Хазірет айша


Сахабалардың әрекеті және ойы



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет59/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   152
Айша

Сахабалардың әрекеті және ойы
Бұл өсекке сахабалар да таңданыспен қарап, аз 
бөлігі мәселеге екі ойлы қараса басым көпшілігі: 
– субханаллаһ! Бұл нағыз жала, – деп, бұған 
сенбеді. анамыздың адалдығы мен арлылығына шын 
сенетіндіктен олар әр жиында айша анамызды қорғап 
отырды. 
Кешке үйіне келген Әбу Әюб әл-Әнсариден әйелі:
– айша туралы айтылғандарды сен де естідің бе? 
– деп сұрады. 
Ол естісе де естімегендей оңай танытты. Өйткені, 
мұны шығарғандарды да, олардың мақсатын да 
білетін. алла елшісінін некелісінің мұндай жолға 
бармайтынына сенімді еді. Әйеліне қарап:
– Естідім, бірақ бұлардың бәрі жалған, – деді.
сөйтіп әйелінің күдігін біржолата сейткісі келген-
дей әйеліне қарап:
– айтшы, сен өзің осындай нәрсе жасар ма едің? 
– деп сұрады.
Әйел сілейіп тұрып қалды, алла мен ақырет 
күніне иман келтірген адам мұндай іске ешқашан 
бармас еді, дереу:
– ант етемін, ешқашан жасамаймын, – деп жауап 
қатты. сонда оған күйеуі мынандай мағыналы сөз 
қатты: 
– ұмытпа, айша сенен де қайырлы! 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
184
міне, бұл нағыз мүминге тән қасиет еді. Кейіннен 
алла тағала Әбу Әюбтың осы әрекетін ұнатқанын 
әрі басқа мұсылмандар да мәселеге әрдайым осылай 
қарау керектігін білдірген. 
мына жақта пайғамбарымыз біраз уақыттан 
бері уахидің кешіккеніне қынжылды. Өйткені, 
мұндай жағдайларда істің шынайы жағы үнемі иләһи 
хабардың келуімен ашылатын. Уаһи тоқтамады, де-
генмен дәл осы мәселенің ақиқатын ашатын еш хабар 
келмеді. Бәлкім, алла тағала адамдардың естерінде 
ұзағырақ сақталып, ғибрат алып, мұндай жағдайда 
қалай әрекет жасау керек екенін ұғынықты ету үшін 
уақытты созды ма екен?! мұсылмандар үнсіз, уахи 
әлі кешігуде. 
Бұл үнсіздік жала жабушыларды одан сайын ба-
тылдандыра түсті. Кейбір мүминдер болса естен 
танғандай жағдайда жүрді. нағыз мүминнің міндеті 
осынау сын сағатта ақиқатқа араша түсіп жалаға 
орын бермеу еді. Әсіресе, бұл қитұрқылықты әдейі 
ұйымдастырып отырған басшыларын ауыздықтап, 
шектен шыққандарды тәртіпке салу керек еді. Елдің 
өсегіне еріп, байқамай бұл бүлікке қосылып кет-
кендер кейіннен пайғамбарымыздан кешірім сұрап, 
қателіктерін мойындауы керек еді. сол үшін де алла 
елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) намаздан кейін 
сахабаларына қарап аллаға мадақ айтқаннан кейін:
– Уа, халайық! Әй, мұсылман қауымы! Өмірлік 
қосағым жайында айтпағанды айтып маған қиянат 
жасаған адамның қандай сылтауы болуы мүмкін. 
Уаллаһи, мен айша туралы жақсылықтан басқа 
ештеңе білмеймін. Жалаға ұшырап отырған айша 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
185
ең қайырлы жандардың бірі, бүгінге дейін мен жоқта 
үйіме бөтен адам кіргізген емес!
алла елшісінің осыншалықты ренжігені саха-
баларды да толқытты. Бірақ, жала жауып, бүлікті 
бастаған адамның нақты кім екенін ешқайсысы 
білмейтін. сол себепті Әустің көсемі сағд ибн муаз
311
орнынан тұрып:
– Уа, расулалла, мәселенің шешімін маған 
қалдыр. сені ренжіткен адам Әус тайпасынан болса, 
басын шабамын. ал Хазраждықтың бірі болса, онда 
не істе десең соны істейік, – деді. 
Бұларды естіген және қауымына күдік салған бұл 
сөздерден қатты әсерленген сағд ибн Убада орнын-
да отыра алмай кетті. Өйткені, күдіктінің кім екені 
белгілі еді. Орнынан ұшып тұрып, Әустің көсеміне 
былай деді:
– сенің бір адамды өлтіруге де әлің жетпейді. 
сірә, Хазраждан болар деп көсемсіп отырсың. Егер өз 
қауымыңның адамдары болса бұлай деуге батылың 
жетпес еді!
мешіт ішінде ерегіс тұтанды. Бұл жолы сағд ибн 
муаздың көкесінің баласы Үсәйд ибн Худайр орны-
нан тұрып мұнафықтарды қорғады деп айыпталған 
сағд ибн Убадаға: 
311
Бұл оқиғаның һижреттің бесінші жылы және Хәндәкқа дейін 
болғаны туралы мәсіметтер кездесумен қатар һижреттің 6 жылы 
болғанын айтатын риуаяттар да бар. Екінші мерзімді негізге алған 
кейбір ғалымдардың ойынша пайғамбарымызға алғаш сөз сөйлеген 
бұл сахаба сағд ибн муаз емес, оның көкесінің баласы Үсәйд ибн 
Худайр. Өйткені, олардың пікірінше бұл кезде сағд ибн муаз 
өмірден озған. Қараңыз: айни, Умдатул қари 13\232, сондай-ақ, 
қараңыз; шәләби, Хаяту айша 105, 106


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
186
– Өлтіргенде 
қандай! 
Уаллаһи, 
мұны 
жасағандардың бастары шабылады! – деді.
Бір сәтте жүз жыл бұрынғы дау-дамай қайта 
қоздатылғандай, негізгі мәселе жайына қалып, 
Әус пен Хазраж арасындағы рулық араздық бас 
көтере бастады. Осындай кезеңде адамдардың 
мәселені дұрыс ойлап, ақылға келуі мүмкін емес еді. 
Өйткені, ол кездегі рулық қақтығыстардың күштілігі 
соншалықты, мұндай сөздерді ешкім көтере ал-
майтын. сөйткенше болмай «сенің адамың, менің 
адамым» деп араларында ерегіс басталып кетті. Екі 
қауым жаңа дауды бастап кетсе екен деп, мұнафықтар 
да шоқты үрлей түсуге даяр. 
алла елшісі екі жаққа да тынышталуды бұйырды. 
Бәрін тынышталдырған соң құтбасын аяқтап, үйіне 
келді. Қасына хазірет Усама мен Әлиді шақырып, осы 
мәселе жайында екеуімен ақылдасқысы келді. Пәк 
жұбайы айша жайлы жаман ойға бармады. Дей тұра 
не ойлайды екен деп басқалардың да пікірін білгісі 
келді. Хазірет Үсама пікірін нық білдірді:
– Уа, алланың елшісі! айша анамыз туралы біз 
жақсылықтан басқа ештеңе білмейміз. Бұлар барып 
тұрған өтірік, жала!
Хазірет Үсаманы тыңдаған пайғамбарымыз енді 
хазірет Әлиге бұрылды. Хазірет Әли ә дегенмен алла 
елшісінің ренішін сейілтуді қалады. сол ниетпен:
– сары уайымға салына бермеңіз. алла өзіңізге 
бұдан асқан қиындық көрсетпесін. мына қызметші 
қыздан да сұрап, пікірін біліңіз
312
, – деді.
312
мәселенің ауқымдылығын назарға алып, оны еңбектің соңында 
«Хазірет Әли және айша анамыз» деген тақырыпта жеке 
қарастыруды жөн көрдік. 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
187
Бұл сөз «қаласаңыз, айшаны жақын танитын, 
бірге жүргендерден де сұраңыз» дегенді білдірді. Іле 
қызметші Бәрирәны шақырып оған:
– айша туралы қандай да бір күмәнің болды ма? 
– деген сұрақ қойылды. 
мұндай сұрақтың өзін ауыр қабылдағандай 
хазірет Бәрирә (р.а.) қысылып: 
– ант етейін, мен ол кісінің титтей де жаман 
қылығын көрген емеспін. Бір жайт есімде, бір күні 
қарай тұрыңызшы деп қамыр беріп кеткен едім. Ол 
кісінің көзі ілініп кетіп, қамырды қой жеп қойыпты. 
айша өте пәк, аяулы кісі!
313
– деді. 
алла елшісі мұнымен қоса, басқалардың да пікірін 
естіді.
Үйіне келгенде, бұл туралы басқа әйелдерінен 
де сұрағанды жөн санады. Әуелі араларында іштей 
бәсекелестік бар Зейнеп бинт Жахшқа жолықты. 
себебі сіңлісі хазірет Хамна да айша анамыз туралы 
өсекке сенген екен. Оған қарап: 
– Зейнеп, бұған сен не дейсің? Бұрың-соңды 
айшаның нашар қылығына куә болып па едің? – деп 
сұрады. Зейнеп: 
– Уа, расулалла! Көрмеген нәрсемнен көзімді, 
естімеген сөзімнен құлағымды сақтағым келеді. 
айшаның жаман қылығын көрген емеспін!
314
– деп 
жауап қатты. 
313
Бір жолы арпа ұнынан қамыр илейді. ұйықтаған кезінде көршісінің 
қойы келіп қамырды алып кеткенін хазірет Бәрирә көрген, бұл жер-
де соны айтып отыр. Қараңыз: Бұхари, әл-Әдабул муфрад 1\55 (120) 
314
Бұхари, шаһадат, мағази, мүслим, Тәубе. айша анамыз кейіннен 
Зейнептің бұл әрекетін мақтай отырып айтатын. Тіпті араларында 
бәсеке болғанына қарамастан Зейнептің әр ісі кемел болатынын, тек 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
188

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау