Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
103
қарапайымдылықта күн кешсе де, араларындағы
сүйіспеншілікке сызат түскен емес.
Осынау мүбәрак отбасының сорпаны жақсы
пісіретін парсы көршілері бар еді. Бір күні жақсылап
сорпа жасайды да пайғамбарымызды тамаққа
шақырады. алайда, ол кісі жалғыз барғаннан гөрі аш
жүрген айша анамызды да ерте барғысы келіп:
– айшаны да шақырасың ба? – деп сұрайды. Әлгі
кісі:
– Жоқ, – дейді. Көршінің Ислам дінінің
ерекшеліктерін білмейтіні белгілі еді. Бәлкім, сопра-
сы аз болған шығар немесе пайғамбарымыздың сол
сәттегі жағдайын ұғына алмаған шығар. расулалла
оған:
– Онда бармаймын, – дейді. арада біраз уақыт
өткенде әлгі кісі қайта келіп тамаққа шақырады.
алланың елшісі тағы да өз ұсынысын айтады. Жарын
көрсетіп екінші рет сұрайды:
– айшаны да шақырасың ба?
– Жоқ, – дейді көршісі. Пайғамбарымыз үйіне ба-
рудан бас тартады.
Әлгі кісі үшінші рет келіп, тағы да шақырады.
алла елшісі тағы да өз талабын қайталайды. Үш
ретте де айша анамызды ертіп барғысы келгеніне
қарап, сірә, бір гәп бар шығар деп түйеді. сол себепті
пайғамбарымыздың сұрағына бұл жолы:
– Иә, – деп жауап береді.
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
104
сөйтіп, адамзаттың ардақтысы (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) ол үйге айша анамызбен бірге
барады
145
.
Бұл сүйіспеншілік басқа әйелдердің де назары-
нан тыс қалмады. Тіпті кейде олар айша анамызға
қызғанышпен қарайтын. Бір күні отырып өзара
келісіп, фатима анамыз арқылы бұл жағдайды
алланың елшісіне жеткізбек болды. фатима анамыз
барып:
– Уа, алланың елшісі! Отбасың Әбу Бәкірдің
қызы мәселесінде сенен әділдік талап етеді! – деді.
Жағдайдан хабардар әкесі фатимаға қарап:
– Қызым, сен менің жақсы көргенімді жақсы
көрмей тұра аласың ба? – деді.
Бұлайша сұрақ беру арқылы берілген жауаптың
астарында зілді үкімнің бар екені байқалатын.
Пайғамбарымыздың даусындағы жұмсақтық пен
берілген жауаптың астарындағы маңызды мағына
қызының өкінішін тудырды. сондықтан фатима:
– Әрине, жақсы көремін, – деп жауап берді.
нәби де қызынан осындай жауап алатынын жақсы
білді. алла елшісінің жақсы көргенін жақсы көрмеу
жөн емесі анық. Өзінің айтқанына қатты өкінген
фатимаға айша анамызды көрсетіп:
– Ендеше, айшаны да жақсы көр, – деді.
Хазірет фатима меселі қатқандай болып,
жағдайды аналарымызға айтты. Бірақ, олар бұған
қанағаттанбай, өтініш жасап, қызын әкесіне тағы бір
рет жібергілері келді. алайда, жауап нақты болатын.
145
Қараңыз: мүслим Әшриба 139 (2037); ахмад ибн Ханбал, мүснәд
3\123 (12265)
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
105
Пайғамбарымыз олардың бұл талабына оң жауап
бермеді. Өйткені, алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) айшаны басқа аналарымызға қарағанда
айрықша жақсы көретін
146
.
Енді олар Үммү сәләмә анамызды араға салды.
Өйткені, оның расулмен бұрыннан туыстығы бар
еді
147
. алайда, нәтиже өзгермеді. Оған да:
– Үммү сәләмә, айшаны айтып мені қинамаңдар.
Одан өзгеңнің қасында болғанымда маған уаһи келген
емес, – деген жауап айтылды
148
.
Демек, мәселе басқада: пайғамбар таңдауы
Жаратушының қалауымен астарлас екен. сол күні
осындай ескерту естіген Үммү сәләмә (р.а.) бірнеше
жылдан кейін айша анамыздың қайтыс болған хаба-
рын естігенде қайғырып, былай деді:
– ант етейін, әкесінен кейін алла елшісі үшін ең
сүйікті жан өмірден озды
149
.
Бәрі бұл махаббатты анық байқайтын. Кейде
әйелдері өз араларында туындаған келіспеушіліктің
тігісін жатқызып, расулалланың қайтадан көңілін
табу үшін айша анамызды араға салатын. Бір күні
сафия анамыз оған:
– айша, жарыңның көңілін аулай аласың ба?
Егер мұны жасасаң саған өз күнімді беремін, – деген
ұсыныс жасады.
146
Бұхари, Хиба7 (2442)
147
Үммү сәләмә анамыздың күйеуі Әбу сәләма пайғамбарымыздың
әпкесінің баласы еді, олар емшектес бауыр болатын. Қараңыз: Иб-
нул Әсир, Усудул ғаба 1\632
148
Бұхари, Хиба 7 (2442); фадаилус сахаба 30 (3564); нәсәи, Ишратун
ниса 3 (3950); Тирмизи, мәнәқиб 63 (3879)
149
Хаким, мүстадрак 4\15 (6746); Әбу нуайм, Хилияту әулия 2\44;
Ибнул Әсир, Усудул ғаба 1\1395
|