Халықтың көші-қоны туралы



жүктеу 0,64 Mb.
бет2/4
Дата01.12.2017
өлшемі0,64 Mb.
#2540
1   2   3   4

              органның құзыреті
      Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
      1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың халықтың көші-қоны мәселелері бойынша қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
      3) халықтың көші-қоны саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;
      4) ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квоталарын, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталарды қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
      4-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы ұсыныстар енгізеді;
      5) iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квоталарын және шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квоталарды облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана арасында бөледі;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;
      7) көші-қон процестерін мониторингілеуді жүзеге асырады;
      8) көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласында шаралар жүйесін әзірлейді;
      9) оралман мәртебесін беру тәртібін айқындайды;
      10) оралман мәртебесін беруден бас тарту туралы шағымдарды қарайды;
      11) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындайды;
      12) еңбекші көшіп-қонушылардың және этностық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының, Сыртқы істер министрлігінің тиісті ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
      13) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуын бақылайды;
      14) құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.12.2013 N 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті
              органның құзыреті
      Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
      1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) көшіп келушілерге медициналық көмек көрсетудің тәртібін бекітеді;
      3) шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекітеді;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізеді;
      5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның
              құзыреті
      Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
      1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) этникалық қазақтар мен оралмандарға техникалық және кәсіптік білім берудің, ортадан кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квотаға сәйкес білім гранттарын бөледі;
      3) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шетелдегі жалпы білім беру мекемелерінде оқып жүрген этникалық қазақтарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;
      4) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      14-бап. Ұлттық қауіпсіздік органының құзыреті
      Ұлттық қауіпсіздік органы:
      1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі мен кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ішкі істер органдарымен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
      3) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына және шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуін келіседі;
      4) көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келген кезде көші-қон карточкаларын беруді және Қазақстан Республикасынан кеткен кезде оларды алып қалуды жүзеге асырады;
      5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      15-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      2) оралмандар мен көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық көмек алуын қамтамасыз етедi;
      3) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға еңбек ресурстарының қажеттiлiгiн ескере отырып, iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      4) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      5) еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;
      6) Қазақстан Республикасының азаматтарынан қоныс аударушы мәртебесiн беруге және iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгiзуге қажеттi құжаттарымен қоса берген өтiнiштi қабылдайды;
      7) РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен 7) тармақша көзделген (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      8) қоныс аударушы куәлiктерiн бередi;
      9) оралмандарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарының, уақытша орналастыру орталықтарының қызметiн ұйымдастырады;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшiп-қонушылардың балаларының бiлiм алу құқығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды;
      11) жұмыс берушiлерге тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттарды бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және қайтарып алады;
      12) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын шетелдiк қызметкерлерге халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында жұмысқа орналасуға рұқсаттарды бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және қайтарып алады;
      13) бизнес-көшiп келушiлердiң уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтініш хат бередi;
      14) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      2) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын оралмандарға жұмысқа орналасуға, кәсiптiк даярлықтан өтуге, қайта даярлаудан өтуге және бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдем көрсетедi;
      3) көшiп-қонушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк мекемелерден орын бередi;
      4) оралмандарға қазақ тiлiн және өздерiнiң қалауы бойынша орыс тiлiн үйрену үшiн жағдай жасайды;
      5) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      3. Оралмандарды қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде осы баптың 1 және 2-тармақтарында айқындалған құзыреттен басқа, жергілікті атқарушы органдар:
      1) оралмандарды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;
      2) этникалық қазақтардан оралман мәртебесiн беру туралы қажеттi құжаттарымен қоса берген өтiнiштi қабылдайды;
      3) оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды;
      4) оралман куәліктерін береді;
      5) оралмандарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетеді;
      6) оралмандарға жеке қосалқы шаруашылығын жүргiзу, бағбандықпен айналысу және саяжай құрылысын, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерiн бередi.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3-тарау. ТАРИХИ ОТАНЫНА ОРАЛУ МАҚСАТЫНДА КӨШІП КЕЛУ
      16-бап. Оралмандардың көшіп келу квотасы
      Ескерту. 16-бап алып тасталды - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17-бап. Оралмандардың санаттары
      Ескерту. 17-бап алып тасталды - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      18-бап. Оралман мәртебесiн беруге өтiнiш берудiң тәртiбi
      1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетiнше келген және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған этникалық қазақтар осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдарға оралман мәртебесiн беру туралы өтiнiш бередi.
      2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне оралман мәртебесін беру туралы өтініш береді.
      3. Оралман мәртебесін беру осы Заңның 20 және 21-баптарына сәйкес жүргізіледі.
      4. Өтiнiште Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын барлық отбасы мүшелерi:
      1) жұбайы (зайыбы);
      2) өтiнiш берушiнiң және жұбайының (зайыбының) ата-аналары;
      3) балалары (оның iшiнде асырап алған балалары) және олардың отбасы мүшелерi;
      4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (қарындастары) көрсетiледi.
      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      19-бап. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу
               жөніндегі комиссия
      Ескерту. 19-бап алып тасталды - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      20-бап. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге
               дейiн бұл туралы өтiнiш жасаған этникалық
               қазақтарға оралман мәртебесiн беру
      1. Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беру туралы өтiнiштер мен құжаттарды қабылдап алады және оларды тiркеген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннiң iшiнде халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.
      2. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейiн оралман мәртебесін беру туралы өтiнiш жасаған үмiткердiң ұлты жеке басын куәландыратын құжаттарындағы жазба негiзiнде белгiленедi. Мұндай жазба болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға жiберiлетiн құжаттарға үмiткердiң ұлтын растайтын басқа да құжаттардың көшiрмелерiн қоса бередi.
      3. Халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган этникалық қазақтардың оралман мәртебесін беру туралы өтiнiштерi мен құжаттары келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оларды оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдау үшiн осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдарға жiбередi.
      Шешім қабылдау үшін осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдар этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды оралман мәртебесін беру туралы өтініш жасаған үміткерлердің Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстар немесе құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға тиесілігі туралы өзге де ақпараттың бар не жоғы тұрғысынан тексеру үшін тиісті өңірлердің ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелеріне жібереді.
      Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдары этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге кедергі келтіретін, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген негіздердің бар немесе жоқ екені туралы ақпаратты осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
      Осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдар ақпарат келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оралман мәртебесін беру туралы өтініш берген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру туралы не одан бас тартудың негізделген дәлелді себептерімен оралман мәртебесін беруден бас тарту туралы шешімді дайындайды.
      4. Үмiткер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгiленген шарттарға сай болған кезде оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылданады.
      5. Оралман мәртебесін беру туралы не одан бас тартудың негiзделген дәлелдi себептерімен бас тарту туралы шешім екi жұмыс күнi iшiнде халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға жiберіледi. Халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бұл шешімді өтiнiш берушiге жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiне жiбередi.
      6. Этникалық қазақтардың оралман мәртебесін беру туралы өтiнiшiн қараудың жалпы мерзiмi халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға ол келiп түскен күннен бастап үш айдан аспауға тиiс.
      7. Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi оралман мәртебесін беру туралы шешімді алғаннан кейiн оны бiр айдың iшiнде этникалық қазаққа жiбередi және оның Қазақстан Республикасына қоныс аударуына жәрдем көрсетедi не оралман мәртебесін беруден бас тартылғаны туралы хабарлайды.
      8. Осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдар оралман мәртебесін беру туралы өтініш берген этникалық қазақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қоныстандыру өңірлеріне келгеннен кейін өтініш жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұдан бұрын қабылданған шешiмді ескере отырып, өтiнiш берушi мен оның отбасы мүшелерiне оралман мәртебесiн бередi.
      9. Оралмандардың және олардың отбасы мүшелерiнiң өздерi өтiнiш жасаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде тұрақты тұруға рұқсат алуға, тұратын жерi бойынша тiркелуге және оралман куәлігін алуға құқығы бар.
      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      21-бап. Қазақстан Республикасының аумағына келген
               этникалық қазақтарға оралман мәртебесiн беру
      1. Осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасына келген және онда тұрақты тұруға рұқсат алған этникалық қазақтардың оралман мәртебесiн беру туралы өтiнiштерiн өтініштер тiркелген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде қарайды және олар бойынша шешiм қабылдайды.
      Оралман мәртебесiн беру үмiткер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгiленген шарттарға сай болған кезде жүзеге асырылады.
      Оралман мәртебесiн беру туралы шешiм қабылданған жағдайда осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының аумағына келген этникалық қазаққа және оның отбасы мүшелерiне оралман куәлiгiн бередi.
      2. Оралман мәртебесiн алуға үмiткердiң ұлты жеке басын куәландыратын құжаттарындағы жазбаға сәйкес расталады. Мұндай жазба болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның сұратуы бойынша үмiткердiң ұлтын растайтын басқа құжаттардың көшiрмелерiн жiбередi.
      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      22-бап. Этникалық қазақтардың жекелеген отбасы
              мүшелерін оралмандардың көшіп келу квотасына
              енгізудің ерекшеліктері
      Ескерту. 22-бап алып тасталды - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      23-бап. Оралмандарға, этникалық қазақтарға және олардың
               отбасы мүшелерiне берiлетiн жеңiлдiктер мен
               әлеуметтiк көмектiң басқа да түрлерi
      1. Оралмандарды қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келетін этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өздерiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растаудан босатылады.
      2. Оралман мәртебесiн алған адамдар мен олардың отбасы мүшелерi:
      1) оралмандарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегiн  бейiмдеу және ықпалдастыру қызметтерiн көрсетумен;
      2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмекпен;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда мектептерде және мектепке дейiнгi ұйымдарда орындармен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын көлемде техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлiнген квотаға сәйкес бiлiм алу мүмкiндiгiмен;
      4) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтiк қорғалумен;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етiледi.
      3. Оралмандарға жеке қосалқы шаруашылығын жүргiзу, бағбандықпен айналысу, саяжай құрылысы үшiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ауылдық елдi мекендердiң жерлерінен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, иммиграциялық жер қорынан, арнайы жер қорынан және босалқы жерлерден уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен жер учаскелерi берiледi.
      Оралмандарға шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, арнайы жер қорынан, иммиграциялық жер қорынан және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскелерi берiледi.
      4. Осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жергiлiктi атқарушы органдар оралмандар мен олардың отбасы мүшелерiне тұрақты тұрғылықты жерiне жол жүру және мүлкiн тасымалдау шығындарын қамтитын бiржолғы жәрдемақыларды белгiлей алады.
      5. Оралмандарды қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген оралмандар мен олардың отбасы мүшелерiне, осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген жеңiлдiктерден және әлеуметтiк көмектiң өзге де түрлерiнен басқа, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен тұрғын үй салуға, оны қалпына келтiруге немесе сатып алуға жеңiлдiктi кредиттiк қарыз ұсынылады.
      6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген оралмандар:
      1) Қазақстан Республикасында тұрған алғашқы бес жылдың iшiнде оралман мәртебесін алған кезде қоныстандыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңiрден тыс жерлерге өзiнiң ерiк қалауымен өз бетiнше iшкi көшiп-қонған;
      2) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен жағдайларда тұрғын үй салу, оны қалпына келтiру немесе сатып алу үшін өздері алған жеңiлдiктi кредиттiк қарызды мерзімінен бұрын толық көлемде өтеуге мiндеттi.
      Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      24-бап. Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру
      1. Оралмандарды қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерiн оралман мәртебесiн алғанға дейiн алғашқы қоныстандыру олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарында халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен және мерзiмге жүзеге асырылады.
      2. Бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету үшін оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары құрылады.
      Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында тұруының тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетудің тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      25-бап. Оралман мәртебесінің тоқтатылуы
      Оралман мәртебесi:
      1) оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн;
      2) осы Заңның 49-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың күші жойылған жағдайда;
      3) егер ол Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш бермеген болса, оралман мәртебесiн алған күннен бастап жеті жыл өткен соң;
      4) Қазақстан Республикасында тұрған алғашқы бес жылдың iшiнде оралман мәртебесін алған кезде қоныстану үшiн белгiленген өңiрден тыс жерге оралман өзiнiң ерiк қалауымен өз бетiнше iшкi көшiп-қонған жағдайда тоқтатылады.
      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      26-бап. Оралмандардың құқықтары мен міндеттері
      1. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің:
      1) жеңілдетілген (тіркелген) тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға;
      2) жеңілдіктерді, өтемақыларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуға;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін қолда бар құжаттарының негізінде атын, әкесінің атын (ол болғанда) және тегін қазақ тілінде дұрыстап жазуға құқығы бар.
      2. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері:
      1) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне, сондай-ақ  жергілікті атқарушы органдарға олардың оралман мәртебесін беру туралы өтініштерін қарауға қажетті анық мәліметтерді ұсынуға;
      2) денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық қарап-тексеруден өтуге, екпелерді алуға, емдеу курсынан өтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындауға;
      3) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығына жолдама алған жағдайда, күнтізбелік үш күннің ішінде сонда қоныстануға және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген болу кезеңі аяқталғаннан кейін берілген үй-жайды босатуға;
      4) уақытша орналастыру орталықтарында және оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті.
      Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау