ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ясына сай зерттеуге жасалған соны
қадам болды. Әрине, Е. Ысмайы-
лов пен З. Шашкиннің «Абайдың
поэтикасы» («Әдебиет майданы»,
1934, №11-12) мақаласы айтары
мол, ғылыми-зерттеушілік сипаты
айқын, әдеби-теориялық ой-пікірді
жоғары деңгейге көтерген еңбек
болды. «Авторлар Абай поэтикасын
үш жүйеге бөле қараған. Әуелі –
Абайдың қазақ өлеңіне қосқан жаңа
өрнектеріне, екінші – көркемдік амал-
дарына, үшінші – Абай өлеңдерінің
дыбыстық, яғни әуендік жүйелеріне
назар аударған». Мақалада орыс
әдебиеттану ғылымындағы қалып-
тасқан теориялық талдау жасауды
басшылыққа ала отырғанымен, ав-
торлар ұлттық әдеби-теориялық ой-
пікірдің қол жеткізген ізденістерін
де кеңінен пайдаланған. Еңбектегі
«Абайдың көріктеу заңы», «Да-
уыс ырғағы туралы» деп аталатын
тарауларындағы ақын қол данған
көркемдік тәсілдерге теория лық тал-
дау жасау барысында, А. Байтұр-
сыновтың «Әдебиет танытқы шын-
дағы» терминдік атаулардың қа зақша
баламалары түгелге жуық пайдала-
нуы көп жайды аңғартады. Теориялық
жағынан талдап және тұжырым-
дап бермегенімен, М. С. Силь -
ченконың «Абай – реалист ақын»
(«Қазақ әдебиеті», 1934, №30),
«Абайдың реализмі» («Әдебиет
майданы», 1934, №11-12) аталатын
мақалаларының
әдеби-теориялық
ой-пікірдегі жаңашылдығын жоққа
шығаруға болмас. Кейінгі зерттеу-
лерде ғылыми шешілген сыншыл
реализм терминінің Абай шы ғар-
машылығына байланысты ай ты-
луының өзі соны ізденістер жаса-
лып жатқанына тағы бір мысал.
Абайды ғылыми жолмен танудағы
осындай құнды материалдардың
жарық көруі, оларда оң көзқарастағы
ой-пікірлердің жинақталуы қазақ
әдебиеттану ғылымында тұңғыш
монографияның жазылуына негіз
болды. Ол – Ғ. Тоғжановтың «Абай»
(1935) атты монографиясы еді.
Профессор Т. Кәкішев айтқандай,
«ғылыми эстетикалық еңбектен
көрі социологиялық арқауы басым
мо нографиялық очерктік» сипаты
басым болғандықтан да Абай шы-
ғармашылығының барлық пробле-
маларын шешіп бермегенімен, өзіне
дейінгі абайтану саласындағы ой-
пікірді жүйелеуге деген ұмтылысы
ұлттық әдебиеттану ғылымының бір
табысы екенін айтпауға болмайды.
Ақын мұрасына деген социологиялық
көзқарас кейде тұрпайы социологизм-
ге дейін ұласып, белгілі бір пробле-
маны ғана сөз етіп келген мақалалар
мен әдеби шолу дәрежесінен аса ал-
май келген оқу құралдарындағы тал-
дауларды жинақтай отырып ғылы ми-
зерттеушілік ой-пікірге жеке ақын
шығармашылығын монография лық
тұрғыда тексерудің алғашқы үл-
гісін көрсетіп берді. Ғ. Тоғжанов өз
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
256
Достарыңызбен бөлісу: |