Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет90/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   152
Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
276
– мұндай пәтуәні қайдан шығардың? – деп 
сұрады. Хазірет Зәйд:
– мұны мен ойлап шығарған жоқпын, көкем 
рифаға ибн рафи мен Әбу Әюб әл-ансариден естідім, 
– деді. Хазірет Омар жанындағыларға қарап:
– ал, бұл іске сендер не дейсіңдер? – деді. Олар 
да әртүрлі бір-біріне қайшылықты пікір айта баста-
ды. Біразы ғұсыл үшін бірге болуды жеткілікті деп 
санады. Халифа оларға:
– сендер Бәдірге қатысқандардың ең қайырлысы 
бола тұра, қалай бір-біріңе қарама-қайшы пікір 
айтасыңдар? – деді.
Осы кезде хазірет Әли сөзге араласып, мәселені 
аналарымыздан сұрайық деді.
Осы шешімді жөн санап әуелі қызы Хафсадан 
сұратқанда, ол ештеңе білмейтінін айтты. Бір кезде 
Әбу мұса әл-Әшғари:
– Бұны қазір тағы бір кісіден білуге болады, – 
деп айша анамызға барды.
рұқсат сұрап қасына жақындап:
– шешей, сізден бір нәрсе сұрауға ұялып-ақ 
тұрмын, – деді.
Ілім үйренуде ұялудың қажет еместігін жақсы 
білетін айша анамыз Әбу мұсаға былай дейді:
– Өз анаңмен қалай еркін сөйлесетін болсаң, 
менен сұрағанда да солай ұялма, Өйткені, мен де бір 
анаңмын!
Әбу мұса енді өзін еркін сезініп, көкейіндегі сау-
алын ірікпеді:
– Ғұсыл алу қай кезде міндеттеледі?


Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
277
– Дәл тиісті адамынан сұрадың. расулалланың 
«Еркектің жыныс мүшесі әйелдің жыныс мүшесіне 
тигенде ғұсыл уәжіп» дегенін естігенмін.
рахмет айтып ол жерден кеткен Әбу мұса 
естігендерін келіп жиналғандарға айтқанда, хазірет 
Омар:
– Бұл істі жасап, ғұсыл дәретін алмағандарға 
енді тиіс жаза қолданамын, – деді. сондағы сүйенгені 
анамыздан өзіне жеткен сөз болғаны күмәнсіз
442
.
Халифа Омар аналарымыздың көңілін табу 
үшін барын салатын. Бір күні олар халифа Омарға 
қажылыққа барғысы келетіндігін айтады. Дереу 
хазірет Осман мен абдуррахман ибн ауфты 
шақырып, бірің арттарынан, екіншің алдында жүріп 
қағбаны тауап етулеріне көмектесіңдер деп тапсыра-
ды. Ешкім ол кісілерді мазаламасын деп тапсыруды 
да ұмытпады.
Күн артынан күн өтіп, он жыл да артта қалды. 
Енді хазірет Омардың да бұл өмірдегі дәм-тұзы тау-
сылды. Әлдекім қастандық жасап, улы қанжар сұғып 
денесін қан-жоса етті. Хазірет Омар (р.а.) бұл өмірдегі 
соңғы сәттерін бастан өткеріп жатты.
Бірақ әлденеге алаңдаулы еді. себебі сол күнге 
дейін батылы барып, анамызға айта алмаған бір тілегі 
бар болатын. расулалланың аяқ жағына жерленгенін 
қалайтын. Бірақ, бұл үшін айша анамыздың рұқсаты 
керек-ақ. 
442
Қараңыз: муатта Таһара 104; мүслим, Хайз 88; (349), Тирми-
зи, Таһара 80 (109). анамызға барып, бұл сұрақты қойған халифа 
хазірет Омар екені туралы да айтылады. Басқа кезде осы сұрақты 
Әбу сәләманың де сұрағаны байқалады. Қараңыз: муатта, Таһара 
103. Оқиға әртүрлі риуаяттарды біріктіру арқылы берілген. 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
278
Енді соза берсе, ол тілегіне жете алмасын сезіп, 
баласы абдулланы шақырып:
– мүминдердің анасы – айшаға жолық. 
Бірақ, оған «мені мүминдердің басшысы жіберді 
деме!» Өйткені, мен енді мүминдердің басшысы 
емеспін, «Хаттабұлы Омар жіберді» де. сосын «Екі 
жолдасының қасына жерлену үшін сізден рұқсат 
сұрайды» деп айт! – деді. 
Хазірет Омар тілегін жеткізгенде, айша анамызға 
қысым жасамаған. лауазымын қолданбай, қатардағы 
қарапайым адам ретінде тілегін жеткізген. 
Хазірет абдулла дереу айша анамызға барды. 
анамыз ауыр хабарды естіп, көзіне жас алды. абдул-
ла:
– Әкемнің сізге сәлемі бар. Екі жолдасының 
қасынан жер тисе дейді, – деді.
расулалла мен адал дос Әбу Бәкірдің жанына 
жерленуді кім қаламайды?! Бұл айша анамыздың 
да ішкі қалауы еді. Бірақ олар мүмин бауырларының 
қалауын артық көретін. сондықтан Ибн Омарға қарап 
былай деді:
– Ол жерде өзіме арнап жүр едім. Бірақ Омардың 
айтқаны болсын!
Өзінің де соны қалағанына қарамастан, хазірет 
Омарға рұқсат берді. Қуанышты хабарды алған аб-
дулла шапшаң басып шығып кетті. 
мына жақта оның келе жатқанын көргендер 
хазірет Омарға:
– Әне, ұлың келе жатыр! – деді.
Омар қатты алаңдаулы еді. Тіпті қандай хабар 
әкелетінін уайымдағаны шығар орнынан түрегелгісі 


Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
279
келіп, бірақ дәрмені жетпеді. Қасындағылар демеп 
жатты.
Осы кезде абдулла да келді. Одан:
– Қандай хабар әкелдің? – деп сұрағанда:
– Қалауыңыз орындалды, әй, мүминдердің бас-
шысы! анамыз рұқсат берді, – деді ол. Хазірет Омар:
– Әлхәмдулиллә, енді маған сол жерде жатқаннан 
маңызды нәрсе жоқ, – деп қуанғанын білдірді.
Қансырағанын енді елемеді. соңғы тілегі орын-
далып алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
мен оның алғашқы халифасы хазірет Әбу Бәкірдің 
қасына жерленетін болды. Терең дем алды. Уайымы-
нан арылды.
Әне-міне дегенше қоштасатын да уақыт жетті. 
алайда, көңілінде бір алаң бар еді. рұқсат алуын 
алды, бірақ бұл рұқсатты халифалық лауазымының 
ықпалымен алынған болуы мүмкін екенін ойлады. 
сондықтан да мұны тағы бір рет анықтағысы келді. 
Тағы да ұлын шақырып:
– абдулла, мен өлген соң төсегіме жатқызыңдар. 
сосын есіктің тұсына дейін мені апарып сол жерге 
тоқта да «Хаттабұлы Омар сізден рұқсат сұрайды» 
деп тағы да дауыста. айша рұқсат берсе ғана мені 
сол жерге көм. Егер алдыңғы ойынан бас тартқан 
болса, мені де қатардағы халықтың мазаратына 
көмерсің. Өйткені, маған рұқсат бергенде халифалық 
лауазымның мысы басқан болуы мүмкін, – деп тап-
сырды.
Өліммен арпалысып жатса да осыны ойлаған еді.


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
280
сөйтіп, хазірет Омар да мәңгілік сапарға аттан-
ды. мәдина үлкен қайғыға батты. Ендігі кезекте оның 
өсиетін орындау тұрды. 
Әкесі айтқандай ұлы есіктің тұсына келіп, айша 
анамызға дауыстап әкесінің тілегін ескертті. анамыз 
таң қалды. Хазірет Омар өмірден өтіп бара жатып та 
әдептілікті үлгі етті. 
Хазірет Омар өзіне жарасымды сыпайы мінез та-
нытты. айша анамыз да екі сөйлемейтінін білдіріп, 
рұқсат бергенін екінші рет қайталап жатуды артық 
деп санады. Дегенмен жұртты алаңдатпау үшін 
рұқсат бергенін тағы да қайталап айтты. сөйтіп 
хазірет Омар айша анамыздың жол берумен өзіне ет-
жақын достарының жанына жерленді
443

сөйтіп, айша анамыздың бірнеше жыл бұрын 
көрген түсі толығымен орындалып, үйіне үш ай да 
туған еді.
Хазірет Омардың осы жерге жерленуі анамыз 
үшін жаңа бір кезеңнің басталғанын білдірді. Өйткені, 
сол кезге дейін пайғамбарымыз бен әкесі хазірет 
Әбу Бәкірдің жанына келіп, оларды зиярат еткендегі 
еркіндік енді жасалмайтын болды. Қастарына хазірет 
Омар жерленген күннен бастап енді ол жерге үсті-
басын қымтанып кіретін болды. 
Ол тұсқа төртінші кісі сыймайтын. сол күннен 
бастап айша анамыз осы бөлменің қасындағы бір 
орынға көшуге мәжбүр болды
444

443
Бұхари, фадаилус сахаба 8 (3497); Бәйһақи, сүнән 4\58 (6874); Ибн 
Әби шәйба, мұсаннаф 3\34 (11858), 7\436 (37059)
444
Қараңыз: нәдәуи, сирату сәидәти айша 154, 155


Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
281

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау