Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет28/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   152
Айша

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
83
ақиқат айқындалу үшін, Ислам дінін кемеліне келтіру 
үшін болып жатқан себептер еді. 
алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ана-
мыздан осыны ести сала Осман ибн мазунға хабар 
жіберді.
Осман ибн мазун келгенде:
– Осман, бізге тек қана діндарлық бұйырылған 
жоқ. Үлгі ретінде маған қарасаң да болады ғой? Әлде 
сен менің сүннетімнен теріс айналасың ба? – деді.
Осман ибн мазун өмір бойы қазіргісінен де 
көп құлшылық жасауға ниеттеніп, қолындағы 
бар мүмкіндіктерді ақырет үшін қолданамын деп 
ойлаған еді. Өзін дінге арнап жүрмін деп есептейтін 
ол пайғамбарымыздың мына сұрағына жауап беруге 
сасып қалды:
– О, не дегеніңіз, қайта сүннетті сол қалпында 
орындауға тырысамын! 
ненің сүннет екенін жақсырақ білетін алла елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оның бұл сөзіне мына-
дай жауап қайтарды:
– араларыңдағы алладан ең көп қорқатын және 
діннің шектеулеріне жоғары дәрежеде бағынатын 
менмін. алайда, мен ұйықтаймын, тұрып намаз да 
оқимын, ораза да тұтамын, аузым ашық кездер де 
болады, әйелдермен некемді де қидырамын. Құдайдан 
қорық, ей, Осман! Өйткені, сенің мойыныңда 
отбасыңның ақысы бар. Қонағыңның сенде ақысы 
бар! нәпсіңнің де сенде белгілі бір дәрежеде қақысы 
бар! Ендеше, сен біршама күні ораза тұтсаң, біршама 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
84
күн аузыңды аш, түннің белгілі уақыттарында намаз 
оқы, белгілі бөлігінде ұйықтап демал!
110
Кейде бұған керісінше жағдайлар да орын алатын. 
Түнде еш ұйықтамастан таңды атыратын әйел са-
хабалар да кездесетін. Олар туралы да пыш-пыш 
сөз жүретін. Хазірет Хаулә да солардың бірі еді. 
айша анамыз оның жағдайын білген соң, алланың 
елшісіне жеткізді. Түнді көз ілместен құлшылықпен 
өткізетінін естіген пайғамбарымыз қарсылық та-
нытты. Өйткені, ғибадатты қиындатып өмір сүру 
мүмкін емес еді. алла құзырында аз да болса үздіксіз 
жасалған ғибадаттардың сауабы мол әрі адам бала-
сына өте оңтайлы еді. сондықтан да Пайғамбарымыз 
әуелі: 
– сонда ол түнде де ұйықтамай ма? – деп 
естігеніне сенбегендей тағы сұрады. алайда, алла 
елшісіне жеткен хабарлардың барлығы да рас бола-
тын. 
– сендер өз шамаларың келетіндей жауап-
кершілікті мойындарыңа алыңдар. мынаны біліңдер, 
сендер шаршап әлсірейсіңдер, ал алла шаршамай-
ды
111
.
Бір күні айша анамызға бір жас қыз келіп:
– Әкем өз жағдайын жақсарту үшін мені 
мәжбүрлеп көкесінің баласына үйлендірмекші. мен 
бірақ бұған қарсымын, – деді. 
110
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\226 (25935), 268 (26351); Ибн Хиб-
бан, сахих 1\185; 2\19, Табарани, әл-мұғжамул кәбир 9\38 (8319); 
Хәйсами, мажмауз Зәуаид 4\301; абдурраззақ, мұсаннаф 6\167, 
168, 7\150 (10375, 12591) 
111
Бұхари, Тәхәжжүд 18(1100), саум 51 (1869); мүслим, салат 215 (782); 
Әбу Дәуіт, салат 317 (1368); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\122 (24956) 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
85
Бұл шешімі қиын мәселе еді. Өйткені, ол кездер-
де қыз балалар кіммен тұрмыс құратынын таңдай 
алмайтын. Кімге тұрмысқа шығатынын әкесі айтып, 
айтқанына көндіретін. алайда, бұл адам құқығына, 
азаттығына қылбұрау салу болғандықтан, уақыт 
өте келе өзгеретіні анық еді. Қыздың да мұң шағып 
келгендегі мақсаты да, осы бір жаман әдеттің өзгеруі 
еді. 
Қызды тыңдаған анамыз:
– алланың елшісі келгенше осы жерде күт, – 
деді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
келе сала айша анамыз оған қыздың жағдайын баян-
дады. сол жерге қыздың әкесі де шақырылды. 
алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
әкесінен бұл мәселе туралы сұрады. Қыздың айтқаны 
рас екен. Пайғамбарымыз ол кісіге бұлай жасаудың 
дұрыс емес екенін түсіндіріп жатқан кезде, бүкіл 
үмбетіне насихат айтып жатқандай еді. Қыз әкесі өз 
ісінің қателігін түсінді. Бұл мәселе де оң нәтижесін 
берді. 
алғаш рет қыздың ұсынысы қабылданып, 
сұрағаны болды. Пайғамбарымыз қызға бұдан былай 
шешімді өзі қабылдайтынын айтқанда ол:
– Уа, расулалла! мен әкемнің дегенін орындай-
мын. Тек мынаны жұртқа білдіргім келді: исламда 
қызын күштеп үйлендіруге әке құқылы емес!
112
айша анамызға келіп сол арқылы мәселесін алла 
елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жеткізген 
112
Ибн мажә, никах 12 (1874); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\136 
(25087); нәсәи, никах 36 (3269); нисаи, әс-сунәнул кубра 3\284 
(5390); Бәйһақи, сүнән 7\118 (13454)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
86
әйелдер тек бұл кісілерден тұрған жоқ. Күйеуі ұрып, 
үйінен қуылған және намысы тапталған қаншама 
әйелдер осы үйге келіп мәселелерін шешті
113

Бұл жердегі әйел адамдардың құқығын қорғау 
көзді жұмып жасай беретін іс емес еді. Әркімнің іс-
әрекеттерінің дінге сай болуы қадағаланатын. Кім де 
болса діннің шегінен шыққан әйелдерді кездестіргенде, 
оларға маңызды ескертулер жасаудан да тартынбаған. 
айша анамыздың әрекетінде туралық пен әділдіктің 
негізге алынғаны ақиқат. Дәлірек айтқанда, өзі әйел 
болғандықтан нәзік жандылардың құқын қорғамады. 
Керек кезінде аямай сынайтын, қателіктерін түзету 
үшін ескерту де жасайтын. 
арада бірнеше жыл өтті. Ислам жағрапиясы 
кеңейген сайын мүминдер арасында әр түрлі 
түсініктер қылаң бере бастады. Бұл жағдайдан 
әсерленгендер де болды. Әсіресе, дүниеқұмарлық 
байқалып, кейбір әйелдердің бұрынғы ұстанымы 
өзгерді. анығырақ айтқанда, бұл адамдардың 
өзгергенін білдірді, елшісі арқылы адамзатқа білдірген 
хабарында Жаратушы ие жолмен кетіп бара жатып өзі 
өзгерген пендесін өзгертетінін білдіргені бар
114
. міне, 
осыны байқаған анамыз реніш білдіріп былай деді:
– Егер расулалла әйелдердің осы жағдайын көрсе, 
Бәни Исраил әйелдеріне келген тыйым секілді оларға 
да шектеу жасап, мешітке баруына тыйым салар еді
115
.
Бұл айтқаны оның мәселе шешуде алла елшісін 
қаншалықты жақын танитынын көрсетуде. Бұған 
113
Қараңыз: Бұхари, либас 23 (5825) 
114
Әнфал 8\53; рағд, 13\11
115
Бұхари, сыратус салат 79 (831); мүслим, салат 144 (445); Әбу 
Дәуіт, салат 54 (569)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
87
қоса, бұл заманның өзгеруімен үкімнің де өзгеретінін 
аңғартты. Өйткені, расулалла кезіндегі орта әйелдердің 
жамағатпен намазға келуіне қолайлы еді, сондықтан 
оларды намазды мешітте оқуға шақыратын. алайда, 
қазіргі жағдай бұрынғыдан өзгеше, сондықтан үкім 
де осы айырмашылықты назарға ала отырып берілуі 
керек еді.
Әуретті жабу анамыздың баса назар аударған 
мәселелерінің бірі. Бұған үстірт қарайтындарға қатаң 
сөгіп, дінге қатысты мәселеде босаңсуға болмайты-
нын жиі ескертетін. Бір күні бауыры абдурахман ибн 
Әбу Бәкірдің қызы Хафса бинт абдурахман келді. 
Басындағы жұқа орамалды көргенде, оны алып екі 
қабаттап бүктеді де, қалай тарту керектігін көрсетіп:
– алла тағаланың «нұр» сүресінде түсірген 
бұйрығынан хабарың жоқ па? – деді. сөйтті де 
қасындағылардан қалың орамал сұрап, сіңлісінің 
басына тартып, бұдан былай орамалды қалай тартып 
жүру керектігін көрсетті
116

Әурет жабуды толық орындау үшін шашты 
көрсетпей жабу керектігін айтқан анамыз
117
пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тірі 
кезде өзінің қалай жамылып жүргенін оқиғаларды 
айту арқылы басқалармен бөлісетін. 
айша анамыздың бар ғұмыры өзгелерге үлгі еді. 
Көмек сұрағандарға барынша көмектесетін. Бөтен 
біреу келген кезде дереу пердені түсіріп, мүминдердің 
116
муатта, либас 4; Бәйһақи, сүнән 2\235; ибн сағд, Табақат 8\72
117
абдурраззақ, мұсаннаф 3\133


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
88
анасы екеніне қарамастан олармен перденің артынан 
сөйлесетін
118
.
Уақыт өте келе әйел кісілердің осылай өзгергенін 
көргенде, расулалланың тірі кезін сағынды. сол 
кездегі әйелдердің дін бұйрықтарын орындаудағы 
ықыласын есіне түсіріп былай дейтін: 
– алғашқы мұхажир әйелдер жақсылыққа 
кенелсін! Өздеріне алла 

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау