Характеристика



жүктеу 135,98 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі135,98 Kb.
#5676
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


БЕКІТЕМІН:

ҚарМТУ РЕКТОРЫ,

ҚР ҰҒА академигі

ГАЗАЛИЕВ А.М.

_______________

«__» ______ 2016ж.

6М070900 – «Металлургия»

МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Білім бағдараламасы – «Тау-кен-металлургиялық кешеніндегі инновациялық технологиялар. Геотехника»

Кафедралар: «Пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу»,

«Маркшейдерлік іс және геодезия»

Құрастырғандар:

Проф., т.ғ.д. Низаметдинов Ф.К.,

Проф., т.ғ.д. Исабек Т.К.,

Доцент, т.ғ.к. Хмырова Е.Н.,

Доцент, т.ғ.к. Бесимбаева О.Г.

Қарағанды 2016

6М070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша магистратураға түсу үшін кешенді емтихан пәндерінің тізімі

Білім бағдараламасы – «Тау-кен-металлургиялық кешеніндегі инновациялық технологиялар. Геотехника»


Пән аты

Сұрақтар саны

Беттер

Тау-кен өндірісінің негіздері

50

2-4

Геодезия

50

4-6

Еңбек қорғау

50

6-9

Мамандық бойынша мемлекеттік кешенді емтихан бағалары





Бағалар

Дұрыс жауаптар пайыздары

Өте жақсы

90-100

Жақсы

75-89

Қанағаттанарлық

50-74

Қанағаттанғысыз

0-49

Емтихан (ауызша, жазбаша, тестілеу (кешенді тестілеу)) түрінде өткізіледі. Билет 3 сұрақтан құралған: әрбір пәннен бір сұрақтан.



«Тау-кен өндірісінің негіздері» пәні бойынша магистратураға түсу үшін емтихан бағдарламасы
Тақырыптардың қысқаша мазмұны. Пайдалы қазбалар кен орындарының түрлері. Шақты алаңы мен кен орынның геологиялық құрылымы. Өңдеу жүйесі. Тазарту жұмыстары. Дайындау жұмыстары. Шақты ішіндегі көлік. Көтеру кешені. Шақтыны желдету. Шақтының сутөкпесі. Пайдалы қазбаларды байыту. Сумен қамтамасыздандыру. Тоқ көзімен қамтамасыздандыру. Кен аэрологиясы және еңбек қорғау.

«Тау-кен өндірісінің негіздері» пәні бойынша магистратураға түсу үшін емтихан сұрақтары
1. Қатты пайдалы қазбаларды химиялық құрамы және пайдалану бағыттары бойынша үйлестіру.

2. Тау жыныстарын тау-кен жұмыстарының объектісі ретінде сипаттаңыз.

3. Тау жыныстарының негізгі физикалық-механикалық қасиеттері.

4. Пайдалы қазбалар кен орнының пішіні мен элементтері.

5. Жер асты өңдеу кезіндегі құлау бұрышы бойынша көмір қабаттарын топтастыру.

6. Көмір қабаттары: құрылымы, қуаты, сапалық сипаттамалары.

7. Жер асты өңдеу кезіндегі қуаты бойынша көмір қабаттарын топтастыру.

8. Тау жыныстарының қаттылығы бойынша топтастыру. Мысалдар.

9. Ашық әдіспен өңдеу кезінде тау жыныстарды техникалық сипаттамалары бойынша бөлу.

10. Пайдалы қазбаларды өңдірудің жер асты әдісінің мәні мен ерекшелігі.

11. Шақтының дұрыс жұмысы жүруін қамтамасыз ету үшін қандай шараларды жүзеге асыру қажет?

12. Шақты алаңы: анықтамасы, пішіні мен өлшемдері, шекаралары.

13. Шақтыларды метан газы бойынша категорияларға бөлу.

14. Пайдалы қазбалардың қорлары: түрлері, анықтамасы және есептеу тәсілдері.

15. Шақтының (кеніштің) сапалық және сандық сипаттамалары, анықтамасы, мысалдар.

16. Шақты қуаты мен пайдалану мерзімі.

17. Жер асты әдіспен қатты пайдалы қазбаларды өңдеу кезеңдері.

18. Тау-кен қазбаларын әр түрлі белгілер бойынша топтастыру.

19. Вертикальді тау-кен қазбалары, анықтамасы, тағайындалуы, сұлбасы.

20. Горизонтальді тау-кен қазбалары, анықтамасы, тағайындалуы, сұлбасы.

21. Құлама тау-кен қазбалары, анықтамасы, тағайындалуы, сұлбасы.

22. Шақтыда (кеніште) пайдалы қазбаларды тасымалдауда қолданылатын қазбалар.

23. Шақтыда (кеніште) пайдалы қазбаларды жер бетіне шығаруда қолданылатын қазбалар.

24. Жер бетіне тікелей шығуы бар қазбалар.

25. Тазарту қазбалары, камералар, оқпан маңайы алаңы.

26. Көлденең қима пішіндері мен өлшемдері.

27. Тау-кен қазба тіреуіштері, анықтамасы, тағайындалуы, мысалдар.

28. Бұрғылап жаруды қолданып, тау-кен қазбаларын жүргізу тәсілінің мәні.

29. Қазба жүргізгіш комбайндарды қолданып, тау-кен қазбаларын жүргізу тәсілінің мәні.

30. Шақты алаңын горизонттар мен қанаттарға бөлу, нұсқалары, олардың ерекшеліктері мен кемшіліктері.

31. Шақты алаңын дайындаудың қабатты тәсілі, мәні, қолдану саласы, сұлбасы.

32. Шақты алаңын дайындаудың панельді тәсілі, мәні, қолдану саласы, сұлбасы.

33. Шақты алаңын дайындаудың горизонттық тәсілі, мәні, қолдану саласы, сұлбасы.

34. Ойып алу алаңдарын өңдеудің тура және кері тәсілдері, ерекшеліктері мен кемшіліктері.

35. Шақты алаңын ашу: анықтамасы, ашу мақсаты.

36. Ашутау-кен қазбалары: түрлері, ерекшеліктері мен кемшіліктері.

37. Ашу тәсілдері, анықтамасы, топтасуы, ашу тәсілдеріне қойылатын талаптар.

38. Дара жатық қабатты ашу тәсілі, мысал, сұлбалары.

39. Қабатты жатық қыртысты ашу тәсілі, мысал, сұлбалары.

40. Тік және тік құламалы оқпандар қабатын ащу тәсілдері, сұлбасы.

41. Ашық кенішті көлік: мәні, тағайындалуы және түрлері.

42. Ашудың құрама тәсілдері, ерекшеліктері, сұлбалары.

43. Ашық кеніш, ашық кеніш алаңы, ашық кеніш элементтері.

44. Өңдеудің тұтас жүйесінің мәні, қолдану саласы, ерекшеліктері мен кемшіліктері.

45. Өңдеудің оқпандық жүйесінің мәні, қолдану саласы, ерекшеліктері мен кемшіліктері.

46. «Пайдалы компоненттің минималды өнеркәсіптік құрамы немесе өнеркісіптік минимум» және «кеннің құнсыздануы» ұғымдарының мәні.

47. Өңдеудің қабатты жүйелері, қолдану саласы, қыртысты қабаттарға бөлу тәсілдері.

48. Тазарту жұмыстарының технологиялық сұлбалары: нұсқалары және олардың ерекшеліктері.

49. Ұзын тазарту кенжарлардағы көмір алудың механизациялау тәсілдері мен түрлері.

50. Кен, анықтамасы. Кен денелерінің пішіндері.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Егоров П.В. и др. Основы горного дела: Учебник для вузов. – М.: Из-во МГГУ, 2006.

2. Городниченко В.И., Дмитриев А.П. Основы горного дела: Учебник для вузов. – М.: Из-во МГГУ, 2008.

3. Ломоносов Г.Г. Производственные процессы подземной разработки рудных месторождений: Учебник для вузов. – М.: Из-во МГГУ, 2011.

4. Правила безопасности в угольных шахтах РК. Алматы, 2000.

5. Чирков А.С. Добыча и переработка строительных горных пород: Учебник для вузов. – М.: Из-во МГГУ, 2009.

6. Пучков Л.А. и др. Геотехнологические способы разработки месторождений: Учебник для вузов. – М.: Из-во Горная книга, 2006.

7. Авдохин В.М. Основы обогащения полезных ископаемых: Учебник для вузов: В 2 т. – М.: Из-во МГГУ, 2006.

«Геодезия» пәні бойынша магистратураға түсу үшін емтиханның бағдарламасы
Тақырыптардың қысқаша мазмұны. Жердің пішіні мен мөлшері. Геодезияда қолданылатын координаталар жүйесі. Сызықты бағдарлау. План, карта және номенклатурасы. Бұрыштық және сызықтық өлшемдер. Мемлекеттік геодезиялық торлар жайында жалпы мағұлмат. Теодолиттік түсірістер. Тригонометриялық нивелирлеу. Топографиялық түсірістер: тахеометрлікжәне мензулалық. Геометриялық нивелирлеу. Инженерлік-техникалық бойлық нивелирлеу.

«Геодезия» пәні бойынша магистратураға түсу үшін емтихан сұрақтары
1. Халық шаруашылығында және мемлекетті қорғауда геодезияның мәні

2. Жердің көлемі мен пішіні туралы түсінік

3. Геодезиядағы проекциялау әдісі, абсолютты және қатысты биіктіктер

4. Жердің көлемі мен пішіні туралы түсінік

5. Геодезиядағы проекциялау әдісі

6. Географиялық, полярлық және тік бұрышты координаттар туралы түсінік

7. Жалпы мемлекеттік зоналық координаттар жүйесі

8. Негізгі және магниттік меридиандар бойынша сызықты бағдарлау

9. ох осіне қатысты сызықтарды бағдарлау

10. Кестелік бұрыштар және румбтар

11. Дирекциондық бұрыштың горизонталь бұрыштармен байланысы

12. Тура және кері геодезиялық есептер

13. Жер бедері және оларды бейнелеу әдістері

14. Топографиялық пландар үшін шартты белгілер

15. Пландар мен карталар. Пландар мен карталардың номенклатурасы туралы түсінік

16. Масштаб түрлері, графикалық және шекті дәлдік.

17. Геодезиялық торлардың мақсаты және түрлері

18. Мемлекеттік геодезиялық торларды құру тәсілдері

19. Геодезиялық жиілету торлары, торларды құру тәсілдері

20. Қателерді өлшеу теориясы туралы жалпы мағлұмат

21. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу принциптері

22. Горизонталь бұрыштарды өлшеу әдістері

23. Теодолит, оның құрылғысы

24. Теодолиттерді топтастыру

25. Стансаларда теодолитті орнату тәртібі

26. Сызықтар ұзындығын өлшеуге арналған аспаптар мен құрал-жабдықтар, сызықтық өлшеулер

27. Өлшенген ұзындықтарға түзету енгізу

28. Теодолиттік түсіріс кезіндегі далалық жұмыстар

29. Жергілікті жердің жағдайын түсіру әдістері

30. Геодезиялық тірек торы пунктеріне теодолиттік жүрістерді байланыс-тыру

31. Теодолиттік түсіріс кезіндегі ғылыми өңдеу (камералды) жұмыстары

32. Теодолиттік түсірістің планын құру.

33. Геометриялық нивелирлеу, оның мәні, нивелирлеудің түрлері

34. Геометриялық нивелирлеу әдістері

35. Нивелир, оның құрылғысы, топтастырылуы

36. Н-3 нивелирдің тексермелері мен түзетпелері

37. Трассаның техникалық нивелирлеуін жүргізу

38. Трассаны техникалық нивелирлеудің нәтижелерін өңдеу кезіндегі каме-ралды жұмыстар мен бақылау

39. Трассаның бойлық және көлденең профильдерін құру

40. Тахеометриялық түсіріс, оның мәні

41. Тахеометриялық түсіріс кезіндегі далалық жұмыстар.

42. Тахеометриялық түсіріс кезіндегі камералды жұмыстар

43. Тахеометриялық түсірістің планын құру.

44. Құрылыс алаңын вертикалды орналастыру (планировка)

45. Көлемді есептеу әдістері және жер жұмыстарының картограммасы

46. Аймаққа жобалық белгілерді шығару үшін геодезиялық дайындық

47. Жобалық белгілерді шығару, бөлу жұмыстарының элементтері

48. Аймаққа жобалық құрылыс белгілерін шығару мен бөлу әдістері

49. Бөлу жұмыстарының дәлдігіне қойылатын талаптар

50. Далалық геодезиялық жұмыстар кезіндегі техника қауіпсіздігі және ең-бекті қорғау.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1 Поклад Г.Г. Геодезия.- М.: Недра, 2007.

2 Киселев М.И., Михелев Д.Ш. Геодезия. – М.: Высшая школа, 2009. – 388 с.

3. Бесимбаева О.Г., Хмырова Е.Н. Учебное пособие «Геодезический практикум» для студентов специальностей «Горное дело», «Геодезия и картография», русский язык.- Издательство КарГТУ, 2007.

4 Нүрпейiсова М.Б. Геодезия: Учебник.-Астана: Фолиант, 2010.-288 с.

5 Игильманов А.А., Игильманов Т.А. Инженерлiк геодезия: Учебник. -Астана: Фолиант, 2010.-176с.

6 Уставич Г.А. Геодезия в 2-х кн. - Новосибирск, СГГА, 2012. – 352с.



7 Хмырова Е.Н. Учебное пособие «Инженерная геодезия» для студентов специальностей «Горное дело», «Геодезия и картография».- Издательство КарГТУ, 2011.

«Еңбек қорғау» пәні бойынша магистратураға түсу үшін емтиханның бағдарламасы
Тақырыптардың қысқаша мазмұны. Қазақстан Республикасында еңбекті қорғаудың заңдылықтары және нормативтік негіздері. Өндірістік жарақаттанудың негізгі себептері. Еңбекті қорғау ережелерін бұзуды жою шараларын өңдеу. Тау-кен өндірісітерінде және халықтық шаруашылық нысандарындағы өртке қарсы қауіпсіздік. Адам денсаулығына атмосфераның әсері мен экологиялық қауіп. Алғашқы медициналық көмек көрсету.

«Еңбек қорғау» пәні бойынша магистратураға түсу үшін емтихан сұрақтары



  1. Еңбекті қорғаудың ұйымдастыру-құқықтық негіздері

  2. Еңбек қауіпсіздігі стандарттары Жүйесінің Стандарттары (ЕҚСЖС)

  3. Еңбекті қорғауды басқару жүйесі (ЕҚБЖ). ЕҚБЖ негізгі элементтері

  4. Өндірістік жарақаттану. Өндірістік жарақаттанудың негізгі себептері және оларды жою шаралары

  5. Өндірістік жарақаттану. Жарақаттардың топтсатырылуы (мысалдармен).

  6. Өндірісте сәтсіз жағдайларды есепке алу мен тексеру

  7. Жұмыскерді (еңбектік) қызметтік міндеттерін орындау кезінде сәтсіз жағдайлардан сақтандыру

  8. Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері

  9. Кәсіби ауру. Кәсіби аурулардың жіктелуі (мысалдармен)

  10. Кәсіби аурулардың алдын алу

  11. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, олардың жіктелуі (классификация)

  12. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы. Еңбек гигиенасының мәні мен міндеттері. Еңбек ауырлығы мен еңбек қарбаластығы

  13. Еңбек жағдайларының гигиеналық нормативтері. Қауіптілік және зияндылық дәрежелері бойынша еңбек шарттарының жіктемелері

  14. Еңбек процесі мен жұмыс істеу ортасы факторларын гигиеналық бағалау

  15. Қаупті техникалық құрылғылар мен қаупті өндірістік нысандар

  16. Көтеру-тасымалдау құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары

  17. Жану. Жану факторлары мен жану түрлері

  18. Өрт қаупі мен жарылу қаупі бойынша бөлмелер категориялары

  19. Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділігі. Отқа төзімділіктің шегін жоғарлату тәсілдері.

  20. Өрт сөндірудің бірінші құралдары

  21. Өрт шығу кезіндегі амалдар

  22. Өртке қарсы қолданылатын құралдар

  23. Өртті өшіру тәсіодері. Өрт өшіргіш құралдары

  24. Электр тогының адам ағзасына әсері

  25. Адамның тоққа түсу қаупіне байланысты бөлмелерді жіктеу

  26. Жұмыс орнында жұмыс істеу кезіндегі электр қауіпсіздігі шаралары

  27. Электр тогымен зақымдану түрлері

  28. Электр жарақатының нәтижесін анықтайтын факторлар.

  29. Электр тогымен зақымдану кезінде дәрігерлік көмекке дейінгі көмек көрсету.

  30. Электр тогымен зақымданудан қорғану шаралары.

  31. Иондаушы сәулеленудің көзі.

  32. Радиацияның адам ағзасына тигізетін әсері.

  33. Өндірістік бөлмелердің жарықтандырылуы. Жарықтандыру түрлері. Адам ағзасына тигізетін зиян әсері.

  34. Жарықтандыруды нормаға қою принципін сипаттаңыз.

  35. Өндірістік шаң. Шаңды топтастыру. Адам ағзасына тигізетін зиян әсері.

  36. Вибрация. Вибрация түрлері, вибрация параметрлері. Адам ағзасына тигізетін зиян әсері.

  37. Шу. Дыбыс. Шу түрлері. Дыбыстың физикалық сипаттамалары.

  38. Қала шуылын өлшеу әдістері.

  39. Қорғаулы жерге тұйықтау. Жерге тұйықтаудың қорғау әрекетінің принципі.

  40. Амперметр-вольтметр әдісі.

  41. Улану. Уланудың түрлері мен себептері. Газоанализатордың жұмыс принципі.

  42. Ауаның шаңдалуын анықтау әдістері. Ауаның шаңдалуын зерттеудің салмақтық әдісі.

  43. Микроклимат параметрлерін өлшеу аспаптары. Олардың жұмыс принципі.

  44. Өндірістік бөлмелердің жарықтылығын өлшеу аспаптары.

  45. Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттарды анықтау аспаптары. Олардың жұмыс принципі.

  46. Шуды өлшеу аспаптары. Олардың жұмыс принципі.

  47. Вибрацияны өлшеу аспаптары. Олардың жұмыс принципі.

  48. Вибрацияның зиянды әсерімен күресу шаралары. Вибрациядан қорғалу әдістері мен құралдары.

  49. Өндірістік шаңның зиянды әсерімен күресу шаралары. Пневмокониоздар.

  50. Радиациялық бақылаудың аспаптары, жүйелері және құралдары.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


1. Н.Х. Шарипов, Е.В. Комлева, М.О. Байтуганова «Охрана труда» Учеб. пособие / Карагандинский государственный технический университет. – Караганда: Изд-во КарГТУ, 2015.

2. Н.Х. Шарипов, Ж.К. Аманжолов, Н.Н. Акимбекова, М.О. Байтуганова, Е.В. Комлева. Методическое указание для выполнения практических занятий по дисциплине «Охрана труда» в двух частях Караганда, КарГТУ 2013.

3. Кузнецов И.Н. «Охрана труда»: Учебное пособие. Мн., 2011. – 127 с.

4. Пожарная безопасность: все обо всем /Под ред. Касьяновой Г.Ю. М., 2011. – 203 с.

5. Акимбекова Н.Н. Охрана труда при работе на ПВЭМ. Учеб.пособие / Карагандинский государственный технический университет. – Караганда: Изд-во КарГТУ, 2008. – 95с.

6. Александров С.Н., Булгаков Ю.Ф., Яйло В.В. Охрана труда в угольной промышленности.- Учебное пособие. - Донецк: РИА ДонНТУ, 2012.-480 с.


Кафедра отырысында қарастылды және бекітілді

№ 21 хаттама 24.06.2016ж.


ПҚКӨ каф. меңгерушісі Т.К. Исабек
МІ ж Г каф. меңгерушісі Ф.К. Низаметдинов


жүктеу 135,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау