Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
63
Бұл бөлменің ішінде бір кереует, алаша, іші
талшықпен толтырылған теріден жасалған бір
жастық, ілулі тұрған тері, бір мосы, су құятын және
құрма салатын бір шелек және су ішетін бір кесе бар
болатын
71
.
Қияметке дейін әлемді жарыққа бөлеген нұр
қайнары болған үйде түнде қоятын шам да болмады.
Ол туралы айша анамыз былай дейді:
– Пайғамбарымыздың кезінде үйімізде түнде
шырақ жанбайтын
72
. Өйткені, ол кезде шырақ үшін
қолданылатын майды тамаққа да қосатын. Басқаша
айтқанда, жейтін нәрсені табу қиынға соққан кезде
табылған майды тамаққа емес шыраққа пайдалану
ақылға сыймайтын нәрсе еді. анамыз бұл туралы:
– Егер ол кезде май тапсақ, біз оны жер едік
73
, –
дейді.
Жалғыз қалған кей түндері айша анамыздың үй
ішін қолымен сипалап заттарды іздегені де осыны
дәлелдейді
74
.
Үй мүшелерінің жағдайы да үйдің жағдайымен
пара-пар болатын. Өйткені, айша анамыздың айтуын-
ша, осы үйде тұрған Әли Пайғамбарымыз (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) қайтыс болғанға дейін үш күн
қатарынан нан жемеген
75
. Кейде ай бойы бір нан да
71
Бұхари, либас 31 (5505), саум 59 (1879), риқақ 17 (6091); мүслим,
либас 37, 38 (2082); Тирмизи, либас 27
72
Таялиси, мүснәд 207 (1472); Бұхари, Хиба 1 (2428); ахмад ибн Хан-
бал, мүснәд 6\71 (24465); Бәйһақи, сүнән 6\169 (11722); Исхақ ибн
рахуә, мүснәд 2\328 (851)
73
Харис ибн Әби Үсама, мүснәдул Харис 2\996; Табарани, әл-
мұғжамул әбсад 8\360 (8872); Исхақ ибн рахуа, мүснәд 3\1000
74
Қараңыз: нәсаи, Ишаратун ниса7, 73
75
Қараңыз: Бұхари, Әтима 73 (5059); мүслим, Зүһд 20 (2970); ахмад
ибн Ханбал, мүснәд 6\277 (26410); Ибн мажә, Әтғима 48 (3343)
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
64
жемейтін, үйлерінде қазан асылмайтын
76
. Кейде үш
айға дейін тек құрма, зәмзәммен ғана шектелетін
77
.
ал, жейтін нәрсе тапқан кездерінде дастарханға
бірге отырып, бір табақтан жейтін. Кейде осы да-
старханда басқа туыстарымен де астарын бөлісіп
ішетін. Хижаб аяты келместен бұрынғы кезеңде
осындай бір естелік айтқан айша анамыз алла
елшісімен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір табақтан
тамақ жегенін, үйіне келген хазірет Омарды да алла
елшісінің осы тамаққа шақырғанын айтады
78
.
Оның үйі осы қалпынан еш өзгермеді, кейінгі
кезеңдерде түскен олжалар да, өзіне жіберілген
сыйлықтар да расулдың бұл қарапайымдылығын
өзгерте алмағаны ақиқат. ақыретке көшерде де
дүниеге келген кезіндегідей тап-таза және өте
қарапайым қалпында болды.
Пайғамбарымыз қайтыс болатын күнгі үйдің
жағдайын анамыз былай жеткізеді:
76
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\217 (25867); Таялиси, мүснәд 207;
Табарани, әл-мұғжамул әбсат 8\360 (8872)
77
Қараңыз: Бұхари, риқақ 17 (6094); Хиба 1 (2428); Таялиси, мүснәд
207 (1472); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\71 (24465); Бәйһақи,
сүнән 6\169 (11722); Исхақ ибн рахуа, мүснәд 2\328 (851). Бұл
жағдайды бізге әңгімелеп берген айша анамыздың өзі болатын. Бір
күні жиеніне «Біз жаңа туған айға қарайтынбыз. алғашқы айдан
кейін екіншісі, одан кейін үшіншісі келетін, сонда да расулалланың
ошағында от жанбайтын» деген еді. сонда хазірет Уруа одан «сон-
да не жейтін едіңіздер?» деп сұрайды. Ол «Екі қара: құрма мен су
(Зәмзәм)» деп жауап берген. Қараңыз: Бұхари, риқақ 17 (6094); Хиба
1 (2428); мүслим, Зүһд уә риқақ 28 (2972)
78
Бұхари, әл-Әдәбул мүфрад 1\362 (10539); Хәйсәми, мәжмауз зәуаид
7\93; Табарани, әл-мұғжамус сағир 1\149 (227); әл-мұғжамул әбсат
3\212 (2947); нәсаи, әс-сунәнул кубра 6\435 (11419)
|