Агромелиоративті
–
55
танаптарды қҧрғату және суландыру, танап қорғағыш орман жолақтарын
жасау.
Агрометеорологиялық
– бозқыраулармен кҥресу.
Топырақтың су, ауа, жылу режимдері бірімен-бірі ӛте тығыз
байланысты екендігін ескеріп, топырақтың сапасын сан және сапа
жағынан реттеуге болады. Ӛңдеудің әртҥрлі тәсілдерінің кӛмегімен
мәдени дақылдардың су, ауа, жылу және басқа да жағдайларын қолайлы
жаққа ӛзгертуге болады.
Топырақтың қоректік режимі.
Ӛсімдіктің қҧрғақ заттар
қҧрамына кӛміртегі, оттегі және сутегі енеді. Бҧл элементтердің ҥлесіне
барлық қҧрғақ заттардың 94 % жуығы тиесілі. Басқа заттарға
макроэлементтерге (N, P, K, Ca, S, Mg, Fe) және микроэлементтерге (B,
Mn, Cu, Zn, Mo, Co және т.б. 70 - тен асады.) небары 6 % келеді.
Соңғылары аз мӛлшерде болғанымен ӛсімдіктің бірқалыпты ӛсуі және
дамуы ҥшін қажет. Әр элементтің қызметі ерекше, кез келген біреуінің
тапшылығы ӛсімдік ағзасының іс-әрекетін бҧзады. Ылғал жеткілікті
болғанда ӛсімдіктің ӛнімділігі кӛбінесе негізгі ҥш элементтің – N, P, K-
тапшылығымен шектеледі.
Бҧл элементтердің қажеттілігін ауылшаруашылық дақылдарының
ӛнімімен алып шығуы бойынша болжауға болады. Мысалы, бидай 1 ц
ӛніммен 4 кг N, 1,1-P
2
O
5
және 2,0 кг K
2
O алып шығады. Қоректік
заттарды пайдалануы ӛсімдік тҥріне ғана емес, сонымен бірге қоректену
жағдайына да байланысты. Ӛсімдіктер ҥшін N кӛзі болып топырақтың
органикалық бӛлігі саналады, ал фосфор мен калийдікі - минералды
бӛлігі. Азоттың 99% жуығы ерімейтін қарашіріндіде және ӛсімдік
қалдықтарында, фосфордың жартысына жуығы органикалық заттар
тҥрінде, екінші жартысы ерімейтін минералды қосылыстарда бекіген.
Басты міндет - егіншіліктік тәсілдермен қоректік заттардың қиын
сіңірілетін бӛлігін ӛсімдік сіңіре алатын тҥрімен – органикалық заттарды
кіші ағзалардың минералдандыру арқылы – жҥйелі қамтамасыздандыру.
Қазіргі
егіншілікте
қоректік
режимді
реттеу
былай
топтастырылған; 1)
топырақты қоректік заттармен толықтыру
(минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу, биологиялық
жолмен - дербес тіршілік ететін және бҧршақты ӛсімдіктермен
селбелесетін
азот
жинағыш
тҥйнек
бактериялармен,
жасыл
тыңайтқыштарды пайдалану);
2)
қоректік элементтердің сіңірілмейтін түрлерін сіңірілетін
түрлерге айналдыратын жағдайларды туындату
(жасау) (механикалық
ӛңдеулер,
топырақ
кішіағзаларының
органикалық
заттардың
минералдануына мҥмкіндік жасайтын топырақты сҥрі жерге ӛңдеу,
кішіағзалардың және ӛсімдік тамырлары бӛліп шығаратын заттардың
ерімейтін қосылыстарға әсері);
3)
ӛсімдіктерге қоректік заттарды жақсы пайдалануына жағдай
жасау
(агротехникалық жағдайлармен жетуге болады – себу мерзімі,
себу мӛлшері, ылғалды жинау және сақтау, ғылыми негізделген
56
ауыспалы егістерді қолдану - әр дақылдың кҥлдік заттарды пайдалануы
әртҥрлі және т.т;
4)
жырту қабатында қоректік заттарды қолайлы орналастыру
(аудара жырту, жамылғы (бҥркеме) астына себу – қоректік заттарды
бҥкіл тамыр жайылатын аймақтарға бӛлу);
5)
топырақтан қоректік заттардың артық шығынының алдын
алу
(су және жел эрозиясының әсерімен, оларды арамшӛптердің
пайдалануынан, ыза суларымен шайылуының) – топырақ қорғағыш
аудармасыз жырту, сҥрі жерді ӛңдеу, дақылдарды жолақтап
орналастыратын топырақ қорғау ауыспалы егістері, арамшӛптерді
уақытында жою, топырақ бетін ӛсімдік қалдықтарымен жамылғылау.
Достарыңызбен бөлісу: |