2.3. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (ДБІ) — математикалық білім технологиясы
Қазіргі кездегі математикалық білім баланың интеллектісін, дербес ойлауын дамытуға бағытталған. Бұл салада, біз сөз өткелі отырған технологияның алар орны ерекше. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру деп аталатын математикалық білім технологиясы. 1964-1996 жылдар арасында академик П.М.Эрдиневтің жетекшілігімен жүргізілген теориялық және тәжірибелік ізденістердің, практикалық жұмыстың нәтижесінде өмірге келді.
М.П.Эрдниев "дидактикалы бірліктер" деген ұғымды осыдан 20 жыл бұрын енгізген. Автор оқу материалынан кіші көлемде берілетін ақпараттарды алып тастамай, тек олардың құрылымын өзгертіп, ірілендіріп беруді ұсынады. Бұл жағдайда материал терең меңгеріліп, ойлауға, дамыға өріс ашылады.
Академиктер В.Журавлев, А.Маркушевич т.б. бұд технологияның тиімділігін атап өтіп, "ғасыр идеясы" деп таныған.
Жоғарыда аталған ғалымдардың ой-пікірлерімен келісе отырып, оқушының ақыл-ойының дамуы, математикалық ой-өрісінің кеңеюі, танымдық қабілеттерінің дамуы дәл осы әдістемені қолдану барысында жеделдейтігін өмір көрсетіп отыр деуге болады. Оқушының білімінің сапасына әсер ететін факторлардың бірі оқулық болса, оңдағы жаттығулардың мәні, мағынасы, мүмкіндіктерінің рөлі зор.
Бүгінде ДБІ жаңашылдық технология ретінде әртүрлі аймақтарда кеңінен қолданылуда. Мысалы: Калмыкия республикасының барлық мектептерінің, Екатеринбург, Самара, Хабаровск, Братск т.б. қалалардың тәжірибесіне енген.
Республикамызда 1997 жылдан бері енгізіліп жатқан профессор Т.Қ.Оспановтың жетекшілігімен жазылған "Математика" оқулықтары осы теорияға негізделген. Сондықтан оқушының жеке басын дамытуға бағытталған бұл әдістемемен бүкіл бастауыш мектеп мұғалімдері жұмыс істеуде деп толық айтуға мүмкіндік бар. ДБІ әдістемесін жүзеге асырудың басты қағидалары төмендегідей:
Қарама-қарсы ұғымдарды, әрі өзара байланысты
операцияларды қатар оқыту.
Тура есепке кері есеп ойлап табу, шығаруды кеңінен
қолдану.
Деформацияланған жаттығуларды пайдалану.
Өз бетінше, шығармашылыққа берілетін
тапсырмалардың үлес салмағының артуы.
Осы қағидалардың әрқайсысына жеке тоқгалып, олардың оқушыны ойлауға үйрететін мүмкіндіктерін аша түсейік.
Оқыту практикасы "қосу мен азайту", "көбейту мен бөлу" бұрынғыдай төрт бөлек тақырып етіліп өтілмей қатар ұсынылуының тиімділігін керсетіп отыр. Біріншіден, бұл арқылы оқу уақыты 20 минутқа дейін үнемделеді. Ал үнемделген уақыт білімді тереңдетуге өте қажет. Екіншіден, ойлау операциялары арқылы баланың дамуы жеделдейді. Оқытудың гумандық, ізгіліктілік принциптеріне сәйкес оқушы мен мұғалім арасында жаңаша қарым-қатынас қалыптасады. Мысалы: 5+1=6 5+1=6
Түріндегі төрт аралық операцияны пайымдау арқылы шешу, ойлау әрекетінің ішкі потенциалды резервтерін ашуға көмектеседі. П.К.Анохин тұжымымдамаларымен айтсақ, табиғаттың айнымас заңдылықтарының бірі "кері байланыс" заңының іске қосылуымен тиімді.
ДБІ технологиясының басты ерекшеліктерінің бірі кері есептері шығару "кері есеп" ұғымы ғылымға өзіміз жоғарыда айтып өткен академік П.К.Анохин енгізген кері байланыс (афферентация) деген психологиялық ұғыммен байланысты. Кері есептерді шығару, тура есепті кері есепке айналдыру арқылы баланың белсенділігі, қызығушылығы артады, шығармашылық дербестік пайда болады.
Математикалық әдебиеттерден мынадай ережені көп кездестіруге болады. "Математикадағы басты нәрсе-ұғымдарды ой елегінен қайта өткізе білу". Кез келген тұра есепті кері есепке айналдыруда бір сан екі рольде болады. Біріншіде екі санның қосындысы, көбейтіндісі түрінде болса, екінші жағдайда айырма не бөлінді қызметін атқарады. Жаңа буын оқулыққа бес түрлі: қосындыны табуға, қалдықты, бірнеше бірлікке артық не кем санды табуға, айырмалық салыстыруға берілетін есептердің кейбіріне кері болып табылатын есеп ретінде белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға байланысты есептер 1-сыныптан бастап-ақ енген.
"Кері есеп" ұғымы алғаш көрнекіліктер арқылы түсіңдірілуі тиімді. Мысалы: столға 5 кітап қойып, оның жанына портфельді орналастырған соң, мына есеп айтылады. Столда 5 кітап бар, ал портфельдегі кітаптардың 3-уі артық. Портфельде қанша кітап бар.Бүдан соң: не белгілі, не белгісіз, артық па кем бе екенін анықтауға арналған сұрақтар беріліп, жауаптар алынады.
Есеп шығарылады. Кері есепке көшер алдында, столдағы кітаптарды алып тастап, балалар, портфельде 8 кітап бар, ал столдағы кітаптың одан 3-уі кем. Столда неше кітап бар? Есеп шығарылған соң, алдыңғы есепте не белгілі болды, нені таптық, ал соңғыда ше? деген сұрақтарға жауап алынады. Белгісізді бірінші жағдайда қандай амалмен тапқанымызды анықтаймыз. Содан кейін ғана "кері есеп" ұғымы енгізіледі.
Осы типтердегі есептерді көрнекіліктер арқылы шешуді менгерген кезде төмендегідей абстрактылы есептерге көшуге болады.
Мысалы:
Тура есеп: Кері есеп:
3, 2, D 3, П , 5
Алмас 3 жаста, Айнел одан Алмас 3 жаста,
Айнел 5 жаста.
2 жас үлкен. Айнел неше Айнел Алмастан
жаста? неше жас үлкен?
Шешуі: 3+2=5 (жас) Шешуі: 5-3=2(жас)
Жаңашыл мұғалімдердің пікірі бойынша есептің осылай беріліп, шешілуінің пайдалы екені айтылып өтіледі. Технологияның кейбір қиыңдықтары "кері әдістің" теориясын білмеуден жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |