Геометрия, 7 сынып



жүктеу 2,43 Mb.
бет5/9
Дата28.11.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2171
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Есептер шығару:

1.Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғаларының арасындағы бұрыш 600-қа тең. Үшбұрыштың табанындағы бұрыштарын табыңыз. Жауабы: 600; 600

2. Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 8 см, табаны 6 см.

Үшбұрыштың периметрін табыңыз. Жауабы: 22 см


  1. Тік бұрышты үшбұрыштың бір катеті 5 см, ал оның гипотенузаға проекциясы 3 см. Гипотенуза мен екінші катетін табыңдар. Жауабы: 25/3см; 20/3см

  2. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузаға проекциялары 9 см және 16 см болатын катеттерін табыңдар. Жауабы: 15 см; 20 см

  3. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 7,5 см-ге тең, ал бүйір қабырғасы 2 см-ге тең. Табанын табыңдар. Жауабы: 3,5 м

  4. Тең бүйірлі үшбұрыштың бір бұрышы 1000-қа тең. Қалған бұрышытарын табыңыз.

Жауабы: 400; 300

Үйге тапсырма: Қайталау, §§2,3

1. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 15,6 м. Табан қабырғасы бүйір қабырғасынан 3 м-ге кем болса, қабырғаларын табыңыз. Жауабы: 6,2 м; 6,2 м; 3,2 м

2. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 7,5 см, ал бүйір қабырғасы 2 м. Табанының ұзындығын табыңыз.

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:32

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білімдерін коррекциялау.

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: қатемен жұмыс

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

2. Өтілген тақырыптарды қайталау:

Үшбұрыштың биіктігі деген не?

- Үшбұрыштың биссектриссасы деген не?

- Үшбұрыштың медианасы деген не?

- Үшбұрыштың тамаша нүктелері деген не?

- Үшбұрыштың биіктігі деген не?

- Үшбұрыштың биссектриссасы деген не?

- Үшбұрыштың медианасы деген не?

- Үшбұрыштың тамаша нүктелері деген не?

-Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

-Үшбұрыштардың сыртқы бұрыштарының қосындысы нешеге тең?


  1. Есептер шығару:

  1. 1 Тең бүйірлі үшбұрыштың бір бұрышы 1000-қа тең. Қалған бұрышытарын табыңыз.

Жауабы: 400; 300

  1. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 15,6 м. Табан қабырғасы бүйір қабырғасынан 3 м-ге кем болса, қабырғаларын табыңыз. Жауабы: 6,2 м; 6,2 м; 3,2 м

  2. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 7,5 см, ал бүйір қабырғасы 2 м. Табанының ұзындығын табыңыз. Жауабы: 3,5 м

  3. Бүйір қабырғалары арасындағы бұрышы 800 болатын тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышын табыңыз. Жауабы: 500

  4. Төменде берілген үш санның қайсысы тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын өрнектей алмайды? Жауабы: 1, 2, 3

  5. Егер үшбұрыштың екі сүйір бұрыштарының қосындысы 900-қа тең болса, онда мұндай үшбұрышты ... деп атаймыз. Жауабы: тік бұрышты

Үйге тапсырма: Қайталау, §§2,3

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:33

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыш теңсіздігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштың қабырғаларына байланысты теңсіздікті білу.

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар А

  3. Жаңа тақырып беру

  4. Есептер шығару кезеңі

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру С В жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар:

  • Тік бұрышты үшбұрыш дегеніміз не?

  • Тең бүйірлі үшбұрыш дегеніміз не?

  • Тең қабырғалы үшбұрыш дегеніміз не?

Жаңа тақырып:

Теорема, 2

Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғаларының қосындысынан кіші болады.



Есептер шығару кезеңі.

Мысал1.

Қабырғалары



  1. 2см, 3см және 5см

  2. 2,1 дм, 2дм, 4дм

Болатын үшбұрыш табыла ма?

Шешуі:


2<3+5 2,1< 2+4

3<2+5 2<2.1+4

5<2+3 орындалмайды. 4<2.1+2 орындалады.

Практикалық кезең:

№№184-192

Үйге тапсырма: №№186, 193

Қорытындылау, бағалау
Геометрия, 7 сынып

Реті:34


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыш теңсіздігі..

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үшбұрыштың қабырғаларына байланысты теңсіздікті білу.

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Практикалық

Сабақтың жоспары:



  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар А

  3. Есептер шығару кезеңі

  4. Үйге тапсырма беру.

  5. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру С В жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар:

Есептер шығару барысында керек болатын ақпарат/

Үлкен бұрышқа қарсы ұзын қабырға жатады

Қысқа қабырғаға қарсы кіші бұрыш жатады

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.



Практикалық кезең:

1. АВС үшбұрышыцнда САВ. Осы үшбұрыштың қабырғалары туралы не айтуға болады?

2. АВС үшбұрышында А, В ,С бұрыштары өзара тең. Бұл қандай үшбұрыш?

Қабырғалары 10 см, 15 см, 2 см үшбұрыш болуы мүмкін бе?

3. АВС үшбұрышының АС қабырғасы қалған екі қабырғасының, яғни АВ мен ВС-ның қосындысына тең болуы мүмкін бе?

4. АВС тең қабырғалы үшбұрышында: АВ=8 см, АК- биссектриса. 1) ВК-ны табыңдар; 2) ВАК бұрышының градустық өлшемін табыңдар.

5. ВДС доғал бұрышты үшбұрышында Д –доғал бұрыш. А нүктесі ВД-да жатқан нүкте. 1) АС<ВС болатынын дәлелдеңдер. 2) ДС<АС болатынын дәлелдеңдер.

Үйге тапсырма: №№196, 199

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:35

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тік бұрышты үшбұрыштардың теңдігін білу

Дамытушылық: Тік бұрышты үшбұрыштардың теңдігін есептеукезінде дұрыс қолдана білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар

  3. Жаңа тақырып беру

  4. Есептер шығару

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

3.Жаңа тақырып:

Егер үшбұрыштың бір бұрышы 900-қа тең болса, онда мұндай үшбұрышты тік бұрышты үшбұрыш деп атаймыз.Тік бұрышқа а қарсы жатқан қабырға гипотенуза деп, ал қалған екі қабырға катеттер деп аталады. Тік бұрышты үшбұрыштардың бір ортақ элементі бар – ол тік бұрышы. Сондықтан тік бұрышты үшбұрыштар үшін теңдік белгілерін былай айтуға болады.



І белгі:

Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың екі катеті екінші тік бұрышты үшбұрыштың екі катетіне тең болса, онда бұл тік бұрышты үшбұрыштар тең болады.



ІІ белгі:

Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың катеті мен оған іргелес сүйір бұрышы екінші тік бұрышты үшбұрыштың сәйкес катеті мен оған іргелес сүйір бұрышына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар тең болады.



ІІІ белгі:

Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен сүйір бұрышы екінші тік бұрышты үшбұрыштың сәйкес гипотенузасы мен сүйір бұрышына тең болса, онда бұл тік бұрышты үшбұрыштар тең болады.



IVбелгі:

Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың катеті мен гипотенузасы екінші тік бұрышты үшбұрыштың сәйкес катеті мен гипотенузасына тең болса, онда бұл тік бұрышты үшбұрыштар тең болады.



Практикалық бөлім:

Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

№№171, 172,173,182

Үйге тапсырма беру: 

Қорытындылау, бағалау


Геометрия, 7 сынып

Реті:36


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Нүктеден түзуге дейінгі қашықтық.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болатындығы білу

Дамытушылық: Нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болатындығын ескере отырып есептер шығару кезінде дұрыс қолдана білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:



  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар А

  3. Жаңа тақырып беру

  4. Есептер шығару

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру С В

  2. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру

  3. Қайталауға арналған сұрақтар:

- тік бұрышты үшбұрыш /анықтама/

І белгі /ан-ма/

ІІ белгі /ан-ма/

ІІІ белгі /ан-ма/

IVбелгі /ан-ма/

3.Жаңа тақырып:

Алдыңғы тақырыбымызды жалғастыра отырып тағы бірнеше маңызды ұғымдар енгізейік. Егер АВСүшбұрышы тік бұрышты болса, онда ВС катеті мен АС түзуіне түсірілген перпендикляр болады. В

.

А С D

АВ гипотенузасын В нүктесінен АС түзуіне жүргізілген көлбеу деп атайды. Ал АС катетін АВ көлбеуінің АС түзуіндегі проекциясы деп атайды. Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышы оның өзге бұрыштарынан үлкен болғандықтан, гипотенуза оның кез келген катетінен үлкен болады. Онда қандай да бір нүктеден түзуге түсірілген перпендикуляр осы нүктеден берілген түзуге түсірілген көлбеуден кіші болады. Көлбеудің проекциясы көлбеудің өзінен кіші.

В үктесінен АС түзуіне дейінгі қашықтық деп ВС перпендикулярының ұзындығын айтады.

Практикалық бөлім: №№166,167,182,183

Үйге тапсырма беру: 

Қорытындылау, бағалау

Геометрия, 7 сынып

Реті:37

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Параллель түзулер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Түзулердің параллельдігін, екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болатын бұрыштарды білу

Дамытушылық: Түзулердің параллельдігін, екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болатын бұрыштарды есептей білу

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру

  2. Қайталауға арналған сұрақтар:

  • - үшбұрыштың теңдігінің белгілері

  • - тең бүйірлі үшбұрыштар. Қасиеттері

3. Жаңа тақырып

Теорема,1.

Егер екі түзу дің әрқайсысы үшінші бір түзуге параллель болса, онда бұл екі түзу өзара параллель болады.



Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған: 1) айқыш бұрыштар тең болса; 2) сәйкес бұрыштар тең болса; 3) ішкі тұстас бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең болса, онда бұл екі түзу параллель болады.

Практикалық кезең:



жүктеу 2,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау