Гггггггггг



жүктеу 0,77 Mb.
бет1/5
Дата22.05.2018
өлшемі0,77 Mb.
#15840
  1   2   3   4   5

БЕКІТЕМІН:
Ауданның білім бөлімінің бастығы

_______________________Қ.Бапаев



« 11 » маусым 2010 жыл

КЕЛІСЕМІН:

Аудан әкімінің орынбасары _____________ Ә.Әбжанов

« 11 » маусым 2010 жыл



Мақтарал ауданындағы орта мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізу

жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
Тапсырыс беруші - Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Яссауи к-сі, №5 үйде орналасқан Мақтарал ауданының білім бөлімі, СТН 581000214137, ИИК 001130590, Мақтарал аудандық қазынашылық басқармасы, БИК 195301070, әкімшілік коды – 4649606.

Тапсырыс берушінің өкілдері - аудандық білім бөлімінің бас маманы А.Өтебаев, байланыс телефоны- 8(725 34) 6-53-17.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы – Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов к-сі, № 20 үйде орналасқан Мақтарал ауданының экономика және қаржы бөлімі, СТН 581000217285, ИИК 001130590, Мақтарал аудандық қазынашылық басқармасы, БИК 195301070, әкімшілік коды-4593507.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі - ауданның экономика және қаржы бөлімі бастығының орынбасары - Ж.Уразымбетов, байланыс телефоны 8(725 34) 6-25-08.

Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.


  1. Жалпы ережелер




  1. Мақтарал ауданындағы орта мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.

2. Жұмысты мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс төрт бөлінген сома 48 000,0 мың теңгені құрайды.

1 ЛОТ бойынша – 11 660,0 мың теңге;

2 ЛОТ бойынша – 12 960,0 мың теңге;

3 ЛОТ бойынша – 11 080,0 мың теңге;

4 ЛОТ бойынша – 12 300,0 мың теңге.

3. Конкурстық құжаттама төмендегі көрсетілген құжаттарды қамтиды:

1) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін;
      2) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;
3) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінім нысандарын (Конкурстық құжаттаманың 3 – және 4-қосымшалары);

4) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға тауарларды беру (жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтерді көрсету) үшін ықтимал өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтердіонкурстық құжаттаманың 5- қосымшасы);

4. Неғұрлым сапалы жұмыс пен отандық кәсіпкерлерді қолдайтын конкурсқа қатысушыны анықтау үшін келесі өлшемдер конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсыныстарын сұрату тәсіліне әсер етеді:

а) әлеуетті өнім берушіде болуы тиіс:

өткізіліп отырған мемлекеттік сатып алудың заты болып табылатын жұмыстар саласындағы жұмыс тәжірибесі;

өткізіліп отырған мемлекеттік сатып алудың заты болып табылатын жұмыстар саласындағы жұмыс тәжірибесі мен кәсіби біліктілікке ие мамандар;

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес, отандық тауар өнірушілерге арналған ұсынылған тауарларға ерікті сертификаттаудан өткендігін растайтын құжаттар;

мемлекеттік стандарттың талаптарымен сәйкес келетін сапа менеджменті (сертификатталған жүйе) жүйесінде сертификатталуы;

б) сатып алынатын тауарларды жөндеу, техникалық қызмет көрсету және пайдалануға кететін шығындар мен (немесе) жұмыстың қызметтік, техникалық, сапалық сипаттамасы



в) Қазақстандық мазмұн. Бағаның пайыздық мазмұны: жұмыстарды сатып алу туралы шарттың жалпы құнының әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шартты орындау үшін жұмыстарды, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шартты жасасу арқылы да сатып алынатын отандық тауар өндірушілердің тауарлары құнының, жұмыстарды тікелей де, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да сатып алу туралы шартты орындау үшін әлеуетті өнім беруші жалдаған жеке тұлғалардың – Қазақстан Республикасы резиденттерінің еңбегіне ақы төлеудің пайыздық мазмұны ретінде анықталып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы бағасынан әлеуетті өнім беруші есеп айырысады және 12 Қосымшаға сәйкес конкурсты ұйымдастырушыға ұсынылады. Өнім беруші жеңімпаздар отандық өнім өндірушілермен келісім-шартқа тұрмай, немесе өзімізде өндірілгені туралы сауда орындарынан анықтамасы болмай, келісім-шарт берілмеуі керек.

5. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген ықтимал өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттаманың 6-қосымшасына сәйкес банктік кепілдік береді.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.

6. Осы конкурсқа қатысты және жариялауға жататын ақпараттар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-III Заңына сәйкес (әрі қарай - Заң), келесі интернет-ресурста орналастырылады: www.maktaral.kz

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі

      7. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2010 жылғы "18" маусымда 12 сағ.00 мин. кешіктірмей 160500, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, №20 үйде орналасқан ауданның экономика және қаржы бөліміне конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет.



      8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:
      1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;
      2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялауға міндетті.
      9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2010 жылғы "18" маусымда 12 сағ.00 мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.
      Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он жұмыс күні мерзіміне ұзартады.
      Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялайды.
      10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, №20 үйде орналасқан ауданның экономика және қаржы бөлімінде 2010 жылғы "18" маусымда сағат 12-00-де кездесу өткізеді.
      11. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген почталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялайды.

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы

Конкурсқа қатысуға өтінім

      12. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.


      11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:
      1) әлеуетті өнім беруші осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша толтырған және қол қойылған өтінімді;
      2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:
      құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
      заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе)

орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынуға тиіс;


әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және

өткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан бурын берілген акцияларды үстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді;
төлем қабілетін растайтын құжаттарды;
      осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес әлеуетті берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының банктің мөрі соғылған анықтамасының түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде алынуға тиіс;
      бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдаәы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін;

не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы, үш айдан астам уақыттаєы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының тұпнүсқасын;


      бар болған жағдайда, ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепке тұрғаны туралы куәліктің көшірмесін.

Конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз процентіне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі. Мемлекеттік сатып алу туралы Келісім-шарттың орындалуын қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы Келісім-шарт бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дайін ұсынылады ;


      3) әлеуетті берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) мемлекеттік сатып алу туралы заңнама арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;
     әлеуетті өнім берушінің және оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді;
      Өтінім сондай-ақ, мына жағдайларды қосқанда, бірақ осы конкурстық құжаттаманың 37 тармағында көрсетілгендермен шектелместен, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына әсер ететін өлшемдерді растайтын құжаттарды қамтуы тиіс:

Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не қызмет көрсетулердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;


      осы үлгі конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді және бас мердігердің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетілер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу шартын;
     4) тауарлардың, жұмыстардың, кґрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді кґрсету кґлемдері мен сапасына, тауарға, қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет кґрсету шығыстарына кепілдік беру суреттелген техникалық ерекшеліктерді;

      5) банктік кепілдік не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты төрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді;

      6) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

      14. Әлеуетті өнім беруші келесі құжаттардың бірін ұсыну арқылы жалпы біліктілік талаптарын, қоса тартылған мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) сәйкестігін, сондай-ақ өзінің сәйкестігін растауға құқылы:

1) халықаралық рейтингтік ұйымдардың әлеуетті өнім берушілерге рейтинг бергендігін растайтын құжаттар;

2) әлеуетті өнім беруішінің арнайы листинг биржаға қосылғандығы туралы қор немесе тауар биржасынан үзінді.



15. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі-конверттерді ашқан күннен бастап 45 (қырық бес) күн болып белгіленеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

      16. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін – мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.


      Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
      17. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.
      18. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.
      19. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекен-жайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: "САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС (Мақтарал ауданындағы орта мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу) және "ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" (Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, №20 үй, 2010 жылғы 13 шілде сағат 12-00-де).

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

      20. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып: хабарландыру жарияланған күннен сағаттан бастап 2010 жылғы 13 шілде сағат 10-00-ді қоса алғанда Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі №20 үйде орналасқан ауданның экономика және қаржы бөлімі бастығының орынбасары Уразымбетов Жамшит Жақсылықұлына береді. 

     21. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

22. Әлеуетті өнім берущілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілімен, егер тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

      23. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.



Конкурстық өтінімдерді өзгерту жөне оларды қайтарып алу

      24. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.


      Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.
      Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
      25. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      26. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:
      1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;
      2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.
      27. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.

4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

      28. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия жүргізеді (Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, №20 үй, 2010 жылғы 13 шілде сағат 12-00-де.) Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.


      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.
      Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады.
      29. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс (тіркеу орнын, күнін және уақытын көрсету қажет, бұл уақыт конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашатын уақыттан бұрын болуға тиіс, ал тіркеу орны конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі өткізілетін орынмен бірдей болуға тиіс).
      Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.

      30. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.


     31. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
      1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:
      конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;
      конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;
      әлеуетті өнім берушілердің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;
      конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;
      тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;
      2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:
      конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
      3) конкурстық комиссияның хатшысы: тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;
әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.
      Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.
      Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.

жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау