I. Еңбек ақының теориялық негізі Нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру қағидалары



жүктеу 0,99 Mb.
бет2/8
Дата25.11.2017
өлшемі0,99 Mb.
#1421
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8




      1. Еңбек ақының сыйақылау жүйесi

Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушi сыйақылау жүйесiн өзi таңдайды. Сыйақылау жүйесiн құруда мынадай талаптар қолданылады.



Сыйақылау жүйесi – бұл белгiлi сандық және сапалық көрсеткiштердi орындау және асыра орындау деңгейiн негiзгi еңбек ақымен қиыстыратын жүйе. Мұнай саласында да ай сайын тапсырманы толық орындағаны және асыра орындағаны үшiн сыйақылау енгiзiлген. Бұрғылауда еңбек ақы төлеудiң келiсiмдi сыйақылау жүйесi кең таралған. Мұнда жұмысын уақытында бiтiргенiне сәйкес, бұрғылау жұмысшыларының бригадалары келiсiлген жалақыдан 20 сыйақы алады. Ал жедел бiткен жағдайда әр жылдамдық өсу пайызына 2- дан өседi. Теңiзде бұрғылаудың өте күрделi жағдайында әр өсу пайызына 4- ға дейiн өсiп отырады. Бригаданың жалпы жалақысы олардың жеке жүйелерiне әр вахта нәтижесiне жұмысқа шыққан күн сайын және әр жұмысшыға тағайындалған разрядқа бөлiп отырады.

Зерттеу бұрғылауында ай сайын тапсырманы толық орындағаны және асыра орындаған үшін сыйақылау енгізілген. Бұрғылауда еңбек ақы төлеудің келісімді сыйақылау жүйесі кең таралған. Мұнда жұмысын уақытында бітіргеніне сәйкес, бұрғылау жұмысшыларының бригадалары келісілген жалақылық 20% сыйақы алады. Ал жедел біткен жағдайда әр жылдамдық өсу пайызына 2%-дан өседі. Теңізде бұрғылаудың өте күрделі жағдайында әрі өсу пайызына сыйақы 4%-ға дейін өсіп отырады. Бригаданың жалпы жалақысы олардың жеке жүйелеріне әр вахта нәтижесіне, жұмысқа шыққан күн сайын және әр жұмысшыға тағайындалған разрядқа бөлініп отырады.

Мұнайгаз өндірісінде сыйақылау кеңінен қолданылады. Ол еңбек ақы мен материалдық ынталандыру қоры есебінен болады. Ынталандырудың негізгі көрсеткіштеріне мыналар жатады: өндірістік жоспарды орындау және асыра орындау, шығаратын өнім сапасын жақсарту, жасалынатын жұмыс сапасын жақсарту, материалдарды, шикізатты , құралдарды, жанар-жағармайды үнемдеу,т.б. Күрделі технологиялық процесті өндірісте , негізгі жұмыста жоғары сыйақылар қарастырылған. Сыйақылау ай соңындағы жұмыс нәтижелері бойынша есетеледі. Сыйақының шеткі мөлшері еңбек ақы қорынан төленетін максималды сыйақыдан аспауы керек. Еңбек пен еңбек ақыны есептеу жұмысшылардың белсенділігін арттыру үшін, өндірістің өнімділігін арттыруға септігін тигізеді.


2.2 “Қаражанбасмұнай” ААҚ-ның ұйымдастық- экономикалық сипаттамасы

″Қаражанбасмұнай″ ААҚ-ы Маңғыстау облысындағы Қазақстан Республикасының ең ірі мұнай өндірушілердің бірі болып келеді. ″Қаражанбасмұнай″ ААҚ-ы Ақтау қаласында 1995 жылы әділет органы басқаруымен тіркелді. Ол кезге дейін компания мемлекеттік меншік иесінде болды.

1997 жылы 19 мамырда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы негізінде Мемлекеттік Жекешелендіру бағдарламасына байланысты кәсіпорынның 94,5 акциясын канадалық «Triton-Vukor Energy Group LTD» компаниясы ( кейіннен «Nations Tnergy Company LTD» -ға өзгерген) сатып алды. ″Қаражанбасмұнай″ ААҚ-ы қызметінің мақсаты болып нарық сұранысына сәйкес бәсекеге қабілетті мұнай өнімін өндіру, сапасын жоғарылату және пайда табу үшін номенкла тураларының ұлғайту, еңбек ұжымының әлеуметтік және экономикалық мүдделерін қанағаттандыру табылады.

Кәсіпорын тарихы.

Қаражанбас кен орны 1974 жылы Бозашы түбегінде ашылды. 1974 ж. Қаражанбастағы К-12 скважинасынан ең алғаш рет мұнай фонтан атқылады. «Қаражанбас» кен орны 6 жыл бойы дайындалып, 1980ж. мұнай өндіру өнеркәсібіне берілді. 7 жыл өткеннен кейін мұнайдың алғашқы 1 тоннасы өндірілді.1980 ж. кен орнын бұрғылауға Краснодарлық УПНП( мұнай айдауды көтеру басқармасы) және КРС (скважиналарды капиталды өңдеу) кірісті.

1992 ж. «Қаражанбастермнефть» «Қазақстанмұнайгаз» ұлттық мұнай компаниясының, кейіннен «Мұнайгаз» құрамына кірді. 1994 жылдың 16 ақпанынан бастап «Қаражанбастермнефть», Технологиялық транспорт басқармасы және Жұмыспен қамту бөлімі «Қаражанбасмұнай» Акционерлік Қоғамының құрамына кірді.

Қаражанбас мұнайы өте ауыр, тұтқырлығы жоғары, құрамында парафині аз болып келедi. 1986 ж. тәжірибе жүзінде «Қаражанбастермнефть» МГӨБ(НГДУ) құрылды. Осы кезден бастап термикалық әідсті пайдалану арқылы скважиналардың өнімділігін арттырды. 1991ж. мұнда мұнай өндіру көлемі жоғарғы көрсеткішке-тәулігіне 3600 тоннаға жетті. Өндіріс қаржы құралдарымен қамтылмағандықтан кәсіпорын тапшылыққа ұшырады. 1997 жылдың басында ААҚ-ң қаржылық жағдайы өте ауыр болды, оның мемлекеттік бюджетке қарызы 50-55 млн. долларға жетті. Сонымен қатар ААҚ жұмысшыларға, мамандарға борышты болды. 1997 жылдың сәуірінде кәсiпорынды ААҚ «Трайтон Вуко Энерджи» канадалық компаниясы жеке меншігіне алды, ол кәсіпорынның 94,6 акциясына ие болды. Дағдарыс кезінде компанияның иесі, әрі президенті Хашим Джоджохадикусумо ААҚ басшылығын ауыстырып, басқарушылардың жаңа тобын тағайындады. 1999 жылдың ақпанында компания аты «Қаражанбасмұнай» ААҚ-ы болып өзгертілді.

Осы уақыттан бастап мұнай өндіру көлемі артып келеді. Бүгінгі таңда мұнайдың тәуліктік өндірісі 3500 тоннаға жетті және осы жағдай қалыпты түрде сақталуда.

1999 жылдың ақпанынан бастап мұнда еңбек ақы тұрақты түрде төлене бастады. 2000 жылдың 30 қыркүйегінен бастап салықтар, еңбек ақы бойынша салықтар, мердігерлерге еңбек ақы бойынша борыштары толықтай өтелді. Өндірісті қалпына келтіру мақсатында басқарманың жаңа аппараты кен орнын қалпына келтіру жобасы жасалынды. Жобаға жұмсалатын қаржы көлемі шамамен 209 млн. доллларға жетті.



Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы

″Қаражанбасмұнай″ ААҚ-ы құрамына келесі басқармалар кіреді: мұнай өндіру басқармасы, Қаражанбас кен орнын пайдалану және орналастыру басқармасы, бұрғылау басқармасы, материалды-техникалық жабдықтау басқармасы, инженерлі-геологиялық басқармасы, құрылыс басқармасы, әкімшілік басқармасы.

Сонымен қатар келесі өндіріс цехтары кіреді:


  1. мұнай өндіру цехы;

  2. жер қабаты қысымын қадағалау цехы;

  3. бу өндіру цехы;

  4. мұнайды дайындау және айдау (перекачка) цехы;

  5. технологиялық көлік цехы;

  6. пайдаланылатын жабдықтарды прокатты-жөндеу цехы;

  7. электроцех;

  8. құралдарды бақылау-өлшеу цехы;

  9. құрылыс жөндеу цехы;

  10. скважиналарды жер асты және түбегейлі жөндеу цехы;

  11. газ цехы;

  12. апаттатрдан құтқару бөлімі;

  13. скважиналарды терең зерттеу лобораториясы;

  14. денсаулық цехы.

Өндірістік цехтар басшылығын инженеринг вице-президенті басқаратын техникалық бөлім атқарады.

Ұымдық құрылым құрамына келесілер кіреді: еңбек және адам ресурстар бөлімі, қаржылық бөлім, құқықтық –заң бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлімі, қоғамға байланысты бөлімі,мәліметтер технологиясы және телекоммуникация бөлімі, техникалық ұжым, диспетчер бөлімі. Қаржы бөлімінің құрамына жеткізуді қадағалаушы, төлемдер , еңбек ақы, негізгі құралдар, салықтар, мұнай сату бухгалтерлері және кассир кіреді.

″Қаражанбасмұнай″ ААҚ-ы ның басшылығында компания президенті, одан кейін бірінші вице-президент және оның қол астындағы инжениринг,қаржы және бухналтерлік есеп, үкімет байланысы вице-президенттері.

Қаражанбас кен орны орналасқан вахталы поселкеде 800 вахташы адамдарға арналған жабдықталған жатақхана салынған. Сонымен қатар милиция, байланыс бөлімі, медициналық пункт, спортзал, кітапхана, кинозалдармен жабдықталған.

Материалдық-техникалық жабдықталуы

Қаражанбас кен орны канадалық "Мойна "фирмасының винтті насостарымен, американдық дәнекерлейтін агрегаттармен, "Нурсат" спутник байланысымен жабдықталған.



Қаражанбас кен орнында өндірілген мұнайды тасымалдау берілген тапсырыстар бойынша "КазТрансОйл" компаниясы атқарады.

Өнім тұтынушы компаниялар, мемлекеттер:

  1. Шет елге: 80-90«Евразиан Гленкор интернейшнл Европетролеум» компаниясы

  2. Қазақстан iшiнде: 10-20 -і :“Алмаз интернейшнл”,ТОО “Меркурий”, ТОО “Аквтейс”





2.3 Еңбек ақы туралы мәліметтерді өңдеуде қолданылатын компьютерлік бағдарлама

Қаражанбасмұнай ААҚ-ы британдық Systems_Union компаниясымен құрылған ″Sun Systems″ программасымен жабдықталған.Бұл кең таралған корпоративті программа кәсіпорынды тиімді басқаруға, қаржылық есеп беруді оңтайлы жүргізуге мүмкіншілік береді. Яғни кәсіпорынның барлық бөлімшелері осы программамен жұмыс жасайды. Ал еңбек ақыны есептеу бөлімі Robertson&Blums,2004 корпорациясы әзірлеген RB Payroll программасымен жұмыс жасайды. Себебі, бұл программа еңбек ақы есептеудің тез және сапалы жаңа жолы. Бұл программада кәсіпорын деректерімен, құрылымымен, ұжыммен басқару модулімен, штат кестесімен, жұмысшылар туралы мәліметтерді көруге, қосымша анықтамалармен танысып көруге болады.

Кәсіпорын деректері және құрылымы қызметінде кәсіпорын түрі, атауы, байланыс телефонын, адресін, кәсiпорынды қамтамасыз ететiн банктер туралы мәліметтерді көруге болады.

Ұжыммен басқару-кәсіпорын қызметкерлері туралы бейнелі материалдарды қоса деректерді сақтауға және архивпен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Оның схемасын 4-суреттен көруге болады.

Штат кестесі- кәсіпорынның штат кестесі құрылымын, бөлімшелердің сандық және лауазымды құрамын басқаруға, штат бірлігіндегі бос орындарды автоматтты түрде бақылау жасауға,еңбек ақы қорын басқаруға мүмкіндік береді.

Табель- жұмысшылардың ай iшiнде жұмыс орнына келгені немесе келмегені, жұмыс атқарған уақыттары, жұмыстың қай уақытта басталып, аяқтағандары туралы мәліметтерді көрсететін модуль. Табельдік есепте жұмысшылар өндірісінің өнімділік есебінің кең мүмкіндіктері ескерілген. Атқарылған жұмыс уақытымен қатар онда өндірілген өнім көлемін,оның өзіндік құнын енгізуге болады.

сурет-1

Ұжыммен басқару модулінің схемасы




2-сурет

Табельдік есеп модулінің схемасы


Еңбек ақы модулі- еңбек ақы ұсталымдары және кәсіпорын төлемдерін есептеу және құруға арналған. Есептелген ұсталымдарды,ақшалай төлемдерді,кәсіпорын төлемдері сияқты операцияларды сақтау үшін Еңбек ақы кітабы құрылады. Қажетті мәліметтерді Кітапқа енгізгеннен кейін еңбек ақы есептеу рәсімі басталады. Бұл жерде келесідей еңбек ақы операцияларын жүргізуге болады:

  • Уақыт бойынша ақы;

  • Келiсiмдi ақы;

  • Уақытынан тыс жұмыс iстегендер үшiн ақы;

  • Әртүрлi үстемелер;

  • Демалыс түрлерiн есептеу;

  • Шегерiмдер;

  • Аудандық коэффициенттер;

  • Табыс салығы;

  • Алименттер;

  • Кәсiподақ салымдары;

  • Кәсiпорын төлемдерi.

Оның схемасын келесі суреттен көреміз.

сурет-3

Еңбек ақы модулінің схемасы


III. Мұнай саласында еңбек ақыны талдау.

3.1 "Қаражанбасмұнай" ААҚ-ы бойынша еңбек ақыны талдау

Алдымен бұл компаниядағы қызметкерлердің жалпы санын, құрамын қарастырып көрейік.

10-кесте

2001-2004 жылдар бойынша «Қаражанбасмұнай» ААҚ-ың ұжымдық құрамының динамикасы ,адам

Көрсеткіштер


2001 ж.

2002 ж.

2003 ж.

2004 ж.

Қызметкерлер саны, оның ішінде:

2210

2397

2428

2532

әйелдер

271

297

309

313

Қызметшілер,оның ішінде:

436

503

509

548

әйелдер

130

141

182

200

жұмысшылар,о.і:

1774

1894

1919

1984

әйелдер

141

156

127

113

жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау