ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
декаденттікке,
сентиментализмге,
фу туризм, идеализм, революция-
шыл романтизм, т.б. «измдерге» бой
ұрып кетті де, көркемдік дамудың
заң дылығына сай дәстүрлі жолмен
жүруді ұстанғандар азайып кетті. Бұл
«измдерден» қазақ әдебиеті де сау
қалған жоқ. Төңкерісті қабылдамаған
орыс ақын-жазушылары эмиграция-
ға шет елге кетті, әдебиетті көр-
кем дік дамудың тарихи сабақтас-
тығы дәстүріне сай өркендетуді алға
ұстанған бұқарашылдық бағыт қа зақ
әдебиетіндегідей терең мағынада
көрініс таппады. Бұрынғы интелле-
генция туралы лениндік саясатқа сай
совет өкіметі алашорда қозғалысына
қатысқандарға кешірім жасағанда,
оларды елді советтендіру, жаңа қоғам
құру жұмыстарына кеңінен пайда-
лану қажеттігін атап көрсетті. Бұл
кешірім арқылы кеңестік идеоло-
гия бұқарашыл әдебиет өкілдерінен
сол ұлт әдебиетіне басшылық ететін
М. Горький жасап шығару мақса-
тын көздеді. М. Горькийді пролета-
риат жағына шығару үшін В. И. Ле-
ниннің қаншама тер төккені белгілі.
Бірақ Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов
бастаған бұқарашылдар «Маркс со-
лай айтты екен деп өз пікірін өз-
герткен жоқ». Оны «Алқа» бағдар-
ламасын жасап шығарулары арқылы
тағы да дәлелдеді. Сол себептен де
кеңестік идеология мен саясат про-
летариат әдебиетін жасауға ұмтыл-
ған төңкерісшіл-тапшылдарды қарсы
қоя отырып, жаңа қоғам жасау жо-
лында қаталдықпен құрбандыққа
шалып жіберді. 30-жылдардың бас
кезінен бастап әдеби сын мен әдеби-
теориялық ой-пікірде бұқарашылдық
бағыт туралы сөз мүлде тоқталды,
олар туралы сөз болса «ұлтшыл-бур-
жуазияшылдығын» әшкерлеуге көш ті
және партия оны қырағы қада ғалап,
кейде арнайы тапсырмалар беріп жаз-
дыртып отырды.
1920 жылдары сыншылдық және
әдеби-теориялық ой-пікірдің көбірек
және қым-қиғаш сөз еткен пробле-
масы көркемдік әдіс пен әдеби ағым
болды. Төңкеріске дейінгі ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірде бұл мәселе
туралы ешбір ізденіс байқалмаған
болса, бұл жолдағы алғашқы қадам-
ды жасап, көркемдік әдістің қазақ әде-
биетіндегі белгілерін іздеген М. Әуе-
зов еді. Өзінің 1922-23 жылдары
«Шол пан» журналына жарияланған
«Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі»
атты мақаласында ұлттық әдеби-
теориялық ой-пікірде қазақ әдебиетін
теориялық тұрғыдан, оның ішінде
көркемдік әдістер жағынан тексе-
руге жаңа бастама жасады. Автор
«тарихи-әдеби сын» деп анықтама
қойған бұл еңбектің әдебиет тарихын
зерттеу мен дәуірге бөлудегі маңызын
жұмыстың әдеби-тарихи ой-пікір ту-
ралы айтқан жерінде қарастырған-
быз. Міне, осы әдебиет тарихын,
оның дәуірлерін шолу барысында
М. Әуезов жазба әдебиет туралы то-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
227
Достарыңызбен бөлісу: |