Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет17/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68

36 
 
құқықтық  мәртебесін,  ал  екінші  жағынан,  сонымен  қатар  азаматтың  дара 
кәсіпкерлікпен  шұғылдануына  байланысты  ерекше  мәртебесімен  сипатталады. 
Сонымен, дара кәсіпкердің азаматтық-құқықтық мәртебесінің мазмұны кәдімгі 
азаматтың  азаматтық  құқықтық  мәртебесінің  мазмұнынан  едәуір  кең  көлемді 
болып табылады. 
 
1.3 Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу 
Қолданыстағы 
Қазақстан 
Республикасының 
Салық 
кодексі 
қабылданғанына  дейін  осы  бөлімшенің  атауында  келтірілген  құқықтық 
қатынастар, Қазақстан Республикасының Конституциясының 61-бабын өрескел 
бұза отырып, тек заңға тәуелді актілер деңгейінде реттелген болатын. Тек 2009 
жылдан  бері  дара  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  тіркеуді  құқықтық  регламенттеу 
заң  дәрежесінде  реттеле  бастады.  Атап  айтқанда, осындай  Заңның  алғашқысы 
ретінде Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан 
Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  салық  салу  мәселелері 
бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  №  101-IV  Заңы  болып 
келді. Осы Заңның негізінде ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 27-бабына 
тиесілі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. 
Заңды  тұлғаны  құрмай  дара  кәсіпкер  ретінде  кәсіпкерлік  қызметпен 
айналысуды  қалаған  азаматты  мемлекеттік  тіркеу  бұл  оның  кәсіпкерлік 
қызметін және оның легитимділігін заңдастыру тәсілі. Жеке кәсіпкерлік туралы 
Заңда заңды тұлға құрмай жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды 
мемлекеттiк тiркеу келiп тiркелуi сипатында болады және дара кәсiпкер ретiнде 
мемлекеттiк  тiркелу  кезiнде  мәлiмделген  орналасқан  жерi  бойынша  салық 
органында  дара  кәсiпкер  ретiнде  есепке  қою  болып  табылады  деп  белгіленген 
(27-баптың  1-тармағы).  Біздің  көзқарасымыз  бойынша,  бұл  ереже  азаматты 
дара  кәсіпкер  ретінде  мемлекеттің  тіркеудің  барлық  мәнін  және  толықтығын 
көрсетпейді. 
Сондықтан,  Заңды  тұлғаларды  мемлекеттік  тіркеу  туралы  заңда  берілген 
заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік тіркеу ұғымына жүгінейік. Осы Заңның 
1-бабына  сәйкес,  заңды  тұлғаларды  мемлекеттік  тiркеу  мемлекеттік  тіркеуге 
ұсынылған  құжаттардың  Қазақстан  Республикасының  заң  актілерiне 
сәйкестiгiн  тексерудi,  оларға  бизнес-сәйкестендіру  нөмірін,  салық  төлеушінің 
тiркеу  нөмiрiн  бере  отырып  мемлекеттік  тiркеу  туралы  куәлiк  берiлуiн,  заңды 
тұлғалар  туралы  мәлiметтердi  бiрыңғай  Ұлттық  бизнес-сәйкестендіру 
номерлерінің тiзіліміне енгiзудi қамтиды. 
Жеке  кәсіпкерлік  туралы  заңның  27-бабын  талдау  заңды  тұлғалардың 
мемлекеттік  тіркелуін  сипаттайтын  жоғарыда  баяндалған  бірқатар  ережелер 
дара  кәсіпкер  ретінде  азаматты  мемлекеттік  тіркеуге  де  тән  екенін  айтуға 
мүмкіндік береді. Осының дәлелдемелері төменде келтірілген. 
Азаматты дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу - бұл оның кәсіпкерлік 
қызметі легитимділігінің негіздемесі ғана емес. Біздің көзқарасымыз бойынша, 
осындай  тіркеудің  қажеттігі  Қазақстанда  және  оның  аймақтарында  дара 
кәсіпкерліктің жұмыс жасауы жүйесін ретке келтіру, осындай қызметті есепке 
алу  және  ең  бастысы  -  дара  кәсіпкерлердің  мүдделерін  қорғау  мен  оларды 


37 
 
мемлекеттік  қолдау  қажеттігі  мақсатында  тудырылған.  Одан  басқа, 
азаматтарды  дара  кәсіпкерлер  ретінде  тіркеу  тұтынушылар  мен  мемлекет 
мүдделерінің қорғалуына жәрдемдеседі.  
ҚР  «Жеке  кәсіпкерлік  туралы»  Заңының  27  бабының  2-тармағында 
көзделгендей, егер дара кәсіпкер тұрақты негiзде жалдамалы жұмыскерлердiң 
еңбегiн  пайдаланатын  болса,  немесе  жеке  кәсiпкерлiктен  Қазақстан 
Республикасының  Салық  кодексінде  жеке  тұлғалар  үшiн  белгіленген  салық 
салынбайтын  жылдық  жиынтық  табыстың  мөлшерiнен  асатын  мөлшерде 
сәйкес  есептелген  жылдық  жиынтық  табысы  бар  дара  кәсiпкерлер  мiндеттi 
мемлекеттiк  тiркеуге  жатады.  Және  мұндай  кәсіпкерлердің  мемлекеттік 
тіркеусіз қызмет жүргізуіне қатаң тыйым салынады. 
Ал  осы  баптың  2-1  тармағы  бойынша  қызметкерлердің  еңбегін  тұрақты 
негізде  пайдаланбайтын  жеке  тұлғалар  Қазақстан  Республикасының  Салық 
кодексінде белгіленген мынадай табыстарды алу кезінде дара кәсіпкер ретінде 
тіркелмеуге  құқылы:  төлем  көзінен  салық  салынатын  жағдайларда;  мүліктік 
табыстары бойынша және өзге де табыстары бойынша. 
Ресей Федерациясында егер кәсіпкер келесі салаларда қызмет ететін болса, 
оған қосымша арнайы талаптар қойылады: кәмелетке толмағандарға білім беру, 
тәрбиелеу,  дамыту,  жасөспірімдердің  демалысын  және  сауықтыруын 
ұйымдастыру,  медициналық  жағынан қамтамасыз  ету,  әлеуметтік  қорғау  және 
әлеуметтік қамтамасыз ету, қызмет көрсету, жасөспірімдерді дене шынықтыру , 
спорт,  мәдениет  және  өнер  салаларына  қатыстыру.  Бұл  салалардың  тізілімі 
Ресей Федерациясының Үкіметімен бекітілген. Аталған салаларда қызмет етуге 
бағытталған азаматтар дара кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркеуден өту үшін 
міндетті  түрде  сотталмағандығы  туралы  немесе  оған  қатысты  қылмыстық  іс 
ақтаушы  негіздермен  қысқартылғандығы  туралы  ресми  анықтама  тапсыру 
талап етіледі (Ресей Федерациясының 08.08.2001 ж. қабылданған, 29.12.2012 ж. 
өзгертулермен  және  толықтырулармен  «Заңды  тұлғаларды  және  дара 
кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу туралы» № 129-ФЗ Заңының 23.1-бабының к) 
тармақшасы» [16]. 
Осындай  толықтыру  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  енгізілуі 
жөн болатын еді деп санаймыз.  
Алайда 
РФ 
азаматтық 
заңнамасынан 
айрықша, 
Қазақстан 
Республикасының Азаматтық кодексі дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу өз 
бетімен  тіркелу  сипатында  жасалатынын  белгілейді,  яғни,  заңды  тұлға 
құрмастан  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  азамат  дара  кәсіпкер  ретінде 
есепке  алынады  (19-бап).  Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заңның  27-бабына  сәйкес 
дара  кәсіпкер  ретінде  есепке  алу  дара  кәсіпкер  ретінде  мемлекеттік  тіркеу 
кезінде  мәлімделген  орналасқан  жері  бойынша  салық  органында  жүзеге 
асырылады. Біздің пікіріміз бойынша, мұндай орын жеке тұлғаның тұрғылықты 
жері не оның кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жері болуы мүмкін.  
ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 27-бабының 6-1 тармағында дара 
кәсіпкер ретінде тіркеу үшін өтініш беруші салықтық өтінішті келу тәртібімен 
тіркеуші  органға  қағаз  жеткізгіште  не  «электрондық  үкіметтің»  веб-порталы 
арқылы  электрондық  түрде  ұсынуға  құқылы  деп  көрсетілген.  Ал  кәмелет 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау