Гуманитарлық пәндер бірлестігінің ІІІ тоқсан бойынша есебі
2015-2016оқу жылы
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің 2015-2016 оқу жылына бекітілген жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді. ІІІ тоқсан бойынша жоспарланған іс шаралар өтті. Жұмыс тақырыптары мен технологияларын әрі қарай жетілдіру мақсат етіп қойылды. Басты назар оқушының білім деңгейін және мұғалімнің шығармашылық жұмысын жетілдіру. Әдістеме бірлестігінің жиылысы өтті. Үшінші тоқсан қорытындысы, өтілген іс шараларға талдау жасалды.
Оқушылардың білім сапасы үнемі назарда болды. Тоқсандық, аралық, тоқсандық бақылаулар өтті. Үлгермеушілер жоқ.
Оқушылардың жұмыстары талданып отырылды. Нашар үлгеретін оқушылармен жұмыстар жүргізілді. Қазақ тілі, орыс тілі, тарих пәндерінен Өнербекқызы Аймерей, (7с) Өнербекқызы Ақбота,(9с) Кенжебек Еділ,(9с) қосымша сабақтарға қатысып, білімдерін көтеріп отырды.
Оқушы білімін сырттай бақылау сынағына 4,9 сыныптар қатыстырылды. «Екі» алған оқушы жоқ. Білім сапасы 60-80% көрсетті. Оқушылардың оқу жылдамдығы тексеріліп тұрды. Нормадан төмен оқитын оқушылар Олжабаев Н (1с), Қайыркен А(1с)Кенжебек Б, (2с) Кенес Әл Мерек,(3с) Кенжебек А, (3с) Олжабаев Е,(4с) Насихат С. (4с)
Ашық сабақтар, сыныптан тыс іс шаралар өтті. Біріктірілген сыныптар болғаннан оқушылар өздігімен жұмыс жасайды, топпен, жұппен атқарылған жұмыстарда сабақ үстінде барлық оқушы сабаққа қатысады. Аудан көлемінде өткен семинарда орыс тілінен (7-8с) мұғалім Досмағамбетова Р.Ж. қазақ әдебиетінен (9с) мұғалімі Нұқай Насихат сабақ берді. Сыныптан тыс іс шаралар өтті. «Үш кемеңгер дүлділім», «Люби,знай и цени русский язык» Оқушылар белсене қатысып, көңілден шықты.
Сабақта біріктірілген сыныптарда оқытудың ерекшеліктері бағаланды. Сабақ уақыты тиімді қолданылды. Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсете білді. Мұғалімдерге әдістемелік жағынан ескерту мен ұсыныстар айтылды.
Тоқсан бойы ұстаздар өзара сабаққа қатысып, тәжірибе алмасты.
КИО олимпиадасына тарих пәнінің мұғалімі Омарова С.Е. қатысып, үздік көрсеткіш көрсетіп, сертификат алды. 6-сынып оқушысы Турсунбаева Алина КИО олимпиадасына қатысты тарих пәнінен. Жақсы көрсеткіш көрсетіп,сертификат алды.
Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізіліп тұрады. Оқу жылының басында жұмыс жоспары құрылып, өтілетін іс шаралар белгіленді. Гуманитарлық цикл бойынша Досмағанбетова Ғ (7-сынып), Өнербек Айдана (9- сынып), Жакуден Аят (8- сынып),Турсунбаева Анель, (8с) Турсунбаева Алина,(6с) Кайров Диас, (5с) Жакуден Мирас, (5с) Төлеулова Зарина (5с). Олармен сабақтан тыс уақыттарда таным сабақтары өтіліп, оқушылар шығармашылық жұмыс жүргізеді. Сыныптан тыс іс шараларды ұйымдастыруда, тәрбие сағаттарында үлкен белсенділік танытады Мектепішілік Абай, Мұқағали оқулары өтті. Аудандық Абай оқуына 7-с оқушысы Досмағамбетова Ғалия «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Мұғалімі Досмағамбетова Р.Ж.
Гуманитарлық пәндер бойынша ІІІ тоқсанда оқушылардың білім сапасы 77% .
ІІІ тоқсанды қорытындылауға жазған бақылау жұмыстарының негізінде тоқсандық баға қойылды. Қорытынды бақылау диктанттары мен тест жұмыстарынан «екі» деген бағаға жазған оқушылар болған жоқ. Оқушылардың білім деңгейлеріне қарай көктемгі демалысқа тапсырмалар берілді.
ГУЦ бойынша оқушылардың білім сапасының көрсеткіші. ІІІтоқсан.
Қазақ тілі Тарих
Орыс тілі.
Достарыңызбен бөлісу: |