Химия пәнінен өткізілетін практикалық жұмыстар (оқу-әдістемелік нұсқау) Нургалиева Зәмзәм Нурбауловна



жүктеу 2,01 Mb.
бет10/10
Дата24.12.2017
өлшемі2,01 Mb.
#5793
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10





Пластмассалардың аты

Пластмассаның негізгі элементтік құрамы

Жануға әсері

Қыздыруға әсері

Еріткіштердің әсері

ацетон

бензол

дихлорэтан

1

Полиэтилен



Жанған парафиннің иісін шығарып, көкшіл жалынмен жанады. Жанған кезде полиэтилен тамшысы бөлінеді. Жалыннан алса да жануын тоқтатпайды.

Балқыған күйінде жіп созуға болады

ерімейді

ерімейді

ерімейді

2

Поливинилхлорид



Cl

Түтіндеп жанады, жалыннан алса, бірден жануын тоқтатады

60-70 градуста жұмсарады. 110-120 градуста ыдырайды.

ерімейді

ерімейді

ерімейді

3

Полистирол





Стирол иісін таратып, түтіндеп жанады, жалыннан алған соңда жана береді.

Жұмсарады, балқымасынан жіп созу оңай.

Ісініп, қоймалжың ерітінді береді

Ісініп, қоймалжың ерітінді береді

Ісініп, қоймалжың ерітінді береді

4

Полиметилметакрилат









Жанған эфирдің иісін шығарып, сарғыштау жалынмен жанады

Жұмсарады, жіп созуға келмейді

Ісініп, қоймалжың ерітінді береді

ерімейді

ерімейді

5

Фенолформальдегид пластмассасы фенопластар




Фенол иісін тарата бықсып жанады, жалыннан алса, біртіндеп сөнеді

Қатты қыздырғанда ыдырайды

ерімейді

ерімейді

ерімейді

Жұмыстың орындалуы.

  1. Пластмассаның физикалық қасиеттерін зерттеңдер: а) түсі; ә) қаттылығы; б) беріктігі; в) электрөткізгіштігі; г) тығыздығы (судан ауыр немесе жеңіл); ғ) органикалық еріткіштердің әсері.

  2. Пластмассаның химиялық қасиеттерін тексеріңдер: а) сілті, қышқыл және органикалық еріткіштер әсеріне тұрақтылығы; ә) спиртшамның жалынына ұстап жанғыштығын, жалынның түрін, жанған кезде газ бөліне ме (ыдырай ма?), иісі қандай, бақылаңдар (тартпа шкаф астында жағу керек).

  3. Полистирол немесе полиметилметакрилаттың деполимеризациялануы. Суретте көрсетілгендей етіп құрылғы құрастырыңдар. Сынауыққа пластмасса кесегін салыңдар да, аузын тығыны бар түтікшемен тығындаңдар. Бром суы және калий перманганатының ерітіндісімен пластмассаның диполимерленген өнімін тексеріңдер. Не байқадыңдар?

Пластмассаның химиялық қасиетін кестеге жазыңдар.

Пластмассаның химиялық формуласы

Физикалық қасиеттері

Химиялық қасиеттері










13-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Нәруыздардың қасиеттерін зерттеу»



Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: нәруыз ерітіндісі, тұз, азот, күкірт қышқылдары, мыс (II) сульфатының ерітіндісі, қорғасын (II) ацетатының ерітіндісі, фенол, формалин, этил спирті, натрий хлориді.



Жұмыстың орындалуы

  1. Минерал қышқылдар қатысында нәруыздың тұнбаға түсуі. Үш сынауықтың біреуіне азот қышқылынан, екіншісіне күкірт қышқылынан, үшіншісіне тұз қышқылынан 3 мл құйып, оларға сүт нәруыздарынан 1 мл қосса, ақ түсті нәруыз тұнбаға түседі. Қоспаны шайқаса, азот қышқылы бар сынауықтағы тұнба мөлшері арта түседі де, ал тұз және күкірт қышқылы бар сынауықтағы қоспа еріп кетеді.

  2. Ауыр металл тұздары қатысында нәруыздың тұнбаға түсуі. Екі сынауыққа 2 мл-ден нәруыз ерітіндісн құйып, біреуіне араластыра отырып, мыс (II) сульфатының ерітіндісінен, екіншісіне қорғасын ацетаты (III) ерітіндісінен бірнеше тамшы тамызса, тұзды ортада нашар еритін нәруыздар ірімшіктелген тұнба түзеді. Мұнда қандай өзгерістер байқалатынын түсіндіріңдер.

  3. Форманың және спирттің нәруызға әсері. Екі сынауықтың біреуіне этил спиртін, екіншісіне формалин құйып, олардың үстіне 1 мл-ден нәруыз ерітіндісін қосады. Сонда екеуіне де тұнба түзіледі. Тұнбаға су қосып, араластырыңдар. Тұнба ерімейді.

  4. Нәруызды қыздырғанда ұюы (денатурациясы). Жұмыртқаның нәруызының ерітіндісін сынауыққа құйып алып, қайнағанға дейін қыздырыңдар. Су қоссаңдар тұнба ериді ме? Неліктен тұнбаның ерімейтінін түсіндіріңдер.

14-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Тамақ өнімдерін талдау»

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: тұрғыға орнатылған сынауық, пышақ, тасызғыш, сүзгі қағазы, кәрленнен жасалған келі, қысқыш, дәке (12*12см), спиртшам, сіріңке, таза бензин, 0,1%-тік йод ерітндісі, 10%-тік натрий гидроксидінің ерітіндісі, мыс (II) сульфаты ерітіндісі, ұн, туралған ет, жаңғақ, стақанға құйылған су.

Жұмыстың орындалуы.

Етте нәруыз бар екенін анықтау. Сынауыққа 1 г майдаланған етті салыңдар да, оның үстіне 1/3 бөлігіндей су құйып, бірнеше минут қайнатыңдар. Ерітіндіден 2 мл таза сынауыққа құйып, оның үстіне 2 мл сілті ерітіндісін қосып, 3-4 тамшы мыс (II) сульфатын тамызыңдар. Пайда болған күлгін түс нені көрсетеді?

Тамақ өнімдерінен майды бөлу. Сынауыққа 2 см етіп ұн салыңдар да, оның үстіне 3 мл бензин құйып, 1-2 минут бойы шайқаңдар. Сұйықтықтың бірнеше тамшысын сүзгі қағазға тамызыңдар. Бензин ұшып кеткенше күтіңдер. Сүзгі қағаздың бетінде майлы тамшы қалғанын байқайсыңдар.

Жаңғақтың құрамында май бар екенін анықтау үшін оны кәрлен келіге салып ұнтақтайды. Ұнтақталған жаңғақты қағаздың бетіне салыңдар. Қағаз беті майланады.

Ескерту. Бұл көрсетілген тамақ өнімдерінен басқа да тамақ өнімдерін пайдалануға болады. Мысалы, жүзім, қарбыз, т.б.

15-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Органикалық заттар арасындағы генетикалық байланысты анықтау»

Органикалық заттардың класаралық генетикалық байланысын пайдаланып, берілген заттардан бірнеше басқа заттар алу.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: металл тұрғы, сынауық, шыны, таяқша, ұшы иректелген мыс сымы, қысқыш, газ өткізетін түтік, натрий хлоридінің кристаллы, 10%-тік натрий гидроксиді ерітіндісі, мыс (II) сульфатының ерітіндісі, бром суы, 0,1%-тік калий перманганатының ерітінідісі, концентрлі күкірт қышқылы, этил спирті, 70%-тік сірке қышқылы, мұнай және өсімдік майымен № 1-, 2- сынауықтар.



Жұмыстың орындалуы.

№ 1- және 2- сынауықтардағы мұнай және өсімдік майының: а) физикалық қасиеттерін анықтаңдар; ә) бұл заттардың органикалық қосылыстарға жататынын дәлелдеңдер;

Этанолдан: а) алкен; ә) альдегид алыңдар. Химиялық реакциялардың теңдеуін құрастырып, рекацияның жүру жағдайын көрсетіңдер. Осы заттардың түзілгенін қалай дәлелдеуге болады?

Қолданылған әдебиеттер

1.А.Мырзабайұлы Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері Алматы «Білім» -2004


2.Н.В.Васильва ,Н.Б.Куплетская Практические работы по органической химии Москва «Просвещение» 1990
3.К.Әбсалықызы ,М.Жұмабайқызы ,А .Ерғалиқызы ,Б. Дүйсенбайқызы ,М.Хасенқызы ,К.Хамитқызы Химиядан өткізілетін сарамандық жұмыстар Алматы «Рауан» 2000
4.А.С.Семенов Охрана труда при обучении химии Москва « Просвещение» 1990
5.Ә.Темірболатова ,Н. Нұрахметов ,Р.Жұмаділова ,С.Әлімжанова

Химия « жаратылыстану –математика бағыты» Алматы « Мектеп» 2013


6. Н.Нұрахметов ,Қ.Бекішов ,Н.Заграничная Химия «жаратылыстану –математика бағыты» Алматы «Мектеп» 2014
7 Л.В.Бабич Практикум по нерганической химии Москва « Просвещение» 1978
8.Н.Дубанов Сабақта зертханалық жұмыстарды өткізу мәселесі Химия мектепте 2004

Мазмұны
1Алғы сөз
2. Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының міндетті талаптары
3. Алғашқы медициналық көмекті көрсету ережелері
4. 1-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

«Металдар» тарауы бойынша эксперименттік есептер шығару


5. 2-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

«Аммиак алу және онымен тәжірибе жасау. Аммиактың судағы ерітіндісінің қасиеттерімен таныстыру


6. 3-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Сапалық реакцияның көмегімен ерітіндідегі иондарды анықтау


7. 4-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

«Бейметалдар» тақырыбына эксперименттік есептер шыкғару


8. 5-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Органикалық заттардағы көміртегі, сутегі және хлорды сапалық жолмен анықтау.

9. 6-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС:

«Этилен алу жіне онымен тәжірибе жасау»

10. 7-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС:

«Спирттердің қасиеттері»


11. 8-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

: «Карбон қышқылдарын алу және қасиеттері


12. 9-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

«Органикалық заттарды танып білуге арналған эксперименттік есептерді шешу


13. 10-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

«Сірк еқышқылының спирттермен әрекеттесуі»»


14 11-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

: «Органикалық заттарды алу және анықтауға арналған эксперименттік есептерді шешу»


15. 12ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

: «Синтетикалық талшықтардың қасиеттерін талдау»


16. 13-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

«Пластмассаның қасиеттерін зерттеу»


17. 14-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

«Нәруыздардың қасиеттерін зерттеу»


18. 15-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

«Тамақ өнімдерін талдау»


19. 16-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

«Органикалық заттар арасындағы генетикалық байланысты анықтау»
жүктеу 2,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау