Гылым тарихы мен философиясы Пэншинин окуө эдiстемелiк кешене



жүктеу 1,04 Mb.
Pdf просмотр
бет10/16
Дата23.11.2018
өлшемі1,04 Mb.
#24379
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

 

бөлінбеді.  Өнер,  мораль  және  дін  адамдардың  еңбекпен  айналысу  нәтижесінің  белгілі 

сатысында,  таптық  қоғам  қалыптасқанға  дейін  болды.  Таптық  қоғамдағы  қоғамдық 

сананың  формалары  саясат,  хұқ,  философия,  мораль,  өнер,  дін  болмысын  бейнелей 

отырып, оған белсенді ықпал етеді. Қоғамдық сананың формаларының әрқайсысының өз 

объектісі  мен  бейнелеу  тәсілі  болуына  қарамастан,  болмыс  пен  адам  санасына  өзіндік 

әсерін  тигізеді,  идеялық  саяси  күресте  ерекше  рөл  атқаруымен  сипатталады.  Қоғамдық 

сананың саяси және праволық формалары қоғамның экономикалық қатынасын саяси және 

құқылық тілде, ал өнер – көркемдік образдарымен, мораль – адамдардың мінез-құлқының 

белгілі  принциптері  мен  ережелері  түрінде  бейнелейді.  Қоғамдық  сананың  формалары 

қоғамның  экономикалық  базисімен  байланыс  жасау  сипатына  қарай  әрқилы  болады. 

Бұлар  қоғамның  өндірістік  қатынастарын  тура,  тікелей  бейнелей  отырып,  олардың 

төтелей  ықпал  жасауымен  қалыптасады.  Философия  мен  өнер  қоғамның  экономикалық 

негізін  жаңаша,  бірқатар  аралық  формалар  арқылы  ең  алдымен  саяси  идеологияның 

көріністері арқылы бейнелейді. Қоғамдық сананың формалары тарихи өзгерістерге түсіп, 

нақтылы  дәуірде  осы  формалардың  бірі  қоғамның  рухани  өмірінде  үстем  болып, 

қолғандарын өзіне бағынышты етеді. 

Ру – қаны бір, туыстық байланыстармен топтасқан алғашқы қауым  – алғашқы қауымның 

экономикалық  қатынасының  барысында  қалыптасқан  адамдар  бірлестігінің  түрі.  Соңғы 

зерттеулердің  мәліметтеріне  қарағанда,  рулық  бірлестік  барлық  халықтарға  тән  емес. 

Алғашқында Р. аталық және аналық формада (Патриархат, Матриархат) дара бірлестік 

ретінде  емес,  әртүрлі  қауымда  өмір  сүрген  туыс-тумалардың  тобына  ұқсады.  Р. 

қауымдардың  кіндігі  іспеттес,  олардың  мүшелерін  тұтас  бір  топқа  шоғырландырды, 

үйлену  –  отбасылық  қатынастарды  реттеу,  бірлесе  тәрбиелеу  мен  балаларды  асырау 

арқылы  еңбек  пен  әлеум.  қатынасқа  жарамды  ұрпақтардың  кобеюін  қамтамасыз  етті. 

Рулық, қатынастар әдетте қауым мүшелерінің әлеум. байланысының түріне жатты, табыну 

әрекеттерінде,  өндірісте,  бөлісуде  және  т.б.  анықтаушы  роль  атқарды,  қауымның  салт-

дәстүрін  басқаруда  (қауымның  рулық  кіндігінің  мүшелерінен  ру  басы  мен  көсемдерді 

сайлауда,  оларды  алмастыруда  және  т.б.)рулық  ерекшелікті  сақтады.  Р.  мен  рулық 

қауымның  арақатынасынан  рулық  құрылысты  анықтайтын  әлеум.  құрылым  қалыптасты, 

мұнда  жерге  қоғамдық  меншік  үстемдік  етті,  мүліктей  және  әлеум.  бөлісу  болмады, 

қоғамдық істерге қатысу ересектерінің хұқықы мен борышы болып табылды. 

Алғашқы  қауымдық  құрылыстың  дамуына  байланысты  біртіндеп  Р-дың  саны  көбейді, 

олар фратрияға (бауырластық топтарға) бірікті, фратериядан – тайпалар, ал тайпалардан – 

тайпалар  одағы  құрылды.  Өндіргіш  күштердің  прогресі,  қауымдар  мен  отбасылар 

арасындағы товарлы-ақша қатынастарының дамуы рудың ыдырауына әкеліп соқты. Оның 

ролі таптық қоғам өмірінде кеміді. 

                                                 Дәріс 5 

Тақырыбы:Өмір  қоғам  және  мәдениетті  зерттейтін  ғылымдардың  категориясы 

ретінде   

   Мақсаты : «Өмір»түсінігінің мазмұндық сипаттын ашып көрсету 

                                 Жоспар 

    1 Өмір түсінігі 

    2 Өмір түсінігінің мазмұндық сипаты 

 Қоғамдық  сана  аса  күрделі  құбылыс  болып  табылады.  Қазіргі  әлеуметтік  философия 

қоғамдық сананың құрылымында келесі элементтерді ажыратады; 



 

-  күнделікті және теориялық сана; 

-  қоғамдық психология және идеология; 

-  қоғамдық сана формалары. 

Оларға қысқаша түсінік берейік. 

Күнделікті  және  теориялық  сана. Бұл  екеуі  қоғамдық  сананың  төменгі  және  жоғары 

деңгейі  болып  табылады.  Оларды  қоғамдық  құбылыстарды,  процестерді  терең 

түсіндіруімен  ерекшелейміз.  Күнделікті  сана  барлық  адамдарға  тән.  Ол  адамдардың 

күнделікті  практикалық  қызметі  процесінде  олардың  эмпирикалық  тәжірибесі  негізінде 

қалыптасады.  Көп  жағдайда  бұл  қоғамдық  өмірді  стихиялық  тұрғыдан  бейнелеу  болып 

табылады.  Мұнда  қоғамдық  құбылыстарды  жүйелеу  мен  олардың  терең  мәнің  ашу  жоқ. 

Адамдардың  кейбір  қоғамдық  құбылыстар  ғылыми  түсінігі  болмаған  жағдайында  сол 

құбылыстар  жөнінде  күнделікті  сана  деңгейінде  ой  қозғауға  мәжбүр  болады.  Мұндай 

жағдай адамдар тобы мен жеке адамның өмірінде жиі кездесіп тұрады, өйткені, біз бәрін 

ғылыми тұрғыдан ойластыра бермейміз. 

Адамдардың білімділігі төмен болса, онда олар қоғамдық өмірдің  құбылыстары жөнінде 

көп  жағдайда  күнделікті  сана  деңгейінде  ойлады.  Бірақ  білімді  адамның  өзі  де  бәрін 

ғылыми жолмен тани алмайды. Сондықтан күнделікті сананың қызмет ету аясы өте кең. 

Теориялық  сана күнделікті  санаға  қарағанда  қоғамдық  өмірді  танығанда  қоғамдық 

құбылыстар  мен  процестердің  мәнің  ашуға,  олардың  объективті  даму  заңдылықтарын 

көрсетуге тырысады. Бұл қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өміріне 

қатысты.  Осыған  байланысты,  ол  қоғамдық  сананың  біршама  жоғарғы  деңгейі  болып 

табылады. Теориялық сана қоғамдық өмірдің кез келген құбылысына байланысты белгілі 

бір  ғылыми  концепция  болып  саналады.  Теориялық  сананың  субъектісі  ретінде  барлық 

адамдарды  қарастыра  бермейміз.  Мұндайларға  қоғам  дамуының  тиісті  құбылыстары 

жөнінде ғылыми тұрыдан ойлай білетін адамдарды, яғни әр түрлі білім саласында қызмет 

ететін  ғылымдарды,  мамандарды,  теоретиктерді  жатқызамыз.Күнделікті  және  теориялық 

сана  бір-бірімен  өте  күрделі  байланыста  болады.  Әсіресе  күнделікті  сананың  мазмұны 

өзгеріп,  ол  ғылыми  көзқарастармен  ойларға  тола  түсті.  Бұл  сәтте  қазіргі  күнделікті 

сананың  шамамен  бір  немесе  екі  ғасыр  болған  санадан  айырмашылығы  жер  мен 

көктей. Қоғамдық  сананың  екі  деңгейі  –  күнделікті  және  теориялық  –  қоғамның  дамуы 

мен адамдардың өмірі мен қызметінде өте маңызды рөл атқарады. Қоғамдық психология 

және идеология. Бұл екеуі қоғамдық сананың маңызды құрылымдық элементтері. Олар әр 

түрлі  әлеуметтік  топтар  мен  ұлттық-этникалық  қауымдықтардың  әлеуметтік  шыңдықты 

қатынасын 

айқындайды. 

Мұндай 

қатынас 


адамдардың 

қажеттілігінен 

туындайды. Қоғамдық  психологиядағы  қоғамдық  өмір  құбылыстарына  деген  қатынас 

адамдардың тек қана қажеттіліктері мен мүдделері арқылы емес, сонымен бірге олардың 

әр  түрлі  сезімдері,  ырымдары,  дәстүрлері,  ұмтылыстары,  мақсаттары  мен  мұраттары 

арқылы көрініс табады. Қоғамдық психология адамдардың олардың қоғамдық болмысына, 

өмір  жағдайларына  эмоциялық  және  интеллектуалдық  қатынастарының  бірлігі  деуге 

болады.  Мұны  әлеуметтік  топтардың  психикалық  ерекшеліктерінің  көрінісі  ретінде 

қарастыруға  болады.  Бұған,  мәселен,  әлеуметтік-таптық  және  ұлттық  мінез-құлқысында 

көрініс  табады. Қоғамдық  психология  күнделікті  сана  сияқты  бұқара  қауым  санасының 

көрінісі  болып  табылады.  Бұл  сәтте,  ол  массалық  сана  айналады.  Қоғамдық  немесе 

әлеуметтік психологияның бірнеше функцияларын атап көрсетуге болады. Солардың бірі  

құндылықтық-бағдардау  функциясы.  Оның  мәні   келесіде.  Таптардың,  ұлттар  мен 

халықтардың әлеуметтік психологиясы олардың құрамына кіретін адамдардың құндылық 

бағыт-бағдарын, мінезін қалыптастырады. Келесі функциясы – мотивациялық функциясы. 

Бұл  функциясы  адамдар  массасын,  жеке  әлеуметтік  топтарды  белгілі  бір  бағытта  әрекет 

етуге итермелейді, яғни олардың қызметінің қозғаушы күші болып саналады. Сондықтан 

мемлекеттік  саясатты  топтар  мен  ұжымдардың  қоғамдық  психологиясын  әр  қашанда 

ескеру  қажет.  Өйткені,  олардың  қызметінің  әлеуметтік-психологиялық  мотивтері  бұл  



жүктеу 1,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау