Главная страница



жүктеу 0,98 Mb.
Pdf просмотр
бет5/30
Дата17.02.2018
өлшемі0,98 Mb.
#10024
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

17 

 

бір нәрсенің бетінде із қалдыру. Хат білмесең, бармағыңды бас, - деді Медведев 



Мықтыбайға (Ақынжанов). 

Айнала зат. 1. Маңай, төңірек, жан-жақ қоғамдық орта. Күн қызылшұнақ 

аяз.  Айнала  көз  жеткісіз  кең  жазық  (Мұстафин).  Жеті  жасар баланың  ойының 

тұрақты  болуы  оны  қоршаған  табиғи  ортасына,  айналасына  байланысты 

(Көбеев).  2.  Барлығы  бас-аяғы.  Айналасы  жиырма  күн  ішінде  барлық  егіс 

даласы  жыртылып  бітті.  3.  Жиек,  ернеу,  кенере,  шет.  Екі  суреттің  айналасын 

қайшымен  қиып,  осы  рамаға  Оксана  Артемьеваның  өзі  салған  (Омаров).  Қар 

жауса да тоңбайды бай баласы, Үй жылы киіз тұтқан айналасы (Абай). 

Сөздікте  омонимдес  сөздердің  әрқайсысы  рим  цифрымен  беріліп,  жеке-

жеке  реестр  сөздер  ретінде  қаралады.  Мысалы,  «Қазақ  тілінің  түсіндірме 

сөздігінде» омонимдес сөздер былайша түсіндірілген: 

Жас  I  зат.  Жылағанда  көзден  шығатын  мөлдір  су.  Көзге  жас  іркілді 

(Көбеев). 

Жас II зат. Адамның өмір мезгілін белгілейтін уақыт, жыл саны, өмір. Елу 

жастан асқанда, правомды теңерді. (Әзірбаев). 

Жас  II  сын.  Жаңа  өсіп  келе  жатқан,  кәрі  емес.  Анау  шетте  жас  солдат, 

Қасетіне үңілді (Саин). 

Жастық I зат. Бастың астына салатын бұйым, көпшік. Төр алдын сірескен 

көрпе, жастық (Сыланов). 

Жастық  II  зат.  Жас  кез,  жас  шақ.  Жастық  шағы  есіне  түскендей  Дәмелі 

ойлы пішінмен Күнтуар сөзін қайта жалғады. (Омаров). 

Түсіндірме  сөздікте  жеке  сөздер  ғана  емес,  сонымен  бірге 

фразеологиялық  оралымдар  да  беріліп,  олардың  мағыналары  талданады. 

Фразеологиялық  оралымдар  реестр  сөздің  негізгі  және  туынды  мағыналары 

түсіндіріліп  болғаннан  кейін  ромбикпен  (<>)  беріледі.  Фразеологиялық  сөз 

тіркесі өзіне негізгі ұйтқы болған сөздің сөздік мақаласында беріледі. Мысалы, 

басына  көтеру,  бас  бұзар,  бас  ұру,  бас  сауғалау,  бас  қосу,  басын  айналдыру 

тәрізді  тұрақты  сөз тіркестері бас деген  создің  сөздік  мақаласында берілсе,  ат 

төбеліндей,  ат  салысу,  ат  үсті,  аттың  жалы,  түйенің  қомында,  ат  құйрығын 

кесісу, аттың жалын тартып мінгелі деген тұрақты сөз тіркестері ат деген сөздің 

сөздік  мақаласында  беріледі.  Мысалы,  «Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде» 

арқа  деген  сөздің  әр  түрлі  мағыналары  түсіндіріліп,  соңынан  осы  сөздің 

негізінде жасалған төмендегі тұрақты сөз тіркестері берілген: 

<>  Арқа  сүйеді  –  біреуді  сүйеніш  етеді,  соған  сенеді,  соны  тірек  етеді. 

<>Арқа тұтты – арқа сүйеді, арқаланды. <> Арқасы босады – азаптан құтылды, 

қолы босады. <>  Арқа қақты  –  қошеметтеді,  мықтап  ырза  болды. <>  Арқа  еті 

арша, борбай еті борша болды – азып-тозды, өте жүдеді, азды. <> Арқа тұтты – 

арқа  сүйеді,  арқаланды.  <>  Арқасы  босады  –  азаптан  құтылды,  біреудің,  бір 

заттың  жағдайдың  тағы  асқалардың  жәрдемімен,  көмегімен,  соның 

шылауымен.  Күріш  арқасында,  күрмек  су  ішеді  (мақал).  <>  Арқасы  алынып 

қалды  –  арұасы  қажалып,  қан  шыққанша  сылынып  қалды,  жауыр  болды.  <> 

Арқасына  аяздай  батады  –  жаны  ашиды,  жанына  тиеді.  Оның  қазіргі  халі 

арқамызға аяздай батады. (Иманжанов). 



18 

 

Содан  бергі  өмір  талабы  бұл  сөздікті  толықтырып,  жаңартып  қайта 



жасауды  талап  етті.  "Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі"  1974  -  1986  жылдар 

арасында  он  том  болып,  жарық  көрді  (редакциясын  басқарған  А.  Ысқақов). 

Сөздікте 67 мыңдай атау сөз, 24,5 мыңдай фраеологиялық тіркес, барлығы 91,5 

мыңдай  лексикалық  форма  қамтылып,  жалпы  саны  103,5  мыңдай  мағыналық 

анықтама  берілген.  Бұл  сөздіктің  алға  қойған  мақсаты  -  қазақ  тілінің  сөз 

қорындағы сөздерді мүмкін болғанынша түгел қамтып, хатқа түсіру, есебін алу, 

тіліміздегі  сөздердің  мән-мағыналарын  дәл  анықтай  отырып,  олардың  әдеби 

нормаларын  белгілеу.  Реестрге  алынған  сөздердің  қай  сөз  табына  қатысты 

екендігін  көрсететін  грамматикалық  белгілер  қойылған.  Сөздікте  сөздердің 

қолдану  аясы  мен  шегін,  сондай-ақ  эмоцианалды-экспрессивтік  реңін 

сипаттайтын  белгілер  де  берілген.  Стильдік  белгілер  негізінен  төрт  топқа 

жіктеледі:  1.  Әдеби  тіл  шеңберінен  тыс  қолданылу  шегін  көрсететін  белгілер: 

қарап.  (қарапайым  сөз)  ,  тұрп.  (тұрпайы  сөз)  ,  сөйл.  (сөйлеу  тіліне  тән  сөз)  , 

диал. (диалектілік сөз) т.б. 2. Әдеби тілдің белгілі бір саласында жұмсалатынын 

көрсететін стильдік белгілер: кәсіб. (кәсіби сөз) , кітап. (кітаби сөз) , діни (діни 

сөз)  ,  миф.  (мифологиялық  сөз)  ,  тар.  (тарихи  сөз)  ,  жаңа.  (жаңа  сөз),  поэт. 

(поэтикалық  сөз)  т.б.  3.  Ғылым-өнердің  бір  саласында  жұмсалатынын 

көрсететін  белгілер:  биол.  (биология)  ,  хим.  (химия)  ,  муз.  (музыка)  ,  авиац. 

(авиация) т.б. 4. Сөздердің әртүрлі стильдік бояуын көрсететін белгілер: экспр. 

(экспрессивті  сөз)  ,  эмоц.  (эмоционалды  сөз)  ,  сып.  (сыпайы  сөз).  Сонымен 

бірге  сөздікте  үнемі  болмаса  да  қай  тілден  келгендігін  көрсететін  белгілер  де 

қойылған: ар. (араб сөзі) , иран. (иран сөзі) , моңғ. (моңғол сөзі), ор. (орыс сөзі) 

т.б. 

Сөздік  мақалада  әрбір  сөздің  мағыналарына  қысқа  түрде  тұжырымды 



анықтама берілген. Сөздің негізгі заттық мағынасы алдымен берілген де, онан 

соң  ауыспалы  мағыналары  келтірілген.  Сөз  мағыналдарының  бәрі  де 

әдебиеттерден  алынған  мысалдар  арқылы  ашылып,  мысалдардың  қай 

шығармадан алынғаны, авторының аты-жөні көрсетіліп отырған. 

Осы  10  томдық  сөздіктің  негізінде  кейін  енген  жиі  қолданыстағы 

сөздермен  толықтырылып,  1999  жылы  1  томдық  "Қазақ  тілінің  түсіндірме 

сөздігі" басылып шықты (50 000-ға жуық сөз қамтиды, редакциясын басқарған 

Т. Жанұзақов). 

Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігіне  материал жинаудың ең алғашқы адым 

да,  одан  кейінгі  жылдарда  үзілмей  жүргізілген  ең  негізгі  жұмыстары  да  сөз 

байлығын  есепке  алу,  оған  санақ  жүргізу  болатын-ды.  Міне,  осы  мақсатпен 

1937 жылдан бері қарай, ұзақ уақыт бойы тоқтатылмай, күні бүгінге дейін қазақ 

тілінде  жарияланған  әдебиет  нұсқаларынан  сөздер  теріліп,  оларға  тиісті 

цитаталар  (мысал-карточкалар)  жазылып  келді.  Бұл  жұмыс  бұдан  былайғы 

кездер де үзілмей, белгілі жүйе бойынша жүргізіле бермекші.  

 

1.3 Электронды түсіндірме сөздіктер, олардың артықшылықтары



 

 



жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау