______________________________________________________________
(білім ұйымының Жарғыға сәйкес толық атауы)
201_ – 201_ жылдарға арналған
ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы ұжымдық шарт жұмыс беруші мен қызметкердің арасында олардың өкілдері тұлғасында жасалды және ______________________________________________________________
(білім ұйымының толық атауы)
әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылады.
1.2. Ұжымдық шарт жасауға негіз болып табылатындар:
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – ҚР ЕК);
ҚР «Кәсіподақтар туралы» Заңы;
ҚР «Білім туралы» Заңы;
Әлеуметтік әріптестік туралы аймақтық келісім;
Әлеуметтік әріптестік туралы салалық аумақтық келісім;
Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісім;
Әлеуметтік әріптестік туралы Бас келісім.
Ұжымдық шарт білім ұйымдарындағы қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау жөнінде қызметкерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттерін анықтау және қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер, жеңілдіктер мен басымдылықтарды анықтау мақсатында, сондай-ақ белгіленген заңдармен, өзге нормативтік құқықтық актілермен, Бас, аумақтық, салалық, салалық аймақтық келісімдермен салыстырғанда еңбектің анағұрлым қолайлы жағдайларын туғызу жөнінде жасалды.
1.3. Ұжымдық шарттың тараптары:
жұмыс беруші, оның өкілі тұлғасында– білім ұйымының басшысы ____________________________________________________________ (бұдан әрі – жұмыс беруші);
(Т.А.Ә.)
ұйым қызметкерлері,олардың өкілі тұлғасында – ____________________________________
(Т.А.Ә.)
төраға тұлғасында бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті (бұдан әрі - кәсіподақ комитеті)
1.4. Осы ұжымдық шарттың іс-әрекеті Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мүшелері болып табылатын барлық ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасағандарға да таралады.
1.5. Кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын қызметкерлер өздерінің жазбаша өтініштері арқылы кәсіподақ комитетінен жұмыс берушімен өзара қарым-қатынастарындағы олардың мүдделерін білдіру жөнінде сұрауға, сондай-ақ осы ұжымдық шартқа қосылуға құқылы. Кәсіподақ комитеті қызметкерлердің мүдделерін білдіреді және ұжымдық шарт ережелерінің іс-әрекетін кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын тұлғаларға, егер олар кәсіподақ ұйымына жалақыларынан 1 (бір) % кәсіподақ ұйымының шотына ай сайын аударатын жағдайда ғана таратады.
1.6. Осы ұжымдық шарт оған қол қойған кезден бастап 201___жылдың 31-желтоқсанына дейін қолданыста болады.
1.7. Тараптар ұжымдық шарттың мәтінін оған қол қойғаннан кейін 15 күн ішінде жұмыс беруші қызметкерлерге қол қойып таныстырады деп келісті.
1.8. Жаңа ұжымдық шарт жасау жөніндегі келіссөздер осы шарттың іс-әрекет мерзімі аяқталғанға дейін 2 ай бұрын басталады.
1.9. Ұжымдық шарттың іс-әрекет мерзімінде тараптардың ешқайсысының өздеріне қабылданған міндеттемелерді біржақты тәртіпте тоқтатуға құқығы жоқ.
1.10. Осы шарттың іс-әрекет мерзімі ішінде оған өзгертулер мен толықтырулар тараптардың өзара келісімдері бойынша жүзеге асырылады және мемлекеттік еңбек инспекциясында мониторниг үшін тіркелетін қосымша ретінде ресімделеді.
1.11. Ұжымдық шарт өзінің іс-әрекетін білім ұйымының атауы өзгеріп, ұйым басшысымен еңбек шартын бұзған жағдайда сақтайды.
1.12. Білім ұйымы қайта құрылған кезде (қосылу, бірігу, бөліну, қайта құру) ұжымдық шарт өзінің іс-әрекетін қайта құрудың барлық мерзімі ішінде сақтайды.
1.13. Білім ұйымының меншік нысаны ауысқан кезде ұжымдық шарт өзінің іс-әрекетін меншік құқығы ауысқан күннен бастап үш ай бойы сақтайды.
1.14. Білім ұйымы таратылған кезде ұжымдық шарт өзінің іс-әрекетін таратылу жүргізілген мерзім ішінде сақтайды.
1.15. Осы шарттың міндеттемелерін қайта қарау қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының деңгейін төмендетуге әкеліп соқпайды.
1.16. Ұжымдық шарттың ережелерін түсіндіру және жүзеге асыру жөніндегі барлық даулы мәселелер тараптармен шешіледі.
1.17.Ұжымдық шарттың орындалу барысын бақылауды олардың өкілдері тұлғасында, еңбек жөніндегі тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
1.18. Ұжымдық шартқа қосымша болып табылатын білім ұйымдарының жергілікті құқықтық актілері бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органымен келісім бойынша қабылданады.
1.19. Жұмыс беруші ұжымдық шарттың мазмұны мен орындалуының жариялығын қамтамасыз етуге міндеттеледі.
1.20. Кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып қабылданған жұмыс берушінің актілер тізімі:
1) ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелері;
2) оқу сабақтарының кестесі;
3) жұмыс кестесі;
4) еңбек демалысының кестесі;
5) педагог қызметкерлердің оқу жүктемесі;
6) педагог қызметкерлерге бар біліктілік санаттарын төмендету мақсатында кезектен тыс аттестаттауды белгілеу туралы шешімдер;
7) еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық;
8) еңбек жағдайының өзгеруі туралы бұйрықтар;
9) жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шарттарын бұзу туралы бұйрықтар;
10)мереке және демалыс күндерін жұмыс күні ретінде жариялау туралы бұйрықтар;
11) штаттық кестені қысқарту және өзгерту туралы бұйрықтар;
12) ынталандыру мен жазалау туралы бұйрықтар;
13) сыйлықақы беру, қосымша ақылар белгілеу және материалдық көмек туралы бұйрықтар;
14) толық емес жұмыс уақытының режимін енгізу туралы бұйрықтар;
15) күнделікті жұмысты бөлімдерге бөлу туралы бұйрықтар;
16) жұмыс уақытының жинақталған есебін қолдану туралы бұйрықтар;
17) ұйымды тарату және жұмысшы күшін (10 адамнан астам) бұқаралық біржолғы босату туралы актілер;
18) қызметкерлердің кәсіби даярлығы, қайта даярлығы және біліктіліктерін арттыру нысандарын анықтау, қажетті кәсіптер мен мамандықтар тізімі, әрбір күнтізбе жылына білім алушылар саны;
19) еңбекті қорғау жөніндегі келісім;
20) арнайы киіммен, аяқ киіммен және жеке қорғану құралдарымен, сондай-ақ жуу және зарарсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етілуге құқылы қызметкерлер кәсіптері мен лауазымдарының тізімі;
21) зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын қызметкерлер кәсіптері мен лауазымдарының тізімі, оларға жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысын беру үшін (№ 1 қосымша).
1.21. Кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірі осы ұжымдық шарттың тараптарымен келісілген тәртіпте сұралады және шығарылады ( № 2 қосымша).
1.22. Тараптар әлеуметтік әріптестіктің төмендегідей нысандарын анықтайды:
кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін есепке алу;
жұмыс берушінің актілерін қабылдау мәселелері бойынша жұмыс берушімен кеңестер;
жұмыс берушіден қызметкерлердің мүдделеріне тікелей қатысты мәселелер бойынша, сондай-ақ осы ұжымдық шартта көзделген өзге де сұрақтар бойынша ақпарат алу;
жұмыс берушімен ұйым жұмысы туралы мәселелерді, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу жөнінде талқылау;
ұжымдық шартты әзірлеуге және қабылдауға қатысу;
басқа нысандар.
1.23. Барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік актілерінің орындалу, еңбек заңнамасының қолданылу мәселелері бойынша туындаған жеке еңбек даулары келісу комиссиясымен қаралады.
Келісу комиссиясының жұмысы осы ұжымдық шарттың ажырамас бөлшегі болып табылатын сол туралы ережемен анықталады (№ 3 қосымша).
II. ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАУ, ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ БҰЗУ
КЕЗІНДЕГІ КЕПІЛДІКТЕР
2. Тараптар:
2.1. Жұмыс берушінің Қызметкерден еңбек шартында қарастырылмаған жұмысты орындауды талап етуге құқығы жоқ, еңбек шартының жағдайы қолданыстағы еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлата алмайды деп келісті.
2.2. Жұмыс беруші:
2.2.1. Қызметкермен жазбаша түрде екі данада еңбек шартын жасап, оның әрқайсысына жұмыс беруші мен қызметкер қол қояды, бір данасын еңбек шартын жасаған күні қызметкерге қол қойғызып беруге міндетті. Жұмысқа рұқсат тек еңбек шартына қол қойылғаннан кейін жүзеге асырылады.
2.2.2. Жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерді осы ұжымдық шартпен, ұйымның жарғысымен, ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен, оның еңбек қызметімен тікелей байланысты өзге де жергілікті құқықтық актілермен, әлеуметтік әріптестік туралы аймақтық салалық және салалық келісімдермен қол қойғызып таныстыруға міндетті.Тараптармен ішкі еңбек тәртіптемесі ережесінің мазмұны жұмыс берушінің актімен бекіту үшін келісілді (№ 4 қосымша).
2.2.3. Еңбек шартына ҚР ЕК 28-бабында көрсетілген міндетті жағдайларды енгізу.
Еңбек шартына қосымша жағдайларды енгізу кезінде осы ұжымдық шартпен, келісімдермен, еңбек құқығының нормалары бар өзге де нормативтік құқықтық актілермен және еңбек заңнамасымен көзделген жағдайлармен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлатуға жол бермеу.
Еңбек шартында заңнамамен көзделген жағдайларды қоспағанда, тек еңбек шарты тараптарының келісімімен өзгеруі мүмкін педагог қызметкердің оқу жүктемесінің көлемін қарастыру.
Педагог қызметкердің жұмыстан шығуымен байланысты босаған оқу жүктемесін, ең алдымен, оқу жүктемесі жалақының ставкасына сағат нормасынан аз көлемде белгіленген педагог қызметкерлерге ұсыну.
2.2.4. Жоғары біліктілік санаты бар педагог қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде сынақ белгіленбейді.
2.2.5. Қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шартының ажырамас бөлшегі болып табылатын еңбек шартына қосымша келісімдерді жасау жолымен еңбек шарты жағдайларының өзгертулерін ресімдеу.
2.2.6. Еңбек шартының тараптармен анықталған жағдайларын өзгерту, соның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру, ҚР Еңбек кодексімен көзделген жағдайларды қоспағанда, еңбек шарты тараптарының тек жазбаша келісімімен жүзеге асыру.
2.2.7. Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетіне қызметкерлер штатының немесе санының қысқаруы және қызметкерлермен мүмкін болатын еңбек шарттарын бұзу туралы тиісті шаралар жүргізілгенге дейін жазбаша түрде кемінде екі ай бұрын, қызметкерлерді бұқаралық жұмыстан босату кезінде – үш айдан кешіктірмей хабарлау.
Бір айдың ішінде 10 және одан да көп қызметкерлердің жұмыстан босатылуы бұқаралық болып табылады.
2.2.8. Штатты қысқарту кезінде жұмыста қалдыруға анағұрлым жоғары еңбек өнімділігі және біліктілігі бар қызметкерлердің басымды құқықтарын қамтамасыз ету. Жұмыста қалдыруға басымды құқыққа ие қызметкерлер:
зейнеталды жасындағылар (зейнетке дейін 3 жылы бар);
ұйымда 10 жылдан астам жұмыс жасағандар;
16 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар;
16 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әкелер;
18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар ата-аналар;
педагогикалық қызметке байланысты мемлекеттік және (немесе) ведомстволық наградамен марапатталғандар;
жоғары немесе кәсіби білім беру ұйымын бітіргеннен кейін тікелей еңбек қызметіне кіріскен және 1 жылдан аз еңбек өтілі бар педагог қызметкерлер.
2.2.9. Ұйымның таратылуымен, ұйым қызметкерлері штатының немесе санының қысқаруымен байланысты жұмыстан босатылған қызметкерге орташа жалақысын сақтай отырып, аптасына 5 сағат жұмыс іздеу үшін уақытқа құқығын қамтамасыз ету.
2.2.10. Жұмыс берушінің бастамасымен қызметкермен – кәсіподақ мүшесімен еңбек шартын бұзу тек бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
2.2.11. Бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының пікірін ескере отырып, педагог қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламалары бойынша кәсіби даярлық, біліктіліктерін арттыру немесе қосымша кәсіби білім бағдарламалары бойынша кәсіби оқытудың нысандарын, білім ұйымдарын дамытудың болашағын есепке ала отырып әрбір күнтізбе жылына қажетті кәсіптер мен мамандықтар тізімін анықтау.
2.2.12. Педагог қызметкерлерді педагог қызметінің бейіні бойынша кемінде бес жылда бір рет қосымша кәсіби білім алуға жіберу.
2.2.13. Қызметкерді кәсіби білім немесе қосымша кәсіби білім алу үшін жіберген жағдайда оның жұмыс орнын (лауазымын), негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысын сақтау және, егер қызметкер басқа жерге біліктілігін арттыруға жіберілсе, оған нақты өндірілген шығысты растайтын құжаттарға сәйкес қызметтік іссапарға жіберілетін тұлғалар үшін көзделген тәртіп пен көлемде іссапар шығыстарын (тәуліктік, оқу орнына және кері қайту жол ақысы, тұру орнының ақысы) төлеу.
2.2.14. Педагог қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламалары бойынша кәсіби даярлық, біліктіліктерін арттыру немесе қосымша кәсіби білім бағдарламалары бойынша кәсіби білім алуға және басқа кәсіп алуға ниеттенген қызметкерге жәрдемдесу.
2.2.15. Білім ұйымы құрылымының өзгеруімен, бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының қатысуымен оның қайта құрылуына байланысты барлық мәселелерді қарау.
2.2.16. Аттестаттау нәтижесі бойынша жеткіліксіз біліктілік салдарынан атқаратын лауазымына сәйкес келмеуін мойындаған жағдайда, қызметкерді жұмыстан шығару туралы шешім қабылдау кезінде, қызметкердің жазбаша келісімімен оның денсаулық жағдайын ескере отырып, жұмыс берушідегі ол орындай алатын басқа жұмысқа (қызметкердің біліктілігіне сәйкес келетін бос лауазым немесе жұмыс сияқты, бос тұрған төмен лауазым немесе ақысы төмен бос жұмыс) ауыстыру туралы шара қабылдау.
2.2.17. Жұмыс беруші қызметкерді жұмыс берушінің алдағы уақытта болатын көшуі туралы екі ай бұрын кешіктірмей жазбаша хабарлайды.
2.2.18. Қызметкердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне байланысты еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенше немесе мүгедектік белгіленгенге дейін не кәсіби еңбекке жарамдылығынан айрылуы белгіленгенше жұмыс беруші қызметкерді анағұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруға немесе Қазақстан Республикасының азаматтық, сондай-ақ еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес зиянның өтемін төлей отырып, оны жұмыстан босатуға міндетті.
2.2.19. Жұмыс беруші қызметкерді қайта ұйымдастыруға және экономикалық, технологиялық жағдайлардың, еңбекті ұйымдастыру жағдайының өзгеруіне және (немесе) жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты, қызметкердің тиісті біліктіліктегі мамандығы немесе кәсібіне сәйкес жұмысын жалғастырған кезде, бір айдан кешіктірмей жазбаша екскертуге міндетті.
2.2.20. Еңбек шартын ҚР ЕК 52-бабының 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларымен көзделген негіздемелер бойынша (ұйымды тарату, штаттың немесе қызметкерлер санының қысқаруы) бұзған кезде, жұмыс беруші қызметкерді еңбек шартын бұзу туралы кемінде 1 ай бұрын жазбаша ескертуі тиіс. Қызметкердің жазбаша келісімімен еңбек шартын бұзу ескерту мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
2.2.21. ҚР ЕК 52-бабының 1-тармағы 4) тармақшасымен көзделген негіздеме бойынша еңбек шартын бұзу, құрамында қызметкерлердің өкілі қатысатын аттестаттау комиссиясының шешіміне негізделуі тиіс. Қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу тәртібі, шарттары мен мерзімділігі білім саласындағы өкілетті мемлекеттік органмен анықталады.
2.2.22. «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толған қызметкермен, оған лауазымдық айлық мөлшерінде жәрдемақы төлеп, еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде бір ай бұрын ескертіп, еңбек шартын ҚР ЕК 52-бабының 1-тармағы 24) тармақшасымен көзделген негіздеме бойынша (зейнеткерлік жасқа жету) бұзуға жол беріледі.
2.2.23. Жұмыс беруші қызметкерлердің дербес деректерін сақтау тәртібін белгілейтін 201____ жылғы «____» _____________ дейін шығарылған бұйрықтар бойынша өзіне міндеттеме қабылдайды.
Жұмыс беруші қызметкердің дербес деректерін беру кезінде мынадай талаптарды қадағалауға міндеттеледі:
1) қызметкердің дербес деректерін қызметкердің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға хабарламау;
2) қызметкердің дербес деректеріне қол жеткізуге арнайы уәкілеттік берілген адамдарға ғана рұқсат етуге міндетті. Бұл ретте аталған адамдардың қызметкердің нақты функцияларды орындау үшін қажет дербес деректерін ғана алу құқығы болуға және олар құпиялылық режимін сақтауға тиіс;
3) қызметкер танысуға тиіс жұмыс берушінің актісіне сәйкес қызметкердің дербес деректерін ұйымның шегінде таратуды жүзеге асыру.
III. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ
3.1. Қызметкерлердің жалақысы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысына сәйкес белгіленеді.
3.2. Педагогикалық, медициналық қызметкерлердің еңбекақылары экономиканың сәйкес салалары қызметкерлерінің ұқсас санаттары үшін белгіленген еңбекақы жағдайларына сәйкес, ал жұмысшылар қатарындағы қызметкерлерге – осы санаттағы қызметкерлер үшін көзделген разряд бойынша жүзеге асырылады.
3.3. Жалақы еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес есептеледі және оған:
- лауазымдық айлық (тарифтік ставка);
- азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайы үшін көтерме, үстеме ақылар және қосымша ақылар;
- ұйымның жергілікті нормативтік актілерімен, қолданыстағы заңнамамен көзделген басқа да төлемдер жатады.
3.4. Жалақы қызметкерлерге келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей ай сайын төленеді.
Жалақы төленетін күн __________________ болып табылады (айдың нақты күні көрсетіледі).
Қызметкерге жалақы төленген кезде есеп қағазы беріліп, онда:
тиісті кезеңдегі тиесілі жалақының құрамдас бөліктері;
- жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері;
- төленуге тиісті жалпы ақша сомасы көрсетіледі.
Есеп қағазының нысаны бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып, жұмыс берушімен бекітіледі.
3.5. Қызметкердің түнгі уақыттағы жұмысына (сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін) кемінде сағаттық тарифтік ставканың бір жарым есе мөлшерінде жоғары ақы төленеді.
3.6. Жұмыс беруші қызметкерге жалақы, еңбек демалысының ақысын, жұмыстан шығару кезіндегі төлемдер мен соның ішінде жұмыс тоқтаған жағдайда оған тиесілі басқа да төлемдердің белгіленген мерзімін бұзған кезде, бұл сомаларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын негізге ала отырып, әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін міндеттемелерді орындау күніне өсімақысымен төлейді.
Жұмыс беруші өзіне қызметкерлердің лауазымдық айлықтарына үстеме ақылар белгілеу және материалдық көмек көрсету, сыйлықақылар төлеу ережесімен (№ 5 қосымша) белгіленген тәртіпте, қазыналық кәсіпорындар үшін бекітілген смета бойынша көзделген қаражаттарды үнемдеу есебінен материалдық көмек төлемін, дербес қосымша ақылар тағайындау, қызметкерлерге сыйлықақы беруді қамтамасыз ету міндеттемесін қабылдайды.
3.7. Еңбекке ақы төлеуді өзгерту:
- мамандығы бойынша жұмыс өтілі көбейген кезде - егер құжаттар ұйымда болса тиісті өтіліне жеткен күннен бастап немесе жалақы ставкасының (айлығының) мөлшерін көтеруге құқық беретін өтіл туралы құжатты ұсынған күннен бастап ;
- білім алғанда немесе білім туралы құжатын қалпына келтірген кезде - тиісті құжатты ұсынған күннен бастап;
- біліктілік санатын алу кезінде -келесі оқу жылының басталуымен;
- «Еңбек сіңірген» құрметті атағы берілген кезде – берілген күннен бастап;
- ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежелері берілген кезде – Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі Комитет Алқасы мен Төралқаның диплом беру туралы шешімі шығарылған күннен бастап жүзеге асырылады.
3.8. Қызметкердің жыл сайынғы немесе басқа еңбек демалысында болған мерзімінде жалақы (лауазымдық айлығының) ставкасын және (немесе) еңбекақысын өзгертуге құқығы болған кезде, сондай-ақ оның уақытша еңбекке жарамсыздығы кезінде еңбекақының анағұрлым жоғары разрядының ставкасы мөлшеріне негізделіп жалақыны төлеу еңбек демалысы немесе уақытша еңбекке жарамсыздық демалысы аяқталған күннен бастап жүзеге асырылады.
3.9. Жалақы төлеу күні демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі. Еңбек демалысының ақысы ол басталғанға дейін үш күн бұрын берілуі тиіс.
3.10. Зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын қызметкерлердің еңбекақылары қалыпты еңбек жағдайларындағы түрлі жұмыс түрлері үшін белгіленген тарифтік ставкамен салыстырғанда жоғары көлемде жүргізіледі (№ 6 қосымша).
3.11. Тәрбиешілердің, тәрбиешілер көмекшілерінің алмасушы қызметкердің немесе ата-ананың келмеуі салдарынан артық жұмыс уақыты үстеме жұмыс болып табылады. Үстеме жұмыстың ақысы кемінде бір жарым есе мөлшерінде төленеді
3.12. Тараптар сабақ берумен айналысатын тәрбиешілер мен басқа да педагог қызметкерлер жүктемесінің көбеюін лауазымдарды қоса атқару немесе қызмет ету аймағының
кеңеюі ретінде қарамауға келісті. Аталған тұлғалардың нақты оқу жүктемесінің көбеюі барлық туындайтын құқықтық нәтижесімен қоса атқару ретінде түсіндіріледі. Белгіленген бір нормативтік ставка шегіндегі жұмысқа қоса атқару жағдайымен қосымша еңбек шарты жасалады.
3.13. Қызметкердің және жұмыс берушінің кінәсінсіз жұмыстың бос тұрып қалу уақытына тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төменгі жалақының мөлшерінде төленеді. Егер жұмыстың бос тұрып қалуы жұмыс берушінің кінәсінен болса, қызметкерлерге бос тұрып қалудың барлық мерзіміне орташа жалақының 50% мөлшерінде төленеді. Қызметкердің кінәсінен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиіс.
3.14. Егер орындалатын жұмысы бойынша лауазымдық міндеттері, оқу бағдарламалары, жұмыс бейіні сәйкес келсе, біліктілік санаты берілмеген басқа лауазым бойынша педагогикалық жұмысты орындаған жағдайда, педагог қызметкерге біліктілік санаты ескеріліп еңбекақы жүргізіледі.
3.15. Жұмыс берушінің кінәсінен осы ұжымдық шарттың орындалмауынан ереуілге қатысқан қызметкерлердің жалақысы толық көлемде сақталады.
3.16. Қызметкерлерге жұмыстың тоқтатылуы жағдайында оларды еңбектену мүмкіндіктерінен заңсыз айыру нәтижесінде келтірілген материалдық шығын төленеді.
3.17. Тараптар жалақылары нормативтік оқу жүктемесімен анықталатын тәрбиешілердің, мұғалімдер мен басқа қызметкерлердің тарифтік тізімдері мен оқу жүктемесі нормативтік құқықтық актілермен және білім стандарттарымен сәйкес топтардың белгіленген мөлшерлі топтасуын есепке алып анықталатынына келісті. Топтағы тәрбиеленушілер санының артықтығы қызметкерлерге әрбір тәрбиеленуші үшін БЛА-тан 1% мөлшерінде қызмет ету аймағының
кеңеюі үшін қосымша ақы белгілеумен толтырылады.
3.18. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша күнделікті жұмысты бөлімдерге бөлу жағдайында қызметкерге БЛА-тан 10% мөлшерінде өтемақылық төлем тағайындалады.
3.19. Тараптар қызметкерлерге берілген мүліктер мен құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етпегені үшін толық жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт жасау мүмкін болатын қызметкерлермен орындалатын немесе айналысатын лауазымдар мен жұмыстар тізіміне мынадай қызметкерлер кіреді деп келісті:
- әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі білім ұйымы басшысының меңгерушісі;
- шаруашылық меңгерушісі;
- кассир;
- жабдықтаушы;
- қойма меңгерушісі;
- қоймашы;
- мейірбике.
Осы шарттың тараптарымен қызметкердің толық материалдық жауапкершілігі туралы типтік шартты жұмыс берушінің актімен бекіту үшін келісілді ( № 7 қосымша).
Достарыңызбен бөлісу: |