6-2=4 4-
3) Ондықтардан ондықтарды шегереміз
5-3 = 2
2-ні ондықтардың астына жазамыз.
4) Жауабын оқимын: айырма 24-ке тең.
5) Бұл сияқты тапсырманы орындауда оқушы ең қарапайым үлгімен
көрсетілген тапсырмаларды өзбетінше шығарып үйренеді.
Енді біртендеп күрделенетін жаттығуларды қарастырайық.Кітапта, қосымшада берілген жаттығу жұмыстарын епті қолдана білу талабына мысал қарастырайық. (мат. 2-кл.99 -б) 1-мысал
4-8 + 24 9- (56-48)
9-4-27 (75-39):9
4-7 + 36 8-(81-78)
Оқушылар бұл мысалды орындауда амалдар тәртібін дұрыс епті қолдана білуі керек.
Енді оқушылардың мұғалім басшылғымен талдау процесін келтірейік. Мектеп бауынан 38 оқушы алма жинады. Оның 20-сы қыз бала. Бауда қанша ер бала алма жинаған?
Есепте не жайында айтылған ? (Есеп оқушылардың алма жинағаны
жайлы айтылған)
Есепте не белгісіз? (Бауда барлығы 38 оқушы жұмыс істеп. Алма
жинағаны және олардың 20-сы қыз бала екендігібелгілі)
- Есепте нешебелгісіз? (Қанша ер баланың алма жинағаны белгісіз)
Шарты : Қыз бала - 20 -.
I 38
Ер бала - ? } Шешуі: 38-20 = 18. Жауабы: 18 ер бала.
Егер сесепті осылайша оқушылардың өздері толығымен талдай алса, °нда өз бетінше жұмысты олардың дұрыс орындай білуіне кепіл болады. ^онымен бірге дифференциалды тапсырма беру арқылы үлгерімі әртүрлі оқушылармен жеке-дара жұмыс істеу орынды.
(Математика 3-класс) Пысықтауға арналған жаттығулардың мысалдары ан 2-нұсқалы тапсырма қарастырдық.
1-нұсқа 2 - нұсқа
60-70 -7-39; 16+(48+24);
78+13-8-8; 53-(26+13);
32:8-9+18; (68+28)-38;
63: (18:2) -8; 42:7
27:3 • (35:5); 59:9;
45:(36:4) -6 56:3
Мұнда 1-нұсқадағы мысалдар үлгерімі жақсы оқушыларға, ал 2-нұсқадағы мысалдар үлгеріме нашар оқушыларға беріледі.
Енді оқушылардың өзбетімен жұмыс істеуінің жоғары деңгейін сипаттайтын мысалды көрсетейік. 3-класс.97-б.
Класта 10 адам спортпен шұғылданады Бұл кластағы барлық оқушылардың үштен бір бөлігі. Класта қанша оқушы бар? (Жауабы: 30 оқушы)
Осы сияқты есептерді әр оқушының өздігінен шығаруын олардың өз бетімен жұмыс істеуінің жоғары деңгейін көрсетеді.
Көбінесе сабақ үйге тапсырма берумен аяқталады. Математика оқытуда үйге тапсырма беру өте маңызды, мұнда да дифференциалды әдісті пйдалануға болады. Үй тапсырмасын орындау барысында алынған дағдылар бекиді. Балалар мұғалім басшылығымен алынған білімдерін өз беттерінде қолдана алуға жағдай жасалады.
§2.4. Шығармашылық тапсырманы орындау-өзбетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу жолы.
Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу-олардың шығармашылық ойлау қабілетін арттырып, өздігінен қорытынды жасай білуге машықтандырады. Ол үшін баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес, сабаққа қызықтырып отыратын әртүрлі көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдарды әрі көп, әрі ұтымды пайдалану керек.
Балалардың өздігінен орындайтын жұмыстары тек өткен сабақты қайталау, жаңа материалды бекіту кезінде ғана емес, сабақтың барлык кезеңдеріне де қатысты. Яғни сабақтың мақсатына қарай, өздігінен жү_мыс істеуді сабақтың басында да, соңында да жүргізіп, оған бөлінетін уақытты сабақтың мазмұнына қарай өзгертіп отырған жөн.
1-класта оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарына мұғалім тікелей басшылық жасап, оның барысын қадағалап отыруға тиіс. Мүмкіндігінше аз уақыт ішінде бірнеше жұмыс түрлерін жоспарлау Қолайлы. Жалпы төмен класс оқушыларын өзбетімен жұмыс істеу тез жалықтырады. Сондықтан мұғалім оны ұзаққа созылмайтындай, әрі Қызықты етіп ұйымдастыру жолдарын іздестіруі қажет.
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда мынадай Қағидаларды есте сақтау керек.
Өздігінен орындалатын жұмыстың мазмұны бағдарламадағы қойылатын талапқа сәйкес болуы керек.
Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуы тиіс.
Өзіндік жұмыстың формасы және мазмұны әртүрлі болуы керек.
Әрбір өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы тиіс.
Енді осы жағдайларды ескере отырып шығармашылық тапсырмаларды оқушылардың орындауын қарастырайық.
Айталық сандардың құрамын балалардың естеріне түсіру мақсатында жүргізілетін жаттығуларды ойын түрінде беруге болады. Мысалы, мұғалім қолына доп алып, балалардың зейінін өзіне аударады.
- Мен сендерге сан айтамын, ал сендер сол санның қандай сандардан
құралатынын айтасыңдар. Сегіз (мұғалім допты отырған баланың біреуі не
лақтырады). Оқушы допты қағып алып, есепті шығарып, 6+2= 8 деп,
мұғалімге қайтадан лақтырады.
Мұғалім допты басқа балаға лақтырады. Оқушы 4+4= 8 деп допты мұғалімге қайтадан лақтырады. т.с.с.
Осы сияқты, әр тақырыпты өткенде жаттығу түрлеріне қозғалыс ойын әлементтерін оқушылардың өздігінен орындауына да болады.
Математика сабағында оқушыларды өзіндік немесе шығармашылык жас ерекшеліктерін, ой-өрісін, ойлау, қабылдау қабілетін ескеріп, оқулык көлемінде шығармашылық жұмыстар жүргізуге болады. Мәселен, он көлеміндегі сандарды қосып , алу кезінде оқулықта берілген есеппен сәйкес. Аягөзде 8 түрлі қарындаш бар, Айгүлдің одан 2 қарындашы артық. Айгүлде қанша қарындаш бар? деген есепті оқушылардың өздеріне құрастыруға болады. Мұғалім бұл жерде тек сұрағын қойып, беруі керек. Оқушылардың ойлауына, есептеуіне мүмкіндік беріп, өзбетінше шығаруын қарастырған жөн. Аягөз, Айгүл сол сыныпта оқитын болғандықтан, оқушыларға бұл туралы есептер қүрастыру қызықты болады. Айгүлде 10 қарындаш бар деген жауап алады. Мұғалім бұл жерде:
Қане, қандай амал қолданамыз деген сұрақ қояды. Оқушылар: қосу амалын қолданамыз, - деп есептің шығару жолын тақтаға жазады. 8+2= 10 қарындаш Айгүлдікі.
- Айгүлдің неше қарындашы артық? Оқушылар: 2 қарындаш артык-
Деп, жауап береді.
- Аягөздің неше қарындашы кем?- деген сұраққа да: 2 қарындашы
деп жауап береді. Бұл жерде артық болса көп екенін түсінеді .
Шығармашылық жү_мыс класс оқушыларының ойлауын дамытады.
күнделікті сабаққа дайындалу жоспарына жазылып, сабақтың мазмұны мен мақсатына қарай қарастырылады. Бүған ойын есептер, өлең есептер, жүмбақ, жаңылтпаш есептері жатады.
Шығармашылық есепке қатысу оқушылардың шапшаң меңгеру, түсіну, қабылдау зейінін қалыпқа келтіруге үйретеді. Оқулықтағы дайын есепты шығара отырып, өзіндік есеп қүрастыруға үйретеміз. Бастауыш оқушылары ойынға қүмар келетіні белгілі. Сондықтан оларды ойын есептер шешуге қарастырып шығарғанымыз жөн. Ойын есеп оқушының ойына қонымды, білім дәрежесіне лайық әрі қызықты болуын қарастыру керек.
Математикалық ойын «Қызықты квадрат»
Ойын ережесі. Екі команда өкілдеріне қиындығы бірдей тапсырма беріледі. Олар 2,3,6,8,9 цифрларын пайдаланып, квадраттың бос көздерін жатық жол, тік жол және үзік сызықтар бойынша есептегенде 15 болатындай етіп толтырады. Қай команда бұрын толтырса, сол команда ұтады. Команда өкілдері класқа қарап тұрып, бастаушының «Кірісіңдер!» деген белгісі бойынша бастайды. (Жауабы: оң жақтағы суретте).
Оқушылар тез қабылдап, зейінін қалыпқа келтіру үшін, жаңылтпаш есептің де пайдасы бар.
Класта барп 30 оқушы,
Үштен бірі бақташы.
Қалғанының жартысы бақшашы
Жартысы қақпашы
Бақташы нешеу? Бақшашы нешеу?
Қақпашы нешеу?
Оқушылар тез-ақ ойланып шығарады. Тақтаға бақташы - 10. бақшашы - 10, қақпашы - 10 деп жазады.
Тақтаға жазылған сұраққа есеп қүратып, сабақ өту барысында да оқушыларға өзбетінше есеп шығаруға болады. Шығарылған есептің шартына лайық мазмұны бөлек есептерді тапсырмаға беріп, қосымша материалдар немесе карточкалар бойынша өзбетңнше есептер шығарып, шығармашылық танымын дамытуға болады. Оқушыларға шығармашылык тапсырма беру оқушының дүниетанымын кеңейту, патриоттық сезімге бөлеу болып табылады. Сондықтан құрастырған есептің тәрбиелік мәніне Де көңіл бөлген жөн. Қазіргі заманымыз-космос заманы. Сондықтан ғылымның кереметін мақтан ететіндей, ғылыми жаңалыққа оқушы ойын жеткізе білетіндей есептер құрастырып, олардың ойын жетілдіріп отыру керек.
Мәселен көрнекілікті пайдалана отырып, Союз - 3 космос кораблі секундына 8 км жылдамдықпен ұшса, кораблдің ұшу траекториясы 56 мың км деп есептесек, қанша уақытта жер шарын айналып шығар еді?
56000:8 = 7000; 7000 : 60 = 117(минут) = 1 сағ. 57 минут Бұл бастауыш мектептің соңғы класының оқушылары үшін қиын есеп емес. Немесе ауданды есептеуге жеке оқушыларға өз үйлерінің ауданын есептеп және әр отбасы мүшесіне неше шаршы метрден тиетінін біліп келу тапсырылады. Мысалы, Нұржан есепті төмендегіше шешіп келді.
Отбасында 6 адам бар. Үйдің ұзындығы - 9 м, ені - 8 м 9-8= 72 (кв.м)
72 кв.м : 6 = 12 (кв.м)
Мұндай тапсырма оқушы өз үйінің көлемін есептеуге, өзіне тиесі бөлек туралы түсінуге, ұқыптылыққа, затты пайдалана білуге бейімдейді және өзінің сол отбасының мүшесі екендігін сезіндіреді. Өзіндік және шығармашылық жұмыстар орындағанда техникалық құралдар пайдалануға болады. Оқушы өз еркімен шығарған есептерін эпидиаскоппен көрсететін өзгеше мақтана қараса, одан артық қуаныш бар ма? Оқушылардың ішінде тез, ауызша есептеуге құмар, жылдам, тез қабылдағыштары кездеседі, Мұндай оқушыларға қосымша тапсырмалар беріліп, оның дарындылығын дамытып отырғанымыз дұрыс. Оқушылар өзіндік қабілетін, дүниетанымын, дүниеге көзқарасын қалыптастыру мақсатында шығармашылық жұмыстың пайдасы зор.
§2.5 Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда бағдарламалап оқыту.
Бағдарламалап оқытудың негізін Гарфорд университетінің профессоры Б.Ф. Скиннер қалаған. Оның дамып жетілуіне көптеген елдердің ғалымдары да өз үлестерін қосты. Олардың қатарында бұрынғы В.П.Беспалько, Т.А.Плызина, П.А.Гальперин, Т.А.Ильина, А.И.Раева, Э.Дрефенштендт т.с.с. ғалымдар болды.Олар бағдарламалап оқытудың мазмұнын аша түсуге, оған деген көзқарастарды қалыптастыруға ат салысты. Олардың кейбірі өз еңбектерінде бағдарламалап оқытуды дидактиканың жаңа бір жүйесі, ал екіншілері оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу формасы, ал үшіншілері оқытудың бір әдісі ретінде қарастырады.
Педагогикалық көзқараспен қарағанда бағдарламалап оқытуды былайша анықтауға болады. Оқу материалын бағдарлама бойынша мұғалім шағын бөлікиерге бөлшектейтін, әрбір оқушының іс-әрекетінің сипаты мен ретін анықтайтын және оқылатын материалды меңгеру барысын үдайы бақылауға көмектесетін жүйе бағдарламалап оқыту деп аталады.
Бағдарламалап оқыту мынадай принциптерді басшылыққа алады.:
а) Оқушыларды меңгеруге және басшылыққа (есте сақтауға) алуға тиісті
оқу материалдарын үқыпты іріктеуге үйрету.
ә) Оқу материалдарын берудің қатаң логикалық жүйелілігін сақтау;
б) Оқу материалын шағын аяқталған үлестерге мүшелеу;
в) Оқушылардың оқу қызметін рет-ретімен бақылау, басқару және кері
байланысты жүзеге асыру;
г) Бағдарламаланған материалдармен жұмыс кезінде оқушылардың дербестігі мен белсенділігін арттыру.
Осы айтылған бағдарламалап оқытудың әлементтерін бастауыш кластардың өзінде-ақ қолдану мүмкіндіктері бар. Енді кейбір бағдарламаланған тапсырмаларды мысалға келтіре кетейік.
Карточка 8-1,1.
1.16 жәшікке 7 кг-нан алма салынды. Егер әрбір жәшікте 8 кг-нан салынса, осы алмаға қанша жәшік қажет болар еді?
2. Дүкенге 302 нанэкелінді. Ол барлық экелінуге тиісті нанның 1/5 бөлігі
еді. Дүкенге барлығы қанша нан әкелінуі тиіс?
3. 37 • 4 + 84 : 7 ; 1250 • 70 - 2160 : 30
4.638232 және 919884 сандарының 5/7 бөліктерін табыңыз.
Осы тапсырманы өз бетінше шығарып кетеалмайтын оқушылар үшін мұғалім қосымша мынадай керточканы алдын-ала дайындап, өзінде сақтайды. Бақылау немесе өзіндік жұмыстар кезінде класты аралаған мұғалім қажеттапқан оқушыларға осы көмекші карточкаларды таратады.
Карточка 8-1,1 -А 1.
Жәшіктердің сыйымдылығы
|
Жәшіктің саны
|
Барлық алманың салмағы
|
7 кг
|
16
|
Бірдей
|
8кг
|
?
|
2. Бүтін бөлігі қанша болады?
З.Амалдардың орындалу ережесін пайдалан.
4.Алғашқыда берілген сандардың 1/7 бөлігін, соңынан 5/7 бөлігін тап.
Егер кейбір оқушылар бұл нұсқаудан кейін де жұмысты орындай алмаса, онда екінші кезекте төмендегі үлгідей қосымша тағы бір карточкаларды тьиісті оқушыларға таратуға болады.
Карточка 8-1,1 -Ә
7 кг-дық жәшіктердегі алмалар салмағы 17 ■ 61 кг
8 кг-дық жәшіктердегі алмалар салмағы 18 ■ хі кг
Теңдеу құрыңыз және оны шешіңіз.
Содан оңға қарай көбейту және бөлу амалдарынорындаңыз.
4. Берілген сандарды 7-ге бөліп оның бір бөлігін алыңыз 5/7 бөлігін
табу үшін бір бөлікті 5-ке көбейтіңіз.
Бағдарламалап оқыту әлементтерін пайдаланудың машинасыз тексеруін перфопапкілер мен первокарталарды пайдалану арқылы жетістіруге болады.
Первопапкіні барлық класс оқушыларына бірдей өлшемді қалыңдау Қағаздан дайындау қажет. Мысалы, 12 см х 10,5 см өлшемді етіп салуға болады.
Айдарбеков А
|
\ Ж
с \
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
|
|
Бағдарламаланған тапсырмада бақылау жұмысына қатысты бірнеше есептер мен мысалдар беріледі де, әрбір есеп пен мысалдың 4 немесе 5 жауаптары келтіріледі. Жауаптардың тек біреуі дұрыс ал қалғандарына оқушылардың қате ойлауынан кейін келетін жауаптар таңдалады. Перфопапкіде баған бойынша сұрақтардың реті көрсетіледі де, жатық жолда жауаптардың нөмірі беріледі. Мысалы, бірінші сұрақтың үшінші жауабы дұрыс болса, онда оқушы 1-қатардағы үшінші тор көзді қосу таңбасымен белгілеуі керек. Ал екінші сұрақтың төртінші жауабы дұрыс болса. Онда оқушы 2 қатардың төртінші тор көзі белгіленуі тиіс т.с.с
Мұғалімде берілген сұрақтардың жауаптырының дұрысын ашық тор көз етіп алынған первопапкінің өлшемімен бірдей карточка болады. Оны первокарта деп атайды. Первокартаның көмегімен тапсырманы орындап болған оқушының жұмысының дұрыстығын сол сэтте тексеруге мүскін болады.Осылайша оқушылардың өз жұмыстарының нәтижесін тез арада көрсетіп олардың сабаққа деген ынтасын арттыруға болады.
Бағдарламаланған тапсырмаларды төрт вариантта дайындалып, бірақ әрбір оқушыға жететіндей етіп тапсырмалар көбейтілуі тиіс. Бақылау жұмысын орындау барысында оқушы өз варианты кімде екенін білмей қалуы ұпіін тапсырмаларды рет нөмірімен белгілеп кете беру қажет. Ал мұғалімде төрт вариантқа төрт первокарта дайын тұрады. Қай оқушы қай варианттағы тапсырманы орындағанын табу үшін, оқушының вариантының нөмірін төртке бөлу керек.
Және ескеретін бір мәселе төрт вариантта дайындалған тапсырмалардың қиындық деңгейі төрт түрлі болып, кластағы оқушылардың жеке қабілеттері ескеріледі. Мүгалімнің ұйғарымымен кейде алты вариантта да тапсырмаларды дайындауға болады.
Первопапкі мен перворкарталарды былайша да пайдалану тиімді.
Мысалы тапсырманың мынадай сұрағын қарастырайық:
Мына өрнектердегі амалдардың орындалу ретін көрсетіп, оның нәтижесін
есепте: 4- 26 + 65 : 13 - 8. Сұрақтыңі төмен жағына жауаптар жазылады.
1) Қосу 4)Көбейту
2) Бөлу 5)5
3) Азайту 6) 101.
Мұндағы баган (тік жол) бойынша амалдардың орындалу реті, ал жатық жол бойынша ол амал жауаптарда нешінші болып жазылғаны белгіленуі тиіс.Мысалы берілген мысалда бірінші болып көбейту амалы орындалуы тиіс, ол жауаптарда төртінші нөмірге ие. Олай болса, 1-ші қатардан 4-шітор көз қосу таңбасымен белгіленеді. Екінші болып бөлу амалы орындалуы тиіс, ал ол жауаптарда (төртінші нөмірге ие) екінші бөлек жазылып тұр.Яғни екінші қатардың екінші тор көзіне таңба түседі. Қалған амалдар да сол сияқты белгіленеді. Ал бесінші қатарға өрнектің дұрыс мәнін белгілеу қажет. Берілген өрнектің мәні 101-ге тең болғандықтан, бесінші қатардың алтыншы тор көзі қосу таңбасымен белгіленеді. Ягни дұрыс жауап төмендегі кестедегідей болады (2-сурет)
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
+
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
+
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
+
|
|
6
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2-сурет
Сондай-ақ, бастауыш кластағы геометриялық материалдарға қатысты мынадай бағдарламаланған тапсырманы даярлауға болады. Мысалы, мына сызбадағы (3-сурет) фигураларды реті бойынша атаңыз.
Сызбаның төменгі жағына мынадай кезекте фигуралардың аттары
жазылады:
І.Квадрат 4.Тіктөрбұрыш
2. Бұрыш 5. Төртбұрыш
3. Кесінді 6. Үшбұрыш
Осыдан кейін оқушыларға:
«Сызбадағы фигуралардың нөміріне жауаптағы (аттары жазылған) нөмірлердің қайсысы сәйкес келетінін табыңдар» деген тапсырма беріледі. Бұл суреттің жауабы 4- суреттегідей кескінделеді.
Аты-жөні
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
|
|
+
|
|
|
|
2
|
|
+
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
+
|
4
|
|
+
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
+
|
|
|
6
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4-сурет
Бастауыш кластарда жауаптардың нөмірін атау үшін әртүрлі тиісті жалаушаларды немесе нөмір жазылған карточкаларды пайдалану мумкіндігі бар. Мысалы, олардың қолындағы жалаушалардың көк түсін —1 ал, жасылды —2, ақты -, сарыны — 4, қызылды - 5, деп келісуге болады.Енді жалаушаларды қалайша пайдалануға болатындығына қысқаша тоқтала кетейік.
Мысалы, 24+18: 3 - 2-7 өрнегінің төрт немесе бечс жауаптары төменгі жағына былайша жазылады.
1)84; 2)16; 3)0 4)196
Бұл жауаптардың екіншісі дұрыс. Сондықтан оқушылар өрнектің мәнін есептеп болған соң жасыл жалаушаны көтеруі қажет. Қай жалаушаны көтерген оқушының жауабының дұрыстығын мұғалім кластағы оқушылардың басым көпшілігі сабаққа қатысқан соң мұғалім дұрыс жауабын атаған бір оқушыны тақтаға шақырып, мысалдың шығару жолдарын жаздырады., ал қалғандары өз жұмыстармен салыстырады.
Басқалардан көп ерте мысалды шешіп қойған оқушыларға қосымша басқа тапсырма дайын тұрғаны тиімді. Ол оқушылардың қарап отырып қалмауына және басқаларға кедергі бермеуіне септігін тигізеді.
Бағдарламалап оқыту әлементтерін пайдаланудың өрісін былайша өрбітуге болады. Оқушылардың алдына 0-ден 9-ға дейінгі сандардың барлығы жазулы түрады. Мысалы шешуде қай оқушы дұрыс жолға түскендігін байқап отыру үшін мұғалім бірінші амалдың нәтижесін көрсетуін сұрайды. Оқушылар алдарындағы сандар бойынша өз нәтижелерін көрсетеді. Дұрыс жауапты көрсеткен оқушыларға әрі қарай жалғастыруға тапсырма беріліп, ал қате жіберген оқушыларға өз қателерін іздестіруі жүктеледі.
Бағдарламалап оқытудың бастауыш сынып математика курсында әлементтерін пайдалану арқылы оқушылардың ойлау белсенділігі арттырылады. Бағдарламалап оқытуды қолдану арқылы оқушыларды жоғары оқуға түсу кезінде көп көңіл бөлініп отырған тестік жүйемен қабылданатын емтиханға да дайындау мүмкіндігі іске асады.
§2.6.Өзбетінше жұмыстарды пайдалану іс-тәжірибесі
Шағын комплектілі мектептің бірінші және төртінші кластарының математика сабақтарында жүргізілетін өзбетінше жұмыстардың түрлері іріктеліп жинақталады. Бұл тапсырмалар тағдарламаға сәйкес оқушылардың білімін, икемін және машықтарын қалыптастыруды көздейді. Олар:
Мұғалім элі түсіндірмеген, жаңа оқу материалдарын оқып-үйренуге
дайындық кезеңінде жүргізілетін өьзбетінше жұмыстар (қысқа және
ыңғайлы болуы үшін алдағы уақытта өзбетінше жұмыстың бұл
түрін Д - әрпімен белгілейміз)
Сабақтағы жаңа материалды бекітуге берілген өзбетінше жұмыстар
(Ж - әрпімен белгіленеді)
Бірнеше сабақтардан немесе сабақтар жүйесінен кейін алған
білімдер мен біліктілігін пысықтауға бағытталған өзбетінше
жұмыстар (П - әрпімен белгілейміз).
Өзбетінше жұмыстардың бұл түрлерін ұйымдастыру әдіс-тәсілдеріне тоқталайық. Мысалы:
Д - жұмыста мұғалімнің көмегінсіз өзбетінше өтетін жаңа материалдарға байланысты берілетін тапсырмалар ұсынылған. Мұнда оқушылар жаңа материалдарға байланысты берілетін тапсырмалар ұсынылған. Мұнда оқушылар жаңа материалды өзбетінше игеруге үмтылады. Ж - жұмысын орындау барысында оқушылар:
математикалық ұғымдар мазмұнын алғаш игереді;
математикалық терминогиялардың мәнін меңгереді;
сабақта өтілген материал мен оқушыларда бүрыннан бар білімдер
арасындағы сабақтастықты тағайындайды.
Ж - жұмысы 2-3 тапсырмадантүрады. Шағын комплектілі мектептің мү_ғалімі оқушының өзбетінше жұмысын аяқтау барысын, сабақ үстінде текснереді. Мұндай әдіс арқылы оқушының жіберген қатесін жөндеуге мүмкіндік береді және ол қателіктерді класс ұжымымен талдау арқылы оқушылардың көпшілігі бірдей қате жібермеу жол көзделеді. Жекеленген оқушылар есеп немесе мысалдар шығаруда қате жіберсе, оларға арнайы нүхқау беріледі. Ж - жұмысын ұйымдастыру оқушыларды тез және дұрыс есептеуге үйретеді.
П - өзбетінше бірнеше сабақ өткенен кейін, материалды пысықтауға, Қайталауға, берілген жаттығулардан түрады. Бұл жұмыс мазмұны бойынша екі түрлі мақсат көздейді.
1. тақырып бойынша енді ғана өтілген материалды пысықтау.
2. Бұрыннан алған білім, білік және дағдыны бекіту, пысықтау.
Мұғалім П - өзбетінше жұмысын сабақтың кез-келген кезеңінде ұйымдастыра алады. Сонымен бірге оқушылардың кейбір бөлігіне П -өзбетінше жұмысын үйге тапсырма ретінде беруге болады.П - жұмысты орындау арқылы оқушылар есеп шығару және есептеу дағдыларын қалыптастырады. Мұның қорытындысы жаңа білімнің игерілгенін және педагогикалық еңбектің нәтижесін көрсетеді.
Шағын комплектілі мектептің оқу-тәрбие жұмысының ерекше көңіл аударылатын бір саласы - оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Мұғалім оқушылардың өздері орындайтын жұмыс түрлерін күні бұрын жоспарлап әр тақырыптың ауыр жеңілдігіне қарай ұйымдастырылуы тиіс. Сонда әр кластағы сабақ жүйелі, ал оқушылардың өздері орындайтын жұмыстары сапалы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |