I теоретические основы логопедии



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет167/230
Дата01.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#44090
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   230
Логопедия

артикулярлы-акустикалық, фонемді тану (фонемді ажырату) бұзылысы 
негізіндегі, тілдік талдау мен жинақтау бұзылысының салдарындағы, 
аграмматикалық және оптикалық дисграфия. 
1. Артикулярлы-акустикалық дисграфия
 
М. Е. Хватцевтің бөлген ауызша 
сөйлеу тілінің бұзылысы салдарынан болған «жазудағы тілге шорқақтық» 
дисграфиясына ұқсас. Бала қалай айтса, солай жазады. Оның негізінде жазу 
кезіндегі дыбыс айтудың бұзылуы, бұрыс дыбыс айтуға сүйенуінің 
байқалуында жатыр. Яғни бала өзінің дыбысты бұзып айтуын жазуда 
бейнелейді. 
Артикулярлы-акустикалық дисграфия әріптерді алмастыру, тастап 
кетумен сиптталады. Көбіне дизартрия, ринолалия, полиморфты сипаттағы 
дислалияда байқалады. Кейде ауызша сөйлеу тілінде алмастыруды 
жойғанымен, жазуда олар қалып қояды. Мұндай жағдайда іштен оқуда дұрыс 
артикуляцияға жеткілікті сүйеу жоқ, өйткені әлі дыбыстардың нақты 
кинестетикалық бейнелері қалыптаспаған деп болжамдауға болады. Бірақ 
жазуда дыбыстарды тастау, алмастыру көп байқала бермейді. Бұның 
негізінде сақталған функциялардың арқасында компенсация есебімен жүреді 
(мысалы 
нақты 
есту 
дифференциация 
есебімен, 
фонематикалық 
қызметтердің қалыптасқандығынан).
2. 
Фонемді 
тану 
бұзылысы 
негізіндегі 
дисграфия
(фонемді 
дифференциациялау). Қалыптасқан терминология бойынша, бұл – 
акустикалық дисграфия.
 
Фонетикалық жақындығы бойынша сәйкес 
әріптерді алмастыруы байқалады. Өйткені, ауызша сөйлеу тілінде дыбыстар 
дұрыс айтылады. Келесі дыбыстарды білдіретін әріптер алмастырылады: 
ысқырық және ызың, африкаттар мен солардың құрамындағы компоненттер 
(
ч-т', ч-щ, ц-т, ц-с
). Көбіне дауыстыларды (мысалы 
о – у)
алмастыру 
кездеседі.
Сенсорлы алалия және афазияда фонемді тану бұзылысы негізіндегі 
дисграфия байқалады. Ауыр жағдайларда алыс артикулярлы акустикалық 
дыбыстарды белгілейтін (
л –к, б –в, п –н
) әріптер араластырылады. Сонымен 


340 
қатар дыбыстарды айту, араластырылған әріптерге сәйкес, қалыпта болып 
табылады. 
Дисграфияның бұл түрінің механизімі туралы бірдей көзқарас жоқ. Бұл 
фонемді тану үрдісінің күрделігімен түсіндіріледі. 
Зерттеушілердің (И. А. Зимняя, Е. Ф. Соботович, Л. А. Чистович) ойлары 
бойынша фонемді танудың көп деңгейлі үрдісі түрлі операциялардан тұрады: 
1.
Қабылдау кезінде сөйлеу тілінің есту талдануы іске асырылады. 
2.
Акустикалық 
бейне 
артикуляторлы 
шешімге 
ауысады, 
ол 
проприоцептивті талдаумен, кинестетикалық қабылдау мен түсінікпен 
қамтамасыз етіледі. 
3.
Есту және кинестетикалық бейнелер шешімді қабылдауға керекті 
уақытқа тежелінеді. 
4.
Дыбыс фонемамен сәйкестендіріледі, фонеманы таңдау операциясы
жүреді. 
5.
Есту және кинестетикалық бақылау негізінде бейнемен бірігіп жүреді,
одан кейін соңғы шешім қабылданады. 
Жазу үрдісі кезінде бұл үрдісті функциялау күрделене түседі, фонема 
әріп белгілі бір көру бейнелерімен сәйкестендіріледі. 
Кейбір авторлар (С. Борель-Мезонни, О. А. Токарева) фонетикалық 
жақын дыбыстарды білдіретін әріптерді алмастыру негізінде есту-
қабылдауының, дыбыстарды естіп-ажыратуының анық еместігі жатыр деп 
ойлайды.
Дұрыс жазу үшін, ауызша сөйлеу тіліне қарағанда дыбыстарды 
ажыратуға есту қабілетінің жете дамығандығы керек. Ауызша сөйлеудегі 
есту дифференциациясының кішкене ғана анық еместігі сөйлеу 
тәжірибесінде бекітілген моторлы стериотиптер, кинестетикалық бейнелер 
есебімен толығуы мүмкін. Ал жазу үрдісі кезінде фонемді дұрыс танып, 
таңдау үшін мағыналы ажыратылмалы болып табылатын, барлық 
акустикалық дыбыстардың толық талдануы қажет.
Басқа жағынан жазу үрдісінде дыбыстарды ажырату, фонемді таңдау 
кезектілі іс-әрекет есту бейнелері, елестету арқылы іске асырылады. 
Фонетикалық жақын дыбыстарды естіп елестетудің нақты еместігінің 
салдарынан фонеманың таңдалуын қиындатады, соның салдарынан жазуда 
әріп алмастыру пайда болады. 
Ақыл-ойы кем балалардың жазуын зерттеген басқа авторлар (Е. Ф. 
Соботович, Е. М. Гопиченко) әріптерді алмастыруды, балалар фонемді 
тануда дыбыстардың артикулярлы белгілеріне сүйенеді және сонымен бірге 
есту бақылауын сезінбейді дегенмен байланыстырады. 
Осы зерттеулерге қарама-қарсы Р. Беккер және А. Коссовский 
фонетикалық 
жағынан 
жақын 
дыбыстарды 
белгілейтін 
әріптерді 
алмастырудағы негізгі механизм кинестетикалық талдаудың қиындығы деп 
санайды. Олардың зерттеулері көрсеткендей, дисграфиясы бар балалар жазу 
кезінде кинестетикалық сезінулерді (іштей оқу) жете толық қолданбайды. 
Оларға есту диктанты мен өз бетінше жазуда ойша оқу аз көмектеседі. Ойша 
оқуды алып тастау (Л. К. Назарованың әдістемесі бойынша) жазудағы 


341 
қателер санына әсерін тигізбейді, яғни олардың көбеюіне соқтырмайды. 
Сонымен бірге жазудағы іштей оқуды алып тастау дисграфиясы жоқ 
балаларда қателерді 8-9 есе көбейтеді.
Кейбір авторлар жазудағы әріптерді алмастыруды фонематикалық 
жетілмеушілікпен, фонема туралы бейнелерінің қалыптаспағандығы және 
фонемді таңдау операциясының бұзылысымен байланыстырады (Р. Е. 
Левина, Л. Ф. Спирова). 
Дұрыс жазу үшін барлық фонемді ажырату мен таңдау операцияларының 
жеткілікті деңгейі қажет. Кез келген бір түйіннің бұзылысы (есту, 
кинестетикалық талдау, фонемді таңдау операциялары, есту және 
кинестетикалық бақылаудың) жалпы фонемді танудың барлық үрдісі қиынға 
түседі, ол жазуда әріптерді алмастырудан байқалады. Сондықтан фонемді 
тану операцияларының бұзылысы есебімен бұл дисграфия түрінің келесі 
түрлерін бөлуге болады: 

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   230




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау