Құқық және экономика негіздері кафедрасы



жүктеу 133,04 Kb.
Дата21.11.2017
өлшемі133,04 Kb.
#1257
түріНұсқаулар

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті

Құқық және экономика негіздері кафедрасы

 

Искендирова С.К., Сыздыкова С.А.,

 

Тарих, құқық және экономика негіздері” мамандықтағы студенттерге арналған



Экономикалық теория” пәнінен курстық жұмыс орындау туралы

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

 



Кокшетау

2003

 

 



“Тарих, құқық және экономика негіздері” мамандықтағы студенттерге арналған “Экономикалық теория” пәнінен курстық жұмыс орындау туралы әдістемелік нұсқаулар // Авт. Искендирова С.К., Сыздыкова С.А. – Көкшетау : Ш.Уалиханов атындағы мемлекеттік университеті, 2003.- 14 б.

 

 



 

Пікір жазған: э.ғ.д , профессор Нурмаганбетов Қ.Р.

 

 



 

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті Тарих және бейнелеу факультетінің Оқу-әдістемелік кеңесі ұсынды (№ 4 хаттама 2003 ж. 15 сәуір)

 

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің Оқу-әдістемелік кеңесі ұсынды (№ 2 хаттама 2003 ж. 16 сәуір)



 

 

 



Кіріспе

Экономикалық теория пәнінен “Тарих, құқық және экономика негіздері” мамандығына арналған курстық жұмыс білім берудегі мемлекеттік стандарт бойынша белгіленген. Курстық жұмыстың негізгі мақсаттары мен міндеттерне жататындар:

-Берілген тақырыптың нақты мағнасын зерттеудегі жүйелік тәсілдерді қолдана білу;

-Нарықтың экономиканың күрделі өзгерістерін жалпы теориялық аспектілер бойынша талдау жүргізу;

-Экономистердің әр түрлі еңбектері бойынша теориялық аспктілерін салыстыру қабілеттілігін дамыту;

-Экономикалық теория негіздерінен студенттердің алған білімдерінің денгейін жоғарылату және т.б.

Экономикалық теория пәнінен курстық жұмысты орындау бағыттары:

- Адамзаттың және қоғамның қажеттілігі мен оларды қанағаттандыру жолдары, тауар мен қызмет өндіру, тауарды бөлу және айырбастау процесстері, қаржы және ақша айналымы, сыртқы экономикалық байланыстар туралы, жалпы айтқанда студенттердің экономикалық теорияның негізгі аспектілерінен алған білімдерінің деңгейін жоғарылату;

-Қазіргі экономикалық құбылыстарды бақылап, зерттеп, оларды өз мүмкіндігінше түсіндіре білу;

-Қоғамда болып жатқан экономикалық процесстерге студенттердің белсенді қатысу қабілеттілігін көтеру;

-Болашақта студенттердің мамандықты және шаруашылық салаларды таңдағанда мәліметтерді ортаға келтіре алатындай дәрежеге жеткізу;

-Келтірілген әдістемелік нұсқаулардың басты мақсаттары-олар студенттерге әртүрлі күрделі тақырыптарды теориялық аспектілер бойынша тәжірибелік іс-әрекеттер мен байланыстыра отырып терең зерттеу жүргізуде көмек көрсетуі үшін берілген. Мұнда курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар, қорғау тәртібі, курстық жұмыстардың тақырыптары, негізгі әдебиеттердің тізімі келтірілген.



Курстық жұмысты орындау тәртіптері және ережелері.

“Экономикалық теория” пәнінен курстық жұмыс - бұл студенттің жүргізетін өзіндік жұмысы. Курстық жұмыс тақырыптары көрсетілді.

Курстық жұмыс стандарттық формат А4 бойынша жасалған қағаздың бір жақ бетінде ғана орындалады да: осы беттің сол жағында – 30 мм, оң жағында – 10 мм, жоғарыда – 20, төменде – 20 мм орын қалдырылады. Бұл жұмысты қолмен жазуға немесе компьютермен басуға болады.

Әрбір тарау мен бөлімдер жолдың ортасында орналастырылады да мазмұнынан (текстен) жоғары және төменнен үш интервалмен бөлектенеді. Тарау мен бөлімнің аттарынан кейін нүкте қойылмайды жөне де асты сызылмайды. Тараудың аттары бас ғарыптармен жазылады.

Қызыл жол жаңа жолдан және 5-ші белгіден басталады. Курстық жұмыста барлық беттер, оның ішінде титулдік бет пен суреттерде қоса номерлеңу керек.

Курстың жұмыс даярлығында негізгі кезеңде тақырыпты таңдау тұрады.

Таңдап алынған тақырып:

-Бүгінгі күннің басты талабында болуы тиіс;

-Күрделі мәселелер тақырыбы болуы тиіс;

-Курстық жұмыстың нәтижелерін шаруашылық тәжірибеде немесе дипломдық жобада қолданылуы мүмкіншілігін қамтамасыз етуі тиіс.

Тақырыпты таңдағаннан кейінгі жауапты кезең- ол жұмыстың жоспарын құру.

Курстық жұмыстың көлемі 25-30 бет болуы керек, қосымша анықтауыштардан басқа. Курстық жұмыстың мазмұны төменде белгіленген ізделікпен көрсетіледі:

-титулдік бет (ол бірінші бет болып саналады);

-мазмұны (екінші бет);

-кіріспе (үшінші бет);

-Негізгі бөлімдердің мазмұны (оларда нөмерленеді);



  • Қорытынды және ұсыныстар;

  • Қолданылған әдебиеттер тізімі;

  • Қосымшалар (егер болса)

Курстық жұмыстың титулдық бетінің үлгісі 1 қосымшада көрсетілген, ол компьютер арқылы орындалуы керек.

Жұмыстың мазмұнында құрылымдық бөлімдердің нөмері және беттердің саны көрсетіледі.(2 қосымша).

Курстық жұмыста келтірілген кестелердің, суреттердің, схемалардың, графиктердің реттік номері және аттары болу керек. Кестелерді келтіргенде, оң жақта “кесте” деп жазылады да, оның реттік номері көрсетіледі. Одан төмен оның аты жазылады. Ал, суреттер мен графиктерді көрсеткенде, ең бірінші, жолдың ортасында олардың аты, одан төмен сурет немесе графиктің өзі келтіріледі де, оның астында “сурет” деп жазылып оның реттік номері көрсетіледі.(қосымша)

Кіріспе бөлімінде қысқаша және өте анық түрде осы тақырыптың зерттеу мақсаттары және экономикалық теория курсында оның орнын анықтап өту қажет.

Кіріспе, егерде осы бөлімде автор зерттеліп отырған проблеманың актуалды жағын қысқаша және сенімді түрде сипаттап көрсете алатындай болса, өте ұтымды болады.

Кіріспенің көлемі 2-3 бет болуы керек. Жұмыстың негізгі бөлімі 7-21 бет, 2-3 тараудан құрылады, олар өз кезегінде бөлімшелерге-параграфтарға бөлінуі мүмкін.

Тараудың және параграфтың аттары жұмыстың нақты мазмұнын сипаттауы қажет: Мысалы, бірінші тарау жалпы теориялық сұрақтарға бағытталады.

Бұл тарауда зерттелінетін құбылыстың мағынасы және пайда болу формаларын, зерттеу үшін қолданылатын негізгі категориялар және заңдылықтар қаралады. Бұл проблема қазіргі кезеңдегі теориямен, практиканың жетістіктері арқылы зерттелінеді. Проблеманы зерттеудің дәрежесі мен осы проблемалар қаралған ғылымдық жұмыстардың атын, авторларын көрсету қажет.

Екінші тарауда экономикалық процесстер мен құбылыстардың қалыптасу механизмдері мен оларды іске асыру құралдарын талдау арқылы зерттеу жүргізіледі.

Үшінші тарауда автордың нақты деп санаған дәлелді тезистері келтіріледі. Бұл үшін экономикалық талдау (анализ) жасап, Қазақстан Республикасының шаруашылық практикасы зерттелініп, статистикалық материалдар қолданылып нақты мысалдар келтіріледі.

Жұмыстың соңында тақырыптың зерттелу қорытындылары шығарылып, ұсынылатын шаралар келтіріледі, олардың көлемі 2-3 беттен кем болмауы керек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі 10-15 саннан кем болмауы керек, олар мынадай тәртіп бойынша жасалады:



  • Қазақстан Республикасының заңдары

  • мемлекеттік органдардың материалдары мен қаулылары.

  • статистикалық материалдар, архивтің және есеп беру материалдары.

  • басқа әдебиеттер алфавиттік тәртіппен жалғасады.

Жұмыста келтірілген таблицалардың цифрлық мәліметтердің қайдан алынған негіздерін көрсету керек.

 

Курстық жұмысты корғау тәртібі

Орындалған курстық жұмыс тексерістен өту үшін осы жұмысты басқаратын оқытушыға тапсырылуы қажет. Егерде курстық жұмыс оң баға алса, онда ол жұмысты қорғауға рұқсат етіледі. Қорғау барысында студент өзінің қысқаша сөзінде жұмыстың негізгі мазмұнын ашып айтуы керек, сондай-ақ қойылған сұрақтарға жауап беруі қажет. Егерде студент қорғау барысында толық қанағаттандыратын жауабын берсе, онда бағаны тексеру бағасынан жоғарылатуға болады, ал егер де қорғау барысында студенттің дайындығы төмен дәрежеде болса, онда баға да төмендейді. Қорғаудан кейін алынған баға ведомость пен студенттің сынақ кітапшасына қойылады.

 

 



 

 

 



 

 

 



Экономикалық теория пәнінің курстық

жұмыс тақырыптары

  1. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

  2. Қазіргі кезеңдегі экономикалық теориядағы экономикалық ресурстардың мағнасы.

  3. Табиғи ресурстардың ұдайы өндірісі және оларды пайдаланудың тиімділігі.

  4. Қазақстандағы нарық жүйесінің қалыптасуының қайшылықтары мен тарихы

  5. Меншік қатынастарының өзгеруінің әлемдік тәжірибесі мен ұлттық ерекшелігі.

  6. Экологиялық проблемалардың экономикалық аспекті.

  7. Экономика өзгерістеріндегі меншіктің ролі.

  8. Аралас экономика мағнасы, типтері және нақты мүмкіншіліктері.

  9. Қазақстандағы қазіргі кезеңде нарықтың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары.

  10. Қазақстан Республикасындағы нарық инфра-құрылымының қалыптасу проблемалары.

  11. Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы.

  12. Қазақстандағы құнды қағаз нарығының қалыптасуы.

  13. Нарық моделдері бәсеке мен биліктің қатынастық байланысы.

  14. ҚР-дағы еңбек нарығының ерекшеліктері мен қалыптасу проблемалары.

  15. Нарықтық механизм сұраныс пен ұсыныстың байланыс қатынасының процесі.

  16. Экономикалық заңдылықтар, олардың негізгі сипаты және пайдалану механизмі.

  17. Сұраныс пен ұсыныстың икемділігінің тәжрибелік маңызы.

  18. Нарық механизмінің негізгі қозғаушы элементі-бұл бәсеке.

  19. Қазақстандағы монополияға қарсы саясат.

  20. Экономикалық зерттеу объектісі тұтынушының мінез-құлқы.

  21. Нарықтық экономикадағы фирманың шаруашылық іс-әрекеті мағнасы, қызметтері және нәтижелері.

  22. ҚР-ның ұлттық валютасының қалыптасу мен күшею проблемалары.

  23. Қазақстанның несиелік жүйенің құрылымы және экономиканың тұрақтануындағы ролі.

  24. Қазақстанның мемлекеттік бюджеті: мақсаты, бағыты және қалыптасу механизмі.

  25. ҚР-ның қаржы жүйесі.

  26. Қазақстаннық салық саясаты және оның қалыптасу проблемалары.

  27. Нарықтың экономикадағы табыстар және олардың бөлінуі.

  28. ҚР-дағы инфляция және инфлияцияға қарсы саясат.

  29. ҚР-дағы халық шаруашылығының құрылымы және экономикадағы құрылымдық өзгерістер қажеттілігі.

  30. ҚР-ның инвестициялық саясаты.

  31. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі экономика жағдайы және оның келешекте даму барысы.

  32. Фермерлік шаруашылықтардың келешекте даму барысы.

  33. Мемлекеттің экономиканы реттеуінің мағнасы және қажеттілігі.

  34. Инвестицияның түрлері және экономикалық өрлеудің типтері.

  35. Қазақстандағы жасырын экономика ерекшеліктері.

  36. Қазақстандық кәсіпкердің капиталының бастапқы қорлану құпиясы.

  37. Қазақстанның бүкіл дүниежүзілік нарыққа кіру проблемасы.

  38. ҚР-дағы инновациялық процесстер туралы.

  39. Шағын бизнес, шетелдік тәжірибе мен ҚР-дағы оның қалыптасу проблемасы.

  40. Экономикалық цикл және стагфляцияның мәселелері.

  41. Нарық жағдайындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты.

  42. Қазақстан Республикасы –жаңа индустриалды елді қалыптастыру жолдары.

  43. Ғаламдық проблемалардың экономикалық аспектілері және олардың құрылымы

  44. Азық-түлік және демография проблемалары

  45. Энергетикалық ресурстар және қоршаған орта.

Негізгі әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 1995ж.

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлімі). Алматы, 1995ж.

  3. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы “Қазақстан -2030”; 1-3 тараулар. Алматы, 1997ж.

  4. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы “2004 жылға ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары” 2003ж. 4 сәуір.

  5. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы мен қолдау туралы мемлекеттің 1994-1996 жылға Бағдарламасы, 10 шілде 1994 ж. №1727

  6. “Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау” туралы Қазақстан Республикасының Заңы. №3ХII, 4 шілде 1992ж.

  7. Әубәкіров Я., Қабдиев А., Досқалиева В. және т.б. Экономика. Оқулық, Алматы, 1994ж.

  8. Әубәкіров Я., Есқалиев К. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 1994ж.

  9. Әубәкіров Я., Нәрібаев Қ., Есқалиев К. т.б. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 1998ж.

  10. Дорнбуш Р., Фишер Р.С. “Макроэкономика”, Алматы. КазМБА және білім баспасы, 1997ж.

  11. Жатқанбаев Е.Б. Аралас экономика негіздері, Алматы, 1997ж.

  12. Жүнісов Б., т.б. Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 1994ж.

  13. Қожамқұлов Т. Саяси экономия негіздері, Алматы, 1991ж.

  14. Нүрпейсов Ж.К. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы, Ақмола, 1996ж.

  15. Мадешев Б. Нарықтық экономика теориясына кіріспе. Алматы. Экономика 1995ж.

  16. Мадешев Б.Р., Беляков А.Т., Бекмолдин С.К. Экономикалық жүйе. Алматы, 1995ж.

  17. Саяси экономия. Оқулық. Алматы, 1991ж.

  18. Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу құралы. Алматы, 1997ж.

  19. Сейткасымов Г.С. Ақша, несие, банктер. Алматы, 2000ж.

  20. Нүрсейт А., Темирбекова А., Нурсейтова Р. Теория рыночной экономики. Алматы, 2000ж.

  21. Баймуратов У.Б. Национальная экономическая система. Алматы, 2000г.

  22. Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития. 2 тома, Алматы, 1995г.

  23. Токсанова А.Н. Развитие малого предпринимательства. Алматы, 1999г.

  24. Каренов Р.С., Шакшина Ш.М. Рыночные методы хозяйствования в экономике Казахстана. Алматы, 1995г.

  25. Нурмаганбетов К.Р. Рыночное регулирование проищзводственно-хозяйственнлй деятельности фирмы по переработке сельскохозяйственной продукции. Алматы, 1997г.

  26. Нурмаганбетов К.Р. Многообразие форм собственности и хозяйствования в АПК Казахстана. Кокшетау, 1993г.

  27. Токсеитов Р.Қ. Экономикалық сөздік-анықтамалық. Қарағанды, 1999ж.

  28. Крымова В. Экономическая теория в схемах. Алматы, 2000г.

  29. Ильясов К.К. Финансово-кредитные проблемы развития экономики Казахстана. Алматы, 1995г.

  30. Предпринимательство в Республике Казахстан. Окаев К.О., Смагулова Н.Т. и др. Алматы. Экономика. 2000г.

  31. Смагулова Ш.А., Баспакова А.Д. Макроэкономика, Алматы “Жеті жарғы” 1999г.

  32. Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомаров Ұ.С., Комягин Б.Н. Жалпы экономикалық теория. Алматы-Ақтөбе, 2002ж.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



1 қосымша (үлгі)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.

Құқық және экономика негіздері кафедрасы.

 

К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С



Тақырыбы: “ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ

ЖЕКЕ МЕНШІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ”.

 

 



 

 

Орындаған



Фамилиясы, аты жөні.

___________________________

Жетекші

Фамилиясы, аты, жөні

 

 



 

 

 



 

 

Көкшетау 2003 ж.

 

2 қосымша (үлгі)



 

 

Мазмұны



 

Кіріспе


1 тарау. Меншік қатынастар қалыптасуының теориялық негізі.

    1. Меншіктің экономикалық-заңдылық мағнасы және нарық жағдайындағы меншіктің көптеген формасы

    2. Жеке меншік: мазмұны және түрлері

2 тарау. ҚР-дағы мемлекеттәік меңшіктің жеке меншікке өзгеру проблемалары

2.1.Жеке меншіктің қалыптасу негізі-жекешелендіру немесе меншікті мемлекет иелігінен алу.

2.2. ҚР-дағы жеке меншіктің даму жағдайлары

Қорытындылар мен ұсыныстар.

Қолданылған әдебиеттердің тізімі.


 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

3 қосымша ( үлгі)

 

 

 



1 кесте

Негізгі қорлардың негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейі

(мың.тенге)

 

Көрсеткіштер

 

2000г.

2001г.

өсу деңгейі

1. Негізгі қорлардың алғашқы құны

132834

137776

1,04

2. Негізгі қорлардың тозуы

43455

47555

1,09

3. Негізгі қорлардың құны

89379

88353

0,99

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

4 қосымша (үлгі)

 

 

Жалақының формалары



 

 

 



 

 

 



 

 

 



1 сурет.
жүктеу 133,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау