Өт - тас ауруы
Өт тас ауруы дегеніміз – ол өт қалтасында, өт өзектерінде тастың пайда болуымен сипатталатын ауру. Бұл ауру кең таралған, көбінесе әйелдер ауырады.
Этиологиясы. Негізгі себептері зат алмасу дәрісінің бұзылуы болып табылады, әсіресе майлы, пигмент алмасулар; өттің құрамындағы өт қышқылдарының мөлшері азайып, холестерин мөлшерінің көбеюі. Әсер ететін мәнбірлерге семіздік, дұрыс тамақтанбау, өт қалтасының жиі қабынуы, өт жолдарының қозғалыс қызметінің бұзылуы, жүктілік, көбінесе Боткин ауруымен ауырып шыққаннан кейінгі себептер жатады. Өт тастарының түрлері билирубиндік, бояутек, холестериндік, аралас болып кездеседі. Тастардың сыртқы түрлері әртүрлі: дөңгелек, сопақша, көпбұрышты, сырты бұжыр немесе тегіс, жылтыр. Тастар сан жағынан жеке, оншақты, тіпті одан да асып ұшырасуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |