Гу «Департамент координации занятости и социальных программ вко»



жүктеу 75,1 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі75,1 Kb.
#15624
түріКонкурс




«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымна орналасуға

жалпы конкурс өткізу туралы

хабарландыру
Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 мекенжайында орналасқан «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, 070019, 240 бөлме, тел.8-/7232/26-45-99, 26-42-54, факс 701 909, e-mail: m.sadvakasova@akimvko.gov.kz), төмендегі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Жастармен жұмыс бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты, (1 бірлік), еңбек өтіліне байланысты лауазымдық еңбекақысы 83 282,08 теңгеден 112 430,81 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларын, өз құзыреті шегінде облыс әкімдігі мен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындайды; өз құзыреті шегінде азаматтардың өтініштерін қабылдайды, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі зерттеу, талдау, мониторингілеу және ұйымдастырушылық - әдістемелік қызметті ұйымдастыру және үйлестіру, сонымен қатар басқарманың ақпараттық технологияларында зерттеу және талдау қызметін үйлестіру, жастар арасындағы қоғамдық-саяси және басқа да үдерістерді зерделеуге бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулерді өткізуді қамтамасыз ету және үйлестіру, талдамалық өңдеуді ұйымдастыру және зерттеулердің қорытындысын түсіндіру, жетекшілік ететін мәселелер бойынша іріктеме жиынтықтың есептерін құрастыру, соның ішінде әлеуметтік зерттеулерді қабылдау және тексеру; қоғамдық пікірді зерделеудің түрлі нысандары арқылы облыстағы әр түрлі санаттағы жастардың ақпараттық, мәдени және рухани қажеттіліктері бойынша мониторинг өткізу, мемлекеттік жастар саясаты саласында ішкі саясат басқармасының ақпараттық деректер қорын құру; аумақтарды дамыту бағдарламасында баяндалған мемлекеттік жастар саясаты саласындағы көрсеткіштерген қол жеткізуді қадағалау және бақылау; жыл сайынғы ұлттық баяндама үшін материалдарды жинау және жалпылау, олардың уақытылы және сапалы болуын қамтамасыз ету; облыстағы жастар куәлігі үшін материалдарды жинау және жалпылау, олардың уақытылы және сапалы болуын қамтамасыз ету; мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының (электронды және баспа) жұмысын үйлестіру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және басқа да іс-шаралар аясында әлеуметтік жобалардың техникалық сипаттамасын әзірлеу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылып жатқан әлеуметтік жобаларды мониторингілеу, сонымен қатар шығармашылық есептерді қабылдау және тексеру; облыстағы балалар мен жастардың үкіметтік емес ұйымдарымен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру, сонымен қатар мемлекеттік идеология саласында практикалық шараларды қолдану мәселелерін үйлестіру, азаматтық – патриоттық тәрбие беру, өскелең ұрпақ арасында мемлекеттің дамуы мен мемлекеттік рәміздерді насихаттау; облыс әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысын дайындау және өткізу, жұмыстарды үйлестіру; облыс әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысының хаттамалық шешімін дайындау және қатысушыларға жолдау, сонымен қатар отырыс қорытындысы бойынша тапсырмалардың іске асырылуын қадағалау; ШҚО-ның қалалары/аудандарында өткізіліген жастар ісі жөніндегі Кеңес отырыстарының хаттамалары мен ақпараттарды жинау; «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары мен студенттік құрылыс отрядтарының қызметін ұйымдастыру және үйлестіру.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білім жоғары. Мынадай біліктілік қасиеттерінің болуы: бастамашылдық, адамдармен тіл табысу, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.


Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптар;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер: қоғамдық-саяси саладағы қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерін білу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); көшiрмелерi;

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не m.sadvakasova@akimvko.gov.kz электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылыкелесі құжаттарды тапсыруы қажет: өтініші, тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурстық комиссия отырысына байқаушылар ретінде мәслихат депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде ШҚО, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 мекенжайындағы, 240 бөлмеге ұсынылуы қажет.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне қатысты шағым түсіре алады.



Жалпы конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Анықтама телефоны: 8-/7232/26-45-99, 26-42-54, e-mail: m.sadvakasova@akimvko.gov.kz
жүктеу 75,1 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау