Хан нелли чанировна құрылымы әртүрлі тілдерде сыпайылық категориясын қолданудағы қаратпа сөздердің тілдік стереотиптері



жүктеу 51,37 Kb.
Pdf просмотр
Дата24.01.2018
өлшемі51,37 Kb.
#7917
түріДиссертация


ХАН НЕЛЛИ ЧАНИРОВНА 

 

Құрылымы әртүрлі тілдерде сыпайылық категориясын қолданудағы 

қаратпа сөздердің тілдік стереотиптері 

 

6D021000–Шетел филологиясы мамандығы бойынша  (PhD) докторы 



ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның 

 

  

АҢДАТПАСЫ 

 

 

Заманауи 

тіл 


білімі 

ғылыми 


парадигмасының 

ауысуымен 

ерекшеленеді, өйткені зерттеу акценті тілдік тұлға мен оның қатысымдық 

мінез-құлқы  басты  назарда  болып  табылатын  тілдің  негізгі  қызметінің 

басты ерекшеліктеріне қарай ауысты. Сонымен қатар халықаралық саяси 

және  экономикалық  байланыстардың  дамуы,  әлемдік  жаһандану  өзара 

байланысатын  елдер  мәдениеттерінің  белсенді  қарым-қатынасқа  түсуіне 

септігін  тигізеді.  Халықаралық  мәдениеттер  диалогында  сәтті  қарым-

қатынас жүргізу үшін  мәдениет аралық ерекшеліктерді түсіне білу де өте 

маңызды.  Адамдар  өзге  ұлт  өкілінің  сөйлеу  барысында  жіберген 

лексикалық, грамматикалық қателеріне аса мән бере қоймайтыны белгілі.  

Алайда  әлеуметтік-мәдени  қарым-қатынас  кезіндегі  мұндай  қателіктер 

түсінбеушілікке,  қақтығыстарға  алып  келіп,  тұлғалар  арасындағы  тиімді 

байланысқа  кедергі  келтіреді

1

.  Әртүрлі  мәдениеттер  өкілдерінің  қарым-



қатынасы  сәтті  болу  үшін  тек  тіл  білген  аздық  етеді.  Сондай-ақ  онымен 

байланысқа  түскен  өзге  ұлт  өкілінің  ұлттық  ерекшеліктерін  де  біліп, 

түсіну қажет.  Осыған байланысты құрылымы әртүрлі  тілдерде сыпайылық 

қатысым  категорияларын  қаратпа  сөз    тілдік    стереотиптерін  зерттеу  өте 

маңызды рөл атқарады. 

Қысқаша  мазмұны  баяндалып  отырған    жұмыс  корей  және  орыс 

тілдерінде  қарым-қатынас барысындағы   қаратпа сөздердің  стереотиптік 

мазмұнын  зерттеуге  арналған.

 

Қаратпа  сөз    прагмалингвистикалық 



мазмұны  әртүрлі  тілдерде    әртүрлі  стереотиптік  мәнге  ие    бірліктерден/ 

формулалардан  тұратын    комуникативтік    актінің  бір  бөлігі  ретінде 

қарастырылады.  

 Бұл  жұмыста  қатысым  иелерінің  мәдениетаралық  байланысы 

барысында аса қажет әлеуметтік, құрылымдық аспектілер, сөйлеу мәнері, 

тілдің коммуникативті-прагматикалық қызметі  секілді  мәселелер  кешенді 

түрде  қарастырылады.  Талдаудың  мұндай  үлгісі  лингвомәдениеттануды, 

мәдениетаралық 

байланысты, 

прагмалингвистиканы 

және 

этнолингвистиканы ықпалдастырады. 



                                                           

1

 



Тер-Минасова. Язык и межкультурная коммуникация. – М.: Слово/Slovo, 2000. – 624 с.

 



Жұмыста  қаратпа сөздердің тілдік бірліктерінде көрінетін  орыс және 

корей тілдеріндегі сыпайылық категорияларына басты назар аударылады. 

қаратпа  сөздердің  сөйлеу  стереотиптері  деп  мәдениетаралық  байланыс 

барысында зор маңызға ие сол елдің ұлттық мәдени құндылықтарын білу 

арқылы сипатталатын формальді мазмұнды құрылымды айтады.  

 Жұмыстың  ерекшелігі  сол,  мұндағы  сыпайылық  категориясы 

қарым-қатынас  барысында  сол  елдің  мінез-құлқын  анықтайтын  материал 

болып, орталық коммуникативтік категория ретінде қарастырылады. 

Берілген    жұмыстың    өзектілігі    корей  және  орыс  тілдерінде  

коммуникативтік    актіде  қаратпа  сөздің    стереотиптік  мазмұнын  зерттеу 

қажеттілігінен тұрады,  себебі  белсенді  мәдениетаралық  қарым-қатынас  

жағдайында  қаратпа сөздердің  ұлттық-коммуникациялық  ерекшеліктері  

мен оларды дұрыс пайдалана білу өте маңызды.  Сондай- ақ бүгінгі күнге 

дейін  салыстырылып  отырған  екі  тілде  сыпайылық  аспектісі  шеңберінде 

сөйлеу  стереотиптеріндегі  қаратпа  сөздерге  жүйелі  түрде  талдау 

жасалмаған. 

Бүгінгі күнде сөйлеу стереотиптерінің құрылымдық, коммуникативтік 

және  прагматикалық  ерекшеліктерін    кешенді  зерттеу  маңызды 

қажеттілікке  ие.  Себебі  бұл  бірліктер  қарапайым  және  қысқа 

айтылғанымен,  түсінуде  және  дұрыс  қолдана  білуде  белгілі  бір 

қиындықтар туғызады. 

Диссертациялық  зерттеудің  жұмыс  гипотезасы  -    коммуникативтік 

құралдардың  ең  бастысы  болып  қаратпа  сөздердің  табылатындығы.  Ол 

сыпайылық  категориясының  ұлттық  коммуникативтік    тұжырымына 

негізделеді.  Корей  қоғамының  әлеуметтік  иерархиясының  өзегі  болып 

табылатын  сыпайылық  санатының  аспектісінде    корей  тіліндегі  қаратпа 

сөздердің  сөйлеу  стереотиптерін  зерделеу  және    оларды  орыс  тілімен 

салыстыра отырып зерттеу болып табылады.    



Жұмыстың  мақсаты  –  орыс  тілімен  салғастыра  отырып,  корей 

тіліндегі  коммуникативті  сыпайылық  категориясы  аспектісі  ретінде 

қаратпа  сөздерді  зерттей  отырып,  ондағы  ұлттық-мәдени  стереотип 

мазмұнын анықтау.  

Алға  қойылған  мақсатты  орындау  үшін  төмендегі  міндеттер  алға 

қойылып, орындалады: 

1.  Орыс  және  корей  тілдеріндегі  сыпайылық  категориясын 

коммуниканттардың  мінез-құлқын  реттеуші  ретінде  зерттеп,  ұлттық  – 

мәдени айырмашылықтарын айқындау. 

2.  Корей  мәдениетіндегі  "иерархия",  орыс  мәдениетіндегі  "өзінікі-

бөтендікі"  концептілері негізінде екі тілде ҚСС айқындау және жүйелеу. 

3. Екі тілдегі сыпайылық стратегиясы тұрғысынан ҚСС талдау. 

4.  Корей  және  орыс  тілдеріндегі  кинодиалогтар  материалдарында 

қаратпа  сөздердің  қолданылуын  және  олардың  коммуникативті-

прагматикалық ерекшеліктерін зерттеу. 



5.  Екі  тілде  салыстырмалы  ҚСС  сараптамасын  жүргізіп,  корей  және 

орыс  этностарының  өзіндік  ұлттық  коммуникативтік  мәдениеттерін 

айқындау. 

Зерттеу  нысаны  –  қаратпа  сөздер  корей  және  орыс  тілдеріндегі 

сөйлеу стереотиптері бірлігі ретінде қарастырылады. 



Зерттеу  пәні  –  типологиялық  тұрғыдан  әртүрлі  құрылымды  корей 

және  орыс  тілдеріндегі  сыпайылық  категориясы  аспектісінде  қаратпа 

сөздердің ұлттық -стереотиптік ерекшеліктері. 

Жұмыс  жаңалығы  -  орыс  және  корей  тілдерінде  берілген  "өзінікі-

бөтендікі"  және  "иерархия"  концептілерін  екі  тілде  кездесетін  барлық 

қаратпа  сөздер  стереотиптерінің  сыпайылық  категориясы  аспектінде 

салыстырмалы сипаттау. 



 1)  Корей  және  орыс  тілдеріндегі  қаратпа  сөздердің  тілдік 

стереотиптері  зерттеліп  отыр;  2)    ҚСС  сыпайылықтың  коммуникативтік 

санаты  аспектісінде  сипатталады;  3)  қаратпа  сөздердің  тілдік 

стереотиптерін 

 

пайдаланудың 



 

ұлттық-мәдени 

ерекшеліктері  

анықталады;    4)    қаратпа  сөздің  коммуникативтік  актісінде  ҚСС 

прагматикалық  ерекшеліктері  сипатталған.  Жұмыста  алғаш  рет 

кинодиалогтар  материалдары  негізінде  орыс  және  корей  тілдеріндегі 

қаратпа  сөздер  стереотиптерінің  ұлттық-мәдени  және  коммуникативті- 

прагматикалық ерекшеліктері анықталып, сипатталды. 



Зерттеу  жұмысының  әдістемелік-теориялық  негізі  ретінде  

қаратпа  сөздер  тілдік  стереотиптерін    зерттеген  төмендегі  ғалымдардың 

еңбектері аталып өтілді:  З.Қ. Ахметжанова, М.К. Кармысова, Г.И. Исина, 

Ван Хансок,  В.Е. Гольдин, Ли Иксоп. Сыпайылық категориясы  төмендегі 

еңбектерге  негізделеді:    P.  Brown  and  S.C.  Levinson,    Т.В.  Ларина,  И.А. 

Стернин,   Н.И. Формановская, R. Brown and A. Gilman,   А.Т. Оналбаева, 

Пак Джонун, Ли Джонбок,  З.Д. Попова және т.б.   

Теориялық 

маңыздылығы 

зерттеу 


нәтижелерінің 

лингвомәдениеттану,  коммуникативтік  лингвистика,  мәдениетаралық 

қатысым,  салыстырмалы  типология,  сол  сияқты  аударматанудың 

теориялық  ережелерін  әзірлеуде    белгілі  бір  үлес    қосуға    мүмкіндік 

беретіндігімен айқындалады.     

Практикалық 

маңыздылығы 

зерттеу 


нәтижелерін  

лингвомәдениеттану  тұрғысынан  корей  тілінен  орыс  тіліне  және  орыс 

тілінен корей тіліне  аударма жасауда  арнайы курста, шетел  тілі ретінде 

корей  тілін  оқыту  әдістемесінде,  лексикографияда    пайдалану 

мүмкіндігінен  тұрады.    Зерттеу  нәтижелері  корей-орыс  тілдеріндегі 

стереотиптік    қалыптасқан  сөздердің    сөздігі  түрінде,  салыстырмалы  

лингвомәдениеттану  пәні  (корей  және  орыс  тілдерінің)  бойынша  оқу 

құралы түрінде  жариялануы мүмкін.  

Зерттеудің  дәйекті  дереккөздері  -    оңтүстік  кореялық  және  ресейлік 

сериалдар болды. ("Менің атым Ким Самсун, "Кең өзен" және т.б.), көркем 




шығармалар,  масс-медиа  материалдары.  Сыпайылық  категориясын 

қолдануда қаратпа сөздерді талдау кинодиалогтар материалдары негізінде 

жүзеге  асырылды.  Диссертацияда  21  корейлік  және  ресейлік 

телесериалдар  диалогтарының  материалдарындағы  қаратпа  сөздердегі 

сөйлеу стереотиптерін қолдануға дискурсивті талдау  жасалған.  

Жұмыста  төмендегідей  зерттеу  әдістері  қолданылды:  сипаттау, 

салғастыру  әдісі,  прагматикалық  интерпретация  әдісі,  концептуалды 

сараптау әдісі, статистикалық әдіс және интроспективті әдіс. 

 Қорғауға шығарылатын негізгі қағидалар:  

1. 


Қаратпа 

сөздердегі 

сөйлеу 

стереотиптері 



ұлттық 

коммуникативтік мәдениетті көрсетеді. Орыс тілінде қаратпа сөзді сөйлеу 

стереотипі адресанттың  адресатқа беретін  субьективті-эмотивтік  бағасын 

көрсететіп, әлеуметтік тұрғыда коммуниканттар арасындағы өзара  қарым-

қатынасты  көрсетеді.  Корей  тілінде  қаратпа  сөзді  сөйлеу  стереотипі 

сыпайылық жүйесін көрсетеді және  мәртебелік тұрғыдан коммуниканттар 

арасындағы әлеуметтік ерекшелікті сипаттайды. 

2.    Орыс тілі мәдениетінде  сыпайылылықтың формалды емес және 

формалды  түрлерінің арасындағы айырмашылықтар жақындастыру және 

ара қашықтықты сақтау стартегияларын анықтайтын «өзінікі»/ «бөтендікі» 

концептілерін қарама қарсы қоюға негізделеді.   

3.      Корей мәдениетінде   қарым-қатынастың сыпайы және сыпайы 

емес 

түрлерінің 



арасындағы 

айырмашылықтар 

«сыйлаймын»/ 

«сыйламаймын» тұрғысынан  коммуникацияның  әлеуметтік нормаларын 

сақтауға негізделген.  

 4.  Орыс  тілінде  қаратпа  сөздердің    бірліктерінің  елеулі  бөлігін  кісі 

аттары  (антропонимдер),  ал    корей  тілінде  –  туыстық,  мәртебелік  және  

қоғамдық қаратпа сөздер құрайды.  

5.  Корей  тілінде  қаратпа  сөздер  формалары  сыпайылық  танытудың 

бір құралы болып табылады және әлеуметтік – коммуникативтік иерархия 

қағидаларымен  анықталады.  Қаратпа  сөздер  әдетте  сыпайылық  танытуда 

ерекшеліктерді  анықтайтын  әлеуметтік  қаратпа  сөздер  арқылы  беріледі.  

Корей  тілінің  грамматикасында  дамыған  сыпайылық  жүйелердің  бар 

болуы  осы  тілдегі  әлеуметтік  ортадағы    қарым-қатынаста  қолданылатын 

аса дамыған сыйласу деңгейлерінің де бар екендігін растайды. 

 Жұмыстың  сыналуы: "Чонбук университетінде 1-ші халықаралық 

корейтану Биеннале конференциясында" Чонджу қаласында, 2016 жылы 1 

қараша;  «Корей  тілінің    қолданбалы  лингвистикасы  бойынша  5-ші 

Халықаралық  конференцияда»,  2014  жылы  тамызда,  ҚазХҚжӘТУ;  

«Қостілділік 

бойынша 

қауымдастықтың 

17-ші 

халықаралық 



конференциясында»    Сеул  қаласында,  Ханянъ  университетінде,  2013 

жылы  2  қараша;  «Ресей  университеттері  корей  тілі  оқытушыларының 

бірлестігінің  V  бүкілресейлік  ғылыми-практикалық  семинарында»  

Москва  қаласында,  ММЛУ,  2013  жылы  25-26  наурызда;    «Корей  тілінің 




қолданбалы  лингвистикасы  бойынша  3-ші  халықаралық  конференцияда»  

Түркияда,  Ерсис  университетінде,  2012  жылы  22-23  тамызда;    «Тіл  және 

мәдениетаралық 

коммуникация» 

ҚазҰУ 

Халықаралық 



ғылыми-

практикалық конференциясында», Алматы, ҚазҰУ, 2012 жыл 11 мамырда 

өткізілді. 

 Зерттеу  мазмұны  16  ғылыми  басылымда,  оның  ішінде  3  данасы 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  Ғылым  Министрлігінің  қолдауымен 

және  Білім  және  ғылым  саласын  бақылау  комитетінің  ұсынысымен 

жарияланды, 1 – Scopus базасына енетін импакт-фактор журналында, 7 – 

халықаралық басылымдарда жарық көрді. 



Диссертация  құрылымы:  Диссертация  кіріспеден,  үш  бөлімнен, 

қорытындыдан,  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімінен  және  қосымшадан 

тұрады. 

 

 



жүктеу 51,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау