Глуховка ауылдық округінің 2015 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2016 жылға міндеттері туралы есебі



жүктеу 85,6 Kb.
Дата26.05.2018
өлшемі85,6 Kb.
#17920

Глуховка ауылдық округінің 2015 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2016 жылға міндеттері туралы есебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы халыққа Жолдауы Нұрлы жол –болащаққа жол және 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда :өсу, реформалар,даму .Жолдауының басты бағыты 2015-2016 жылдарда округтің әлеуметтік –экономикалық дамуы. Глуховка ауылдық округінің өмірінде 2015 жылы үлкен өзгерістер мен округ тұрғындарының хал ауқаты жақсарып өзгерере бастады.2016 жылдың 01. қаңтарына округ тұрғындарының саны- 2968 человек ,өткен жылмен салыстырғанда 22 адамға өсті. Аула саны -845 ,2015 жылмен салыстырғанда 3 аула санына өсті.


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ:
Округтің негізгі өндіріс саласы ауыл шаруашылығы болып саналады. Округте 111 шаруа қожалығы.Көкөнісшілер 2014 жылы 657260000 тенге субсидия алды, малшаруашылығында ет және сүт өніміне 64 млн 324мың тенге субсидии берілді.

Ауылшаруашылығы бойынша инвестиция 19 млн 948 мың тенгені құрайды.

2016 жылдың 1 қаңтарына ірі қара мал саны – 5482 бас, ұсақ мал басы- 2682 бас ,

Жылқы-1529 бас, шошқа - 120 бас, құс- 3700 бас. 2015 жылы мал еті мен құс етінің өндірісі- 10039 ц, сүт өнімі-57607ц, жұмыртқа 309585 дана. Ауыл тұрғындары 30 га картоп пен 11 га көкөніс салды, алынған өнім -6300 ц , көкөніс -3280 ц. Шаруа қожалықтары 362,5 гектар картоп, 289,9 гектар көкөніс, 83 гектар бақша, мал дақылдары 749,6 га салынды. 76125 центнер картоп, 87022 центнер көкөніс, 26560 центнер бақша өнімдері мен 8014 ц мал дақылдары алынды.

2015 жылы шаруа қожалықтары Бесқарағай, Семей, Өскемен және Республикамыздың астанасы Астана қаласында өткен жәрменкелерге қатысты.

Белокаменка ауылының тұрғыны Владимир Кузнецов бал арасын өсіріп

округ аумағында ,ауданда ,Семей қаласында бал сатумен айналысады және көлемін жыл сайын ұлғайтып отыр.

Қазахстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңының талабы бойынша жыл бойы уақытында серологиялық тексеру мен идентификация өткізілді.Шығыс Қазақстан облысы бойынша Илибаев Кадырбек «2015 жылдың ең үздік мал дәрігері» атанды. «Саят» шаруа қожалығының басшысы Айтышев Бакытбек Тәуелсіздік күні «Өндіріске сіңген еңбегі үшін» медальмен марапатталды.Бесқарағай ауданының «Жыл адамы» номинациясы бойынша Токашев Оралбек Нурмухамбетовичке «2015 жыл адамы» атағы берілді. «Калиханұлы» шаруа қожалығы басшысы Каликов Марат Калиханұлы тауарлы сүт фермасын Республикамыздың Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудан әкімі Нуржан Токсейтовтың қатысуымен ашылды.

2015 жылдың қыркүйек айында «Ауылдық округ күндері» Бесқарағай ауылында

«Александра» , «Балке», «Лана-2», «Стелла», «Зеленое поле», «Зарина» шаруа қожалықтары аудан тұрғындарына картоп және көкөністі нарық бағасынан төмендетілген бағамен сатты , сонымен бірге мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылды.



САЛЫҚТАР:

2015 жылы аудан бюджетіне 1786674тенге салық жиналды ,оның ішінде ; жер салығы 140195 тенге, мүлік салығы 207817 тенге және 145855 тенге автокөлік салығы.


КӘСІПКЕРЛІК:
Округте 6 дүкен , 8 дүнгіршек тіркелген.Округте кәсіпкерлермен төтенше жағдайлар кезінде бірінші сұраныстағы азық түлік тауарлары мен қамтамасыз етуге меморандум жасалған.Табысы аз отбастарына барлық дүкендер мен дүнгіршектерде әлеуметтік бұрыштар жасалған. Екі наубайхана жұмыс істейді ж/к «Рахимова» , және «Оразалинова».

Тұрақтандыру қорымен белсенді түрде жұмыстар атқарылып отыр.Ай сайын 1-ші сұрып ұны 53 тенгеден сатылды. Барлығы 48 тонна тұрақтандыру қорынан жеткізілді. Сонымен бірге 2015 жылдың жазында тұрақтандыру қорынан округтің табысы аз тұрғындарына тұз, қант ,жарма түрлерін (күріш, қарақұмық ,

арпа) .

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАСЫНДА:
2015 жылы Глуховка ауылдық округінде әлеуметтік саласы бойынша тұрақты даму байқалады.

Округтің әлеуметтік- экономикалық дамуына әлеуметтік көмектің мөлшерінің өсуі ықпал етті.Әлеуметтік адрестік көмекті -5 отбасы, мемлекеттік 18 жасқа толмаған балаларға көмек 48 отбасы алады. 2015 жылы 37 бала дүниеге келді. Ана мен бала өлімі болған жоқ.

Ауылдық округте екі тыл ардагері мен Ұлы Отан соғысы кезінде 6 айдан көп жұмыс істеген 39 адам тұрады.1 адам Ұлы Отан соғысы жылдардағы еңбегі үшін медалі бар.

Көп балалы аналар «Алтын Алқамен» -29 ана марапатталған , «Күміс Алқамен» -44 ана марапатталған. 2014 жылы тағы да екі ана «Алтын Алқамен » марапатталды.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша екінші мамандыққа оқытуға 2 адам оқытылды.3 адам «Жастар іс тәжрибесі» бойынша жұмысқа орналастырылды.

«Жұмыспен қамту орталығында» 15 адам есепте тұр, 7 адам қоғамдық ақылы жұмысқа жіберілген.

2015 жылы 15 жұмыс орны ашылды. 2014 жылмен салыстырғанда жұмыссыздық 8 пайызға азайды.

«Жол картасы 2020» округтің 6 тұрғыны 7 500 000 тенге мал шаруашылығын дамытуға шағын несие алды .2015 жылы «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 4 жұмысорны ашылды, 4 адамға ақшалай көмек төленді. Белокаменка негізгі мектебінің түлегі , радиотехника және байланыс колледжінің директоры Оралхан Сартаев «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша Белокаменка негізгі мектебінің информатика кабинетін компьютермен жабдықтады.


ҚҰРЫЛЫС:
«Екі дос Семей» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі спорттық- сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталу кезеңінде. Аталған жобаны іс жүзіне асыруға 260 млн тенге салынды Кешеннің құрамында екі қабатты қонақ үйі 26 орынға, коттедж 5 орынға, мейрамхана 200 орынға, бассейн 9х10 м ауданымен, футбол алаңы, жазғы беседкалар , екі қабатты кигіз үй мейрамхана 250 орындық, төрт кигіз үй, ем қабылдайтын бөлме . Нысанның жалпы ауданы 300 шаршы метр. Жұмысшылар саны-25 адам, екі адам Старая Крепость ауылының тұрғындары.

«Екі дос Семей» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бас директоры – Тельман Кабыкенович Жаментиков.

Тұрғын үй құрлысын енгізу бойынша жоспар 580 шаршы метр орындалғаны 707 шаршы метр. Тұрғындардың көпшілігі түрлі құрылыстар мен үйлерді жағдайын жақсартып, ыстық,суық су өткізіп тұрмысқа қолайлы жағдайларын жақсартуда .
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ :
2014 жылдың тамыз айында Глуховка ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды.Осы нысанның құрлысына 77.398.724 тенге қаражат бөлінді.Жаңа аурухана тұрғындарға алдын –алу шараларын жоғары деңгейде өткізуге жаңа мүмкіндіктер береді.
БІЛІМ САЛАСЫ:
Глуховка ауылдық округінде 3 мектеп жұмыс істейді- 1 орта , 2 негізгі мектеп. Коммуналды мемлекеттік мекеме «Глуховка орта мектебінде » 363 оқушы, «Белокаменка орталау мектебінде» -39 оқушы , «Жыланды орталау мектебінде» -73 оқушы оқыиды. Глуховка орта мектебінде толық күнге шағын орталық жұмыс істейді. Белокаменка мен Жыланды мектептерінде жарты күндік орталықтар балалар мен жұмыс істейді.

2015 жылы желтоқсан айында Глуховка ауылында бала бақшасы ашылды.2 жастан-5 жасқа дейін 20 бала қатысады.


КӨРІКТЕНДІРУ МЕН ТАЗАЛЫҚ :
Округ ауылдарында тұрақты түрде көркейту мен көріктендіру және тазалық жұмыстары жүргізіледі.2014 жылдың сәуір айынан бастап апта сайын «таза жұма» мен сенбіліктер өтеді.

Шаруа қожалықтары «Стелла» , «Семей» , «Александра» тұрғындардың шаруашылығынан шаруа қожалықтардың егіс алқабына органикалық тыңайтқыш ретінде тасып,екіншіден аула маңайын тазартады. Үлкен көмекті Геннадий Никифорович Мороз көрсетті, балалар паркіне отырғызатын материал бөлді.

2015 жылдың сәуір айында Глуховка ауылындағы балалар паркіне 130 дана пирамидалды қайың егілді. Отырғызуға ауыл тұрғындарымен қатар тыл ардагерлері, Глуховка орта мектебінің оқушылары, округ әкімі аппаратының мамандары қатысты.Глуховка ауылы ішіндегі 3 км жолдар мен шұнқыр жерлер жөндеуден өтті. Әкім мен округ аппаратының мамандары тұрғындар арасында аббатандыру мен тазалық туралы түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Павлодар-Майкапчагай Республикалық трассасында (Канонерка-Глуховка) қашықтығы 53,3 шақырымда күрделі жөндеу жасап 9млрд 700 млн тенге жұмсалды.


ЖАСТАР САЯСАТЫ:
Глуховка ауылдық округінде жастар саясаты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясакты туралы» Заңына сәйкес жұмыс істейді .Округте жастардың құрамы жалпы тұрғындардың 23% құрайды. Осылардан 110 адам жоғары және орта оқу орындарында білім алуда,жастардың көбі шаруа қожалықтарында жұмыс істеуге қалады.. Біздің ауылдық жастары слеттар мен «Белсенді жастар- аудан қуаты» форумына қатысады және «Біз Тәуелсіздіктің құрдастары», «Ізгілік жаса», «Жастар темекі мен нашақорлыққа қарсы» іс шараларына қатысады., «Нур Отан» партиясының қатары жылдан –жылға өсіп келеді.

Қазақстан Республикасының «ҚР мемлекеттінің жастар саясаты туралы» заңына сәйкес Глуховка ауылдық округінде жастар саясаты өткізіледі.Округте жастар 22 пайыз округ тұрғындарының құрамын құрайды.Оның ішінде 100 ден астамы жоғарғы оқу орындары мен орта оқу орындарында оқиды.Жастардың көпшілігі шаруа қожалықтарында жұмыс істейді.Біздің округтің жастары «Белсенді жастар-аудан қуаты», «Біз тәуелсіздіктің құрдасымыз» , «Қайырымдылық жаса», « Жастар темекі шегу мен нашақорлыққа қарсы» атты форумдар мен слеттарда өздерінің белсенділігін көрсете білді.

2014 жылдың мамыр айында Глуховка орта мектебінің оқушысы Козлова Александра облыстық «Абай оқуларында» Гран-Приді жеңіп алды, республикалық конкурсқа қатысып екінші орынға ие болды.

«Нұр Отан» партиясының қатары ауыл жастарымен толып отыр.


ҚҰҚЫҚ БҰЗУДЫҢ АЛДЫН-АЛУ:
Құқық бұзу мен қылмыс бойынша округ аумағында учаскелік инспектор Мейрлы Айтаковпен бірлескен жұмыстар өткізіледі.2014 жылы 11 қылмыс тіркелді, оның ішінде 9 іс ашылды. Құқық бұзушылықтан 139 іс тіркелді Қоғамдық орындарда ішімдік ішкендерге -36 адамға және 41 адам ұсақ қылмыс үшін айып пұл салынды.Сонымен бірге 25 адамға отбасы-тұрмыстық қатынастағы құқық бұзушылыққа , 6 адам тіркеусіз тұрығандарға ,31 адам жол ережесін бұзғандарға айып пұл салынды. . Мал бастарының ұрлығын болдырмау үшін малды қоғамдық табындарға қосу керек.

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын насихаттау үшін округте 7 ақпараттық-үгіт насихат тобы жұмыс істейді.Атқарылған жұмыстар туралы аудандық газеттің беттерінде жарияланады.2015 жылдың 30 қарашасында жарияланған Қазақстан Президенті Нурсултан Абишевич Назарбаевтың халыққа Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда :өсу, реформалар,даму Жолдауында басты міндеттер мен мақсаттары белгіледі:

Шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие

Жаңа инвестицияны тарту

Көлік-логистикалық инфрқұрылымдарды дамыту

Индустрия инфрақұрылымын дамыту

Энергетика инфрақұрылымын дамыту

Тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту

Әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту

Округ тұрғындары Жаңа жыл,Наурыз мейрамы,Жеңіс күні, Астана күні , 8 Наурыз Әйелдер күні мейрамдарына және басқа да мәдени іс шаралар,

2015 жылы Қазақстан Ассамблейясының 20-жылдық мерекесі, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы,Қазақ хандығының 550 жылдығы, Абайдың 170 жылдық мерей тойы мен Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығын Ел басы күрделі түрде атап өтілді.Біздің округ осы мерекелерді атап өтуге белсене қатысты.
2015 жылға арналған міндеттер:

1. Глуховка және Белокаменка ауылдарындағы көкөніс қоймасының құрылысын аяқтау

2 Аккульск ауылда «Дулат» шаруа қожалығында –басшысы Малабаева Асия мал бордақылау алаңын ашу

3.Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту

4.Балалар паркін одан әрі көркейту

5. Округ ауылдарының тазалығы , көркейту және көгалдандыру

6. Жаңа сауда орындарын ашу

7.Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне орнатылған ескерткіш аумағын

аббатандыру

8. Егіс алқабының көлемін ұлғайту және сақтау

9. Округ аумағындағы ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу

10.Мал шаруашылығында эпизоотологиялық қолайлы жағдайды дамытып және жалғастыру.


Глуховка ауылдық округінде 2015 жылы қаңтарда өткен есеп беру кездесуде округ әкіміне айтылған сын ескертпелер мен ұсыныстар:

1.Мал шаруашылығына субсидия алу туралы:

Мал шаруашылығына шаруа қожалықтарына «Балке», «Дархан», «Абенов», «Дулат» 2014 жылы субсидия бөлінді.

2. Өсімдік шаруашылығына субсидия алу туралы :

2015 жылдың жазында 30 шаруа қожалығына субсидия бөлінді , 2014 жылмен салыстырғанда 2 шаруа қожалығы қосылды.

3. Старая Крепость ауылы көшелерінің жолдарын жөндеу

Старая Крепость ауылындағы Центральный көшесінің 1 шақырым жолы жөнделді.

4.Бос жүрген иттерді ату

«Ветеринария қызметі» КММ бірігііп тұрақты түрде иттерді жою жұмысы жүргізіледі.2015 жылы 150 000 тенге бөлінді.

5.Көше шамдарын құру және жөндеу



2015 жылы көше шамдарын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаражат бөлінуге байланысты шамдарды орнатылады.

Глуховка ауылдық округінің әкімі А.Искаков
жүктеу 85,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау