Гылым тарихы мен философиясы Пэншинин окуө эдiстемелiк кешене



жүктеу 1,04 Mb.
Pdf просмотр
бет11/16
Дата23.11.2018
өлшемі1,04 Mb.
#24379
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

 

саясатты  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  тұғызатын  немесе  оған  кедергі  жасайтын  шешуші 

фактор. 

Идеология адамдардың әлеуметтік қызметін мотивациялау механизмінде аса маңызды рөл 

атқарады. Идеологияда қоғамдық психологияда сияқты әр түрлі әлеуметтік топтардың, ең 

алдымен  таптар  мен  ұлттық  қауымдастықтардың  объективтік  қажеттіліктері  мен 

мүдделері  көрініс  табады.  Бірақ  идеологияда  мұндай  қажеттіліктер  мен  мүдделер  ең 

жоғарғы, яғни теориялық деңгейде ойластырады. Идеологияның өзі қоғамның әлеуметтік-

саяси  құрылысын,  оның  әлеуметтік  құрылымын,  әр  түрлі  әлеуметтік  күштердің 

қажеттіліктері  мен  мүдделерін  теориялық  тұрғыдан  бейнелейтін  көзқарастар  мен 

тұжырымдамалардың  жүйесі  болып  табылады.  Онда  белгілі  бір  таптардың  саяси 

партиялар  мен  қозғалыстардың  қоғамның  сол  кездегі  саяси  жүйесіне,  мемлекеттік 

құрылысына,  жеке  саяси  институттарына  қатынасы  анық  байқалып,  айқындалуы 

мүмкін. Идеологияның теориялық концепция екендігін дәлелдейтін факт  оның қоғамның 

даму  процесін  ғылыми  негізде  сипаттауында  саяси,  құқықтық  және  т.б.  құбылыстардың 

мәнің олардың даму заңдылықтарын ашуында болып табылады. Бірақ былай әр қашанда 

бола  бермейді. Әлеуметтік  субъектілердің  идеологиясы  толық  ғылыми  мазмұнға  ие 

болады,  егер  де олардың мүддесі  қоғамның  негізгі  даму  үрдісі  мен  қоғамдық  прогрестін 

мүдделеріне  сай  келетін  болса.  Бұл  сәтте  олардың  мүддесі  көпшіліктің  мүддесімен 

үйлеседі.  Сондықтан  олардың  өз  мүдделерін  жасыруға  ешбір  қажеттілігі  жоқ,  керісінше 

қоғамның даму заңдылықтарын, оның субъективтік және объективтік шарттарының өзара 

байланысын түсінуге қажеттілік туындайды. Сонда идеологияның қозғаушы күші ретінде 

әлеуметтік  қызығушылық  болса,  оның  танымдық  бағыт-бағдары  ретінде  ақиқатты 

қарастырамыз. Кез  келген  идеологияны  ғылими  деп  есептемейміз.  Белгілі  бір  таптың 

идеологиясында  оның  шынайы  мүдделері  жасырылып,  кемітілуі  мүмкін. Идеология 

қоғамда  саналы  түрде  қалыптасады.  Идеологтар  ретінде  теоретиктер,  ойшылдар, 

саясаткерлер  болып  табылады.  Сосың  қалыптасқан  идеологияны  тиісті  механизмдер 

арқылы  (білім  беру  және  тәрбиелеу  жүйесі,  бұқаралық  ақпарат  құралдары  және  т.б.) 

көпшіліктің  санасына  енгізіледі.  Сондықтан  идеологияның  қалыптасуы  мен  қоғамда  кең 

тарауы  басынан  аяғына  дейін  саналы  және  мақсатқа  лайықты  болады.  Қоғамдағы 

көпшіліктің мүддесіне сай келетін идеологияның тарауын дұрыс  деп білеміз. Бізге мәлім 

болғандай,  кейде  идеология  шынайы  мүдделерге  қайшы  келіп,  көпшіліктің  санасына 

күшпен  енгізілуі  мүмкін.  Көптеген  индивидтер  мен  адамдар  тобы  адасып,  өздерінің 

қызметінде  жалған  идеологияны  қолданады.  Әрине  және  объективтік  жағдайларының 

ықпалымен,  әсіресе  қоғамдық  психологияның  ықпалымен  қалыптасады.  Сонымен  бір 

идеология  қоғамдық  психология  маңызды  ықпал  тигізеді. Қоғамдық  сана  формалары. 

Әлеуметтік  философия  қоғамдық  сананың  келесі  формаларын  атап  көрсетеді:  саяси, 

құқықтық, моральдық, эстетикалық, діни, ғылыми және филоософиялық сана. Әр бір жеке 

сана қоғамдық өмірдің тиісті жақтарын бейнелейді. 

Қоғамдық  сананың  формалары –  болмыстың  адам  санасында  бейнеленуі.  Қоғамдық 

сананың  формалары  адамның  практикалық  іс-әрекеттерінен  байқалады.  Қоғамдық 

сананың  тарихи  қалыптасқан  формалары  қоғамның  рухани  мәдениетінің  құрамды  билігі 

болып табылады. Қоғам дамуының алғашқы сатыларында қоғамдық сана жеке формаларға 

бөлінбеді.  Өнер,  мораль  және  дін  адамдардың  еңбекпен  айналысу  нәтижесінің  белгілі 

сатысында,  таптық  қоғам  қалыптасқанға  дейін  болды.  Таптық  қоғамдағы  қоғамдық 

сананың  формалары  саясат,  хұқ,  философия,  мораль,  өнер,  дін  болмысын  бейнелей 

отырып, оған белсенді ықпал етеді. Қоғамдық сананың формаларының әрқайсысының өз 

объектісі  мен  бейнелеу  тәсілі  болуына  қарамастан,  болмыс  пен  адам  санасына  өзіндік 

әсерін  тигізеді,  идеялық  саяси  күресте  ерекше  рөл  атқаруымен  сипатталады.  Қоғамдық 

сананың саяси және праволық формалары қоғамның экономикалық қатынасын саяси және 

құқылық тілде, ал өнер – көркемдік образдарымен, мораль – адамдардың мінез-құлқының 

белгілі  принциптері  мен  ережелері  түрінде  бейнелейді.  Қоғамдық  сананың  формалары 

қоғамның  экономикалық  базисімен  байланыс  жасау  сипатына  қарай  әрқилы  болады. 




 

Бұлар  қоғамның  өндірістік  қатынастарын  тура,  тікелей  бейнелей  отырып,  олардың 

төтелей  ықпал  жасауымен  қалыптасады.  Философия  мен  өнер  қоғамның  экономикалық 

негізін  жаңаша,  бірқатар  аралық  формалар  арқылы  ең  алдымен  саяси  идеологияның 

көріністері арқылы бейнелейді. Қоғамдық сананың формалары тарихи өзгерістерге түсіп, 

нақтылы  дәуірде  осы  формалардың  бірі  қоғамның  рухани  өмірінде  үстем  болып, 

қолғандарын өзіне бағынышты етеді. 

 

                                        Дәріс 6 

Тақырыбы:Әлеуметтік және гуманитарлық танымдағы  уақыт, кеңістік  

Мақсаты: Әлеуметтік танымдағы  уақыт, кеңістік ерекшеліктерің ашып көрсету 

                                        Жоспар 

1 Уақыт, кеңістік болмыстың формасы ретінде 

2  Әлеуметтік танымдағы  уақыт пен кеңістік ерекшеліктері  

Болмыс  –  тарихи  қалыптасқан  кең  мағыналы,  терең  ауқымды  философиялық  ұғым.  Әр 

заманда  өмір  сүрген  ойшылдар  бұл  ұғымды  көбінесе  жүйелі  философиялық 

толғаныстардың  бастапқы  негізі  деп  қараған.  Осы  уақытқа  дейін  де  болмыс  туралы  бұл 

көзқарас  өз  мәнін  сақтап  келеді.  Болмыс туралы  философиялық  мәселені  түсіну  үшін  ең 

алдымен  оның  адамзаттың  шынайы  өмірінде  қандай  түбегейлі  орын  алатынын  ұғыну 

қажет. 


Болмыстың негізгі түрлері: 

1.  Заттар (денелер), процестер болмысы:  

А) бірінші табиғат; 

Б) екінші табиғат. 

2.  Адам болмысы:  

А) заттар дүниесіндегі адам болмысы; 

Б) адамның өзіндік болмысы. 

3.  Рухани болмыс:  

А) жеке адамның рухани болмысы; 

Б) қоғамның рухани болмысы. 

4.  Әлеуметтік болмыс:  

А) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекеленген адам болмысы; 

Б) қоғам болмысы. 

Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі – табиғат заттары мен 

табиғи  процестер.  Бірінші  табиғат  ол  адамзатқа  дейін  пайда  болған,  адамдардың 

санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т.б. 

Кейін адам Жер табиғатына қуатты да кең әрекет етуші болып табылады.бұрын табиғатта 

өмір  сүрмеген,  адамдар  өндірген  заттардың,  процестердің,  жай-күйлердің  тұтас  дүниесі 

пайда болды. К. Маркс оны «Екінші табиғат» деп атады. «Екінші табиғатқа» жататындар: 

үйлер,  материалдық  заттар,  адам  ойлап  шығарған  өсімдіктер  және  тірі  организмдер 

(табиғатта  кездеспейтін).  Ол  жасанды  табиғат.  Қазіргі  заманда  «екінші  табиғат»,  өзі 

«бірінші табиғаттың» туындысы болса да, басымды болды. 

Адам болмысы екіге бөлінеді: - Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның 

үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты  - оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, 

ең  алдымен,  «сүйек  пен  еттен  жаралған  пенде».  Сонда  адам  денесі  –  табиғат  бөлшегі. 

Денесінің  болуы  адамды  шектеулі,  өткінші  жан  иесі  етеді.  Ерте  заманнан  адамдар  өз 

өмірлерінің  ұзақтығының  ұлғаю  мұмкіндіктерін  іздестірген.  Ағылшын  биологтарының 

айтуынша,  барлық  жағдайлар  жасалса,  адам  денесі  бір  мың  жыл  өмір  сүре  алады.  Өмір 

ұлғаю  үшін  не  керек?  Біріншіден,  адам  денесінің  тіршілігін  қамтамасыз  ету  қажет. 



жүктеу 1,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау