұсқау арқылы қайта құрылатын геометриялық фигураларды, 
өрнектерді көру арқылы талдауға бағытталған жаттығулар жасатып, 
науқасты оң-сол жағын, әлем бөлшектерін, географиялық картада бағдарлай 
білуге жаттықтыру қажет.
Конструктивті-кеңістік апраксия өрнекті немесе суретті белгілі бір 
сегменттерге бөлшектеу жоспарын құруға үйрету және тапсырманы жоспар 
бойынша орындау арқылы (мысалы, алдымен төменгі «қабат», содан кейін 
екінші, үшінші, т.б. немесе алдымен бірінші баған, кейін екінші, үшінші, т.б.) 
түзетіледі.
Амнестикалық қиындықтарды жою үшін әр түрлі семантикалық өрісін 
құрайтын белгілері бойынша сөздің әр түрлі мағыналық байланысын 
салыстыру қажет. Мысалы,
түр-тегі белгілері бойынша топтастырылған 
заттардың белгілері талданады (мамандық, көлік, киім, ыдыс, т.б.), сонымен 
қатар сөздің түбірі бойынша сөздердің ортақтығы анықталады (егін, егінші, 
егінді). Синоним, антоним, омонимдардың ұқсастығы мен айырмашылығын 
сипаттау, жазбаша сөйлеу тілінде заттың сапалық белгілерін, салалас 
құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдану бойынша жұмыс 
жүргізіледі. Импрессивті аграмматизмді жою жеке көмекші сөздер және 
үстеулердің мәнін анықтаудан басталады.
Науқастан ортада орналасқан затты басқа заттың орналасуына 
байланысты сипаттап беруін сұрайды (оң-сол, кейін үстінде-астында). 
Бейнеленген үш суреттің ортасындағысы дөңгелекпен қоршалады. Оның 
қасына немесе жоғары жағына сұрақ белгісі қойылады. Сызықшамен 
науқастың заттың орналасуын сипаттап беретін жоспары белгіленеді. 
Мысалы, науқастың дәптерінде ағаш, доп, үй салынған. Науқас доп ағаштың 
оң жағында, үйдің сол жағында орналасқан немесе үй доптың оң жағында, 
ағаш сол жағында орналасқан деген сияқты жауап беруі қажет. Кейін үш 
заттың орналасуы үстінде-астында, жақында-алыста, төменде-биікте, т.б. 
көмекші сөздер арқылы сипатталатын болады. Экспрессивті тілінде осындай 
үлгілер бойынша алдын ала жұмыс жүргізу, оқу кезінде есту арқылы 
лексикалық-грамматикалық конструкцияларын түсінуге негізін қалайды.


292 
Акалькулияны түзету үшін санға (ондық, жүздік, мыңдық, т.с.с.) кіретін 
разрядтарды нақтылау, минус-азайту, плюс-қосу синонимдердің мағынасы 
бекітіледі. Науқасқа бір-екі ондықтың, кейін жүздік пен мыңдықтың 
көлемінде іс-әрекетті орындау ұсынылады. Есептеу операцияларының 
бұзылуын жоюында 2-4 амалдан тұратын, үлкен, кіші, қосу, алу, т.с.с. 
сөздерді қолдану арқылы арифметикалық есептерді шығару ерекше орын 
алады. 
«Оптикалық» алексияны түзету науқастың әріптің элементтерін 
ауызша сипаттап беру, әр түрлі материалдар (әр түрлі көлемде қатты қағаз, 
таяқшалар, шеңбер) қолдану арқылы әріптердің элементтерінен әріпті 
құрастыру, элементтерін анықтағаннан кейін әріптерді оқу (атау), жазудың 
бойымен жылжып отырған қатты қағаздан қиылған торкөзден сөзді оқу, 
мәтіннің астыңғы жолдарын сызғышпен жауып отырып, жоғарғы жолын оқу 
арқылы жүзеге асады. 
«Айна тәрізді», немесе конструктивті-кеңістік аграфиясы науқасты әр 
түрлі нұсқада оң-сол жағын бағдарлауын қалпына келтіру арқылы түзетіледі
(мысалы, кесе төңкерілулі, қасық табақтың түбінде, т.с.с.), әріпті немесе 
элементерін бастап жазатын парақтың сол жағын және бағытты (сызықпен) 
қызыл қарындашпен белгілеп, жеке әріптерді немесе сөздерді көшіріп жазу 
(салу).

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   230




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау