Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



жүктеу 3,59 Mb.
Pdf просмотр
бет66/444
Дата04.10.2023
өлшемі3,59 Mb.
#43645
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   444
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
сипат басым болса, енді жанрлық 
түрлерге сай топтастыру мен жүйелеу 
ісі анық көрініс тапты. Бұл тұрғыдан 
келгенде орыстың ориенталист-фоль-
клорист ғалымдары А. В. Васильевтің 
«Образцы киргизской народной сло-
весности» (Орынбор, 1900, 1905), 
Н. Н. Пантусовтың «Материалы к 
изу чению казах-киргизского наре-
чия» (Қазан, 1900, 1901, 1902, 1904), 
М. Н. Бекимовтің «Материалы к из-
учению киргизского народного эпо-
са» (1904), Н. Ф. Катановтың «Мате-
риалы к изучению казах-киргиз ского 
наречия» деген жалпы атаумен 1900-
1904 жылдар аралығында шығар ған 
7 бірдей кітабын т.б. еңбектерді атай 
кету ләзім. 1900 жылы А. Е. Алек-
торов шығарған библиография лық 
көрсеткішінің де танымдық мәні 
зор болды. Фольклорлық үлгілердің 
жеке кітап болып шығуы мен әдеби 
жинақтарда мол орын алуы бұлар 
туралы сыни және зерттеушілік 
сипаттағы мақалалардың жазылуына 
түрткі болды. Оларда фольклор та-
рихы мен теориясының мәселелері 
де қозғалып, ғылыми бағытта тексе-
руге өз ұлтымыздың өкілдері де қызу 
араласа бастады. «Қазақ» газетіндегі 
А.Баржақсиннің «Мақалдар» (1915, 
№120), Ж. Басығариннің «Өлең-жыр, 
әндер» туралы (1914, №61) деген 
секілді мақалаларында фольклор лық 
мұраны зерттеу мәселесі көтеріл-
се, Г. Потанин, Ә. Диваев туралы 
мақалаларда қазақ фольклорының 
зерттелуі туралы ой-пікір ашық 
көрінеді. Ал басылып шыққан шы-
ғармаға сын айта отырып, ғылыми 
сөз ету Ә. Бөкейхановтың «Қара 
Қыпшақ Қобыланды» мақаласынан 
байқалды. Автор сын деп ат қойып 
айдар таққанда, бұл жырдың 1914 ж ы-
лы қазақ тілінде М. Тұяқбаев бас-
тырып шығарған нұсқасын сын кө-
зімен қарап, артық-кемін сөз етуді 
мақсат тұтқан. Әйтсе де ғылыми-
зерттеушілік көзқарастағы талдауға 
барған тұстары да жоқ емес. Ол 
мақалада екі түрлі мәселені сөз ету 
барысында танылады. Алғашқыда 
автор «Қобыланды батыр» жыры-
ның тарихқа қарым-қатынасы ту-
ралы ой қозғап, Шәкәрім шежіресі 
мен Шоқан жазып алған «Манаста» 
кездесетін деректермен салыстыра-
ды. Қобыландының қай кезеңде өмір 
сүргенін анықтау үшін Тоқтамыс хан, 
Едіге би, Ақжол би, Әз Жәнібек хан 
өмір сүрген кезеңдерге барлау жа-
сауда зерттеушілік көзқарас айқын 
сезіледі. Бұл туралы ойын қорыта 
келіп автор: «Қобыландыда» ақын 
қосқан тарихқа тура келмейтін көп 
қосымша бар. Қазақ тарихына пай-
далы сөз «Қобыландыда» аз көрінеді. 
Қобыланды батыр Ақжолға тұстас 
болса, оның жорықтары ХV ғасырда 
болған. Жақсы көркем жырда сол 
уақыттағы қазақтың болмыс салты 
анық көрініп тұруға лайық. Тарихтың 
сарын жолы екіге бөлінген: бір 
бөлек тарихтың пайдаланғаны соғыс 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


82

жүктеу 3,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   444




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау