109
топырақтарда ӛнімі ӛте жоғары болады. Тҧқымды себуге дайындау
жҧмсақ бидайдікіне ҧқсас.
Себу мерзімі.
Қатты бидайдың ӛніміне және сапасына ерекше әсер
ететінін ескеріп Ақмола, Қостанай, Солтҥстік Қазақстан облыстарында
мамырдың 20-25 аралығында, Павлодар облысының бірінші аймағында
23-27 мамырда, екіншісінде – 18-23, ҥшіншісінде – 15-20 және
тӛртіншісінде – 12-18 мамырда сепкен ең жақсы нәтиже беретінін
Қазақстанның солтҥстік ӛңірінің ғылыми мекемелері мен озық
шаруашылықтарының тәжірибелері дәлелдегенді.
Себу мӛлшері шешуші агротехникалық шара.
Ақмола облысының
шаруашылықтары ҥшін оңтайлы себу мӛлшері – 2,5-3,5 млн ӛнгіш
тҧқым гектарына: қара топырақты аймақтардың шаруашылықтарында -
2,8-3,5, қара қоңырлы топырақтыларда – 2,5-3,2 млн/га.
Ҧсынылған себу мӛлшерлері қатты бидайдың нақты ӛсіру
аймағына, алғы дақылына, себу алдындағы топырақтағы тиімді ылғал
қорына, ӛсіру технологиясының кейбір тәсілдеріне байланысты ӛзгеруі
де мҥмкін. Белгілі бір аймақта (шаруашылықта) топырақ ылғалдылығы
жеткіліксіз болғанда ҧсынылған себу мӛлшерлерінің тӛменгі шегі
пайдаланылады, ылғал мол болғанда – жоғарғы шегі.
Себу тәсілі және тҧқымның сіңіру тереңдігі жҧмсақ бидайдікіне
ҧқсас (жай қатарлап және 4-6 см).
Қатты бидай егістігін кҥтіп баптау жҧмсақ бидайдікіне ҧқсас
болғанымен, оның гҥл кенесімен жарақаттануы мҥмкін екендігін
ескеріп, тҧқымын себуге дайндағанда Прометрин 40 дәрмегімен ертерек
ӛңдесе, егін кӛгін гҥл кенесінен қорғауға болады. Сондай-ақ аммофос
негізінде дайындалған 1,6%-ды тҥйіршікті фамидофос топырақ
инсектицидін қолданып ӛсімдікті гҥл кенесінен қорғап, жақсы ӛнім
алуға болады.
Гҥл кенесі жаппай тараған жылдары қатты бидай егістігіне кӛктеу
– тҥптену кезеңінде 50 % бициклад э.к. 1,0-1,5 л/га немесе 2,5 % денис
э.к. 0,15-0,25 л/га бҥрку жақсы нәтиже береді.
Қатты бидай егінін жинау мерзімі мен тәсілдері жҧмсақ
бидайдікіне ҧқсас. Тек қатты бидай дәнінің ҧрығының дӛңестігі және
оның масақшадан бӛліп алынуы барабан айналымын жеделдетуді, дека
мен барабан астындағы тақтайшаны масса енетін тҧсын жиі қадағалап
отыру керегін ескерген жӛн.
Достарыңызбен бөлісу: