2003 жылдағы Қазақстан Республикасындағы мұнай өндіретін аймақтардың өндіріс көлемі мен сол аймақтағы орташа айлық жалақы арасындағы байланыс сызығы
Қорытынды
Қазақстан Республикасы бойынша орташа жалақы мөлшері 1999-2003 жылдар арасында жылына 2 747,4 теңгеге өсіп отырса, ал Республика бойынша мұнай саласындағы 1999-2003 жылдар арасында орташа айлық жалақы жылына 11 277,25 теңгеге өсіп отырған, Қаражанбасмұнай ААҚ –ы бойынша 1999-2003 жылдар арасында орташа айлық жалақы 2 993,7 теңгеге өсіп отырды.
Еліміздің әлеуметтік экономикалық жағдайында соңғы 2-3 жылда жалпы экономикалық және әлеуметтік ахуалды жақсартуда оң үрдістер айырықша көзге түседі. Атап айтқанда, еліміздегі экономикалық өсудің жоғары қарқыны тек шикізат ресурстарына қолайлы баға коньюнктурасындағы сыртқы факторлармен ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіп өнімінің көлемінің артуы , ауыл шаруашылығының дамуында оң серпіннің сақталуы, шағын бизнес саласының ұлғаюы сияқты ішкі факторлар мен қатар инфрақұрылым салаларының дамуы да көрінерліктей болды.
Деректер бойынша 2003 ж. ішкі жалпы өнім 9 пайызды құрады, ал өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8,4 пайызға артты. Мұның барлығы халықтың тұрмыс деңгейінің көтерілуіне қолайлы әсер етті. Адамдардың нақты ақшалай табысы өсті. Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс тұрақты болған сайын жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді. Атаулы орташа айлық жалақы және жан басына шаққандағы орташа табыс 15 пайызға өскен, ал осы орайда нақты көрсеткіш индексі 7 пайыздан аса құрады. Экономикалық өсу деңгейі жағынан Қазақстан ТМД елдері арасында көш бойы алда. Атап айтқанда, ішкі жалпы өнімнің жоғары деңгейі қатарынан төрт жыл бойы сақталып келеді. 2002-2003 жылдардағы кезеңде экономикалық өсу жиынтығы 49 пайызды құрады
Биылғы жылы мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбек ақылары мен зейнетақылары біршама өсірілгенмен, өндіріс саласында қызмет жасайтындардан әлі де біршама, шамамен 3,5-4 есеге жуық төмен. Облыс экономикасының негізі мұнай өндіру болса, бұл салада қызмет жасайтын отбасыларының саны облыс отбасыларының 30%-н құрайды. Инфляцияны есепке алсақ және оның үстіне ай сайын еселеп өсіп отырған коммуналдық төлемдерді ессептегенде-қазіргі еңбек ақы әрбір отбасының жан басына шаққанда күнелтіс шегінен әлдеқайда төмен. Біздіңше еңбек ақыны реттеу мемлекеттік іс болуға тиісті. Еңбек ақы көтеріліп, осыған ілесе тауарлар бағалары мен әртүрлі төлемдер көбейгенінен қандай қорытынды шығады деген заңды сұрақ туындайды. Сондықтан мемлекет нарықтық экономика жағдайына сай, қалай болған күнде де еңбек ақыны тәртіпке келтіріп реттейтін болса, жақсы нәтижелер берер еді деп есептейміз.
Жалпы еліміздегі еңбек ақы қорының өсуі - өндірілген өнімге байланысты артатынын анық елестеткендей болдық. Жоғарыда келтірген дәйектемелерден шығатын қорытынды - бүгінгі жас ұрпақтың ертеңгі күннің тыныс – тіршілігіне толықтай сеніммен қарауларына мүмкіндіктер болады деп пайымдай аламыз.
Соңғы жырдардағы Қазақстан Республикасындағы жүргізілген экономикалық қатынастар мемлекеттің еңбек ақы төлеу саясатындағы жағдайларды реттеуден тыс қалуына себепші болды.
Өнім өндіру шығындарының құрамында еңбек ақы үлесі мұнайгаз өндірісі саласында 2002ж. 10,2 ,ал құрылыс жұмывстарында 12,8 –ды құрады. Мұның өзі 1997 жылмен салыстырғанда үлестік салмағы бойынша екі еедей төмен. Соңғы жылдары жалпы ұлттық өнім құрамындағы еңбек ақының үлестік шамасының төмендеуі байқалады.
Жүргізілген экономикалық реформалар нәтижесінде мемлекет еңбекті мөлшерлеу мәселелерін шешуден тыс қалды.
Қазіргі жағдай еңбек пен оның құнының арасында үлкен алшақтық байқалады. Бұл жұмысшылар тобының квалификациялық мамандануында, республиканың салалары мен аймақтарында еңбек ақы мөлшерінің өзгеруі нәтиже әкелмейді. 2002 жылғы нәтижелері бойынша «Қаражанбасмүнай» ААҚ-ғы ең жоғарғы номиналды еңбек ақы мөлшері скважиналарды капиталды жөндеу цехына (78962 теңге), бұл ауыл шаруашылығымен (6851 теңге) салыстырғанда 11,5 есе артық
«Қаражанбасмұнай» кәсіпорынында мұнай өндіру көлемі жылдан-жылға прогрессивті түрде өсіп келеді. Нәтижесінде жергілікті және республикалық бюджет қоры да артады. Кен орнында жұмысшыларға толықтай жағдай жасалып, олардың еңбек ақы мөлшері жоғарылап, жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерімен қамтылған.
Кәсіпорынның экономикалық әл-ахуалы оның жыл бойындағы түсірген табысымен анықталады. Осы есептемедегі кестелер мен қосымшаларды пайдалана отырып, таза табыс көлемінің жыл сайын бірнеше еселеніп артқанын байқаймыз.
Өндіріс саласындағы еңбек ақы мөлшерін анықтауда көптеген келеңсіздіктер байқалаады. 2002 жылғы статистикалық матариалдарға сәйкес өндірістегі ең жоғарғы орташа айлық еңбек ақы темекі өнімдерін өндріруде-81312 теңге байқалса, ал тері бояуда,өңдеуде, киім тігуде -5780теңге құрайды. Байқап отырғандай осы көрсеткіштер арасындағы айырмашылық-14 есе.
Көптеген кәсіпорындарда басшылардың еңбек ақысы кәсіпорындағы орташа еңбек ақы мөлшерінен 20-30 және одан да көп есе артық. Сонымен қоса, ортақ еңбек ақыны ұйымдастыратын мемлекеттік жүйенің болмауы жыл сайын арадағы диспопорция ұлғайып келуде. Еңбек ақыны жасырын төлеу кең тарап келеді.
Аймақтық жағдайға байланысты еңбек ақы мөлшерінде көптеген өзгерістер байқалады.2002 жылдың қорытындылыры бойынша ең жоғарғы еңбек ақы Атырау облысында (41501 теңге), Маңғысьтау облысында (39391 теңге), ал ең төменгі еңбек ақы Ақмола облысында (12424 теңге), Жамбыл облысында (13555 теңге) немесе 3,3 есе төмен.
Еңбек ақының жұмысшының квалификация деңгейіне және біліміне, сонымен қатар жұмыстың күрділілігіне тәуелділігі нашарлаған.
Қазіргі заңда еңбек ақының экономикалық деңгейін еңбек ету құны мен объективті факторы ретінде есептемейді. Тәжірибеде бұрын қолданылған аймақтық коэфициенттер ауыр және зиянды еңбек жағдайындағы міндетті төлемдер алынып тасталғаны заң жүзінде бекітілді.Бұл мәселелердің щещімі жұмыс беруші құзырына берілген.
Жоғарғы айтылғандар қазіргі кезде еңбек ақы төлеу аяасында келіспеушіліктер туындап отырғанын көрсетеді.Ең төменгі еңбек ақы өзінің өндірістік қызметін жоғалтып,бюжетті реттеу құралына айналғды. Еңбек ақы мөлшерінің қарқынды өзгерісі салалық, аймақтық аспектілердегі, жеке кәсіпорындардағы квалификациялы жұмысшыларын ынталандыру қызметінен айрылғанын көрсетеді.
Аталып өткен кемшіліктер қызмет ететін субъектілердің сәйкес еңбек ақыны реттеуші механизмінсіз жеке еңбек ақы төлеу аясын құруға мүмкіндік береді. Осыған келе мемлекет реттеуші нарықтық құралдарды пайдалана отырып, қазіргі жағдайда еңбек реттеуде өз қызметін күшейтуі керек.
Еңбек ақыны ұйымдастыруды жақсартудың мақсаты- еңбеккке қабілетті әр адамға реттелген, ынталандыратын еңбек ақы негізінде өз еңбегімен қажетті өмір деңгейін қамтамасыз етуді қолдау. Осы мақсаттарға жету үшін келесі ұсыныстар жүзеге асырылуы керек:
- еңбек ақыны реттеуді нарықтық механизмін жасау;
- еңбек ақы төлеу шеңберіндегі мемлекеттің кепілдігін көтеру;
- еңбек ақыны реттеуду ұжымдық шарттың рөлін күшейту;
- еңбек ақы моделдерін дамыту;
- еңбек ақыны ұйымдастыруды жақсарту мақсатында әлеуметтік төменгі нормативтер;
- еңбек ақы төлеудегі кемшіліктерді жою, азайту шаралары;
- еңбек ақының жаңа тиімді жүйелерін енгізу;
- еңбек ақы төлеу туралы салықтық заңнамаларын өзгерту;т.б.
Меніңше, еңбек ақыны реттеу мемлекеттік іс болуға тиісті. Еңбек ақы көтеріліп, осыған ілесе тауарлар бағалары мен әртүрлі төлемдер көбейгенінен қандай қорытынды шығады деген заңды сұрақ туындайды. Сондықтан мемлекет нарықтық экономика жағдайына сай, қалай болған күнде де еңбек ақыны тәртіпке келтіріп реттейтін болса, жақсы нәтижелер берер еді деп есептейміз.
Жалпы еліміздегі еңбек ақы қорының өсуі- өндірілген өнімге байланысты артатынын анық елестеткендей болдық. Жоғарыда келтірген дәйектемелерден шығатын қорытынды- бүгінгі жас ұрпақтың ертеңгі күннің тыныс-тіршілігіне толықтай сеніммен қарауларына мүмкіндіктер болады деп пайымдай аламыз.
Пайдалынған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы ҚР-ның Заңы, Алматы; Юрист-2005 ж.
Оплата труда: заработная плата, гарантии и компенсационные выплаты работникам/Досье бухгалтера /№1 (25) ,январь-февраль 2003г.
Условия труда/ Труд-Зарплата-Пенсия в Казахстане/№16(40) /Август 2004 г./
Оплата труда в бюджетных учреждениях /ББ-Отраслевые и иные особенности налогооблажения и учета/ №2,февраль 2004г.
Митюгина Г.Д «Оплата труда: удержания, вычеты, начисления;/ Библиотека бухгалтера и предпринимателя, №7(132) июль 2001 г;
Алехина О. Стимулирующий эффект систем заработной платы // Человек и труд. – 1997. - № 1. – С. 90-92.
Қалдыбаев О., Темірбаев А. «Кәсіпорын экономикасы» Алматы «Санат»,1997.
Дурановская Г.Г Заработная плата : порядок начисления –Алматы,2000г.
Бухгалтерский учет в нефтяной и газовой промышленности/Под ред. А.Ф.Зимин-М: Недра,1983г.
Мазманова Б.Г. Управление оплатой труда-М:Финансы и статистика,2001 г.
В.А. Плотников Бух.учет в произвдственных геологических объединениях-М:недра,1987 г.
И.А. Поляков Справочник экономиста по труду-М:Экономика,1988г.
Аманиязова Г.Д. «Экономика нефтяной и газовой промышленности»;КазЭУ, 2004 г;
Численность работников и фонд заработной платы /Отчет по труду ОАО "Каражанбасмунай" за 2001-04гг./
Бухгалтерские балансы/ Финансовая отчетность ОАО "Каражанбасмунай за 2001-04 гг./
Оплата труда в РК:1993-2003; Стат. Сборник/Под ред. К. Абдиева,2004г.
Казахстан:Доклад о нац. Счетах; Национальное стат. Агенство РК-Всемирный банк,1997г.
Статистический ежегодник-2004/ Стат. Агенство РК,2005г
Промышленность РК и его регионы 1998-1999 г: Статистический сборник, Алматы 2000 г;
Нефть и газ: Сборник нормативных правовых актов, Алматы:Юрист, 2003 г;
Достарыңызбен бөлісу: |