Тұтынушылар (Тұтынушы коды, Тегі, Аты, Әкесінің аты, Паспорттық мәліметтер, Ескертпелер).
Бөлмелер (Бөлме коды, Номері, Адам саны, Жайлылығы, Бағасы).
Орналастыру (Орналастыру коды, Тұтынушы коды, Бөлме коды, Орналастыру күні, Босату күні, Ескертпе)
Есептің қойылымын жетілдіру:
Тұтынушыға бөлме беру туралы ақпаратты ғана емес, сонымен қатар бөлмелерге алдын ала тапсырыс беру туралы ақпаратты да сақтау керек. Сондай-ақ тұрақты тұтынушыға, сол сияқ белгілі тұтынушылар категориялары үшін жеңілдіктер жүйесі қарастырылған. Жеңілдіктер біріктіріледі.
Осы айтылғандарды ескере отырып кесте құрылымына өзгеріс енгіз және де сұраныстарды өзгерт. Жаңа сұраныстар қос.
Ломбард
Пәндік аймақтың сипаттамасы:
Сіз ломбардта жұмыс істейсіз. Сіздің міндетіңіз ломбард жұмысының қаржылық жағын бақылау.
Сіздің жұмысыңыз төмендегідей ұйымдастырылған: Сізге қандай да бір тауарды кепілдікке қойып, ақша алу мақсатында әртүрлі тұлғалар келеді. Сізге келген әр тұтынушыдан оның тегін, атын, әкесінің атын және басқа да паспорттық мәліметтерді тіркейсіз. Кепілдікке әкелінген тауардың құнын бағалап болған соң, тұтынушыға бере алатын сомманы және өзіңіздің комиссиондық төлемақыңызды есептейсіз. Сонымен қатар ақшаның қайтарылу мерзімін анықтайсыз. Егер тұтынушы келіссе, онда сіздердің келісімдеріңіз құжат түрінде бекітіледі, ақша тұтынушыға беріледі, ал тауар сізде қалады. Көрсетілген мерзімде ақша қайтарылмаған жағдайда тауар сіздің меншігіңізге өтеді.
Кестелер:
Тұтынушылар (Тұтынушы коды, Тегі, Аты, Әкесінің аты, Паспорт номері, Паспорт сериясы, Паспортты беру мерзімі).
Тауардың категориясы (Тауар категориясының коды, Атауы, Ескерту).
Ломбардқа өткізу (Код, Тауар категориясының коды, Тұтынушы коды, Тауар сипаттамасы, Өткізу мерзімі, Қайтарылу мерзімі, Соммасы, Комиссиондық төлемақы).
Есептің қойылымын жетілдіру:
Тауардың меншік құқығы ломбардқа көшкеннен кейін, ломбард оны өткізу кезінде көрсетілген бағадан аз немесе көп соммаға сата алады. Нарықтағы жағдайға байланысты баға бірнеше рет өзгеруі мүмкін. (Мысалы, ломбард қожайыны қыс соңына қарай қыстық заттарды жеңілдетілген бағамен сатуы мүмкін). Бұл тауардың ағымдағы бағасынан басқа мүмкін болатын баға мәндерін сақтау керек.
Кестелер құрылымына осы деректерді ескеретін өзгерістер енгізу және бар сұраныстарды өзгерту. Жаңа сұраныстар қосу.
Достарыңызбен бөлісу: |