И. И. Жумагулов, А. А. Бегалина


Топырақты  механикалық  ӛңдеу  тәсілдері



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет114/222
Дата16.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#32946
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   222
аг негиздери

Топырақты  механикалық  ӛңдеу  тәсілдері. 
Бҧл  топырақ 
ӛңдейтін  қҧралдармен,  машиналармен  ӛңдейтін  қабаттың  кескінін 
(бітімін),  генетикалық  және  антропологиялық  әртҥрлі  сапалылығын 
ӛзгертуге  бағытталынған  бойлық  бағыттағы  әсер  сипаты  мен  деңгейі. 
Топырақты ӛңдеудің біршама тәсілі қолданылады. 
Қайырмасыз  ӛңдеу  тәсілі
  –  топырақ  ӛңдейтін  қҧралдардың  және 
машиналардың 
жҧмыс 
мҥшелерімен 
топыраққа 
генетикалық 
кӛкжиектері мен қҧнарлылығы бойынша ӛңделетін қабатты тік бойымен 
ӛзгертпей әсер ету. Топырақты қопсыту немесе нығыздау, ӛсімдіктердің 
топырақ астылық бӛлігін кесу және топырақ ҥстілік бӛлігін сақтау ҥшін 
жҥргізіледі.  Қайырымсыз  ӛңдеу  тәсілі  қайырмасы  немесе  шолақ  тҥрені 
ағытылған  соқалармен,  жазықтілгіштермен,  параплау  соқаларымен, 
чизельдермен  және  т.б.  топырақтың  ӛңдеу  қабатын  аудармай  ӛңдейтін 
қҧралдармен жҥзеге асырылады.  
Қайырып (аударып) ӛңдеу тәсілі
 – топырақ ӛңдеуші қҧралдар мен 
машиналардың  жҧмыс  мҥшелерімен  әсер  етіп,  ӛңдейтін  қабатты 
толығымен  немесе  жарым-жартылай  аудару.  Топырақтың  әртҥрлі 
сапалы  қабаттарын  немесе  генетикалық  кӛкжиектерін  тік  бойлап 
орналасуын  ӛзгеруді  қопсытумен,  араластырумен,  ӛсімдіктердің 
топырақ  астылық  мҥшелерін  кесумен,  оларды  және  тыңайтқыштарды 
сіңірумен бірге жҥзеге асыру мақсатында жҥргізіледі. Топырақты бҧлай 
ӛңдеу әртҥрлі соқалармен жҥзеге асырылады. Мҧны 
жырту
 дейді.   


76 
 
Топырақты  аудара  жырту  топырақтың  оңтайлы  жайласуын 
(орналасуын), микробиологиялық ҥдерістердің белсенді жҥруін, ӛсімдік 
ҥшін  оңтайлы,  су,  ауа  және  қоректік  режимдерінің  қалыптасуын, 
тҧқымның  сапалы  себілуін  және  т.б.  қамтамасыздандырады.  Сонымен 
бірге  ауылшаруашылық  дақылдарын  ӛсіру  және  олардың  ӛнімін  жинау 
ҥшін атқарылатын бҥкіл жҧмыс кӛлеміне шығындалатын қуаттың 40 % 
және еңбектің 25 % топырақты аудара жыртуға жҧмсалады.  
Айналмалы  (роторлы)  тәсіл
  –  топырақ  ӛңдейтін  қҧралдардың 
айналмалы  мҥшелерімен  әсер  етіп,  топырақтың  ӛңделетін  қабатының 
жайласуындағы 
және 
қҧнарлылығындағы 
айырмашылықтарды 
болдырмау  мақсатында  топырақты  пәрменді  ҧсақтап  және  ӛсімдік 
қалдықтары  мен  тыңайтқыштарды  мҧқият  араластырып,  біркелкі 
топырақ қабатын қалыптастыру.  
Құрама  тәсіл
  –  топырақтың  кӛкжиектеріне  және  қабаттарына 
қайырмалы, қайырмасыз және айналмалы тәсілдерді әртҥрлі ҥйлесімде, 
сондай-ақ әр мерзімде жҥзеге асырып, топырақты ӛңдеу. 
Қазіргі  кезде  ауылшаруашылық  іссанасында  екі  негізгі,  негізінде 
әртҥрлі  топырақ  ӛңдеу  тәсілдерін  қолданады:  аудара  (қайырып)  және 
аудармай (қайырмай). 
Ӛңдеу  тәсілдерін  қолдану  қойылған  міндеттерге,  климат 
жағдайына,  топырақ  тҥртегіне,  оның  мәденилену  деңгейіне,  ӛсірілетін 
дақылдың талаптарына, т.т. байланысты болады.  

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   222




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау