бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар;
8) оралмандар;
9) терроризм актісінің нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге
қатысқан адамдар басымдыққа ие.
7. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыс берушілерге әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері
бойынша консультация береді;
2) қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 1-
қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс
берушілерден алдағы қаржы жылына ӛтінімдер жинауды жүзеге асырады;
3) ӛтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай
тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі жергілікті
органға жібереді;
4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыруға қосымша ӛтінімдер қабылдайды;
5) жұмыс берушілердің бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына, жұмысқа
орналастырылған азаматтардың міндетті зейнетақы аударымдары болуына мониторинг
жүргізеді.
8. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 20-бабы 3-тармағына сәйкес халықты
жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі жергілікті атқарушы орган:
1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;
2) әлеуметтік жұмыс орнын құруға ӛтініш берген ӛңірлердегі ұйымдардың тізбесін (бұдан
әрі – тізбе), ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын және нақты жұмыс жағдайын,
тӛленетін еңбекақы мӛлшерін және оларды қаржыландыру кӛздерін бекітеді.
Жұмыс берушілердің тізбесі жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.
9. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушілермен осы
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру
үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы шарт
жасасады.
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысудың ұзақтығы 12 айдан аспайтын мерзімді
құрайды.
Бұл ретте жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру
жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен күнтізбелік жыл ішінде бір
рет жүзеге асырылады.
11. Жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту
орталықтарына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды:
1) жеке басты куәландыратын құжаттың кӛшірмесін;
2) еңбек кітапшасының немесе еңбек қызметін растайтын ӛзге құжаттың кӛшірмесін (бар
болса);
3) білімі туралы құжаттың кӛшірмесін (бар болса);
4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін
атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086/у нысан
бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың кӛшірмесін (әлеуметтік жұмыс орнына
жолдама берілгенге дейін ұсынылады) қоса бере отырып, ӛтінім береді.
12. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша
консультация береді;
2) жұмыссыздардың келісімімен оларға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша әлеуметтік жұмыс орнына жолдама береді.
13. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу кезінде:
1) жұмыссыздардың денсаулық жағдайы, жас, кәсіби және басқа да жеке ерекшеліктері;
2) халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендігі;
3) жолдама беру сәтінде жіберілетін жұмыссыздар үшін лайықты жұмыстардың болмауы
ескеріледі.
14. Жұмыс беруші жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы халықты жұмыспен
қамту орталығын «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 28-бабы 2-тармағы 4)
тармақшасында белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.
15. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің
хабардар етуінің негізінде жұмыссызбен және жұмыс берушімен «Халықты жұмыспен қамту
туралы» Заңның 7-бабы 26-тармағына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жасасады.
16. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 20-бабына сәйкес әлеуметтік жұмыс
орындарындағы еңбек қызметін дәлелсіз себептермен ӛз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар
жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығына қайта
тіркелген күннен бастап үш ай ӛткеннен кейін ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
белсенді шараларына қайта қатыса алады.
17. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың белгіленген
тәртібін бұзған жағдайда, олармен жасалған тиісті шарт жұмыс берушілердің әлеуметтік
жұмыс орындарына қатысушыға жалақы тӛлеуге жұмсалған мемлекеттің шығыстарын
бюджетке қайтаруымен бұзылуға жатады.
18. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзуға жол
берген жұмыс берушілермен бұзушылық анықталған сәттен бастап бір жыл ішінде
ұйымдастыру шарттарын жасасуға жол берілмейді.
19. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.
Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың еңбек
кітапшасына әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеген кезеңін енгізеді.
20. Бос жұмыс орны пайда болған кезде жұмыс берушінің бастамасы бойынша және
әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі
аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға жол беріледі. Бұл ретте жұмыс
беруші тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйықтың кӛшірмесін халықты жұмыспен қамту
орталығына Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген мерзімдерде жолдайды.
21. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар мен
әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер
әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне орналастырылады.
22. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздың әлеуметтік жұмыс орнына
жұмысқа орналастырылғаны және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуды аяқтағаннан
кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді
жұмысқа орналастырудың жеке картасына енгізеді.
23. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын «Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық
байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жӛніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті
тӛрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген)
сәйкес есептілікті жүргізеді және белгіленген мерзімдерде халықты жұмыспен қамту
мәселелері жӛніндегі жергілікті органға ұсынады және аталған есепте:
1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің саны туралы;
2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың саны
туралы;
Достарыңызбен бөлісу: |