15
Түсіндірме сөздік әдеби тілдегі жалпылама және жиі қолданылатын
сөздерді қамтып, олардың мағыналарын талдап түсіндіруді, әдеби тілдің
лексикалық, семантикалық нормаларын көрсетуді мақсат етеді.
Орыс тілінде түсіндірме сөздік жасаудың мол тәжірибесі бар. «Словарь
Академии Российской» деп аталатын сөздік алғаш рет 1783-1794 жылдары
жасалды. Бұл сөздіктің алфавит тәртібіне келтіріліп жасалған түрінің бірінші
бөлімі 1806 жылы (Петербургта), ал алтыншы бөлімі 1822 жылы жарыққа
шықты. Аталған сөздіктің алғашқы тәжірибе ретінде үлкен мәні болды. Мұнан
кейін де бірнеше сөздік жасалды. Осы сөздіктердің ішінен В. И. Даль
құрастырған «Толковый словарь живого велико-русского языка» деген сөздік
айрықша орын алады. Бұл сөздік нормативті сөздік емес, онда халықтың
ауызекі тілінің ерекшеліктері молынан қамтылған. Сөздікте этнографиялық
материалдар (халықтың турмыс салты, әдет-ңұрпы, өндіріс құралдары және т.б.
жайында мағлұматтар), 30 000 шамасында мақал мен мәтелдер және т.б.
фразеологизмдер берілген.
Кеңес өкіметінің алғашқы он жылының өзінде жаңа социалистік
мәдениеттің жасалып дамуына жағдайлар жасалды. Миллиондаған қарапайым
адамдар мектептерге барып, сауатын аша бастады. Олар мектептерге өздерінің
жергілікті тіл ерекшеліктерін, жергілікті сөздерін ілестіре келді. Міне, осы
кезде орыстың әдеби тілінің жаңа нормаларын белгілеп, нормативті сөздігін
жасау өте-мөте қажет болды. Оса қажеттілікті ескере келіп, В. И. Ленин 1920
жылы 18 январында А. В. Луначарскийге жолдаған хатында орыс тілінің
сөздігін жасау жайында былай деп жазды: «Жуырда менің ...Дальдің атақты
сөздігімен танысуыма тура келді.
Тамаша нәрсе, бірақ бұл облыстық сөздік қой және ескірген ғой. Нағыз
орыс тілінің, айталық қазірде қолданып жүрген және Пушкиннен Горькийге
дейін классиктер қолданған сөздердің сөздігін жасайтын мезгіл жетті емес пе».
В. И. Лениннің идеясымен орыс тілінің кеңес дәуіріндегі түсіндірме
сөздігі жасалып, бірнеше жылданкейін проф. Д. Н. Ушаковтың редакциясымен
басылып шықты. («Толковый словарь русского языка» в четырех томах, 1935-
1940 г. г.). Бұл еңбек орыс әдеби тілінің нормативті түсіндірме сөздігі ретінде
жасалды.
Д. Н. Ушаковтың редакциясымен шыққан түсіндірме сөздіктен кейінгі
уақыт ішінде орыс әдеби тілінде қалыптасқан айқындалған лексика-
грамматикалық
және
стилистикалық
нормаларды,
лексика
мен
фразеологиядағы өзгеріс, жаңалықтарды қамтитын сөздік жасау қажет болды
да, орыс тілінің жаңадан 4 томдық сөздігі жасалды. Орыс тіліндегі түсіндірме
сөздіктің шағын түрі – С. И. Ожегов құрастырған «Словарь русского языка»
деп аталатын сөздік (бірінші басылуы – 1949 ж., екіншісі басылуы – 1952 ж.,
үшінші басылуы – 1953 ж.). Орыс тілінің 17 томдық академиялық түсіндірме
сөздігі жасалып, 1950 – 1956 жылдарда жарық көрді. Бұл сөздік әрі нормативті,
әрі түсіндірме-тарихи сөздік болып саналады.
Түрік тілдерінің әрқайсысының түсіндірме сөздігін құрастыру жұмысы
қолға алынып, олардың алғашқылары кейінгі жылдары жарық көре бастады.
16
Кеңес өкіметі тұсындағы жарты ғасыр бойында ғылымның өзге салаларымен
жарыса, қазақ тіл білімі де дербес ғылым болып қалыптасып, оның кадрлары
өсті, оны басқаратын, жүргізетін арнаулы мекемелер Қазақ ССР Ғылым
академиясының Тіл білімі институты, университеттердің, пединституттардың
тіл кафедралары т.б. ұйымдастырылды. Бұл мекемелер алғашқы 20 - 30 жыл
бойы халықтың күнделікті әлеуметік өмірі мен тұрмысына керекті қажеттерді
өтеу мәселелерімен ғана шұғылданып қойған жоқ, сонымен бірге, олар болашақ
ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін тиісті материалдар да жинастырды. Осындай
материалды бірте-бірте жинау үшін ұзақ уақыт та, көп еңбек те сарп ететін
жұмыстың бірі – қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасаудың қамы болатын-ды.
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» I томы 1959 жылы, ал II томы 1961
жылы жарыққа шықты. Бұл «Сөздік» – қазақ тілінде түсіндірме сөздік
жасаудың ең алғашқы тәжірибесі. Оның жалпы редакциясын І. Кеңесбаев
басқарды. Бұл сөздік жұртшылықтың күнделікті кәдесіне жарап, азды-көпті
мәнді қызмет атқарды. Бұған жиырма мыңдай ең жиі қолданылатын сөздер
енген еді.
Сөздікте көп мағыналы сөздің ең алдымен негізгі номинативті мағынасы,
онан кейін туынды номинативті мағыналары және келтірінді мағыналары
беріледі. Көп мағыналы сөздің әрбір мағынасы араб цифрымен көрсетіледі.
Мысалы «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» (I том, 1959) көп мағыналы басу
деген сөз бен айнала деген сөздердің мағыналары төмендегі түрде талданылып
түсіндірілген.
Басу ет. 1. Қозғалып жүру, адымдау. Манат жай басып, колхоз кешін
байыпты көзінен өткізіп келеді (Мұстафин). 2. Бір нәрсенің үстіне күш түсіру,
аяқ астында қалдыру. Біздің елдің туы көкте жайнайды. Басып өтті фашизмнің
белінен (Саин). 3. Газет, журнал, ккітаптарды баспадан шығару. Аз уақыттың
ішінде «Күрес одағы» жұмысшыларға арнап ондаған үндеулер басып шығарды
(БҚ(б)П тарихы) Ел тілегі жол тапты, Тұншықпады тұманда. Ертеңіне сол
хатты Басып жатты «Правда» (Мәуленов). 4. Көңілін аулау, жұбату, ақыл айту.
Ері ашу айтса, әйелі басу айтып, Отырса бұрынғыдай жау бола ма (Абай).
Ажуаға қорлауға тілі орамды. Не түрлі тұзақ құрып қөңілін басқан (Абай). 5.
Жер әлемді алып қаптау, бір нәрсенің бетіне жайылу, Жер – дүниені шаң, тұман
басып, Ойнақ қағып, құтырып дауыл келді (Абай). Түнеріп тұрды қара түн, Көк
жиегін бұлт басып (Саин). 6. Бір нәрсенің жер бетін қаулап қоршауы. Алдымда
ашылады әсем аспан, Тулайды асау толқын алып қашқан, Жер жәннат жасыл
шөбі толықсиды, Кеудесін көк алады орман басқан (Шипин). Түн көрпесін
жамылған кең жазық даланың бәрін де сәуле басқан (Иманбаева). 7. Дақ түспеу,
кір шалмау. Семсерін Аманкелді тот баспасын! Ел қорға, ұлы күннің туса шағы
(Жамбыл). 8. Ашуды тарқау, жадырату. Екеуің де бүгін ашулы екенсіңдер,
ашуларыңды бас, - деп күлімсіреді (Мұстафин). 9. Күшпен тоқтату, тойтару.
Бұл ереуіл қарулы күшпен басылып тасталды. (БК(б)П тарихы). 10. Ілгері
өрлеу, алға басу – қарқындау, екпіндеу. Зырылдап станоктар заводтарда,
Заманның қарқынымен басады алға (Шипин). 11. Әнге салу марш, күй ойнау,
Ей алдағы жас командир, Бас маршқа, жарқылда! (Саин). 12. Қағаз немесе басқа