ІІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
үздік белгісіне балайтын кейбір
ұранды тұстары ұшырасады. Бірақ
мұндай танымның тамыры қоғам
ұстаған идея – бағытта жатыр еді»
деген бағасымен келіспеу қиын
[84, 221]. Әсіресе халық ақындары
шығармашылығындағы таптық көз-
қарастың айрықша дәріптелуі қазақ
поэзиясында:
«
Деп шатыпты біреулер
«күннен тудым»,
Жоқ, сірә, мен қара құл,
күңнен тудым, –
(Ж. Молдағалиев. «Мен қазақ пын»)
деген секілді жарлы-жақыбайдан
шыққанын мақтан етуді жырлауға
өз әсерін тигізбей қалмады. Бұған
қосарымыз, жанрлық түрлер мен
Ж. Жабаевтан бастап Н. Ахметбе-
ковке дейін қарастырылған он екі
ақын-жыраудың шығармашылығына
арналған бөлімдерде әдеби-тео-
риялық тұрғыда талдау жасау аз.
Соның әсерінен де болар халық
ақындарын жекелей қарастырған бө-
лімде ғылыми әдіснамалық және тео-
риялық талдау мәніндегі зерттеуден
гөрі монографиялық очерктік сипат
басым түскен.
Шындығын айтқанда, қазақ әде-
биеттануының осы көп томдықты
шығаруда жаңаша қол жеткізген
жетістігі деп ІІ томның бірінші (1961)
және екінші (1965) кітаптарын атау
керек сияқты. І томның 1-кітабының
тез арада жарық көруі көп жайды
аңғартады. Қ. Жұмалиев концепци-
ясын жақтаушылардың оны жыл-
дам орнықтыруға жасаған әрекеті
ме, әлде ұлттық танымға бой ұрған
ғылыми-зерттеушілік ой-пікірді шек-
теп қоюдың амалы ма, ол жағы бізге
түсініксіз. «Қазақ әдебиеті тари-
хының» екінші томының құндылығы
қазақ әдебиеті тарихының әлі де
болса бір шешімін таппай жүрген
кезеңдерін маркстік-лениндік әдіс-
нама тұрғысынан болса да жүйе-
леп беруінде ғана емес, ғылыми-
зерттеу нысанасында ағартушылық
бағыттағы дарындар деп табылып,
жеке-жеке қарастырылған ақын-жа-
зушылар шығармашылығының мо-
но графиялық тұрғыда тексерілуіне
жол ашуында да еді. ХVІІІ ғасыр
мен ХІХ ғасыр басындағы және
ХІХ ғасыр орта кезі мен соңындағы
қазақ әдебиеті тарихының дамуы мен
өркендеу жолдарына арналған бірінші
кітаптың мәні зор. Бұқар жыраудан
бастап Ә. Найманбаевқа дейінгі он
алты ақын-жырау шығармашылығы
ғылыми-зерттеушілік тұрғыда қарас-
тырылып, әдебиет тарихындағы
ала тын орындары айқындалған.
Алай да осы арқылы сол дәуірдегі
әдебиет тарихын бір жүйеге салуда,
хронологиялық тұрғыда даму жол-
дарын анықтауда, «әрбір ұлтта екі
түрлі мәдениеттің элементі бола-
тынын тұжырымды материалдар
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
356
Достарыңызбен бөлісу: |