Хабарландыру мәтініне
персоналды басқару қызметі жауапты
Барлық органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос
мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға
ішкі конкурс туралы хабарландыру
Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
D-О-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік
біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,
аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға
бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік
органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4,
C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен
айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси
мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда
бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі
төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан
төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі
бір жылдан кем емес;
3) А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан
Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін
облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде
немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе
облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық
лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық
деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу
орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік
тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия
бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған
жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның
штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-
2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған
«А» немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы
№
Санаты
Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарын есептегенде
теңгеден
теңгеден
1
D-О-1
182387
246515
«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511,523 бөлмелер, анықтама
үшін
телефондар:
8(7262)453468,
433630,
433675,
факс:
433675,
e-mail:
obl_akim@zhambyl.kz
) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымға
орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында
ішкі конкурс жариялайды:
1. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, 1 бірлік, D-0-1 санаты (№023).
Функционалдық міндеттері: облыстың табиғат қорғау саясатын іске асыруға
тікелей басшылық және жұмысты ұйымдастыру. Өз құзыры шегінде басқарма аппараты
кадрларын іріктеу және тағайындау. Табиғат қорғау бағдарламаларын іске асыру, облыстың
табиғи ресурстарын және табиғат пайдалануды реттеуді басқару. ҚР заң және нормативтік-
құқықтық актілерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдар актілерінің орындалуын
бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - жаратылыстану
ғылымдары немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және
технологиялар немесе қызмет көрсету немесе білім немесе құқық саласында. Мамандығы:
жаратылыстану ғылымдары (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе
техникалық ғылымдар және технологиялар(жалпы) немесе қызмет көрсету (жалпы) немесе
білім(жалпы) немесе құқықтану.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес
салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу
Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін
күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы
жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда
көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына
тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк
органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген
электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы
арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov»
электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы
берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан
кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге
жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша
әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен
бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан
Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету
үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту,
тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке
қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген
жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және
орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |