И. И. Жумагулов, А. А. Бегалина


-дәріс. Ауыспалы егістердің ғылыми негіздері



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет100/222
Дата16.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#32946
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   222
аг негиздери

 
5-дәріс. Ауыспалы егістердің ғылыми негіздері  
1.
 
Ауыспалы егістер және олардың ауылшаруашылығы ӛндірісіндегі 
маңызы. 
2.
 
Дақылдардың ауыспалы егістегі кезектесуінің себептері. 
3.
 
Дақылдарды  алғы  дақыл  ретінде  бағалау  және  сҥрі  жердің 
ауыспалы егістегі маңызы. 
4.
 
Ауыспалы  егістердің  тҥртектері.  Топырақ  қорғағыш  ауыспалы 
егістер және олардың эрозиялық ҥдерістердің алдын алудағы рӛлі.  
5.
 
Ауыспалы егістерді енгізу және игеру. 
Әдебиет:
 1,2,4,5,6,7. 
Ауыспалы  егістер  және  олардың  маңызы. 
Ауыспалы  егіс  деп 
ауылшаруашылық  дақылдарының,  қажет  болса  сҥрі  жердің  де 
уақытында  және  кеңістікте  немесе  тек  уақытында  ғана,  ғылыми 
кезектесуін айтады.  
«Ауыспалы егіс» және «ауыспалы егіс сҧлбасы» деген тҥсініктерді 
ажыратады.  Егер  нақты  дақылдар  (бидай,  арпа,  қызылша,  т.т.)  бҧл 
ауыспалы егіс, ал егер дақылдар тобы (кҥздіктер, отамалылар, т.т.), бҧл 
ауыспалы  егістің  сҧлбасы.  Бір  сҧлбадан  бірнеше  ауыспалы  егістерді 
қалыптастыруға болады.  
Қазіргі  кездегі  ауыспалы  егістер.
  Қазіргі  кезде  Қазақстанның 
ӛсімдік  шаруашылығында  әртараптандыру  (диверсификаттау)  ҥдерісі 


66 
 
байқалады.  Жаздық  бидаймен  қаныққан  мамандандырылған  ауыспалы 
егістердің  орнына  жеміс  алмасу  ауыспалы  егістері  қолданысқа 
енгізілуде.  Бҧларда  астық  дақылдарымен  қатар  дәнді  бҧршақты,  майлы 
және техникалық дақылдар ӛсіріледі. 
Ауыспалы  егісті  зерделеуде  негізгі  кӛрсеткіштерінің  бірі  болып 
олардың  топырақ  қҧнарлылығына  әсері  саналады.  Қазақ  астық 
шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институтының  (ҚАШҒЗИ)  деректері 
бойынша  таза  сҥрі  жер  топырақтағы  органикалық  қалдықтардың 
ыдырауын  жеделдететін  кӛрінеді,  сондықтан  органикалық  заттардың 
теңгерімін  сақтау  ҥшін  аңызда  сабанды  қалдыру  және  органикалық 
тыңайтқыштарды енгізу қажет.  
Қазіргі  кезде  Қазақстанның  солтҥстігінде  ауыспалы  егістің 
теориясы мен іссанасында, бҧрынғы ҚазАШҒЗИ-і дайындаған таза сҥрі 
жердің  және  жаздық  бидайды  ауысымсыз  егудің  рӛлі  жӛніндегі 
мәселелерге жаңа тҧжырымдама пайда болды.  
Бҧл теория бойынша танаптық дақылдардың ауыспалы егістерінде 
сҥрі  жер  ҥлесін  кемітуге,  тіпті  оны  тҥгелдей  қысқартуға  болатын 
кӛрінеді.  Сҥрі  жерлердің  орнына  алғы  дақыл  ретінде  астық  және 
малазықтық  дақылдарды  немесе  бидайды  ауысымсыз  ӛсіруге  болады 
дейді.  
Ауыспалы  егіс  негізіне  ғылыми  негізделінген  егістік  алаңдардың 
қҧрылымы алынған, яғни әртҥрлі ауылшаруашылық дақылдары мен таза 
сҥрі  жер  алаңдарының,  жалпы  жыртынды  жерге  пайызбен  кӛрсетілген 
арақатысы.  Ауыспалы  егістің  ҧйымдастырушылық  қҧрылымы  болып 
танап,  алғы  егіс,  буын,  ауысымсыз  дақыл,  дара  дақыл,  айналым  және  
айналым кестесі саналады.  
Танап
  –  бір  немесе  биологиясы  және  ӛсіру  технологиясы  ҧқсас 
бірнеше  ауылшаруашылық  дақылдарын  ӛсіруге  немесе  таза  сҥрі  жерге 
арналған жыртынды жердің шектеулі телімі.  
Алғы дақыл
 –  бҧл  негізгі  дақылдың  алдындағы  дақыл  немесе  сҥрі 
жер;  негізгі  және  алғы  дақылдар  орындарымен  және  атауларымен 
алмасуы мҥмкін. Алғы дақыл ретінде таза сҥрі жер, сҥрі жер емес алғы 
дақылдар пайдалынылады.  
Буын
  –  ауыспалы  егістің  бір  бӛлігі,  жақсы  алғы  дақылдан 
басталады  және    келесі  жақсы  алғы  дақылдың  алдында  аяқталады. 
Буынның атауы ӛзі басталатын жақсы алғы дақылмен аталады: сҥрі жер, 
отамалы дақылдар, шӛптік (шӛп танабы). 
Айналым
 – ауыспалы егістің бҥкіл дақылдары немесе сҥрі жер бір 
танаптан  немесе  бір  дақыл  (сҥрі  жер)  ауыспалы  егістің  барлық 
танаптарынан ӛтетін кезең.  
Айналым  кестесі
  –  ауыспалы  егістің  айналымы  немесе  дақылдар 
мен  сҥрі  жердің  танаптар  және  жылдар  бойынша  айналым  кезеңдері 
келтірілген (кӛрсетілген) кесте.  


67 
 
Ауыспалы  егістерде  дақылдардың  кезектесуінің  тиімділігінің 
алуан тҥрлі себептері бар. Академик Д.Н. Прянишников оларды 4 топқа 
біріктіреді:  1)  химиялық  себептері;  2)  физикалық  себептері;  3) 
биологиялық себептері; 4) экономикалық себептері. 
Химиялық себебі
 – бҧған ӛсімдіктің азотпен және кҥлдік заттармен 
қоректену 
ерекшеліктері 
жатады. 
Ауыспалы 
егіс, 
ӛсірілетін 
дақылдардың  қоректік  элементтерді  әртҥрлі  пайдаланатындықтан  және 
олардың  топырақта  биологиялық  азоттың  және  органикалық  заттардың 
жиналуына 
да 
әртҥрлі 
қатысатынына 
байланысты, 
топырақ 
қҧнарлылығын тиімді пайдаланылуын және қалпына келуін қамтамасыз 
етеді.  Бҧршақты  дақылдар  тҥйнек  бактерияларының  кӛмегімен 
топыраққа азот жинайды. Олар, бірақ топырақтағы фосфор мен калийді 
азайтады.  Картоп  пен  қызылша  калийді  кӛп  шығындайды.  Қоректік 
элементтердің  біразы  мал  азықтанғаннан  кейін  кӛңмен  топыраққа 
қайтады  және  зат  айналымына  қатысады.  Бҧл  ӛзгешеліктер 
ауылшаруашылық  дақылдарының  биологиялық  ерекшеліктеріне  және 
ӛсіру 
технологиясына 
байланысты. 
Отамалы 
дақылдардың 
қатараралықтары  бірнеше    рет  ӛңделетіндіктен,  топырақтың  жоғарғы 
қабатының шаңдануын туындатады. Кӛпжылдық шӛптердің танабында, 
керісінше, топырақ 3-4 және одан да артық жылдар ӛңделмейді, ол оның 
құрылымдалынуына
  әсер етеді, сонымен  бірге ол  танап қатты  қҧрғайды 
және  нығыздалады.  Ауыспалы  егісте  биологиясы  және  ӛсіру 
технологиясы 
әртҥрлі 
дақылдарды 
кезектестіру 
топрықтың 
шаңдануының және тым қҧрғауының алдын алады. Осыған байланысты 
дақылдарды тамырлары топыраққа бойлауы бойынша кезектестіру керек 
деген  теория  ҧсынылды.  Дақылдардың  кезектесуінің  қажеттілігі 
биологиялық  себептерге
  де  байланысты.  Дақылдар  қайталап  сепкенде 
ӛнімді  шектейтін  биологиялық  себептер  бірнеше  тҥрлі  болады.  Бҧған 
арамшӛптердің, аурулардың, зиянкестердің, тамырдан бӛлініп шығатын 
заттардың  шоғырлануын,  тҥрлі  ӛсімдіктердің  біріне-бірі  және  ӛзін-ӛзі 
тӛзбеушілігін  жатқызуға  болады.  Нәтижесі  ӛнімнің  тӛмендеуіне,  әрі 
сапасының  нашарлануына  әкеледі.  Ауыспалы  егісте  дақылдарды 
кезектестіру  биологиялық  себептердің  кері  әсерін  тӛмендетеді  немесе 
тіпті мҥлдем жояды.  
Экономикалық  себептері
  де  ауыспалы  егістерде  ӛсімдіктерді 
кезектестіріп  ӛсіруді  қажет  етеді.  Біртектес  дақылдарды  (бидай,  арпа, 
т.т.) ӛсіргенде уақыты мерзімі бойынша біркелкі болмауы, ӛте қарбалас 
кезеңдерді  (жерді  ӛңдеу,  тҧқым  себу,  егін  орағы)  туындатады.  Бірнеше 
дақылды  (дәнді,  отамалы  дақылдарды,  кӛп  және  біржылдық  шӛптерді)    
ӛсіру  оларды  егудің,  жинап  алудың  мерзімдері  әртҥрлі  болғандықтан 
еңбекті, 
техниканы, 
жҧмысшы 
кҥшін 
біркелкі 
пайдалануға, 
малшаруашылығын  азықпен  қамтамасыз  етуге  мҥмкіндік  жасайды. 
Егіншілікті  қарқындату  жағдайында  ауыспалы  егістің  басты  міндеті  – 
топырақты қорғау
.  


68 
 

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   222




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау