I. Ақша жүйесі және ақша айналымы


Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар) көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған



жүктеу 0,5 Mb.
бет7/10
Дата24.01.2018
өлшемі0,5 Mb.
#7880
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар) көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.

Қазіргі дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ – доллары, Еуропалық Одақтың қазіргі валютасы – еуро, сол сияқты Халықаралық валюталық қордың СДР-і (арнайы қарыз алу құқығы) атқарады.

1999 жылы қаңтар айынан бастап, Еуропалық қауымдастық елдерінде жаңа валюта «Еуро» енгізілген. Еуропалық валюталық Одаққа бастапқыда он бір ел қатысқан: Германия, Франция, Люксенбург, Нидерландия, Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Еуро» қолма-қолсыз төлемдер үшін пайдаланылды. «Еуро» банкноты мен монеталары 2002 жылдың 1 қаңтарынан және 6 айдай уақыт ішінде енгізіліп, валюталық одаққа мүше елдердің ұлттық ақша бірліктері 2002 жылы 1 шілдесінен бастап өз қызметтерін тоқтатты.


II. АҚША АЙНАЛЫСЫ

2.1.Ақша айналысының сипаттамасы




Қайта кезеңіне дейін “ақша айналымы” мен “ақша айналысы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Яғни ақша айналасы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналым ұғымы одан кең мағынада бергендіктен ол қолма-қолсыз тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.

Ақша айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақша бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің теңдеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы ары қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитализм айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады.

Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолдануы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.

Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.

Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мұмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін.

Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның тек сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін қолданылады.

Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауар айналысы, сондай-ақ несиелік және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

Ақша айналысының құрылымына қолма-қол ақшалар айналысы мен қолма-қолсыз ақшалар айналысы кіреді.

Қолма-қол ақшалар айналысы нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі – қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолдануын шектеу, есеп айырылысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.

Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қома-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 жж. қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген дерективті саясаттың орнына республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғы шарттары жасалынды.

Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір бөлігін орталық банктерден шығарылған бакнтік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене бөлігі (10%-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.

Қолма-қолсыз ақшалар айналысы – қолма-қолсыз ақшалар айналымының ақшаларының қозғалысы.

Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).

Қолма-қол ақща мен қолма-қолсыз ақщалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады.

Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:

өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

таурлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.

Құн заңы және оның айналыс аясында пайда болу формасы, яғни ақша айналысының заңы тауар-ақша қатынастары қалыптасқан барлық қоғамдық формацияға тән болып келеді. Құн формаларының дамуына талдау жасай отырып, К. Маркс ақша айналысының заңын ашқан болатын.

Оның пікірінше, ақша айналысының заңының мәні ақшаның айналыс қызметін атқаруға қажетті ақша саны, сатылатын таурлар бағасы ақша айналысының жылдамдығына қатынасын білдіреді. Ақша айналысының заңы айналыстағы жүрген тауарлар мен олардың бағасының деңгейі мен ақша айналысының жылдамдығы арасындағы экономикалық тәуелділікті бейнелейді.

Ақша айналысы заңы – тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың санын анықтайды

Тауарлардың бағаларының сомасы

Ата =

Ақша айналымының саны

Бұл жерде бір айта кететіні, ақшаның төлем құралы қызметін атқаруымен байланысты бұл формула да нақтылануды талап етуде.


жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау