67
Ауыспалы егістерде дақылдардың кезектесуінің тиімділігінің
алуан тҥрлі себептері бар. Академик Д.Н. Прянишников оларды 4 топқа
біріктіреді: 1) химиялық
себептері; 2) физикалық себептері; 3)
биологиялық себептері; 4) экономикалық себептері.
Химиялық себебі
– бҧған ӛсімдіктің азотпен және кҥлдік заттармен
қоректену
ерекшеліктері
жатады.
Ауыспалы
егіс,
ӛсірілетін
дақылдардың қоректік элементтерді әртҥрлі пайдаланатындықтан және
олардың топырақта биологиялық азоттың және органикалық заттардың
жиналуына
да
әртҥрлі
қатысатынына
байланысты,
топырақ
қҧнарлылығын тиімді пайдаланылуын және қалпына келуін қамтамасыз
етеді. Бҧршақты дақылдар тҥйнек бактерияларының кӛмегімен
топыраққа азот жинайды. Олар, бірақ топырақтағы фосфор мен калийді
азайтады. Картоп пен қызылша калийді кӛп шығындайды. Қоректік
элементтердің біразы мал азықтанғаннан кейін кӛңмен топыраққа
қайтады және зат айналымына қатысады. Бҧл ӛзгешеліктер
ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктеріне және
ӛсіру
технологиясына
байланысты.
Отамалы
дақылдардың
қатараралықтары бірнеше рет ӛңделетіндіктен, топырақтың жоғарғы
қабатының шаңдануын туындатады. Кӛпжылдық шӛптердің танабында,
керісінше, топырақ 3-4 және одан да артық жылдар ӛңделмейді, ол оның
құрылымдалынуына
әсер етеді, сонымен бірге ол танап қатты қҧрғайды
және нығыздалады. Ауыспалы егісте биологиясы және ӛсіру
технологиясы
әртҥрлі
дақылдарды
кезектестіру
топрықтың
шаңдануының және тым қҧрғауының алдын алады. Осыған байланысты
дақылдарды тамырлары топыраққа бойлауы бойынша кезектестіру керек
деген теория ҧсынылды. Дақылдардың кезектесуінің қажеттілігі
биологиялық себептерге
де байланысты. Дақылдар қайталап сепкенде
ӛнімді шектейтін биологиялық себептер бірнеше тҥрлі болады. Бҧған
арамшӛптердің, аурулардың, зиянкестердің, тамырдан бӛлініп шығатын
заттардың шоғырлануын, тҥрлі ӛсімдіктердің біріне-бірі және ӛзін-ӛзі
тӛзбеушілігін жатқызуға болады. Нәтижесі ӛнімнің тӛмендеуіне, әрі
сапасының нашарлануына әкеледі. Ауыспалы егісте дақылдарды
кезектестіру биологиялық себептердің кері әсерін тӛмендетеді немесе
тіпті мҥлдем жояды.
Экономикалық себептері
де ауыспалы егістерде ӛсімдіктерді
кезектестіріп ӛсіруді қажет етеді. Біртектес дақылдарды (бидай, арпа,
т.т.) ӛсіргенде уақыты мерзімі бойынша біркелкі болмауы, ӛте қарбалас
кезеңдерді (жерді ӛңдеу, тҧқым себу, егін орағы) туындатады. Бірнеше
дақылды (дәнді, отамалы дақылдарды, кӛп және біржылдық шӛптерді)
ӛсіру оларды егудің, жинап алудың мерзімдері әртҥрлі болғандықтан
еңбекті,
техниканы,
жҧмысшы
кҥшін
біркелкі
пайдалануға,
малшаруашылығын азықпен қамтамасыз етуге мҥмкіндік жасайды.
Егіншілікті қарқындату жағдайында ауыспалы егістің басты міндеті –
топырақты қорғау
.